Сабақ тақырыбы Л/т. Еңбек өнімділігі: сапа мен көлем. Жұмыс түрі және еңбекақы Г/т. Етіс формаларының қолданысы



бет1/3
Дата10.11.2022
өлшемі29,44 Kb.
#49191
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
7 сабак


Практикалық сабақ 7.

Сабақ тақырыбы
Л/т. Еңбек өнімділігі: сапа мен көлем. Жұмыс түрі және еңбекақы
Г/т. Етіс формаларының қолданысы


Ой қозғау.
а) Еңбекақы деген не?
ә) Қандай жұмыс түрлерін айтып бере аласыз?
б) Қазіргі уақытта қандай жұмыс түрі сұранысқа ие?


Етіс (Залог) іс-қимылдың орындалуына орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей түрге бөлінеді:

  • өздік етіс,

  • ырықсыз етіс,

  • ортақ етіс,

  • өзгелік етіс



Етіс түрлері

Жұрнақтар

Мысалдар

1

Өздік етіс (Возвратный залог)

-ын
-ін


жу+ын
ки+ін
тара+н

2

Ырықсыз етіс (Страдательный залог)

-ыл, -іл, -л
-ын,-ін, -н

жуылды, киілді,
таралды,
салынды, әкелінді,
таранды

3

Ортақ етіс
(Совместный залог)

-ыс, -іс,


салысты, әкелісті,
ойласты, сөйлесті

4

Өзгелік етіс
(Побудительный залог)

-дыр, -дір,
-тыр, -тір,
-ғыз, -гіз,
-қыз, -кіз,


жуғыздыр, енгіздір,
саттырды, кептірді,
жазғызды, бергізді,
айтқызды, кескізді,
босат, жүгірт


  • 1.Тыңдалым

Тыңдалым тапсырмасы: (В 1) Сұхбатты тыңдап, пікірлерді негізгі идеялары бойынша салыстыру.
Бейнежазба https://youtu.be/3FDSt9qu1cY


Тапсырма-1. Бейнежазбаны көріп келесі сұрақтарға жауап беріңіз. Жауабыңызда етіс формасына назар аударыңыз
1) Зауыттағы еңбек өнімділігінің көлемі неше есеге артты ?
2) Екі жыл бұрын кәсіпорында қандай жұмыс жүргізілді ?
3) Кәсіпорындағы қызметкерлердің саны қанша адамға артты?
4) Кәсіпорын құны неше тұратын өнім өндірілді?
5) Журналист еңбек өнімділігі туралы кіммен сөйлесті?


Тапсырма-2. «Жұмыс түрі және еңбекақы» деген тақырыпта жұптасып шағын постер жасаңыздар.
2. Айтылым
Айтылым тапсырмасы (В1) Төмендегі сұрақтарға кезек кезек жауап бере отырып «Еркін әңгіме» құрастырыңыздар .


1-тапсырма. Әңгімелесу үшін жауап беруге тиісті сұрақтармен танысыңыздар.
1) Еңбек ету және жұмыс түрі дегенді қалай түсіндіңіз?
2) Еңбек адамды жақсылыққа бағыттайды деген рас па?
3) Сіздің қолыңыздан қандай жұмыс келеді?
4) Еңбек етуде қиындықтарды жеңу үшін қандай істерді қолға алар едіңіз?
5) Еңбекқор адам қандай болу керек деп ойлайсыз? Неге?
6) Қазіргі жастар еңбекқор ма? Өзіңіз еңбекақы алып көрдіңіз бе
7) Еңбек ету сіз үшін маңызды ма? Неге?
8) Сіздің пікіріңізше, көп ақша табу үшін ең маңызды не: қабілет пе, еңбек пе немесе басқа ма? Өз жауабыңызға дәлелдер айтыңыз.
9) Өзіңіздің таныстарыңыздың, туыстарыңыздың, достарыңыздың немесе белгілі адамдардың қайсысын нағыз еңбекқор деп айтар едіңіз? Сіз үшін кім үлгі болып табылады? Неге?
10) Университетті аяқтағаннан кейін, еңбек жолын қалай бастағыңыз келеді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет