Сөздерд таптастыру ұстанымдары Топ: 102 Орындаған:Өтеп Жанерке. Үшкемпір Әсемай Қабылдаған: Дюсембина Гүлсамал



Pdf көрінісі
Дата25.11.2022
өлшемі319,77 Kb.
#52548
Байланысты:
4сөж



Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Филология институты 
Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 
Сөздерд таптастыру ұстанымдары
Топ:102
Орындаған:Өтеп Жанерке. Үшкемпір Әсемай
Қабылдаған:Дюсембина Гүлсамал 


•Кіріспе
•Негізгі бөлім
а)Сөз таптары және олардың топтастырылуы
б) А.Ысқақовтың сөздерді таптастыруы
•Қорытынды


Кіріспе
Сөз таптары – сөздердің белгілі бір жүйемен негізінде
қалыптасқан грамматикалық топтары.Сөз табына жалпы
лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне
бірдей ортақ болып келетін сөздер тобы жатады. 
Сөздерді сөз таптарына бөліп қарау сөздерге
байланысты, әртүрлі белгілер арқылы айқындалмай, сөз
таптарына қатысты тұрақты белгілерінің негізінде,
жүйелі принциптер негізінде айқындалуы керек. Ол
принциптер сөздердің грамматикалық сипаттарына
негізделуі тиіс.


Сөздерді таптасыру принциптері 
Семантикалық принцип
Морфологиялық принцип
Синтаксистік принцип


Сөз таптары және олардың таптастырылуы
Ғылымда сөздерді сөз таптарына таптастыруда тірек, негіз
болатын үш ұстаным қалыптасқан. Оны жоғарыда айтып өттік.
1. Сөздерді таптастыруда бір сөз табына кіретін сөздердің бәрінің ортақ
мағынасы, ортақ семантикасы есепке алынады. Мәселен, зат есімге жататын
сөздердің бәрі заттың атын, яғни, заттық ұғымды білдіреді.
2. Сөздерді таптастыруда семантикалық ұстаныммен қатар, сөздердің морфологиялық,
грамматикалық белгілері де негізгі ұстанымдардың бірі, яғни, екінші ұстаным болып
саналады. Морфология – тілдегі сөздердің түрлену жүйесін зерттейтін ғылым. Ал,
сөздер сөйлемде тілде қалыптасқан заңдылықтар бойынша түрленеді.
3. Сөздерді сөз таптарына таптастыруда негізгі ұстанымдардың бірі болып сөздердің
синтаксистік қызметі саналады. Синтаксистің сөздерді түрлендіру жүйесінің қызметі,
мақсаты – сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру.


Сөз таптары
Зат есім 
Сын есім
Сан есім 
Етістік
Үстеу
Еліктеуіш сөздер
Етістік
Шылау 
Одағай
Қазақ тілінде сөздерді таптастырудың осы үш ұстанымына сүйеніп,
тілдегі сөздер қазір тоғыз сөз табына таптастырылып жүр.


А. Ысқақовтың сөздерді таптастыруы 
"Солай болса, сөз таптары жайындағы
мәселелер тілдің грамматикалық
құрылымының әрі кіндік қазығы, әрі
негізгі арқауы сияқты мәселелер...
Тілдегі сөздерді грамматикалық
топтарға бөлу, оларға тиісті
сипаттамалар беру, алды-алдына
талдау грамматиканың ең негізгі өзегі,
ең түйінді, ең басты мәселесі."
А.Ысқақов
Қазақ тіл білімі ғалымдарынан
сөздерді таптастыру
теориясымен үнемі айналысқан
Ахмеди Ысқақов. Ғылымның
осы мәселе жайындағы
алғашқы мақаласы 1950 жылы
"Халық мұғалімі" журналында
жарық көрді. Осы уақыттан
бастап, өмір бойы сөздерді
таптастыру теориясымен де,
тәжірибесімен де үздіксіз
айналысты деуге болады.


1964 жылы А.Ысқақов "Морфологическая структура слова
и именные части речи в современном казахском
языке"деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Бұл еңбегінде А.Ысқақов сөздерді таптастыру мәселесіне
тоқталған. Осы еңбектің авторефератында ғалым тілдегі
сөздерді үш топқа бөлген, оны төмендегі сөзінен көруге
болады:"Так же как и в других языках, слова в казахском
языке по своим семантическим и морфологическим
признакам сперва делятся на три большие группы:
1)знаментельные слова, 2)служебные слова и
3)междометные слова"
Бұрынғы еңбектерінде сөздерді
топтастыру ұстанымдары сөз болса,
бұл еңбегінде ғалым сөздерді 3
ұстанымға негізделіп топтастыру керек
екенін ғылыми негізде дәлелдеген. Бұл
ғалым еңбегіндегі ірі ғылыми жаңалық
болды


Қорытынды
Сөздерді таптастыру – морфология саласындағы
ең маңызды мәселенің бірі. Сөз таптарынсыз қазақ
тілін игеру, түсіну мүмкін емес. Сол себепті де бір
ғасырдан бері, сонау Ахмет Байтұрсыновтан бастап
әлі күнге дейін ғалымдар бұл тақырыпты зерттеп,
нақтылап жатыр.


Пайдаланылған әдебиеттер:
•А. Ысқақов ."Қазіргі қазақ тілі" 1954 ж.
•Т. Тоқтарова ."Сөздерді таптастыру теориясының негізін қалаушы"
•А. Ысқақов."Морфологическая структура слова и именные части речи в
современном казахском языке". 1964 ж.
•А. Байтұрсынов. "Тіл құрал". 1915ж.
•https://mtdi.kz/404/tilshi_portfeli/id/299/q/2/z/2


Назарларыңызға рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет