Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны
Қазіргі кезде қазақ тілін мектепте оқыту мәселесі төңірегінде таза тәжірибе баяндалатын еңбектермен қатар, қазақ тілі әдістемесә ғылыми-педагогикалық тұрғыда қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне көмекші нұсқау сипатта, монографиялық сипатта, әрі жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық сипатында жазылған еңбектер туды.
Осындай еңбектердің авторы қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген, профессор — Әмір Рақыш. Әміров Рақыш Сәтұлының балалық шағы халқымыздың басындағы қиын жылдармен, сергелең кезеңдермен тұспа-тұс келеді. Ол 1930 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Жетітөбе (қазір Аса деп аталады) аулында туған. әкесі Сәт – мұғалім, шешесі – Мінәсіп үй шаруасындағы кісі болған. Рақыш Сәтұлы оқуды Жамбыл қаласында бастап, Отан соғысы жылдары туған ауылында жалғастырады.
Ұстаз: «Тәлшә мамандығын қалауыма Ыбырайым Маманрвтың ықпалы сбеп боды», — дейді. Ы:Маманов – студенттермен қоян-қолтық араласып жүоетін көпшіл кісі болатын. Ол кісі 1 курстан бастап курс жұмысы ретінде тақырып берңп, үйінен сирек ұшырайтын ғылыми кітаптарды әкеп беріп, таныстырып, тіл біліміне қызықтырады.
Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, М.Әуезов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ы.Маманов, Блюменфельд, Үшаяқов, Е.Исмайлов сияқты ұстаздардың шәкірті болғанын Әмір рақыш тағдыр берген зор сыйлық деп есептейді. Р.С. Әмір «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» деген таұырыпта диссертация жазып, қорғап, 1955 жылы филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды.
1957 жылы қазақ тілін оқытуды жақсарту мәселесіне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция қабылдаған ұсыныстардың мәні зор болады. Қазақ тілін оқытудың дәрежесін көтеру бғытындағы көптеген күрделі шаралар жзеге асады: бағдарламалар, оқулықтар және сапада қайта дайындалды, қазақ тәлән оқытатын сағат саны көбейтіліп, методикалық базасы күшейтілді. Р.С. Әмір қазақ тілін қазақ, орыс мектептерінде оқытуға қатысты бағдарламалар дайындайды. 1-4 сыныптарға арнап М.Балақаевпен, А.Асқарбаевамен, Ұ.Асыловпен, У.Жиенбаевамен, К.Бозжановамен, О.Бекбосыновамен бірлесе отырып жаңа оқулықтар шығарады. әдістемелік құралдар дайындап, маұалдар жащада.
Р.С.Әмір 1958 жылы орыс мектептерінің 2-4 сыныптарына арнап шығарған «Қазақ тілі» оқулығы тілді үйретуде практикалық жолға қоюдың алғашқы үлгісі болды. Орыс мектептеріне арналған басқа сынып оқулықтары да осы бағытпен жазылды.
Рақыш Сәтұлы қазақ тіл білімінің күрделі салаларының бірі – сөйлеу тілі синтаксисінің ерекшеліктерін зерттейді. Көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде осы тақырыпта докторлық диссертация қорғайды.
Сөйтіп, «Әдеби тілдің тіл дами келе ауызекі сөйлеуіміздің әдеби түрін дамытатынына көзіміз жетіп отыр. Тіл дамуында ерсілі-қарсылы болып жататын осы заңды процестер Р.Әмір кітабында жүйелі баяндалады» — дейді Өмірзақ Айтбаев.
Р.Әмір Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласы бойынша бірсыпыра еңбектер жазады. Солардың арасынан сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту, әдебиетті оқытуда шәкірттерді шығарма тілін түсіне білуге үйрету, бастауыш сыныптардағы бағдарламалар мен оқулықтар, бастауыш сынптарда қазақ тәлән оқытудың ғылыми-методикалық тақырыптары, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі, орыс мектептерінің 2-7 сыныптарына арналған қазақ тілі бағдарламасы мен грамматиканы оқыту таблицаларын айрықша атауға тұрады.
Осының ішінде 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының №3 санында жарияланған «Қазақ тілін теориялық, практикалық жағынан тереңдеп оқыту бағдарламсы» мақаласын және осы жылы тура осы журналды» № 10-11-12 сандарында жарық көрген «Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінің бағдарламасы» мақаласын ерекше айтуға болады. Бұл мақалаларда әр сыныпты бөлек-бөлек өз алына алып, баланың қабылдау санасына, ойлау қабілетіне байланысты бағдарламаны жасап береді. Екінші аталған мақаласында жоба жөнінде бір ауыз айтып өтеді:
«Қазақ мектебінің оқу-тәрбие жұмысын қоғам өмірінде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық түбегейлі өзгерістерге сай жаңартып қалыптастыру оңай іс емес. Ол үшін ерен жұмыс керек. Дегенмен, соған апаратын әрекет, ізденіс Білім министрлігі мен білім проблемалары институтында, сонымен қатар мектептерде қолға алынуда. Қазақ мектептерінің жаңа құрылымын, жаңа оқыту мазмұнын анықтауға арналған тұжырымдамалар дайыналады. Осы құжаттар негізінле «Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру тұжырымдамасы» жазылып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының бетінде (1992, №4) жарияланды.
Енді жоба ретінде оқытушыларға 5-9 сыныптарда түпкі (базалық) білім беру мақсатын көздеп, қазақ тілі пәніне бүгінгі қойылып отырған талаптармен таныс деп есептейміз. Бағдарлама сол талаптарды орындауды міндет етті – дейді (3.76).
Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған мынадай еңбектерін көрсетуге болады: «3-класта бірыңғай мүшелерді оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды жақсартайық», «10-класқа сөз құрамын оқыту», «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде», «Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту методикасы», «Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту», «Қазақ тілі оқулығын (3-класс) пайдалану жөнінде методикалық нұсқау», «Орыс мектептерінің 2-3 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын методиклық нұсқау», «1-класта қазақ тілін оқыту»; «1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар»; «Грамматика, емле, тіл дамыту»; «Қазқ тілі»; «Қазақ тілі. 3 жылдық бастауыш мектептің 1-класына арналған оқулық»; «Қазақ тілі. Сегіз жылдық мектепті» 1-класына арналған»; «Қазақ тілі. 2-класқа арналған»; «Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту. 2-класқа арналған»; «2-3 класқа қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау»; «Қазақ тілі орыс мектептері үшін»; «Қазақ тілі. 3-класс начальной русской школы»; «Қазақ тілі. 3- класқа арналған»; «3-класс. «Қазақ тілі» оқулығына методиклық нұсқау (мұғалімге арналған көмекші құрал)»; «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған)»; «Қазақ тілі. 4-класқа арналған оқулық»; «Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған»;
Әмір Рақыштың ғылыми-«әдістемелік еңбектерінің тақырыбы жан-жақты, әр салалы. Мәселен, «Қазақ тіліндегі шылаулар», «Шылаулар мен демуліктер», «Көмекші сөздер», «Жай сөйлемдер» тіліміздің грамматикалық құрылысына арналған мәнді, мазмұнды, тың зерттеулер қатарына қосылады.
Ғалымның сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқыту, әдебиетті оқытуда шәкірттерді шығарма тілін оқытудың ғылыми-методикасы тақырыптары, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы, орыс мектептерінің 2-7 кластарына арналған қазақ тілі программасы мен грамматиканы оөыту таблицаларын айрықша атауға тұрады.
Ғалымның серік авторлармен Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жқмабаевамен бірге шығарған «Қазақ тілі» жалпы білім беретін мектепті» 2-сыныбына арналған оқулығы. Оқулық 2-сыныпқа арал.андықтан іші-сыртының суреттері мен бояулары ерекше көз тартады. Оқулық – оқытушы. Мұғалім үшін емес, шәкірттерге арналып жазылатынын ұмытпауымыз тиіс. Сондай-ақ оқулықтың алғашқы бетінде мынадай шартты белгілерді байқаймыз:
« _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ — сөйлем=================== — ереже
— мағлұмат■ — күрделірек тапсырма— шығамашылық тапсырма»
Бұл шығарма белгілердің әрқайсысының түстері бөлек. Ал оқулық ішінде бұлар ерекше тайға таңба басқандай анық болып тұрады. Ал екінші бетінде Диқан Әбілевтың «Туған тіл» өлеңі жазылған:
«Туған тілім – бабам тілі — өз тілім.
Туған тілім – анам тілі — өз тілім.
Туған тілім – данам тілі — өз тілім.
Туған тілім – адам тілі — өз тілім».
өлеңді жатқа айту керектігін жащып қойған. әрі оңай, әрі жаңа мектеп табалдырығын аттаған балаға тіліне деген сүйіспеншілікті туғызатын бұл өлең өте орынды берілген.
«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбегін К.Бозжановамен бірге 1964 жылы жарияланды. Мұнда «Батауыш мектеп оқушыларын оқу дағдысын үйрету төмендегі үш мақсатқа негізделіп жүргізіледі.
1. тексті оқығанда сөздерді бұзбай, орын ауыстырмай, дұрыс оқуға үйрету.
2. тексті түсініп, саналы оқи алуға үйрету.
3. тексті мәнерлеп, шапшаң оқуға үйрету.
Бастуыш мектептің оқу сабағына бұл көрсетіліп отырған үш талаптың үшеуіне де оқушыларды бірте-бірте дағдыландыру қажет. Олардың қай-қайсысының да жүзеге асырылуы 1-сыныптан басталады да, барлық сыныпта қатар жүргізіліп отырады.
Содан кейін барып шығарманы дұрыс оқуға үйрету, мәнерлеп оқу, тексті саналы түрде оқуға дағдыландыру, мәнерлеп оқуды ұйымдастыру жолы, оқу сабақтарын өткізудің үлгісі, оқушыларды емлеге жаттықтыру, грамматикалықұғымдарды түсіндіру, қазақ тілін оқыту үстінде оқушыларды тәрбиелеу деген мәселелерге тоқталады.
Қазақ тілін оқу арқылы оқушылар тіл, емле туралы білім алып, жазу дағдыларына үйреніп қана қоймады. Олар грамматика мен емлені оқу үстінде ойын жетілдіреді, тілін дамытып, іскерлікке үйренеді. әрине мұндай кезде оқытушының да көп ізденуін, сабақты жақсы әдіс-тәсілдермен өтуі, жалпы шебердігі қажет.
Қазіргі кезде білімді дайын күйінде беретін дәстүрлі сабақтар – баладан ыждаһаттықпен тыңдап, берген тапсырманы мүлтіксіз орындауды ғана талап ететін сабақтар өмірбен артта қалып, мектептегі сабақ беру үрдістері күрт жаңару үстінде. Бұл «инновациялық» деп аталып жүрген үрдісті тәжірибеге ендірудің мәні – оқу материалын оқушыға дайын күйінде жеткізу емес, оны шәкіртпен бірлесе шешудің түрлі жолдарын, тәсілдерін іздестіру: яғни баланы талаптандыру, ізденіс арқылы олардың бойындағы шығармашылық қабілетті ояту. Сабақ үрдісінде осы принцип жүзеге аспаған жағдайда, оқыту құрғақ сөз болып, шәкіртіміз құр ережені жаттау мен сөйлем талдауға ғана машықтанған роботтарға айналатындығына көзіміз жетіп отыр.
Тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылысына байланысты материалдарды оқу оқушылардың ой өрісін кеңейтеді деген пікірді әдіскер ғалым үнемі еске салып отырады. Оқушылар мұнымен қатар сөздердің ішкі мағыналық ерекшеліктерін де (бір топ сөздердің, заттың атын білдіретіндігін, екінші топ сөздердің сынды білдіретіндігін т.б.) аңғарады. Бұл мағлұматтар оқушылардың тіл туралы ұғымын байытып, ой өрісін кеңейтеді.
Сөйлемге, сөзге байланысты тақырыпты өту үстінде оқушылар сөйлемді, сөзді тілдік категория ретінде танып ой иен ұғымнан даралап, біліп, абстрактылы түсініктерді таниды. Бұл да оқушылардың ойын дамытатын жайт. Сөздердің грамматикалық топтарын (заттың атын білдіретін сөздер, заттың қимылын білдіретін сөздер т.б.) сөйлемдердің граматикалық түрлерін (хабарлы, сұраулы т.б. сөйлемдер) тану үстінде оқушылар талдауу, топтау, қорыту әдістеріне төселіп жетіледі. Талдау, топтау, қорытындылау – ой жұмысының көп жұмсалатын тәсілдері. Бұл тәсілдерді меңгеру арқылы өздерінің ойлау қабілетін жетілдіреді.
Оқушылардың ой өрісінің жоғары болуына тіл сабақтарында пайдаланылатын жаттығу материалдарының да әсері мол. Сондықтан жаттығу материалдарының мазмұны бай, әрі тұрмыс тірішіліктің әр саласын қамтуға, сөздік қоры әр салалы болып келуге тиіс. Мұнымен бірге мұғалім оқушылардың өздеріне мысалды өмірдің әр саласынан келтіруін талап етіп, соған үйретіп отыруы тиіс. Бұл оқушылардың қиялын жетілідріп, ширақ ойлауға үйретеді. өйткені олар әр саладағы тіршілікті еске түсіріп, көз алдына елестетіп, содан мысал құрастыратын болады.
Тіл сабақтарын оқу арқылы оқушылар іскерлікке үйренуге тиіс. Олар жұмысын ұқыпты, таза, әрі ұтымды әдіспен ұйымдастырып істеуге төселеді – деп жазады ғалым өз еңбектерінде.
Р.Әмір мәтінді дұрыс оқуға көп көңі бөледі: «Оқушы қандай болмасын тексті дұрыс оқуға дағдыланбайынша, оның білімдік және тәрбиелілік мәнәі де жете меңгере алмайды. Сондықтан тексті оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын қадағалап отыру керек. Оқушының шығармасы я тексті қатесіз оқуы деген сөз:
1) Оқып отырғанда сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не сөзді қалдырып кетпей оқуы;
2) кейбір буынды не жеке сөзді қайталап оқымауы;
3) кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы;
4) орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы;
5) текстегі сөздердің мағынасына қарай, лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуы».
Оқушылардың оқу дағдыларын байқау жұмысын жүргізген кезде, жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалмайтын себептерінің әртүрлі екендігі анықтайды да, мынадай жолдарын көрсетеді:
1) Оқу сабағындағы негізгі мақсат – тексті дұрыс оқып шығу емес, одан ұққанын айтып берумен шектелуі;
2) Текст оқығанда мұғалімнің оқушыны қатты қадағаламауы;
3) Әрбір оқушының оқу темпін мұғалім жете білмей, кейде оны асықтыруы деп нақты көрсветеді де, мұғалім тарапынан «қайталап оқыту» талап етіледі.
Енді қате болдырмаужың, болған күнде оны қандай жолдармен түзету керектігі жөнінде былай дейді:
1. Егер тексте бір сөзді қайта-қайта қайталап оқыса, ол жерде екі не үш рет жазылмағанын ескертіп айту;
2. оқушы жылдам оқу мақсатына беріліп, сөзді сөйлемді дұрыс оқымайды. Содай кезде қайтадан қайталап оқыту қатесін ескерту;
3. 1-2 сынып оқушылары үшін оқылуы қиындық келтіретін сөздерден қате жібергенде, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау тәсілін қолдану:
4. Кейбір оқушының қатесін түзетуүшін қатесіз оқитын оқушымен бірлесіп хор ретінде оқыту:
5. Шылауларды (да, де, та, те, мен, пен), сұраулы, лепті, сөйлемдерді, қос сөз, қаратпа сөздерді қосып оқып жібереді. 2-сынып оқушысы грамматикалық ұғым алмағандықтан, олардың дұрыс оқылуын талап ету;
6. Енді бір оқушылардың тарапынан жіберілетін қате қазақ тілінде кейбір біріккен сөздердің оқылуы мен жазылуындағы өзгешелікке байланысты. Мұндай кезде сол сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүзеге асыруға болады. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі – оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болатын. «Мәнерлеп оқу» деген сөз – екінші түрде айтқанда, қандай тексті болмасын дұрыс сөздерді бұзбай, сөз қалдыриай, аяғын жеп қоймай, әрбіреуін анық, дыбыстарын дұрыс атап оқуы. Тексті саналы түрде түсініп оқу мәнерлеп оқи білудің талаптарын қамттыса, керісінше, оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету, — қандай тексті болса да санлы түрде түсініп оқуын қамтамасыз етеді, — деп жазады ғалым.
Қандай болмасын мәтіннің мазмұнын дұрыс ұғып, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыға дұрыс ықпал ету үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы иен мәнерінің де өор маңызы бар.
Еңбекте мәнерлеп оқудағы құралдың әрқайсысына жеке-жеке тоқталады:
1. Логикалық екпін – мағына жағынан мәні басым сөзге ерекше екпін түсіре айту. Ондай сөз оқылғанда басқа сөздерден өзгешереку, өзі не болып тұрған мәнін аңғартарлық дауыстың болуын тілейді.
2. мәнерлеп оқуға үйретудегі керекті құрал – паузалардың (кідіріс) орынды болуы. Тыныс белгілеріне байланысты паузалар әр түрлі болып келеді. Пауза үш түрлі – грамматикалық, логикалық, психологиялық. Грамматикалық пауза тыныс белгілеріне байланысты болса, екінші, логикалық пауза оқылып отрған сөйлемдегі мағынаны айқындаудағы мәні зор сөздердің немесе сөз тізбектерінің, басқа сөздерден бөлініңкіремей, ой екпінінің сазын бере айтылуы.
3. Мәнерлеп оқуға үйретудегі тағы бір керекті нәрсе – оқу қарқынының бір қалыпты болуы. Егер тез, жылдам оқудың жөні осы деп, қандай шығарманы оқыса да, сөзерді бір-бірінен ажырата алмайтындай, үстемелеп оқыса, біріншіден, түсініксіз болса, екіншіден, құлаққа жағымсыз болады. Сонымен қатар тм салбыр, баяу оқу да сөздердің және текстің ұғыну мүмкіндігіне нұқсан келтіреді, дауыстың дұрыс шығуына, жақсы естілуіне де кемістік келтіреді. Сондықтан тексті оқығанда оқушыны орынсыз асығудан және тым салбыр кібіртектеп оқудан сақтандырып отыру қажет.
Р.Әмір грамматикалық ұғымдарды түсіндіруге терең мән берген әдіскер. Грамматика сөздердің, сөйлемдердің құралу, байланысу заңдылығын, амалын белгілейді. Сондықтан грамматика ұғымдарын оқушылар сөздерді, сөйлемдерді талдау арқылы таниды.
Мұнда әдіскер грамматикалық ұғымдарды түсіндіруде оқушылардың барлық сезім мүшелерін (көру, есту) қатыстыра отырып танытса, сонда ғана ұғымды игеру оқушыларға оңай тиетінін ескертеді.
Грамматикалық ұғым бергенде, мұғалімдер өтілетін категорияның белгілерін практикалық жолмен тиянақтап жете танытудың жолын іздейді. Мысалы: қос сөздер танытылатын болса, оқушылар олардың қайталап, қосақталып келетінін, кейбіреуінің алдыңғы сыңарының қысқа, мағынасыз бөлшек екенін, бір екпінмен айтылатынын, жазылғанда арасына сывзықша қойылатынын байқап алуға тиіс.
2-сыныпта грамматикалық ұғымдарды тануға жаттығулар үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырылады деп көрсетеді:
1. Жазба текстен тиісті грамматикалық категорияны (қимылды білідіретін сөз, сұраулы сөйлем т.б.) тауып талдау сұрағын қою т.б.
2. Ауызша ойдан мысал табу, оны талдау.
3. Ауызша айтылған сөзден грамматикалық категорияны тауып, талдау.
Кітаптың өн бойынан бағалы әдістемелік кеңестерді кездестіруге болады. Бұл кітаптың тағы бір пайдалы жері балаларды жалықтырмайды, кез-келген жерде сұрап, кейде жаздырып, қайсыбір уақытта тақтаға шығарып немесе қызық әңгімелер айтып сабақты түрлендіріп отыруды мұғалімдерден қатты талап етеді. Және оның жақсы үлгілерін мысал ретінде түрлі әдістер арқылы өз тәжірибесімен баяндап кетеді.
1971 жылы ғалым А.Асқаровамен бірлесіп «2-3 класс қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» шығарады. Бұл нұсқау орыс мектептеріне арналған 2-класта оқытылатын бұл қазақ тілі оқулығы 1970-71 лқу жылында жаңа бағдарлама бойынша қайта жазылады. Иұнда 65 параграф қамтылған. әрбір параграф бір сағат мөлшеріне өтуге арналған.
Оқу басталысымен, алғашқы үш апта бойы ауызекі сабақтар жүргізіледі. Бұ алғашқы сабақтардың иазмұны төмендегідей:
1. Сыныптағы әрбір оқушының қазақ тілінен қаншалық сөз білетінін анықтайды.
2. Оқушыларға таныс дыбыстардан жасалған қазақ тіліндегі сөздермен таныстырады. Ол үшін кез келген жеңіл сөздерді ала бермей (жер, тау, дала), программалық талаптарға сай, оқулықта берілген материалдарға сәйкес сөздер ғана алынады (терезе, доп, ал, бер т.б.).
3. оқулықта берілген материалдардың негізінде, мұғалімнің көмегімен,сөз мағынасын түсіндіріп, сол сөзге сұрақ қою, сұраққа жауап қайтару және қысқа-қысқа сөйлемдер құрау үйретіледі (мынау не? Ол – класс. Мынау не? Ол – терезе, т.б.)
4. оқулықтағы суретер бойынша жүргізілетін жұмыс тұтас сабақтың ажырамас бір бөлігі ретінде болады. Жаңа сабақты түсіндіру және қорытындылау кезеңдері сол суреттерге байданысты жүргізіледі.
5. әр сабақта түсіндірілетін жаңа сөздердің жалпы саны алты сөзден артпайды. Бүгінгі үйретілген сөздер келесі сабақтарда жаттықтырылып, жаңа сөздермен толығады.
6. Ауызекі сабақтар оқулықта, тақтада жазылған сөздер мен сөйлемдерді оқуға және таныс сөздер мен суреттер бойынша сөйлем құрап айтуға негізделеді. Ал жазу жұмысы жүргізілмейді.
7. Ауызекі сабақтар кезінде ы дауысты дыбысының дыбысталу ерекшелігіне көңіл бөлінеді де, орыс тіліндегі ы дыбысы мен қазақ тіліндегі ы дыбысының жасалу өзгешелігін салыстыра талдайды.
Р.Әмір бастауыш сыныптардағы тіл дамыту жұмыстарына да баса көңіл бөледі. Оқушыларға қазақ тілін оқыту жұмысы алдымен сөз танудан, сөйлеуге үйретуден басталады. Мектепке келген бірінші күннен бастап оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сабақ сайын үйренген жаңа сөздерден сөйлем құрайды. Сөз саны көбейіп, оқушылардың сөзді қоры молайған сайын жүйелі, мағыналы сөйлемдер, шағын әңгіме қрастырып айтып беретін дәрежеге жетеді. Ол сөйлемдер мен шағын әңгімелер оқушыларының күнделікті көріп, біліп жүрген заттарымен, істерімен, өмірмен байланысты болып келеді. Оқулықта берілген материалдар негізінен оқушылардың ауызша және жащбаша тілін ширатуға, жетілдіруге, дамытуға арналған. Алдыңғы сабақта үйретілген сөздер келесі сабақтарда үнемі қайталанып, сөйлемдер мен шағын текст құрастыруға көмекші болады.
Оқушылардың тілін ширатып, дамытуға шағын өлең, тақпақтар мен жұмбақтарды жаттау пайдалы. Ол үшін мұғалімдер алдымен мәнерлеп оқып береді. Тақпақтың әр жлына тоқталып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылармен бірлесе отырып, орысшаға аударады. Оқушы тақпақтың мағынасын жақсы түсінсе, оны мәнеріне келтіріп дұрыс оқиды, әрі тез жаттайды. Сыныптағы балалардың дарындылық қасиетін ескере отырып, тақпақтың ауыр-жеңіл түрлерін даралап беріп, оны сыныпта, мектепте өткізілетін кештерде айтқызуға болады.
Оқушылар текспен біршама жұмыс жасауға үйренген кезде, қызықты мысал, әңгіме ертегілерді оқып беру қажет, ол – оқушыларды еліктіріп, білуге құмарлығын, қазақ тілі сабағына деген сүйіспеншілігін арттырып, ой-өрісін дамытады.
Грамматиканы оқытуда орыс мектептері үшін болғандықтан екі тілде де жете түсіндіре айтуды және мұғалім сабаққа келерде грамматикалық материалдарды алдын ала жүйелі жобаға келтіріп, әр сұрақтың сырын ашып, таныта білсе, ондай материалдар оқушылардың ұғымына жеңіл қалыптасатынын баса айтады. Тіл үйретудің негізі – оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сондықтан қазақ тілі сабағында бұл жұмыса баса көңіл аударылуы тиіс.
«Оқушылардың сөздік қорына текст арқылы енетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп беру – істі бастапқы қадамы ғана. Мұғалім жаңа сөздердің мағынасын сурет көрсету немесе заттың өзін көрсету арқылы, орысша аудармасын беру арқылы түсініреді. Жаңа үйренген сөздер оқушылардың есінде сақталуы үшін, ол үнемі қайталанып отырылады»-деп жазады әдіскер-ғалым. Әдіскер сөз үйреткенде мағынасына қарай топтап үйреткенді жөн көреді. Бұл — өте ұтымды әдіс. Осындай жағдайда бала есінде берік сақталады.
Р.Әмір оқушыларды сөйлем құрауға үйретудің мәнісін, оның алғы шарттарын жақсы танытқан. Мұнда мұғалім алдымен орысша сұрақ айтып, оның қазақшасы қалай болатынын, қазақша қалай жауап беру керек екенін үйретеді. Сосын қазақша сөздкердің түбірі мен қосымшасын ажыратып түсіндіреді. Алғашында қазақша сөздермен жұмыс жасаған балалар оларды орсшаға аударады.
«Сөйлемнің жаңа өтілген түрін өз бетімен құрауға оқушыларды үйрету үшін жаттығудың мынадай түрлері пайдаланылады:
1. Сөйлемнің бір сөзі түсіріліп, оның орнына сұрақ қойып, оқушы сұраққа сөз қосып, сөйлемді толықтырып айту, жазу.
2. Орысша сөйлемдер, текст беріп,оны қазақша аудару.
3. Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойдырып, жауап бергізу.
4. Текст оқытып, мазмұныны айтқызу.
5. Сурет бойынша сөйлем құратыру, әңгіме айтқызу», — деп жазады ғалым. Оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету де тіл үдістемесінің негізі бағыттарының бірі. Тілді меңгеру сөйлемдерді өзара ұштастырып жүйелі сөйлеу дәрежесіне жеткенде кемеліне келеді. Сондықтан қазақ тілі сабағына оқушылар тек сөз біліп, сөйлем құоап қана қоймайды, жүйелі әңгіме айтуға, күрделі пікір білдіруге дағдыланады.
Оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету үшін мынадай жұмыстар істелінеді:
1. Әңгіме, ертегі оқытып, оның мазмұынын айтқызу.
2. Сурет бойынша әңгіме құрату.
3. Көргенді, істеген істері жөнінде әңгіме айтқызу».
әдіскер жоғарыдағыдай жұмыстардың басты мақсаты – оқушылардың еркін, өз сөзімен әңгіме айтуға, жүйелі пікір айтуға үйрету деп біледі. Бұл үш жұмысына қарап отырсақ, расында балалардың ойлау қабілетін, еркін сөйлеу қабілетін көздегені байқалып тұр. Аталмыш жұмыстар мұғалімнің сұрақ қою көмегімен жүзеге асады.
Қарап отырсақ, жоғарыда әдістеменің барлығы мұғалім шеберлігіне байланысты екенін көреміз. Н:Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде және тіліміздің – мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да,білімде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылу үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек» — деген тұжырымдары бар екені белгілі. Қазақ тілін оқытуда осы тұжырымдарға сүйенгеніміз жөн.
Олай болса мемлекеттік тіл тағдыры – қазақ ұлтының да тағдыры. Қазақ тілін оқытудың маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сондықтан қазақтың әр сөзін қонымды әдіспен, терең оймен, ажарлы тілмен жас өрендердің санасын жеткізе білу үшін қазақ тілінің мұғалімі — өте кемел адам болуы керек. Ұлт тілінің рухын аспандататын да, асқақтататын да осы қазақ тілінің мұғалімдері. Жан Жак Руссоның «Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек, жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе» — деген байлаы өте дұрыс айтылған тұжырым.
Сөйтіп, Рақыш Әмір Сәтұлының мақалаларындағы, кітаптарындағы әдіскерлік нұсқаулар мұғалімдерге жоғарыда атап көрсеткеніміздей нақтылы көиек көрсететін пайдалы көрсеткіш болып келеді.
Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер-білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата-ананың ұлы-қызы болғандақтан халықтың, Отанның ұлы-қызымын деп есептейді. Кісіні сондай саналы ойға баулитын, еңбек процесіне белсене қатысуға мүмкіншілік туғызатын қарым-қатынас құралы – ұлы мәртебелі ана тілі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді.
Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбәр халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отрады.
Ана тілі мектепте өтетін пәндердің оқу материалдарын әрі саналы түрде, әрі жеңіл иеруді қамтамасыз етумен қатар, тәлім-тәрбие жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге және балалардың патриоттық, ұлттық сезімдерін дамытуға жәрдем етеді.
Сондықтан да қазақ тілін оқыту әдістемесін жетік меңгеру, оны дамтыу әрбір педагогқа жауапкершілік жүктейді. Оның басқа пәндер сияқты оқушыларға қазақ тілінен білім берудің де өзіне лайықты әдістері бар. Ол әдістер қазақ тілінен өзіне тән ғылыми жүйесін оқыту мен одан жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне сәйкес болып келеді.
Қазақ тілін оқыту – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жодарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқаасын қалыптастырады.
Қазіргі кезде қазақ тілін мектепте оқыту мәселесі төңірегінде таза тәжірибе баяндалатын еңбектермен қатар, қазақ тілі әдімстемесі ғылыми педагогикалық тұрғыда қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне көмекші нұсқау сипатта, монографиялық сипатта, әрі жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық сипатында жазылған еңбектер туды. Сондай еңбектердің авторы болып жүрген қазақ тілі пәнәі оқыту әдістемесі ғылымыеа өзіндік ой-өрнегімен, тегеурінді тұжырымдарымен үлесқосқан әдіскер, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор – Рақыш Әмір Сәтұлы.
Р.Әмір туралы жазылған мақалалар мен Р.Әмірдің ғылыми және әдістемелік еңбектері:
Хасенов Ә. Ұстаздық жолда // Қазақстан мұғалімі. 1980, 11-қаңтар.
Айтбаев Ө. Сөз-ой сәулесі // Қазақ әдебиеті. 1973,6-сәуір.
Әміров Р.С. Жалпы білім беретін мектепті» 5-9 кластарына арналған қазақ тілі пәніні» бағдарламасы (жоба) // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993.№10-11012.
Бозжанова К., Әміров Р. Бастауыш Мектепте қазақ тілін оқыту. Алматы, 1964 жыл.
Асқарбаева А., Әміров Р., 2-3 класс: «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау. Алматы, 1971.
Әміров Р. 3-кластарға оқыту жұмысы (методикалық нұсқаулар жинағы) Алматы.1973 жыл.
Әміров Р. 3-класс «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау (мұғалімдерге арналған көмекші құрал). Алматы. 1971 жыл.
әміров Р. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған ). Алматы.1991.
әміров Р., Асылов Ұ., Жиенбаев у. «Қазақ тілі» 4-сынпқа арналған оқулық. Алматы. 1997 жыл.
Әміров Р., Әмірова Ж. «Қазақ тілі» оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған. Алматы. 1994 жыл.
Әміров Р. 1-класта қазақ тілін оқыту. Мұғалімдерге көмекші құрал. Алматы. 1962 жыл.
Әміров Р. 1-класта оқушыларды тілін дамыту үшін істелінетін жұмыстар. Алматы.1957 жыл.
Әміров Р., Бәкірова А. Қазақ тілі грамматикасы, емле, тіл дамыту. 1-класқа арналған оқулық. Алматы 1984 жыл.
Балақаев м., Әміров Р., Қазақ тілі. Алматы. 1965.
Уәйісова Г., Әміров Р., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі 2-класқа арналған. Алматы. 1998.
Әміров Р., Әуелбаева Ш., Бәкірова А. Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту.2-класқа арналған. Алматы. 1997жыл.
Қазақ тіл білімімен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалымның бірі — Маманов Ыбырайым 1907 жылы 10 мамырда Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ыбырайым – «Айман-Шолпан» жырында атақты Маман байдың ұрпағы.
Ы.Маманов 1927 жылы Алматы қаласындағы оқу-ағарту институтын бітірген соң, 1927-1928 жылдары Талдықорған облысындағы Сарқанд ауданы, Коммуна мектебінің директоры болып қызмет етеді. 1929-1932 жылдары Орал қаласында орта мектеп мұғалімі, 1932-1938 жылдары Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. 1938-1940 жылдары Алматы пед. Училищесінің оқытушысы, 1940-1991 жылдар арсында қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, доцент болып қызмет еткен.
«Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулерінің қазақ тіл білімінің теориялық тұрғыда дамуы үшін маңызы ерекше деп білеміз.
Ы.Мамановтың Д. Әлімжановпен бірігіп жазған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» деп аталатын оқулығы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналып, 1965 жылы жарық көрген. Еңбек «Орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәелелері», «Қазақ тілінен білім берудің методтары мен оқу жұмыстарын жүргізудің жолдары», «Грамматиканы оқыту методикасы» деп аталатын үш тараудан тұрады. Мектепте қазақ тілін оқытудың нгізгі міндеттері мен мақсаттары анықталатын бірінші тарауда әдістеменің өзге пәндермен байланысы көрсетіліп, орта мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларының негізгі принциптері баяндалды. Мұнда оқытудың бағдарламалық негізіне терең мән беріледі. Оның теориялық та, практикалық та маңызын белгілейді: (Әрбір класта қазақ тілінен өтілетін материалдардың көлемін дәл белгілеу; тілді оқыту жұмысын тәртіпті және жүйелі жүргізуге бағыт беру; мұғалімнің тілді оқытуға арналған жылдық, тоқсандық, айлық және жеке тақырыптарға арналған сабақ жоспарларын творчестволық тұрғыда жасауына ұйытқы болу; мұғалімдердің методикалық шеберлігін арттырып, әр тақырыптың мазмұнына қарай пайдалы әдістерді қолданып отруға, өз білімдерін толықытырып отыруға міндет жүктейді; мұғалімдердің сабақтарын ұқыпты дайындалып, оған керекті материалдарды күн ілгері әзірлеу құнттылығын арттырады; мұғалімдердің оқушылармен кластан тыс жүргізетін жұмыстарын жақсартуды, оларды өтудің әдістерін белгілейді; тілдік материалдарды бір-бірімен ұдайы байланыстырып, ұдайы қайталап отырудың әдістерін үйретелді.
Ғалымдар қазақ тілін оқытудың ең ұтымды әдістері ретінде фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық синтаксистік тәсілдеді айтады. Шынында да, дәстүрлі грамматикада сөз тұлғаларының формалық деңгейін анықтауда мұндай тәсілдердің оңтайлылығын, әрі мазмұннан формаға принципі бойынша талдау үшін, мұның қажеттілігін ешкім жоққа шығара алмасы анық. Сондай-ақ, анализ-синтез, салыстыру, индукция-дедукция, баяндау, әңгімелесу тәсілдерін пайдаланудың тиімді жолдары көрсетіледі. «Мұалім индукцмя-дедукциялық методты жақсы білсе, біріншіден, индукциялық тәсіл мен дедеукциялық тәсілдің ара жігін ажыратып, оларды бір-бірімен шатастырмайтын болады; екіншіден, индукциялық тәсіл мен дедукциялық тәсілді практика жүзінде байланыстыра біледі; үшіншіден, оқушыларды өздерінің белгілі бір білім шындығы мен зат танытудағы ойлау қабілеттілігімен дұрыс қоытындылар шығарып үйренуге шеберленеді» /80/
Зерттеушілердің пайымдауынша, әңгімелесу методы оқушылардың сабақ үстінде білім алу талабын арттырып, белсенділігін күшейтеді. Олар жауап беріп, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысады, бірінің айтқанын екінші толықтыра түсіп, тілдерін дамытады, үйе берілген тапсырманы жақсы орындауға үнемі талаптанады.
Еңбекте көрнекілік пен оны пайдаланудың жолдарынақты көрсетіледі. Көрнекі құралдардың түрлері ретінде: таблицалық көрнекілік, схемалық көрнекілік, плакаттық көрнекілік, символикалық, тақта көрнекілігі, кескінді әріптер мен буынға бөлінген сөздіктер көрнекілігі, карточкаларды пайдалану көрнекілігі, зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігі. Бұл көрнекіліктерді қазіргі кезде де ыңғайына орай қолдана білген жөн.
Еңбекте фонетиканы, грамматиканы, орфографияны оытудың әдістемесі де берілген. «оқушылардың грамматканы жақсы білуініңбір шарты – анықтамалар мен ережелерді саналы түрде толық меңгеруі» деп пайымдаған ғалымдар оларды оқытуға, ережелердің құрылысы стильдік жағынан бір-біріне ұқсас, бір жүйеде болуына басты назар аударады. Сондай-ақ. «грамматика сабағында грамматикалық талдау жасаған кезде, үй тапсырмасын тексерген кезде, грамматикадан жаңа материал түсіндірген кезде босын, әйтеуір қисынын тауып, оқушыларға тиісті сөздердің емлесін үйретіп, керек жерінде есіне салып, грамматика мен емлені ұдайы байланыстырып отыру керектігін» мақсат тұтады.
Морфологияға байланысты бағдарламаға енген бесінші сыныптан бастап, алтыншы, жетінші сыныптарда жалғасатын теориялық материалдардың барлығына әдістемелік талдау жасайды. «мұғалімнің ең бірінші мақсаты – оқушыларға сөз негіздерін (түбір сөз) саналы түрде өздері таба алатын етіп дағдыландыру) — деп жазады зерттеуші әдіскер ғалымдар /139/.
Мұның да мәні ерекше. әсіресе, жас мамандар өздері түбірін таба алмайтын негніздерді мысалға алмауы керек екені анық.мысалы: көтер, тышан, т.б. сияқты тұлғаларды мысалға келтіріп, ұятқа қалған жас оқытущылар бар. Ғалымдар осыдан сақтандырып отыр. Ең алдымен, «оқушыларға сөздердің жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырғаны» дұрыс екенін ғалымдар ескертеді.
Ы.Мамановтың негізгі ғылыми-әдістемелік шығармалары:
Қазақ тілі (оқулық) А., 1949.
Қазақ тілін оқыту методикасы (оқулық) А., 1965.
Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966.
Сопоставительная грамматика. А., 1966 (авт.бірл);
Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965;
Бақылау жұмыстары (сырттан оқушылар үшін). А., 1955.
Пединституттың сырттан оқу бөлімнің оқу жоспарына түсінік.А., 1964.
Қазіргі қазақ тілінің бақылау жұмысы. А., 1958.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектерін ата
2. Р.Әмір Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласы бойынша қандай еңбек жазды?
3. Ы.Мамановтың «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері қашан жарық көрді?
4. Ы.Мамановтың морфологияға байланысты әдістемелік талдауы
Әдебиеттер:
1 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, «Мектеп»1988.
2 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965.
3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.
4. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.
5. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995.
6. Х.Арғынов Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы. Алматы 1967.
7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
8.Б.Құлмағанбетова Құрмаласа сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері Алматы, 1957 56-бет
9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.
10. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет