Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет24/67
Дата11.12.2023
өлшемі299,3 Kb.
#137051
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67
Байланысты:
Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультетт-emirsaba.org

Тыңдалым
5-тапсырма.Тыңдап,төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Студенттерге қандай мүмкіндіктер берілген?




Қандай білім дәрежелері аталды?




Сізге таныс сөздер тізбегін құрыңыз.




Сізге таныс емес сөздер тізбегін құрыңыз




Бұл конкурсқа қатысу үшін қандай талаптарға сай болу керек?




Шәкіртақы көлемдерің атаңыз.






Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9]
7-апта. 1.Еңбек өнімділігі: сапа мен көлем
2. Жұмыс түрі және еңбекақы


Грамматика: етіс формаларының қолданысы




25- сабақ
Еңбек өнімділігі: сапа мен көлем
Грамматика: Етіс формаларының қолданысы

Сөздік жұмыс

Еңбек өнімділігі;


Ұтымды тәсілдер;
Өнімнің сапасы;
Еңбекті қарқындату;
Сапа талаптары;
Жұмысқа қабылдау;
Қажырлы еңбек;
Көрсеткіштің артуы;
Өнім санын ұлғайту;
Кесімді ақы;
Мерзімдік еңбек ақыны;
Ұжымдық келісімшарт;
Тарифтік мөлшерлеме
Тыңдалым https://www.youtube.com/watch?v=SmG0uP3Fv8U
1-тапсырма.Тыңдап, жұмысқа тұрарда қандай ережелерді білу керек екенін айтып пікірлесіңіз.
Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау сұхбатын мұқият тыңдаңыз.


Оқылым
2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі айғақтар мен детальдарды анықтау.

Еңбек өнімділігі – кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс тиімділігінің көрсеткіші,олардың өндірістік қызметінің өнімділігі. Бұл көрсеткіштің артуы мынадай әдістермен жүзеге асырылады:


Еңбекті капиталмен ауыстыру. Бұл әдіс өндірісті техникалық қайта жарақтандыру, жаңа тиімді жабдықтар мен технологияларды қолдану арқылы іске асырылады.
Еңбекті қарқындату. Бұл әдіс кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыстарын орындауын жеделдетуге бағытталған бірқатар әкімшілік шараларды қолдану арқылы іске асырылады.
Еңбекті ұйымдастыру тиімділігін арттыру. Бұл әдіс өндірістік шығындарға әкеліп соғатын барлық факторларды белгілеуді және жоюды, еңбек тиімділігін арттырудың ұтымды тәсілдерін анықтауды, сондай-ақ кәсіпорында өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімді жолдарын дамытуды көздейді.
Кәсіпорындарда еңбек өнімділігін артуы келесі түрде анықталады:
• уақыт бірлігінде сақталған сапамен шығарылған өнім санын ұлғайту ;
• бір уақыт бірлігінде шығарылған өнімнің санын өзгертпей оның сапасын арттыру;
• өндірілетін өнім бірлігіне еңбек шығындарын азайту;
• өнімнің өзіндік құнында еңбек шығындарының үлесін азайту;
• өнімнің өндіру және айналу уақытын азайту;
• пайда нормалары мен массасын ұлғайту.


Оқылым
3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеңізді айтыңыз.
Сапа мен көлем
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау – конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет