Қазақ тілін оқыту әдістемесі жеке ғылым саласы. Пәнінің жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы



Дата03.05.2023
өлшемі67,11 Kb.
#89637
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³ æåêå ?ûëûì ñàëàñû. Ï?í³í³? æàëïû ì?


Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы. Пәнінің жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы.
Мақсаты: Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық – теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
2. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
3. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
4. Қазақ тілі және пәнаралық байланыс. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Әдістеменің мынадай міндеттері бар: 1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым
2. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
Әдістемелік зерттеулерде типологиялық әдіс те көрнекті орын алады. Бұл әдіс бойынша зерттелетін объектілер мен құбылыстар топталып, әр топтың негізгі белгілері анықталады. Типологиялық әдіс әдістеме ғылы-мының мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады. Мысалы, ана тілінен берілетін білім мазмұнын талдап шешуде оның негізгі құрамдас бөліктерін топтап қарастыру, атап айтқанда, білім беру, іскерлік, көзқарастық идеялар және әрекет тәжірибесін түгел қамту т.т. Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу, тілді оқыту әдістерін жіктеуге, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен сабақ түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық әдістерінің ішінде тарихи әдістің де тиісті орны бар. Бұл әдіс бойынша зерттелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінің мәселелерін шешуде бұл әдіс те қолданылып отырады. Зерттеудің эмпирикалық әдістеріне мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістері жатады. Мұның алғашқысы іс жүзінде қолданылып жүргендерді анықтап, есепке алу мақсатымен жүргізіледі. Бұл мағлұматтарды білу бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіруде, мұғалімге ғылыми әдістемелік жәрдем беруде, озат тәжірибені зерттеп, көпшілікке таратуда зор маңызы бар.
Мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерінің мына түрлері белгілі: 1) оқыту процесіне байқау жүргізу; 2) мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарату; 3) мектеп құжаттарын зерттеу; 4) әңгімелесу; 5) жазбаша тексеру жұмыстары. Мектеп тәжірибесін зерттегенде, алдымен оның мақсатын дәл айқындап, жоспар жасау керек, тексеру жұмысына мұқият дайындалып, сабақтарға байқау жүргізудің схемаларын жасап, оқушылар мен мұғалімдерге арнап, анкета дайындау қажет.
Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе жасауға бағытталған. Ол тілдің жүйелі курсының мазмұнына зерттеуші қажет деп тапқан оқу материалының оқушыға түсініктілігін, ана тілін оқытуға ұсынылған жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа көрнекіліктердің тиімділігін анықтау үшін пайдаланылады. 
Эксперимент жүргізудің бірінші шарты - дәлелдеуге және тексеруге қажетті терең ойластырылған гипотеза немесе ғылыми болжам болады. Әдетте гипотеза, біріншіден, зерттеушінің ойынша, оқушылардың қабылдауына лайықты білім мен дағды және іскерлікті анықтау; екіншіден, оқытудың неғұрлым қолайлы әдістері мен кұралдарын іріктеп алу тұрғысынан жасалады. Екінші шарты - гипотезаны іске асыру үшін оқу әдістемелік материалдар (оқушылар үшін оқу мәтіндерін, сұрақтар мен тапсырмаларды, үлестірмелі дидактикалық матери¬ал) дайындау, осыдан кейін эксперименттік оқу жүргізілетін болады.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастырудың көп тараған түрі - эксперименттік және бақылау сыныптарына бөлу. Бұл ретте бір сыныпта (эксперименттік) жаңа оқу материалы немесе жаңаша оқыту әдісі енгізіліп, бас¬қа сыныпта (бақылау) оқыту өзгеріссіз жүргізіледі. Екі сыныпта да оқушылардың даярлығы мен үлгерім дәрежесі бірдей болуы қажет. Әдістемелік ғылымның дамуы үшін қазіргі кезде эксперимент кеңінен қолданылып жүр, ол алынған қорытындылар мен ұсыныстардың ғылыми-практикалық маңыздылығының ақиқаттығын дәлелдейді.
Әдетте теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері өзара тығыз байланыста қолданылады. Бұл әдістердің барлығы да (мәселен, зерттеу гипотезасын анықтауда, жинақталған педагогикалық фактілерді қорытындылауда т.б.) зерттеудің барлық әдістері - анализ, синтез, ин-дукция, дедукция, абстрактылау, жинақтау, салыстыру сияқты логикалық операциялардың жәрдемімен жүргізіледі.
3. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз. Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар жатады: а) бағдар¬ламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді; ә) оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде пайда¬ланады; б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді оқыту әдістемесі.
Қазақ тілі және пәнаралық байланыс
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.
Тұтас алғанда, барлық пән, жекелей алғанда әрбір пән оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелік дағдылардың бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Ауызша жауап, әңгіме, айтыс - осының бәрі ауызша және жазбаша тілді дамытуға толық әрі нақты жауап беруге, оқушылардың жинақтау дағдыларын, әдеби тілмен дұрыс сөйлеу, ақыл-ойын дамытуға негіз болады. Бұл іс тек ана тілі сабақтарында ғана емес, әдебиет, тарих, география, математика, физика, жаратылыстану т.б. пәндердің сабақтарында да жүзеге асырылып отырады.
Пәнаралық байланыс 
Қазақ әдебиеті
1) тәрбиелік мақсатта. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет сабақтарында өтілген көркем шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке сөздердің, грамматикалық формалардың, синтаксистік құрылымдардың, сөйлемдегі байланыс тәсілдері мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу.
2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ (мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз сөзімен айтып беруге үйрету).
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары.
Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздеріне шолу жасау. Қазақ тілін оқыт әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысын көрсету. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары туралы білім беру
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімімен байланысы
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикамен байланысы
4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
а) Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы
ә) Жүйелілік ұстанымы
б) Көрнекілік ұстанымы
в) Саналылық пен белсенділік ұстанымы
г) Тероияны практикамен байланыстыру ұстанымы
ғ) Түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы
д) Оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымы

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы


Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
Ендеше әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады.
Психологиямен байланысы. Психология оқушының психоло¬гиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланыс¬ты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды. 

Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педаго¬гика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі - оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.


Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық прин-ципті басшылыққа алады. Принцип - латын сөзі основа первоначально-руководящая идея... қазақшасы - оқытуда басшылыққа алатын идея, қағида. Қазақ тілін оқытудың барлық сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы.
Дидактикалық принципті алғашқы зерттегендер: чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийден басталса, орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский, қазақ халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Оқытудың бағытын, принциптерін зерттеуде Одақ кеңес кезінде педагог ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді. Мысалы, Н.А.Сарокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдап көрсетсе, М.А.Данилов "Дидактика средней школы" 1975 ж. кітабында дидактикалық принциптің 7 түріне түсінік береді. Т.А.Ильина "Педагогика" кітабында оқытудың 7 түрлі принциптеріне анықтама береді. Ю.К.Бабанский Педагогика, І977 ж. оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады.
Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин мұғалімдерге өте жоғары талап қоя білген: ...әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында "Қырғыз хрестоматиясы" тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек, - дейді. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік принципі, көрнекілік принципі, жаттығу принципі, өз бетінше оқыту, саналылық принципін ұсынған. 
Қазақ тілін оқыту әдістемелерінде оқытудың 4 және 7 түрлеріне талдау жасалынған.
Сонымен қазақ тілін оқыту принциптері былайша топтастырылады:
а) Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы
ә) Жүйелілік ұстанымы
б) Көрнекілік ұстанымы
в) Саналылық пен белсенділік ұстанымы
г) Тероияны практикамен байланыстыру ұстанымы
ғ) Түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы
д) Оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымы
Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді қажет ете береді. 
Қазақ тілін оқытудың ғылымилық ұстанымы Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту да ғылыми фактілерге, дәлелдеулерге, ұғымдарға, екінші сөзбен айтқанда, ғылыми принципке негізделеді. Профессор Ә.Исабаев: Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемге сәйкес болуы қажет: 
Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және бесінші сынып оқушыларына берілетін және онымен таныстырылатын терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде кеңейтіп беруге болмайды: айталық дауысты дыбыстарды – вокализм деп, дауыссыз дыбыстарды – консонантизм деп түсіндіруге келмейді. Сондай-ақ қосынды дауыстыларды – дифтонгит деп түсіндіруге болмайды. Сондықтан да қазақ тілінен нақтылы білім беруде, сол сынып деңгейіне ғана сиятын терминдерді ғана пайдалануға болады, - дейді.
Сонымен қатар меңгерілетін тақырыптарды өзіндік белгілерінің, анықтамалар мен ережелерінің, берілетін практикалық дағдылардың дәл, анық болуы мектеп оқушыларының тілдік материалды жан-жақты түсінуіне септігін тигізеді. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің (тақырыптың) ғылыми жағына, оның зерттелуі, тарихи даму ерекшелігі, ғылыми фактілер, анықтамалар, терминдерді оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түсінікті айту арқылы жүргізеді. 
Жүйелілік ұстанымы
Қазақ тілін оқытуда оқытушының бірінші басшылыққа алатыны - әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім көлемінің бір жүйеде берілуі. Бағдарламада берілген материалдың орналасу жүйесі бастауыш сыныпта, орта және жоғарғы сыныпта көрсетілген. Берілген материалдар сабақтаса отырып, толықтырылып, кеңейтіліп, сатыдан сатыға өткен сайын тереңдеп ғылыми жағынан байып отырады. Мысалы: 6-сыныпта Зат есім тақырыбы бойынша алдымен анықтамасы, сұрақтары, мағыналары, түрлері оқытылса 7-сыныпта Зат есімнің түрленуі тақырыбымен толықтырылады. Яғни, зат есімнің көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуімен сабақтастырылады. Бағдарламада көрсетілген тәртіптелген өзара байланысты білім жүйесі ғана жас ұрпаққа іс жүзінде пайда келтіріп, әрі қарай білімді терең игеру жүйесіне түседі. К.Д.Ушинский: Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға толық билік береді. Үздік-үздік өзара байланыссыз білімге толы бас, ішінде барлық заттары шашылып жатқан, онан қожасының өзі де ештеңе таба алмайтын қоймаға ұқсайды, ішінде білімсіз жүйесі ғана бар бас, барлық жәшіктеріңде жазуы бар, ал жәшіктері қаңырап бос жатқан дүниеге ұқсас. К.Д.Ушинский: О преподавании русского языка. Соч. 5, М.: Изд-во, АПН РСФСР, 1949, ст. 355. К.Д.Ушинский жүйелілік қана өз білімімізді толық меңгеруімізге мүмкіндік береді деп санаған. Бірімен-бірі байланыспаған әр түрлі мәліметтердің үзінділері түріндегі білімнен адам өзіне керегін тез таба да, пайдалана алмайды деген болатын. Сондықтан оқушыға оқытылуға тиісті тілдік мәліметтер әбден ойластырылған, тілдің табиғатына сай, олардың бір-бірімен байланыстылығының негізінде берілуі керек.
Жүйелілік принципі жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, біріккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. 
Көрнекілік ұстанымы
Көрнекілік принципі пәнді оқыту ісінде өте маңызды орын алады, тілді оқытуда ерекше қызмет атқарады.
К.Д.Ушинский таныс емес бес сөзді қаншама қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген жиырма сөзді лезде үйреніп алады деп бекер айтпаған. Он рет айтқаннан бір рет нақтылы көрсеткеннің пайдалы екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолдануы қажет.
Көрнекілік принципі оқушылардың қазақ тілінен берілген білімді көрнекілік арқылы оқытуға бағыт береді. Ең алғаш оқытудағы көрнекілік туралы айтып, құнды пікір қалдырған Я.А.Коменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан "Алтын ережесінде": "...бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғыза білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын, т.б. байқасын..." - деген болатын Я.А.Коменский. "Ұлы дидактика". Оқушы казақ тілінен берілген білімді схема, таблица, плакат, сурет т.б. көріп қана қоймайды, арнаулы сұрақтарға жауап іздеп, ең маңызды қасиеттерін білуге ұмтылады. Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлерін педагогиканың дидактика тарауында көрсеткен.
1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру;
2. Көлемдік көрнекілік: фото, суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент, т.б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.
3. Дыбыстық көрнекілік: күйтабақ, грампластинка, магнитофон, үзінді оқып, талдату.
4. Графикалық символдық көрнекілік: картина, схема, таблица, диаграммалар.
Қазақ тілі сабағына тақырыптың ыңғайына қарай, жоғарыда айтылған қажетті көрнекілік таңдалады. 
Көрнекі құралдар оқушыны қызықтыру қызметін де атқарады. Ол оқушы зейінін ұйымдастыруда да маңызды. Сонымен бірге әрі көру, әрі есту, әрі ойлау сияқты бірнеше сезіну түрлерінің қатысы тілдік мәліметтің ұзақ сақталуына әсер етеді. 
Саналылық пен белсенділік ұстанымы
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілеті дамытылып отырылады. Тілдік фактілерге байланысты мәліметтерді оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі керек. Саналы түрде меңгеру үшін мынадай жұмыс түрлері іске асырылады: 1) Тілде берілетін мәліметтерді жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отыру. Түсіндіру кезінде объектілердің өзіндік белгілері толық қамтылуы қажет; 2) Түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылар тапсырманы еркін орындау керек; 3) Күнделікті, тоқ¬сандық және жылдық қайталаулар кезінде өткен материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы тиіс; 4) Орфография мен орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білуі керек; 5) Күнделікті өмір қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгеруі керек. 
Білімді саналы меңгерту - мұғалімнің білімдарлығы, түсінігінің айқын дәлдігі, жеткілікті түсіндіруінен көрінеді. Білімді саналы меңгерген оқушы өз белсенділігін оқудың бүкіл барысында көрсете алады. Саналы көзқарас білімді саналы меңгерумен бірге, оқушының іскерлік пен дағдыны саналы меңгеруге қалыптастырады. Бұл принцип - қағида, қазақ тілінен беріліп отырған білімді шеберлікпен айқын да, анық түсіндіргенде, таным процесінің аяқталу барысында жаңа білімді түсіндіргеннен кейін белсенділік танытады.
Белсенді оқушы алған білімін жаттығу кезінде де көрсете алады. Белсенділіктің көрінбеуі жайында академик Ю.К.Бабанский: “Сабақ үстінде белсенділіктің көрінбеуі - оқытушы білімді саналы игермегенін, формализм ең алдымен, айқын ситуацияға сәйкес методикалық әдіс-тәсілді таңдай білмеуінен көрінеді”, - дей келіп, екіншіден, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының нашарлы¬ғынан - деп, олардың сабаққа деген ықыласын, ынта-жігерін жоятынын айтады (Ю.К.Бабанскйй. "Оптимизация процесса обучения", Москва, 1977. Принципы обучения, с. 26.). Қазақ тілі сабағында білімнің төмен берілуі, оқушының психологиясымен санаса алмаған, педагоги¬кадан да хабары шамалы, методиканы жете білмеуден болады. Ғалымдардың пікірінде, мұндайды – оқытудағы формализм дейді. Білімді саналы да, сапалы игерген оқушылар - сабақта үнемі белсенділік көрсетіп отырады. 

Тероияны практикамен байланыстыру ұстанымы


Мектепте қазақ тілінен алынған теориялық білімді күнделікті өмір қажетіне қолдана білу теорияны практикамен байланыстыру принципі болып табылады. Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар беріледі. Осы алған білімдерін кеңейте отырып, оны күнделік өмір қажетіне жаратады. Оқушыларға диалогтық сөйлемді меңгертумен бірге монологтық сөйлеу де үйретіледі. Оқушылар ауызша мазмұндаудың бірнеше түрлерін де меңгереді. Сонымен бірге ауызша және жазбаша тілін дамытуға, жылдам әрі саналы мәнерлеп оқуға, әртүрлі баяндамалар жасауға және іс қағаздарының алуан түрлерін жазуға дағдыландырылады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білім мына сияқты практикалық мақсаттарды жүзеге асырады: 1) тілден алған теориялық білімін ауызша және жазбаша мақсатта қолдана білу; 2) түрлі талдаулар жасай білу; 3) орфография мен орфоэпиядан алған білімді ауызша және жазбаша түрде сауатты іске асыру. 
Түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы
Дидактиканың түсінуге жеңіл қолайлылық принципінің де маңызы зор. Бұл сабақтың алғашқы күнінен бастап үнемі сақталуға тиісті. Мысалы, алғашқы үйретілетін сөзді таңдауда бір буынды сөзді үйрету мен көп буынды сөзді үйретуді салыстырып, оқушы оның қайсысын тез үйренеді деген сұраққа тәжірибелі мұғалімдер бір буынды сөзді оқушы тез үйренеді деп жауап береді. Бұл алғашқы сабақтарда қолданылса, сол қалыпта қалуы мүмкін емес. Себебі барған сайын оны күрделендіру принципін ұстану керек.
Бұл – бір сыныптағы әр сабақта, әр сыныпқа көшкен сайын тілдік материалды оқыту процесінде қолданылатын принцип.
Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім дәрежесі мен сынып түрлерін ескере отырып, мұғалімнің түсіндіруі, оқулық тілі және оның баяндау желісі сияқты үш түрлі ерекшеліктерді басшылыққа алады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімнің анықтамалары мен ережелері, терминдері мен өзіндік белгілері, жасалу жолдары мектеп оқушыларының қабылдау, ойлау сияқты психикалық қасиеттеріне лайықты түсіндіріледі. Түсінуге жеңіл қолайлылық принципін іске асыруда мұғалім мынадай әдістемелік жүйені пайдаланады: Алдымен қазақ тілінен тақырыптарды дәл таңдап алып, оны жеңіл мысалдармен түсіндіреді; тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерін анықтайтын мысалдар көрсетіп, оларды талдайды; тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін оқушыларға айтқызып, ауызша мысалдар келтіртеді; бұл мысалдарына талдау жасатады; талдау үстінде тақырыптың өзіндік белгілерін саралап айтқызып, қорытынды пікір шығаруға төселдіреді. 

Оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымы


Әр сыныптың өз білім деңгейі болатыны белгілі. Сонымен қатар оқушының өзіндік жас ерекшелігі мен психикалық ерекшелігі бар. Сондықтан да қазақ тілін оқытуда осы ерекшеліктер ескеріліп, тілдік материал соған лайықталып беріледі. Оқушының психикалық ерекшелігі мен білім деңгейінен оның білімді қабылдау мүмкіндігі туады. Ал ол оқу материалының оқушының қабылдау мүмкіндігіне сәйкес болуын талап етеді. Қазақ тілін оқытуда осы принцип сақталса, ол оқушының тақырыпты меңгеруіне қолайлы жағдай болып табылады.
Тілді оқытуда бұл қағида сақталмағанда, түрлі қолайсыз жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, оқушының әлі келетін немесе әлі келмейтінін есепке алмай, бірден қиын материалды көп етіп беру арқылы оқушыда тақырыпты меңгеру қолымнан келмейді деген пікір туғызуға да болады. Ол оқыту ісінің нәтижесіздігін туғызады. Сондықтан оқушының психикалық ерекшелік¬терімен санасып отыру мұғалімге ерекше міндет жүктейді.
Сонымен оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар беруде олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындық дәрежесі ескеріледі. Күнделікті сабақ үстінде оқушылардың осындай ерекшеліктеріне орай жұмыс істеу тәртібі белгіленеді. Оқушыларға өткен материал мен жаңа материалдың байланысын таптырып, тақырыптың өзіндік белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін мұғалім бақылап отырады. Нашар және орта меңгерген оқушылармен сабақ үстінде түрлі жұмыстар жүргізіледі. Алдымен үйге берілген тапсырмаларды бақылап, тексереді. Содан кейін жаттығудың шартын дұрыс және бұрыс орындағандарына назар аударады. Өткенді еске түсіру мақсатында талдау жұмыстарын жүргізеді. Өтілген тақырып әбден меңгеріліп болған соң, жаңа материал түсіндіру, көрсету арқылы әңгімеленеді. Оқушылардың өздеріне материалдар оқытылады. Бұдан кейін өтіліп отырған материал жеке-жеке сұрақтар бойынша еске түсіріледі. Тақырыпты оқушылардың өздеріне айтқызып, қорытындылайды. Материалға лайықты жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Осы сияқты жұмыстар жүйесі негізінде әрбір оқушының оқуға деген бейімділігі мен икемділігі арта түседі. 
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімімен байланысы
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикамен байланысы
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы
4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Әдебиеттер:
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1991.
2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы. 1995.
3. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы. 1993.
4. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.
5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1965. 

№3 Дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау


Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістерінің түрлерін талдап көрсету. Дидактикалық әдістер және олардың топтастырылуы туралы мағлұмат беру
Жоспар:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлері.
2. Кітаппен жұмыс әдісі.
3. Көрнекілік әдіс.
4. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі.
5. Жаттығу әдісі. 

1. Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлері


Оқыту әдістемесі - педагогиканың күрделі саласының бірі - дидактика тарауында қаралады. Дидактика оқыту теориясы гректің didaktikos - оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оку процесінің зандылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. 
Мысалы, "Дидактика средней школы" Москва, "Просвещение", 1975 г. 146 стр. деген еңбекте И.Я.Лернер, М.Н.Скатин оқыту әдісінің бес түрін көрсетеді. 1. Объяснительно-иллюстративный или информационно-рецетивный. 2. Репродуктивный. 3. Проблемное изложение. 4. Частично-поисковой или эвристический. 5. Исследовательские - деп оқытудың бес түрлі әдісіне тоқталса, Г.А.Ильина "Педагогика" еңбегінде оқыту әдістемесінің 4 түріне тоқталады. Ал академик Ю.К.Бабанский де осындай оқыту әдістерінің түрлеріне тоқталып, оны оқытушының шығармашылық еңбегінің нәтижесі деп көрсетеді.
Ә.Исабаевтың "Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері" деген 1993 жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады.
Оқытудың теориясын зерттеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде оқыту әдістерінің анықтамасын былай берген. И.Д.Зверев: "Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары", - десе, Ю.К.Бабанский: "Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру", - дейді. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: "...Қазақ тілін оқыту әдістемесі - казақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән", - деген.
Профессор Ә.Исабаев: "Қазақ тілінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді... Оқушылар тілді практикалық-теориялық және теориялық-практикалық жағынан меңгереді. Қазақ тілінен білім беру әдістерін топтастыру әдістемесінің соңғы жетістіктеріне негізделеді", - дейді. 
Нұржанова Ж. өзінің Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:
1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгі¬ме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.
2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.
3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.
4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі: кодоскоп, эпидоскоп, компьютермен жұмыс, т.б.
5. Жаттығу әдісі, ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы.
Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті - ауызша баяндаудан басталады. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білімді баяндап айтып беруін - ауызша баяндау әдісі дейміз. Ауызша баяндау әдісі оқушылардың жас шамасына қарай, кысқа, не ұзақ баяндалуы мүмкін. Мұғалім күні бұрын өзінің баяндайтын сөзін ойланып алуы керек, егер бұрын баяндау жолына ысылмаған болса, мазмұндаманың жобасын жазып алғаны дұрыс. Ауызша баяндап, мазмұндап берудің үш түрі бар: әңгіме әдісі, түсіндіру объяснение, лекция түрі.
Әңгіме әдісі - жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу, не жазған авторлардан бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға сол материалды түсінікті, айқын, анық тілмен жеткізе отырып мазмұны баяндалады. Орта жастағы оқушы 10 минут, жоғары сынып оқушыларына 15 минуттей уақыт ішінде әңгіме сұрақ-жауап айтылады. Әңгіме әдісі - көбіне сұрақ-жауап арқылы диалогтық сөйлеу формасында жүреді. Мысалы, қазақ тілінен "сөз жасам", "сөз тіркестерін" өткенде, оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтарғызу, жауаптарының дұрыс-бұрыстығын оқушылардан сұрап түзеттіру арқылы жүргізіледі. Әңгімелесу түрлері жаңа материалды түсін-діргенде, білім жүйесін әңгімелеп, білімді қорытындылағанда, ауызша, жазбаша жаттығуларды тексергенде, өткен материалдарды қайталағанда, баланың оқып білгенін, саналы түрде меңгерген сәттерін білу үшін жүргізіледі. Әңгіме әдісін жақсы ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушылардың білімді түсініп, сабаққа белсенді қатысуы үшін әңгіменің эвристикалық түрі кеңінен қолданылды. (Эврико - грек сөзі - табамын, ашамын деген ұғымды береді). Қазіргі уақытта әр тақырыптың ережесін проблемалық ситуация туғыза отырып, оқушыға таптыру әдісі кең өріс алуда.
Әңгіменің нәтижелі болуы - сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып жауап бере алмайды. Оқушы қиналған кезде жетелеп сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін көрсетеді.
Түсіндіру әдісі - қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құрал, таблица, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді. Түсіндіру барысында оқушылардың назарын аудара отырып, әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып қызықты түсіңдірсе, оқушы сол тақырыпты ынталы түрде тыңдай отырып, сол проблемалық мәселені өздері шешуге талаптанады. Мысалы: 5-сыныпқа қазақ тілінен зат есім, сын есім, сан есімді түсіндіргенде сұрақ-жауап арқылы ережені, анықтамаларды оқушылардың өздеріне құратуға болады.
Лекция - жоғарғы сыныптардың оқушыларына қазақ тілінен факультативтік сабақтарда, 9-сыныпта қазақ тілі сабағында жүреді. Бағдарламада берілген тақырыптарды түсіндіруде лекция әдісін пайдаланады. 8-9 сыныпқа 10-15 минут, 10-11 факультатив сабақтарында 15-20 минуттік лекция оқылады. Мысалы: 8-сыныпта "Қазақ тілі" С.Аманжолов, А.Әбілқаев, ААманжолов жазған оқулығының Алматы, "Рауан"; 1993 жыл 9-бетінде "Тіл мәдениеті" деген тақырып бар. Онда: Мәтінді оқып шығып, тіл мәдениеті жайында айтылған аталы сөздің мәніне терең бойлаңдар. Тіл мәдениетін фонетикадан, лексикадан және грамматикадан алған білімдеріңнің қандай қатысы бар екендігі жөнінде өзара пікір алысасыздар, - деп келеді де мұғалім: Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты дұрыс сөйлей білу. Сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп, күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріңдіреді. Білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады т.б., - деп, лекцияны жалғастырып оқи береді. Сөйтіп, мектеп лекциясы жай темпте, көбіне қазақ тілінен өткен материалдарды қайталауда, не соған қосымша ретінде, не күрделі түрде лекция оқылуы арқылы тақырыпқа түсінік беріледі. 

2. Кітаппен жұмыс әдісі


Оқушыларға берілетін теориялық білім оқулық пен оқу құралдары бойынша жеткізіледі. Бұлқұралдар әрбір сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына негізделіп жасалады. Мұғалім қазақ тіліне арналған материалдардың ерекшеліктерімен бірге оларға байланысты берілетін анықтамалар мен ережелерді оқытып, түрлі жаттығу жұмыстарын оқулық пен көмекші құралдар негізінде іскее асырады.
Әрбір сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы - оқушыларға тілден білім беретін негізгі құралы. Мысалы: А.Ысқақов, К.Аханов, Б.Кәтенбаеваның бірігіп жазған 5-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқулығы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бекіткен. Алматы, "Рауан", 1994 ж. Қазақ тілінің жаңа бағдарламасына сай өңделіп, көп өзгеріспен жазылған оқулық. 5-сыныпқа қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім осы оқу-құралымен жұмыс істейді. Осы кітаптың 154-бетіндегі "Болымды етістік пен болымсыз етістікті" түсіндіріп болған соң, оқушылар кітаптағы ереже таблицамен танысады. Сол сияқты С.Исаев, К.Назарғалиеваның 6-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқулығы Алматы, "Рауан", 1994 ж. оқушыларға қазақ тілінен білім беруде сүйенетін оқу құралы. Мысалы: сын есімді өтуде 92 бет, Сан есім 116 бет, Есімдік 134 бет. Етістік 167 бет, тағы басқа тақырыптарды түсіндіруде, не түсіндіріп болғаннан кейін, пысықтау, қайталау сәттерінде оқушылар кітабын ашып оқып, жаттығу жұмысын ауызша не жазбаша орындайды. Оқушылардың оқу құралымен, не басқа әдеби кітаптармен жұмыс істеуі - өз бетінше білім алуға, ізденуге бағыт алады. Кейде өз бетінше оқыған кітаптарынан: жоспар құру, тезис, конспект жасау, т.б, айтылып шығарма, не мазмұндама жазғызады. Көбіне кітаппен жұмыс істеуде сабақта, сабақтан тыс кезде оқу құралдарын және жеке шағын мақала, балаларға арналған газет-журнал материалдары, сөздік, балаларға арналған энциклопедия, т.б. сабақ тақырыбына байланысты пайдалану үйретіледі. Кітаппен жұмыс істеу, оқушылардың алған білімін толықтырады, екіншіден, өз бетінше білім алуға үйретеді. Олардың келешекте мамандық таңдауына да мүмкіндік туғызады. Мұның бәрі оқытушының үлкен шеберлігі арқылы іске асады. 

3. Көрнекілік әдіс


Тілдің грамматикалық құрылысын, оның жекелеген категорияларын оқушыларға жан-жақты түсіндіруде, тақырыптық, талапқа сай жасалған көрнекі құралдарды пайдаланудың үлкен маңызы бар. Қазақ тіліндегі берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау, не бекіту, жаттығу жаздыру кезінде пайдаланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға білімді қызықты, жалықтырмай игеруге себебін тигізеді. Білімді игерту үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуда, ғылыми білімді игеруде, деректерді еске сақтауда көрнекілікті әрбір сабақ үстінде пайдалану қажет. Мысалы, қазақ тілінен қай сыныпқа арналған оқулықтарында салыстырмалы түрдегі таблицаларға, таблицаның басқа да түрлеріне кең орын берілген. Қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксис, пунктуация бөлімдері бойынша ғалым-методистер құрастырған таблицаларды мұғалімдер сабақ процесінде қолданып жүр. Мысалы: Қ.Тұрғанов "Тіл дыбыстары" жайлы, Б.Кәтенбаеваның "Сөз құрамы", Б.Құлмағамбетованың "Жай сөйлем синтаксисі", Х.Арғыновтың "Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі" көрнекі құрал, т.б. таблица, схемалар арқылы оқулықтағы ережелерді, анықтаманы оқушылар өздігінен салыстырып байытуда. 
Кейде оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес келетін жылжымалы таблица және түсіндірме таблица, перфокарта пайдалану жақсы нәтиже береді. Бұлар кейбір жазылуы қиын сөздер, сөз тудыру, түрлендіру, қиын әріптер, буын құрау, т.б, жағдайда қолданылады Б.Кәтенбаева. Грамматикалық таблицалар. А.: Мектеп, 1979 ж.
Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский: "Бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады", - дей келе, күнбе-күн көрнекілікпен жұмыс істеудің жақсы нәтиже беретінін айтады. Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин: "...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есіту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттықтыру арқылы жұмыс істеу" керектігі жайында әдістемелік нұсқау берді. (Ы.Алтынсарин. "Таза бұлақ". Алматы: Жазушы, 1988 ж., 156 б.). 
Көрнекіліктің түрлері көп. Оны сабақтың мазмұнына қарай, мұғалім басшылығымен жүзеге асырылып отырады. Қазақ тілі сабағында көбірек қолданылатын көрнекіліктер: схемалар, кестелер, картина, табиғат суреттері, техникалық құралдар, т.б.
Қазақ тіліне арналған кестелер: фонетикалық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық кестелер. Кестелер бір тақырыпқа арналған, не жинақтау түрінде болуы мүмкін. 
4. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі
Мектептерде техникалық құралдарды оқу-тәрбие жұмысына енгізу 1960-70 жылдары басталды. Алғашқылардың бірі болып С.И.Архангельский, Н.М.Шахмаев, Т.К.Кирш, тағы басқалары оқу-тәрбие ісінде техникалық құралды пайдалануға зор мүмкіндіктер барлығын ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы дәлелдеп берді.
Н.М.Шахмаев: “Урок с применением технического средства - это качественно новый тип урока, на котором учитель вынужден согласовывать методику своего объяснения учебного материала с той методикой, которая принята в телевизионной: передаче кинофильма, звукозаписи, радио¬передаче" Шахмаев Н.М. "Технические средства обучения", Москва, 1974 г., с. 5.
Соңғы кезде біздің елімізде сабақта жаңа технологиямен жұмыс істеу - мысалы, компьютермен жұмыс істеу де қолға алынуда.
Қазақ тілі сабағы бойынша сабақта техникалық құралдарды пайдалану жолдарын Б.Құлмағамбетова зерттеп, құнды пікір айтты: "...техникалық кұралдарды пайдаланып өткізген сабақта оқушылар жалықпай тыңдаған жаңа оқу материалын қабылдау процесінде олардың әр түрлі сезім мүшелері көру, есту, т.б, қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып, түсіндірілген материал¬дардың бәрін қабылдауға мүмкіндік туғызады", - деді. Б.Құлмағамбетова "Қазақ тілі" сабағында техникалық құралдарды пайдалану, 1975.
Қазір мектептерде көбірек қолданылып жүрген техникалық құралдар - эпидоскоп, кодоскоп, магнитофон. Осыларды ана тілі сабағында пайдалана отырып оқыту мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушыларды білім алуға қызықтыра түседі.

Оқыту әдісі, тәсілі, құралдары туралы түсінік



Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Оқыту процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқыту әдістеріне тәуелді.
Әдіс гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Оқу әдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең әулетке тәжірибе жеткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-әркеттік процесінде орындалды. Бұл дәуірлердегі басты оқыту әдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Негізгі оқытуды өзгертпей, қайта жасау (репродуктивті), (“мендей етіп істе”) әдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша әдістер осы қайталай жасау әдісінен өз бастауларын алды.
Мектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы оқытудың сөздік (ауызша) әдістерінің пайда болуына әсер етті. Қоғамда жазудың кең таралуы, кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда және әулеттен әулетке жеткізуде таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Сөз негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау әдісі болды.
Ұлы жаңалықтар ашу дәуірінде бұрын оқытудың жалғыз- ақ жолы болған сөздік әдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне орай оқыту процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни оқушыны белсендіру, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған әдістер ене бастады. Көрнекі оқу әдісі де кең тарады.
XІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік әдіске балама ретінде бала қажеттері мен қызығуларын біршама толық ескеретін, оның өзіндік әрекеттерінің дамуына жол ашатын эвристикалық (шығармашылдық) әдіс маңызды орын иелей бастады. “Кітаби” әдістердің орнына “табиғи” әдістер келді. Яғни оқыту шынайы болмыс, қоршаған дүниемен байланыстырылды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың практикалық әдістерін қажет ететін “іс-әрекет арқылы оқып- үйрену” әдісін қолданды.
Оқыту әдістері туралы әрбір зерттеушілер өз анықтамаларын береді:
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған "іс-әрекетм - деген анықтама береді.
Оқыту әдістері - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары деген де пікір айтылады.
Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскелік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс-әрекеттік қимыл – тәсілдері. Оқыту мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы оқыту әдісінен көрінеді.
Сонымен, әдіс көптеген тәсілдерден құралады, бірақ олардың жәй жиынтығын білдірмейді. Тәсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттерінің іс-әрекеттеріне даралық сипат береді.
"Әдіске қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: "белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет" деген пікірлер. Олай болса, оқыту әдістері - оқытудың мақсатты міндеттеріне сай оның мазмұныноқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқу тәсілдері- оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “әдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп бөлуге болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда әдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы болып есептеледі. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша әдіспен (түсіндіру, әңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік – тәсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - әдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-әрекеттерінің бәрі тәсіл болып есептеледі.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдермен қатар оның құралдарын да пайдаланады.Оқу әдістері белгілі оқу ( дидактика) құрал - жабдықтарымен іске асырылады.
Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктерді қалыптастыру көздері. Оқу құрал –жабдықтары түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға көмекші жағдаяттардың бәрі дептүсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, әдістер сияқты оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-әрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады.Дидактикалық құралдар төмендегідей жіктеледі:
- көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;
- есту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, ән-күй аспаптары ж.т.б.;
- есту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
- сөздік құралдар - оқулықтар, мәтіндер;
- оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;
- сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
“Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының 2000 жылғы №10 санында жарияланған педогогика ғылымының кандидаты Н.Оразханованың “Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу” [3, 27] деп аталатын мақаласын осындай үлгілерді қатарына жатқызуға болады. Мақалада сызбалар арқылы сөзге фонетикалық талдау жүргізудің толық түрі, ықшамдалған түрі, сондай-ақ дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берудің үлгілері берілген. Бұл сипаттас тапсырмаларды оқушылар қызыға орындайды. Аталған талдау түрлерін грамматиканың барлық бөлімдері бойынша тестік нұсқамен де беруге болады. Тестік нұсқаның артықшылығы-дәл әрі тез орындалады.
Фонетикалық талдауды жүргізу методикасына тоқталсақ:
Ең алдымен таңдалған мәтінді не сөйлемді тақтаға немесе дәптерге жазар алдында оқушылар дауыстап оқып шығады.
Мысал: 1. Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың (С.Бақбергенов) 2. Көптің мақұлдауынсыз колхоз қаражатын ешкім де жұмсай алмайды (Ә.Сланов).
Бірінші сөйлемдегі сөздер буынға бөлінеді:
Жас-қа ұс-таз-дық ет-сең, бо-ла-шақ-тан ті-рек та-ба-сың
Осы сөйлемнің ішінен жасқа, болашақтан деген сөздер таңдалады, олардың асты сызылады да, тақтаның сол жағына жазылады. Жасқа- 2 буынды, 5 әріпті, 5 дыбысты сөз. Ал болашақтан 4 буынды, 10 дыбысты, 10 әріпті сөз. Бұл сөздердегі дыбыс пен әріптер талданады. Ж- дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс; а- дауысты дыбыс, еріннің қатысына қарай езулік дыбыс, иектің қызметіне қарай ашық дыбыс, тілдің қызметіне қарай жуан дыбыс; с- дауыссыз, қатаң; қ- дауыссыз қатаң дыбыс; б- дауыссыз, ұяң дыбыс; о- дауысты, ерін қатысына қарай еріндік, иектің қызметіне қарай ашық дауысты, тілдің қалпына қарай жуан дауысты дыбыс; л- дауыссыз, үнді дыбыс; ш- дауыссыз, қатаң; т- қатаң дауыссыз дыбыс; н- үнді дауыссыз дыбыс.
Сондай-ақ жасқа дегенде жас- бітеу буын, қа- ашық буын. Бітеу буын 3 дыбыстан, ал ашық буын 2 дыбыстан құралған. Болашақтан дегенде: бо- ашық буын, 2 дыбысты; ла-ашық буын, 2 дыбысты; шаќ- бітеу буын, 3 дыбысты; тан- 3 дыбысты бітеу буын; Жасқа дегенде- екпін қа бынуына түседі, сөздің соңында тұрады; болашақ-тан дегенде екпін тан буынында болады.
Сонымен бірге, жасқа, болашақтан деген сөздерде буын және дыбыс үндестігі бар. Түбір сөз және соңғы буын жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар жуан түрде қосылады. Жас-қа, болашақ-тан. Бұл сөздерде ілгерінді ықпал үндестігі кездеседі. Яғни түбі мен қосымша аралығындаѓы үндестік. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болғандықтан, оларға қатаңнан басталған қосымшалар жалғанып тұр. Сөздер дыбысқа, буынға және буын үндестігіне талданатындығы қорытылады.
Фонетика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейіне қойылатын талаптар:
- дыбыстардың фонемалық қасиеттерін білу, сөздің лексикалық мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;
- фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғу;
- дауысты, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуін білу, оларды артикуляциясына қарай айыра білу;
- қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің (сингармонизм) тіл мәдениетімен байланыстылығын ұғыну және орынды пайдалану;
- қазақ әліпбиінің құрамындағы төл дыбыстар мен орыс тілінен енген дыбыстардың өзара қарым-қатынасын меңгеру;
- ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Фонетиканы оқытуда кездесетін қиыншылықтар
2. Фонетика сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану
Әдебиеттер:
1. Әлімжанов Д., Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы. 1965
2. Жиенбаев С.Қазақ тілінің методикасы. 1941
3. Исабаев Қ.Мектепте математиканы оқыту. 1976
4. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002

№6 Дәріс. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі. Фразеологияны оқыту әдістемесі


Мақсаты: Қазақ тілінің жүйесін құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері.Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс – тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары туралы мағлұмат беру. Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту. Фразеологияның жасалу жолдарын көрсету.
Жоспар:
1. Қазақ тілінің жүйесін құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей фразиологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері.
2. Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері.
3. Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Қазақ тілін оқыту методикасы –мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы. Мектеп бағдарламасында лексиканы оқыту мәселесіне тоқталар болсақ,лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы.Қазақ тілін оқытумен байланысты, атап айтқанда, фонетика , морфология,синтаксисті оқыту сөзден тыс қарастырылмайды. Тіліміздегі сөздер тіл дыбыстары арқылы, морфология сөздің лексикалық,, грамматикалық мағынасына қарай, ал синтаксис сөздердің мағыналық, әрі грамматикалық байланысына қарай көрінеді.


Демек, лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар тілдің ең кіші бөлшігі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Лексиканы оқытудағы қойылатын талаптар оқушыларды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп, айта білуге тәрбиелейді.Тура және ауыспалы мағналы сөздерді, оның ішінде ауыспалы мағналы сөздерді айыра білуге содықтан лексика бөлімінің материалдарын жаңа білім беруге байланысты да, пысықтаумен байланысты да осы айтылғандарды ескеріп отыру қажет.
Қазақ тілінің қоғамдық рөлінің артуымен жарыса өрби дамыған саласы – лексика, оның дамуын зерттеу тіліміздің дамуының әлеуметтік сырын және өз ішкі заңдылықтарын тануға көп септігін тигізеді. Егер дұрыстап қарайтын болсақ, тілде пайда болған сөздердің көбі оның ішкі құрылысының дамуынан тумайды, жаңа ұғымдар, оны тіркеуші сөздер қоғамдық дамудың барысында пайда болады. Осының негізінде тіл оларға дыбыстық түр беріп, лексика мен фонетика байланысы, одан морфологиялық, синтаксистік т.б. формалар байланыстары өрбіп қалыптаса бастайды. Осы жерден лексика белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы, оның сөздік қоры деген анықтама шығаруға болады. Өмірдегі қандай да бір құбылыстардың, әлеуметтік жағдайлардың, кәсіп пен шаруашылықтардың сан салаларына, мал атауларына байланысты лексика, тарихи лексика болып бөлінеді. Көнерген лексикалар тобы тіл байлығын арттыра түседі. Қоғам өмірімен болып жатқан жаңа үрдістермен байланысты мыңдаған жаңа сөздер пайда болады.
Практикада тілдің неғұрлым жиі қолданылуы тілдің стильдік тармақтарының саралана түсуіне, оның жеке салаларының толық жаңа сипат алуына, коммуникативтік қызметінің өркендеп, эстетикалық қызметінің әсерлі, әрлі бола түсуіне әсер етеді.
Республикамыздың көптеген мектептерінде жүргізілген эксперимент, бақылау жұмыстарының нәтижесінде оқулықтар мен бағдарламалардағы материалдарды былайша беру орынды екені дәлелденді. 5-7-сыныптарда фонетика мен лексикадан, морфология мен жай сөйлем синтаксисінен терең білім, берік дағды беру жағы қарастырылды. Ал 8-сыныпта құрмалас сөйлем синтаксисі мен төл сөзді оқыту ұсынылды. 9-сыныпта тілдің тарихы, практикалық стилистикадан, орфография мен орфоэпиядан мәлімет беру мақсатындағы материалдар берілген. 10-сыныпта оқушылардың төменгі сыныптарда алған білімдерін қорыту, жинақтау және қайталау мақсаты алға қойылып, теориялық білімдері бір ізге келтіріліп, жоғары сынып оқушыларының жас ерекшелігі мен қабілетіне қарай тың деректер беру көзделді.
Осы саланы зерттеуде профессор Қ.Жұбановтың, академик І.Кеңесбаевтің, Ғ.Мұсабаевтың, Ә.Болғанбаевтың, Ғ.Қалиұлының көптеген зерттеу жұмыстары нәтижелі болды. Бұл қазақ тілі лексикасының біршама жетілген сала екендігін көрсетеді. Дегенмен лексика мен лексикология терминдерінің синонимдік қолданылуы лексикалық зерттеу объектілерін жүйелі қарастыруда біршама қиындық туғызады. Ғалымдардың пікірінше, лексика терминін лингвистиканың негізгі салаларының бірі деп танып, оның ғылыми объектілерін содан шығатын жүйе деп білу методикалық тұрғыдан тиімді болар еді. Ал лексиканы оқыту әдістемесі аз зерттелген сала. Алайда осы саланы зерттеуде орыс ғалымдары А.А.Текучевтің және М.Т.Барановтың зерттеулерінен методикалық бағыт алуға болады. Қазақ ғалымдарынан 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасына үлес қосқан Б.Кәтенбаеваның "Сөз құрамын” оқыту (1968), А.Айғабыловтың "Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері” сияқты еңбектерін атауға болады.
1962 жылы жасалған жаңа бағдарламадағы өзгешеліктер, негізінен, мынадай бағытты көздеді: біріншіден, бағдарламаға "Лексика” бөлімі енгізілді. Бұның енгізілу себебі мектепте жүйелі түрде сөздікпен жұмыс істеу болмайтын, оқушыларға негізгі лексикалық түсініктер берілмейтін. Тек мағыналық ұғымдар (сөз мағынасы, омоним, антоним, синоним) ғана өтілетін. Сондықтан бағдарламада лексикаға арнайы орын берілді. Екіншіден, сөздің жасалуы бағдарламаға да, оқулыққа да енгізілмеген еді. Бұл материал тек "Сөз құрамы” деген атпен жол-жөнекей ғана өтілетін. Демек, оқушының тілін дамытуда болсын, логикалық ой-өрісін жетілдіруде болсын сөз тудыру, оның жасалуы жөнінен мәлімет берудің қажеттілігі ескерілді. Әсіресе, сөз тудыру мәселесі лексика, грамматика, орфография тарауларын оқытуда негізгі мәселелердің бірі деп саналып, бағдарламаға "Сөздің жасалу жолы” тақырыбы қосылды.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде лексика тарауын оқытудың міндеттері мен мақсаттары анықталып, берілетін дидактикалық жаттығулардың тақырыптары мен көлемі белгіленді. Бұл лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, мофологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни бүкіл тілдік жүйені меңгерту аса маңызды екенін көрсетеді. Алайда, ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор.
Фразеологизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-санасының, дүниетанымының айнасы болып табылады, олар-тақырыптық және семантикалық тұрғыда көп аспектілі, ойлау мен танымның ерекше бейнелі, эмоционалды-экспрессивтік реңкке ие және тіл қабаттарының ішіндегі құрылымдық типтері мен синтаксистік модельдері қалыптасқан тілдік бірліктер. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген сөз бен жүрегі тас төбесіне шықты фразеологизмінің, арасында мағыналық сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды. Себебі қуанды, қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ. Бұл жөнінде І. Кеңесбаев өз ойын былай тұжырымдайды: Жеке сөз өздігінен барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті емес.
Тілде сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-саналардың іздері де фразеологизмдерде айрықша байқалады. Халықтың бүгінгі күнге дейін жеткен, ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келген әдет-ғұрыптары да фразеологизм уәждерінде айқын көрінеді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40-жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей академигі В.В. Виноградовты атауға болады. Ә.Б Олғанбайұлы мен Ғ. Қалиев Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы атты еңбегінде: Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы, – деп жазды 2, 187. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Олай болса, фразеологизмдерді меңгертуді көркем сөйлеуге үйретудің құралы, тілді орынды жұмсауға төселдірудің жолы деп санауға болады. Тұрақты тіркестер студенттің сөздік қорын байытып, оның сөйлеу әрекетін жетілдіруге де оң ықпал ететіні сөзсіз.
Студенттің жеке әлеуметтік тәжірибесіне байланысты оның құндылық бағдарларын, дүниетанымын, көзқарасын үйреніп отырған тілдің өзіндік ерекшеліктерімен сабақтастықта қалыптастыру қажет. Мұнда оның фразеологизмдер туралы түсінігі мен қолдану дағдыларының болуы шарт.
Студенттің танымдық қасиеттері ұлғайған сайын оның сөздік қоры да өсіп отырады. Сондықтан жоғары оқу орнында оқитын студенттердің қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруда, танымдық қабілеттерін жетілдіруде фразеологизмдерге ерекше назар аударылды. Өйткені студенттердің сөздік қорын фразеологизмдер сөздігі арқылы молайту жұмыстары, олардың сөйлеу тілін жетілдіру мақсатымен толық сәйкес келеді. Фразеологизмдер студенттің әр ортадағы сөйлеу мақсатымен, сөз саптау ерекшелігімен үйлесімде беріледі. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан Қазақ тілінің фразеогогиялық сөздігі қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлесі. І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын фразеология деп атау әбден орынды, – деп жазады 1, 589. Сабақ барысында студенттер аталған сөздікті пайдалана отырып, студенттердің тіл байлығына, сөйлеу шеберлігіне, сөз саптауына көптеген ықпалын тигізеді. Сонымен қатар үйренген фразеологизмін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсе, оның ақыл-ойын дамытуға әсер етеді. Демек, фразеологизмді орынды қолданып, оның мағынасын жетік білетін студент өз бетімен сөйлем құрап, оны ауызша сөйлеу тілінде шебер қолдана алатыны сөзсіз. Фразеологизмдерді меңгертуде оның лексикалық және грамматикалық мағыналары өзара сабақтастықта болады. Бұл мәтіндерді лексикалық және грамматикалық талдау кезінде, жаттығу жұмыстарында фразеологизмдердің мағынасын сөздік арқылы түсіндіру нәтижесінде жүзеге асады. Мысалы, Ат құйрығын кесіп кету; Айна қатесі жоқ; Айтқанына көндіріп, айдауына жүргізу деген фразеологизмдердің мағыналарын түсіндіру үшін олардың біртұтас лексикалық мағынаға ие екендігі, олардың бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болатыны меңгертілeді. Сөздік қордағы әрбір фразеологизмдерді қатысым әрекетінде қолдану үшін студенттердің сөйлеу қабілетін дамыту студенттердің сөздік қорындағы фразеологизмдерді мағыналарына қарай іріктеп, оларды басқа сөздермен орынды байланыстырып, өз ойын дұрыс, толық жеткізе алуына көмектеседі. Сөйлеу қабілетінің жетілуіне студенттердің сөздік қорының мол болуы әсер етеді, сондықтан сөйлеу қабілеттерін жетілдіру үшін олардың фразеологиялық сөздікпен жұмыс дағдылары дамытылады. Студенттер фразеологизмдерді түсініп меңгерумен қатар оларды ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарында да еркін қолдана біліп, бір-бірімен сөйлескенде, белгілі бір материалдарға жоспар жасағанда, мазмұндама, шығарма және жаттығу жұмыстарын орындау үстінде пайдалануға үйретіледі.
Фразеологизмдерді оқыту барысында оларды қолдану үшін әр түрлі жаттығулар жүйесі ұсынылады: ізденімдік, тіл дамыту тапсырмалары, сөйлем құрастыруға арналған жаттығулар, керекті фразеологизмдерді табуды талап ететін жаттығулар, фразеологизмдердерді қатыстырып мәтін құрастыратын жаттығулар, фразеологизмдерді қатыстырып эссе дайындау, фразеологизмдерді қатыстырып сипаттама жасау, фразеологизм жасауға ұйытқы болатын сөздер арқылы жасалатын жаттығулар, синонимдік қатар жасайтын фразеологизмдер, омоним фразеологизмдер, көп мағыналы фразеологизмдер жасайтын жаттығулар, фразеологиялық варианттардың нұсқасын тапқызатын жаттығулар, керекті фразеологизмдерді талап ететін жаттығулар, шығармашылық жаттығулар т.б. Осыған сәйкес төмендегідей жаттығулар жүйесі сабақ барысында студенттерге ұсынылады:
Фразеологизмдерді оқыту барысында студенттердің сөздік қорын, тіл байлығын, сөздікпен жұмыс жасау тәсілдерін меңгеруі фразеологияның түрлері мен оның құрамын саналы түсінуіне, сөздік қордағы фразеологизмдерді күнделікті қарым-қатынаста жұмсауға дағдылануға әсер етіп, пәнге деген оқу мотивацияларын арттыру болып табылады.
Лексика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейлері мынадай:
- лексикалық терминдерді дұрыс қолдану, лексиканың тіл білімі салаларымен байланысын, орнын ажырата алу
- ауыспалы мағыналы сөздерді дұрыс қолданып, олардың өзара қарым-қатынасын тани білу;
-синоним, антоним, омоним сөздердің ерекшеліктерін, өзара байланыстылығын түсіну, сөздерді мағыналық сипаттарына қарай ажыратып, топтай білу;
-синоним сөздердің эмоциялық-экспрессивтік мәнін ажыратып, олардың қолданыстағы орнына қарай синонимдес, антонимдес сыңыраларын да ажырата білу;
- сөздік құрам тармақтарының өсу, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысын тани отырып, әдеби тілдің толысуындағы диалект сөздердің рөлін білу, диалектілердің пайда болу жолдарын түсіне алу;
- көнерген сөздер мен этнолингвистиканың арақатынасын саралай білу, көнерген сөздердің қазіргі кездегі қолдану ерекшелігін дұрыс түсіну;
- термин сөздер арқылы ұғымдарды дәл атап, ғылыми стиль талаптарына сай қолдана алу және терминдер мен кәсіби сөздердің ерекшеліктерін білу;
- сөздік құрам тармақтарының баю, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- неологизм сөздерді дұрыс қолдану және олардың тілдегі орнын түсіну, неологизмдердің жасалу жолдарын білу.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Лексиканы оқытудың міндеттері
2. Лексиканы оқытудың принциптері
3. Лексика бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары мен
талдау әдістері
4. Фразеологиянф оқытудың әдіс-тәсілдері
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.
2. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 255 б.
3. Айғабылов А. Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті. 1982
4. Ұйықбаев И. Лексиканы оқыту. Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969

№7 Дәріс. Сөзжасамды оқыту әдістемесі


Мақсаты: Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту жолдары. Сөзжасам әдістемесі. Сөзжасамға арналған жаттығулар. Сөзжасамды оқытуда көрнекі, техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Жоспар:
1. Сөзжасам әдістемесі
2. Туынды сөздерді талдау
3. Сөзжасамды меңгертуге арналған жаттығулар.
4. Сөзжасамды оқытуда көрнекі, техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдаланудың тиімділігі.
Сөз жасам әдістемесі. 1992 жылы қазақ тілі бағдарламасында Сөздердің жасалуы атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің 4 сынып бағдарламасында: Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз деген тақырыптар қамтылса, 5 сынып бағдарламасында Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қысқарған сөздер және оның емлесі сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда Сөз құрамы, Сөз тұлғалары деген жалпы тақырыппен морфология бөлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес қарастырылуда, яғни оның лингвистикалық негізі – сөздердің жасалу процесі – тек грамматикалық (морфологиялық) құбылыс қана емес, сонымен қатар тіліміздің сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде, лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы – лексика-грамматикалық категория.
Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөздердің жасалуы – сөздің құрылымын, морфемалық құрамын, сөз жасаудың тәсілдерін және сөздердің жасалуының әртүрлі жолдарын зерттейді.
Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың танымдық әрі практикалық зор маңызы бар. Сөздердің жасалуымен танысу, біріншіден, сөз құрылымының дамуы мен сөздердің жасалуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсету болса, екіншіден, тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің арасындағы өзара байланыстылықты көрсету, бір жағынан сөз жасау деңгейі, екінші жағынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлер, үшіншіден, тілдің грамматикалық құрлысын тереңірек білуге жағдай жасайды.
Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар жүргізу орфографияны білуге, орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға негіз болады. Өйткені орфографиялық принциптердің ішінде негізгісі морфологиялық принцип болса, түбір сөздің жазылуы барлық жерде де бастапқы қалпын сақтайды.
Сөздердің жасалу жолдарын үйрету – грамматиканың морфологиялық құбылыстары туралы білім берудің, сөз таптарының ерекшеліктерін білдірудің негізі. Қазақ сөздерінің аналитикалық және синтетикалық жолмен жасалатынынан мәлімет беріп, қазақ тілінің табиғаты туралы түсінік қалыптастырылады. Әсіресе, қазақ тілінің жалғамалы тілдер табына енетініне баса назар аударту олардың әр түрлі тілдердің ішкі заңдылықтарын тануына да негіз болады. Осы табиғаты арқылы тіл білімі салалары түрлі тілдерде түрліше сипатқа ие болатынын түсінеді. Мысалы, қазақ тілі мен өзі оқитын шет тілінің арасындағы айырмашылықтардың себебін саналы түрде меңгереді.
Қазақ тілінің жалғамалық сипаты оның адам ойын жеткізудің пәрменді құралы болуының бір себебі екеніне мән берілгені жөн. Мысалы, жаңа сөздердің бәрі тек жалаң түбірлерден ғана емес, туынды түбірлерден де өрбитініне көз жеткізу арқылы жалғамалы тілдің артықшылығын аңғаруға болады: тең-гер-ме-ші-лік, оқы-мыс-ты-лық т.б. Осы секілді сөздердің әрбір жұрнақ жалғанған қалпындағы мағыналарына талдау жасату тек сөз мағынасы мен қосымшаның өзара байланыстылығын танытып қана қоймайды, сонымен қатар сөз түрлендірудегі белгілі бір жүйелі заңдылықтың болатынын ұғындырады. Бұл білім бұдан кейінгі оқылатын Сөз таптары тақырыбын дұрыс түсініп, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілерін тез аңғаруға тірек болады. Сөздердің жұрнақтары арқылы бірінен екіншсіне көшіп отыруының да түпкі себебін, яғни жұрнақтың сөз мағынасын өзгертудегі рөлін жете сезіндіруге ықпал етеді.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Сөзжасам әдістемесі
2. Туынды сөздерді талдау
3. Сөзжасамды меңгертуге арналған жаттығулар.
4. Сөзжасамды оқытуда көрнекі, техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдаланудың тиімділігі.
Әдебиеттер:
1. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғалым: 1999. 152- 390 бет.
2. С.Аманжолов. Қазақ әдеби жөніндегі синтаксисінің қысқаша курсы. -Алматы: Санат, 1994. 163-173бет.
3. Н.Сауранбаев. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы, 1954. 410-503бет.
4. Т.Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі. -Алматы: Санат. 1995. 6-8бет.
5. Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.
6. М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.
7. Ж.А.Жақыпов. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. 60-91бет.
8. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Мектеп, 1965. 24-207бет.
9. И.Ұйықбаев. Қазақ тілі методикасының очерктері. -Алматы: Мектеп, 1969. 4-14бет.
10. Б. Құлмағамбетованың . Қазақ тілін оқыту методикасы. -Мектеп, 1988. 36-38бет.

№8 Дәріс. Грамматиканы оқыту әдістемесі. Морфологияны оқыту әдістемесі


Мақсаты: Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі. Эмпирикалық және теориялық грамматикалық талдау әдістерін оқушыларға игерту. Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері.
Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыш сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытудысинтаксистік негізде жүргізудің маңызы туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
1. Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
2. Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі.
3. Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы.
4. Морфологияны оқытудың ұстанымдары.
5. Негізгі морфологиялық ұғымдар жүйесі

Грамматика сабақтарынң мазмұны морфология, синтаксис бойынша негізгі мағлұматтардың ғылым негіздерінің жинтығы болады, бұл мағлұматтар қазақ тілдерінің грамматикалық құрлысы туралы толық түсінік береді. Грамматикадан берілетін білім мектеп бағдарламасымен белгіленеді.


Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Бастауыш мектептерді тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қорын, стилистикалық дәлдіті, мазмұндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы
(морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С. Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, О.Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептепде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп, айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады
Мектепте оқущылар қазақ тілінің грамматикалық құрлысымен, морфология және синтаксиспен сипаттамалы түрде танысады, сөздердің түрленуі, сөз тіркестері мен сөздердің сөйлемде қолданылуыжайында негізгі грамматикалық ережелерді үйренеді
Мектепте грамматиканы оқытуға байланысты төмендегідей ұстанымдар мен жағдайларды қамтамасыз ету керек. 1. Тұлға мен мазмұн бірлігі. Бұл ұстаным тілдік құбылыстарды бір жақты талдауға жол бермейді. 2. Грамматикалық ұғымдардың біртіндеп қалыптасуы. Бұл ұғымдар элементтер ретінде белгілі жүйенің жиынтығы болып, ана тілінің грамматикалық қМектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.ұрлысының негізін қалайды.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Грамматиканы оқытудың мақсаты.
2. Морфологияны оқытуға қатысты еңбектерге талдау жасаңыз
Әдебиеттер:
1) Б. Кәтембаева, М. Нұрғалиева Морфологияны оқытудың методикасы Алматы: Мектеп баспасы, 1975 жыл.
2) Ж. Мұсаұлы, Р. Әміренова Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы Көкшктау, 2003 жыл.
3) Ш. Есмағанбетова Оқушылардың танымдық іс- әрекетін қалыптастыру Алматы Ғылым Ғылыми баспа орталығы, 2002 жыл.
4) А. Әбілқаев Қазақ тілін оқыту әдістемесі Алматы, 1985 жыл.
5) Ә. Алдамұратов Оқушыларға грамматикалық ұғымдарды меңгерту психологиясы Алматы, 1997 жыл.
6) А. Арғынов Қазақ методикасы Алматы, 1974 жыл.
7) Р Адамбаева Қазақ тілі оқулықтарына методикалық нұсқау Алматы, 1988 жыл.
8) Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы Алматы, 1994 жыл.
9) М. Тәтенбаева Морфологияны оқыту методикасы Алматы, 1994 жыл.
10) Әдіскер журналы. 2005 жыл.
11) Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы, 2001 жыл.
12) Б.Катембаева Қазақ тілін оқыту әдістемесі Алматы, 1991 жыл.
13) С. Әлемжанов, М.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы Алматы, 1965 жыл.
14) Ә. Исабаев Қазақ тілін оқыту дидактикасының негізі Алматы, 1994 жыл.

№9 Дәріс. Синтаксисті оқыту әдістемесі Сөз тіркесін оқыту әдістемесі


Мақсаты: Синтакси с- грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігін атап өту. Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру.
Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері.Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айырта алуға үйрету. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орнын көрсету.
Жоспар:
1. Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі
2. Мектепте оқылатын синтаксис үғымдар жүйесі және синтаксисстік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.
3. Оқушыда қалыптасуға тиіс машық – дағдылар мен іскерлік жүйесі.
4. Синтаксистік талдау түрлері.
5. Сөз тіркесін талдау жолдары, жаттығулар және оның түрлері, көрнекіліктер мен оқу - әдістемелік құралдар жүйесі.

Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.


Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:
1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.
2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.
3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.
4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.
5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.
Қорыта келгенде, синтаксистік талдау және оның методикасы -қазақ тілін жан-жақты зерттеуді қарастыруды мақсат тұтқан талдаулардың бірі. Ол- оқушылардың саналы, дара білімдерін жетілдіруге, мұғалімдер мен шәкірттердің арасындағы байланысты нығайтуға және синтаксистік талдауды дамытуға әсер ететін фактор.
Қазіргі кездегі тәжірибелі мамандар мен қазақ тілі методикасын жетілдіру үшін өз ізденістері мен еңбектерін ұсынып отырған мақалалар мен оқулық авторларының басты мақсаты- қазақ тілінің синтаксистік талдау методикасына жаңа әдіс-тәсілдер енгізу, жаңа бағдарламалар жасау.
Синтаксиске байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:
1. Көшіріп жазу жаттығулары.
2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.
3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.
6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.
8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.
10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.
12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.
13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.
14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.
15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.
16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.
Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады [1, 264]. Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді [1, 287]. Ауызбен сөйлесу және жазумен сөйлесудің ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.
Қ.Жұбанов сөйлеу сөйлемдер арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп, сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады дей келіп, жай сөйлемнің грамматикалық сипатының бірдей емес екенін анықтады. Ғалым синтаксистің нысаны семантика емес, тілдік тұлғалар мен солардың құрылысы екенін дәйектеп, біздің қарайтынымыз – мағына жүйесі, семантика емес, грамматика. Сондықтан біздің мақсатымыз мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай амалмен білдіреміз, осыны баяндау болу керек, – деп, тұжырымдайды. Тілші А.Байтұрсынов пен Т.Шонанұлы еңбектеріндегі синтаксис туралы пікірлерге талдау жасап, сөйлем мүшелерін қазақ баласының танымына жақын дене мүшелерін мысалға ала отырып түсіндіреді. Сөйлеу деген – біреудің екінші біреуге хабар беруі, – деп, ойды сөйлеу үдерісімен байланыста қарастырады [2, 50]. Ғалымның педагогика саласына қатысты зерттеулерінен оқу үрдісін білім алушының танымы мен қабілетін ескере отырып, ұйымдастыруға мән бергенін байқауға болады.
С.Жиенбаев сөйлем мүшелерін жіктеу мен олардың арасындағы байланысқа және құрмалас сөйлем мәселесіне жан-жақты тоқталса, С. Аманжолов жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисін оқыту мәселесін қамтыды. Ғалым сөйлемнің қатысымдық қызметіне назар аударып, сөйлем қалыпты, бір беткей, ұзын сонар; ол біреудің айтқан сөзінен, ойлаған ойынан ғана құралмайтынын, сөйлемнің айтылуы, көп қолданылатын жері – көпшілік ортасы, ең кемі екі кісінің басы қосылған жер екенін, мұндай жерде сөйлем, бірыңғай, біркелкі болмайтынын, ашу, күлкі, сұрау, жауап, қуаныш т.б. психологиялық жағдайлардың сөйлемге әсерін тигізетінін дәлелдеп көрсетеді [ 3, 16 ]. Сол сияқты Ә.Хасеновтың материал көлемі, оларды белгіліден белгісізге қарай дамыту арқылы жүргізу ісі, қолданылатын әдістер мен жұмыс түрлері туралы ұсыныстары мен М.Балақаевтың сөйлемдегі сөздердің грамматикалық тұлғалары мен мағыналарын сипаттау арқылы олар жайындағы оқушының білімін баянды ететін практикалық жұмыс деген анықтамасы синтаксисті оқыту жайындағы алғашқы құнды тұжырымдар болып саналады [4, 75].
Қазақ тілі синтаксисін тіл білімінің жеке саласы ретінде дәстүрлі оқыту. Синтаксисті оқыту мәселелері Ә.Хасенов, А.Әбілқаев, Ш.Әуелбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.
И.Ұйықбаев грамматикалық ережелерді білмеу, сөйлемдегі мағыналық қарым-қатынастарды түсінбеу орфографиялық қателерге соқтыратынын дәлелдеп, диктанттың түрлеріне, олардың атқаратын рөліне тоқталып, сызбалар мен үлестірме қағаздарды ұтымды қолданудың жолдарын ұсынады [5, 65].
Д.Әлімжанов пен Ы. Маманов тіл фактілерін түсіндіруге пайдаланылатын материалдар, алдымен, тілден өтілетін материалдарға сәйкес болу керектігіне мән берді. Ғалымдардың өтілген тілдік тақырыптарға тәрбиелік маңызы бар сөйлемдер тергізіп, оны грамматикалық белгілер мен сөз мағынасына қарай топтату, текстерге талдаулар жасату, кітап оқыту, оқығанын баяндап айтқызу, сол бойынша конспект жасату, көрнекі материалдарды беріп өздеріне бақылату, іс қағаздарын үйрету, тілге байланысты кештер өткізіп, конференцияларда баяндама жасату [6, 66] тәрізді ұсынған жұмыстары мен Х.Арғыновтың өздігінен көбірек жұмыс істеуге көңіл аудару әрбір орындалған жаттығу, дағдыландыру жұмыстарының қандай із қалғанын байқайтыны туралы тұжырымдары [7, 212-260] қазіргі таңдағы СӨЖ-ге қойылатын талаппен сабақтасып жатыр.
Синтаксисті тіл білімі салаларымен сабақтастықта оқытудың жаңашыл бағыттары. ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қойып отыр. Осымен байланысты жоғары мектепте қазақ тілін жаңа тың ізденістер тұрғысынан оқыту мәселесі жан-жақты қарастырыла бастады.
Р.Ә.Шаханова қазақ тілін модуль, рейтинг, тест арқылы меңгертудің жолдарын ұсынса, Қ.Қадашева қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың тиімділігін анықтады. К.Жақсылықова модульдік технологияның ұтымдылығын дәлелдесе, Ж.Сүлейменова жоғары мектепте морфологияны оқытудағы дәстүрден тыс сабақтардың маңызын айқындады. Ә.Әлметова студенттердің сұқбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың жолдарын, З.Бейсембаева сөзжасамды модульдік технология арқылы оқытуда тиімді болып табылатын дәріс, практикалық сабақтар мен өздік жұмыстың түрлерін, ал Н.Оразақынова сатылай талдауды сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгертудің амал-тәсілдерін ұсынды. Ж.Даулетбекова сөйлеу мәденетін терең игерту оқушының қатысымдық және мәдени-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыратынын айтса, Ж.Қ.Балтабаева өзінің ғылыми жұмысында жоғары оқу орындарында морфологияны оқыту мәселесін сөз етіп, интерактивті әдістердің ұтымдылығын дәлелдеді. Н.Құрманова мен А.Е.Жұмабаева орта мектепте синтаксисті дамыта оқытудың жолдарын айқындап берсе, А.А.Сатбекова жоба жұмысының түрлерін саралады.
Соңғы жылдары білім беруді жаңа қырынан ұйымдастыру мен қазақ тілін оқытудың сапасын көтеруге бағытталған зерттеу жұмыстарындағы тұжырымдар синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін сұрыптап таңдауға мүмкіндік тудырды.
Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі.
Қоғам дамуындағы өзгерістер жеке ғылым саласы ретіндегі тіл біліміндегі жаңа бағыттардың туындауына әсер етсе, өз кезегінде сол өзгерістер оның оқыту жүйесін де жаңартуды қажет етеді. Осымен байланысты тілді адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың құралы ретінде қарастыру етек алды. Адам мен оның тілін әлеуметтік аспектіде өзара байланыстырып, адамның әлеуметтік рөлі, тілі, мамандығы және қандай әлеуметтік топқа жататындығы, идиологиялық тәуелділігі т.б. арқылы тілдік тұлғаны анықтауға басымдылық берілді. Тілді оқытуда оның тілдік қарым-қатынаста қолданылу дәрежесі мен сипатына, әлеуметтік-психологиялық мәніне көңіл бөлінді. Әдіскер-ғалымдар ана тілінің тек қатысымдық қызметін ғана айқындап қоймай, оның баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы мәніне баса назар аудара бастады. Өйткені тіл арқылы адамдар өмірден өз орнын табады, әркім өзіне қажетті игілікті іске асырады.
Синтаксис пәні студентке сөз тіркесінің, сөйлем мен мәтіннің ерекшелігі мен өзіндік қолданысын үйретіп, сол арқылы олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруді көздейді. Бұл Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының: Қазiр педагогикалық қоғамдастықтың алдында бiлiм берудiң жаңа моделiн құрудың, сынақтан өткiзу мен енгiзудiң ауқымды мiндеттерi тұр. Бiлiм берудiң қазiргi негiзгi мақсаты бiлiм алып, бiлiк пен дағды-машыққа қол жеткiзу ғана емес, солардың негiзiнде дербес, әлеуметтiк және кәсiби бiлiктiлiкке – ақпаратты өзi iздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгерiп жатқан бүгiнгi дүниеде лайықты өмiр сүру және жұмыс iстеу болып табылады, – деп көрсетiлген басты қағидатымен толық үндеседі [8, 5].
Таным мәселесі антик заманынан бастау алады. Әр дәуірдегі ойшылдар мен педагогтер балалардың өзіндік ой-тұжырымын жасау, оны дамыту мәселесіне назар аударса, адам баласының танымдық қабілетінің мәні қазақ халқының даналық сөздерінде, ертегі, жыр, мақал-мәтелдерінде де көрініс тапқан. Синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту студентті лексикалық және грамматикалық бірліктерді қарым-қатынаста ұтымды қолдануға, өз көзқарасын айта білуге және синтаксистік категорияларды сөйлесім әрекетінде ұтымды пайдалануға үйретсе, танымдық тұрғыдан оқыту оның оқу материалдарын терең игеруіне, өзін-өзі дамытуға, танымдық қабілетін (қабылдау, меңгеру, жоспарлау, мәселені шеше білу, ойлау, тапқырлық, білімін қажетті жерде қолдана білу т.б) арттыруға мүмкіндік тудырады.
Сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан та артық, сөйлегенде сөздің жүйесін келтіріп сөйлеу қажет. Сөздің жүйесін қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Сөйлеудің асыл мағынасы – біреуге білдірейін деген ойын айту. Айтушының мақсаты – тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін алса, екінші сөзді ойын толықтыру үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау үшін алады деген А.Байтұрсыновтың пікірі синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың өзегін анықтауда маңызды рөл атқарады [1, 142, 274].
Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың қайнар көзі. ХХ ғасыр басында қазақ топырағында ұлтты тану мен сапалы білім берудің тың үлгісін жасаған отандық ғалымдардың әдістемеге қатысты ой-пікірлері, еңбектері зерделеніп, олардың оқыту үдерісіне қатысты білім беру жолдары технология түрінде дәйектелді. Себебі оқыту технологияларының нышандары А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, Қ.Жұбанов, .Балақаев т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады. Зерттеуде олардың әдістемелік тұжырымдары қазіргі таңда қолданылып жүрген оқыту технологияларымен салыстырылды. Нәтижесінде әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың қазақ әдістеме ғылымында да өз іргетасы болғаны анықталды. Олардың қай-қайсысының да құрылымдық жүйесі технологияға қойылатын талаптарға толық жауап береді. Бұл технологияларда мәдениет пен тілге, ғылым мен білімге ерекше назар аударылған.
Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлының танымдық-тағылымдық технологиясында білім алушының тілін дамыту, танымын кеңейту мәселелері басты назарда ұсталынған. Оқытудың түпкі нәтижесі оның танымдық, проблемалардың шешімін табу, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталғандықтан, синтаксисті оқытуда маңызды рөл атқарады.
М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясында адам бойындағы мінез-құлық, қасиеттерін тәрбиелей отырып, білім алушының бойына тұлғалық дарындылықты қазақтың ұлттық тәрбиесі арқылы қалыптастыру өзек етіп алғандықтан, ол оқыту үдерісінде студенттің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.
Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы қазіргі таңдағы білім берудің ұлттық моделін жасау идеясымен сабақтасады. Ғалымның пайымдаулары жеке тұлғаға бағдарлап оқыту, интеграциялық байланысты қолдану, білім алушының ынтасын тудыра оқытып білім беру т.б. мәселелермен тығыз байланысты. Бұл синтаксисті оқытуда білім сапасын арттырудың алғы шарты болып табылады.
Ы.Алтынсариннің тілдік дағдыны жетілдіру технологиясында қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру мен шығармашылыққа баулу әдістері кеңінен орын алатыны байқалады. Ол баланың өміріне, табиғатына жақын келетін мәтіндерді пайдаланудың тиімділігін көрсеткен. Студенттің тілдік қабілетін жетілдіру – білім беру үдерісіндегі басты міндет. Олай болса аталған технология осы міндетті шешуге мүмкіндік береді.
Қ.Жұбановтың дамыта оқыту технологиясы студентті тұлғалық жағынан
қалыптастыру мен дамыту және білімді деңгейіне қарай меңгертуді көздейді. Ғалымның түйінді мәселеге көңіл аудару, сөзбен суреттеу, көрнекілік, өмірге үңілдіру, еңбек үдерісімен, жүйелі ойға төселдіру, білім алушының алдына проблема қоя оқыту, бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету­ т.б. әдістері бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен ұштасып жатыр. Ғалымның дамыта оқыту технологиясы синтаксистік бірліктердің қалыптасу, өзгеру, даму заңдылықтарын танып білуге көмектеседі.
М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы тілдік білімнің нәтижесін құзыреттіліктер деңгейіне көтеруді мақсат ететін қазіргі уақыт талабымен толық үндеседі. Сондықтан сөз мәдениеті студенттің интеллектуалдық және мәдени сапасын арттыратындай тілдік қатынасқа төселдірудің негізі ретінде қарастырылады.
Қорыта келгенде, ғалымдардың еңбектерінде қазіргі білім беру технологияларының барлығы да көрініс тапқан. Сондықтан сол ой-тұжырымдарды басшылыққа алу болашақ мамандардың санасына ұлттық рух пен елжандылық қасиетті қалыптастыруға, ұлттық сананы оятуға, сабақ сапасын арттыруға, оқытушы шеберлігі мен студент білімін жетілдіруге ықпал етеді.
Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан сапалы оқытудың негізі – білім беру технологияларын бірлестікте қолдану. Қазақ тілін саналы және сапалы меңгертудің бір шарты – білім беру технологияларын ұтымды қолдану. Бұл орайда қазіргі білім жүйесінде қолданылып жүрген Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі, В.К.Дъяченконың ұжымдық оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық-ізгілендіру технологиясы және т.б. білім беру технологияларының басым бағыттары жұмыста кең талданды.
Ф.Ш.Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясы – қазіргі білім беру үдерісінде ең жиі қолданыста жүрген технология. Әдіскер тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекетінің бес түрін ғылыми айналымға енгізді. Аталған технология тіке байланыс, адамның жеке қабілетін ескеру, сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыс түрлерін айқындау, сатылап даму, динамикалық өзгеру, өзектілік ұстанымдарын басшылыққа алып, қатысымдық әдіс арқылы тілді меңгертуді мақсат етеді. Синтаксисті қатысымдық тұрғыдан сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгерту студентті ойын, пікірін, көзқарасын еркін, нақты жеткізуге жетеледі.
Н.А.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы – қазіргі заман дамуының заңдылықтарын ескере отырып жасалған талдау жүйесі. Сатылай кешенді талдау технологиясы синтаксистік бірліктерді студенттерге ғылыми негізде сатылай, жүйелі меңгертуге негізделді.
Білім беру жүйесінде технологиялардың әрқайсысы тілді меңгеруде өзіндік орын ала келіп, бір-бірімен тығыз бірлікте, тұтас қолдану арқылы тиімді рөл атқарады. Студентке жүйелі білім беретін материалды тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оның жеке қабілетіне сай дұрыс меңгерте білу оқыту технологиясын жақсарта түседі. Технологияға қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе деп қараудан арылып, әрбір технология тілді меңгертудің түпкі нәтижесіне қызмет ететін, соған қолайлы жағдай туғызатын оқытудың өзара сабақтас жүйесі деп қараған жөн [9, 102]. Білім беру технологияларын студенттің қабілеті мен уақыт сұранысына орай қолдану білім сапасын арттырып, оны өз ойын жинақтап айтуға, білімін тілдік қатынаста дұрыс қолдануға үйретеді.
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тұжырымдамасы. Әрбір елдің болашағы білім беру жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуына және пәнді меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсынуға байланысты. Қазіргі таңда жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары мамандарға сұраныс күшейді. Сондықтан қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі мақсатты көздей отырып жүйеленді: синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста меңгертуді, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауды, оның синтаксисті оқытуда алатын орнын зерделеуді, оны сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруды мақсат етсе, танымдық тұрғыдан оқыту синтаксисті танымдық әрекет пен танымдық іскерлік арқылы меңгертуді көздеді.
Э.Оразалиеваның жіктеуі бойынша, танымдық әрекетке қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну, зейін қою, есте сақтау, сөйлеу т.б. тәрізді құрамды бөліктер жатқызылған. Ғалым қазіргі кезде танымдық әрекетті функционалды-прагматикалық, аккумулятивті және қатысымдық қызметтері ерекше, адамзат тіршілігіне аса қажет фактор деп бағалайды [12, 148-149].
Танымдық іскерлік педагогика ғылымында білім алушының танымдық белсенділігімен сабақтастықта қарастырылады. Студенттің метатанымдық іскерлігі алға қойған мақсатын анықтауы, іс-әрекетін жүйелі түрде жоспарлауы, нәтижені бағалай білуінен т.б. байқалса, ақпараттық іскерлігі қажетті ақпаратты табуы, оны талдап, екшеп, сұрыптап ала білуі, ақпаратпен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыруынан көрінеді. Әлеуметтік-аффективтік іскерлігі ұжыммен жұмыс істей алу қабілеті, ұжымдық, топтық, жұптық тапсырмаларды орындай білуі мен проблемалық жағдаяттарды шеше алуы арқылы танылады. Бұл екі мақсаттың бірлігі синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың білім мазмұнын анықтап, жүйелеуге бағыт береді. Білім мазмұнын меңгерту ұстанымдар мен әдістер және оқыту формалары арқылы іске асырылды. Түпкі мақсат студенттің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталды. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың моделі 1-кестеде көрсетілді (1-кесте).
Ақпараттардың алмасуы, яғни ойды жеткізу барысында қатысымдық мағынаны түйсіну, екінші адамды түсінуге тырысу үшін тілдік қатынасқа әсер ететін факторларды ескеру қажет. Мұндай факторлар негізінде сөйлеу коммуникациясының түрлі формалары мен типтері анықталады. Сөйлесім әрекетінің түрлері белгілі бір ережеге сүйеніп жүзеге асырылады.

1-Кесте – Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту моделі


Студент өзі айтып тұрған ой, пікірдің мағынасын, танымдық мәнін түсініп, әлеуметтік-тілдік, лингвомәдени, танымдық қабілетін жетілдіруге мүмкіндік алады. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгерту студенттің сөйлеу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруда әрбір синтаксистік құбылыстың формасын, тілдік бірліктердің мағынасы мен айырмашылығын терең қарастыруға, сөйлесім әрекетіне әсер ететін тілдік құралдардың қызметін анықтауға, тілдік бірліктердің қолданылу дәрежесін айқындауға, оның тілдік қарым-қатынаста атқаратын рөлін дәйектеуге мүмкіндік береді. Студенттің синтаксистік категорияларды түсініп, оны дұрыс қолдануы қатысымдық, танымдық, лингвомәдени және әлеуметтік-тұлғалық және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі.
Сонымен синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың тұжырымдамасы бойынша жоғары мектепте болашақ филолог мамандарға синтаксисті оқытудың басты мақсаты мен міндеттері; ұстанымдары мен әдістері; білім беру технологиялары мен кешенді жұмыстар жүйесі білім мазмұнын қатысымдық және танымдық мақсатта игертуге, білім сапасын арттыруға, студенттің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталады.
Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертуде жүзеге асырылатын құзыреттіліктер. Қазіргі нарық заманы студенттердің құзыреттілігін қалыптастыруды, олардың дара тұлғалық сапасын дамытуды талап етіп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, құзырет адамның жұмысының аспектісі ретінде танылса, құзыреттілік осы аспектіні орындай алу деңгейімен анықталады. Құзырет студенттің білуі қажет нәрсе болса, құзыреттілік осы нәрсені жақсы істеуі, өзін-өзі танытуы, білімі, білігі, өзін-өзі бағалауы т.б. мәселелерді қамтиды. Жұмыста студенттің білімі мен білігін өз қажетіне қарай ұштастыруға, сөйлеу қабілетін жетілдіруге, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, студенттің шығармашылық қабілетін дамытуға т.б. көмектесетін төмендегідей құзыреттіліктердің рөлі айқындалды.
Қатысымдық құзыреттілік дегеніміз – студенттің түрлі жағдаятта тең дәрежеде қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі және әлеуметтік-мәдени нормаларды сақтай отырып, ұйымдастыру біліктілігі. Студенттің қатысымдық құзыреттілігі ауызша және жазбаша коммуникацияны меңгеруі мен әлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді игеруінен көрінеді. Тілдік бірліктерді дискурс пен пікір білдіруде шығармашылықпен қолдана білуі және дара тұлға ретінде кез келген жағдаятта ойын еркін, жүйелі жеткізуінен байқалады.
Қазіргі кредиттік оқу жүйесінде студент өзінің оқуын жоспарлап, өзіне қажетті пәндерді таңдап, өз жұмысын бағалап үйренуі шарт. Синтаксисті оқытуда студенттің алған білімін өз бетінше дамытып, жетілдіріп, жаңа формада жүзеге асырып, сынап, үнемі ізденіп, кез келген жағдаятта қолдана білуін қамтамасыз ететін танымдық құзыреттілік.
Танымдық құзыреттілік – студенттің хабарды өздігінен өңдей білуі, өз бетінше оқуы, үйренген материалдарын жаңа жағдайда қолдануы, хабардың шығу көзін таба алуы, өз қабілеті мен білімін бағалауы, өзіне қажетті білімді екшеп, сұрыптап ала білуі, оны қолданудың жолын меңгеруі.
Лингвомәдени құзыреттілік студенттің әлеуметтік және қоғамдық ортада
өз орнын таба білуіне, өзгелермен тіл табысу арқылы белгілі бір мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне қажетті дағдыларды дамыту нәтижесінде қалыптасады.
Лингвомәдени құзыреттілік дегеніміз студенттің тілдік және мәдени бірліктерді контексте орынды қолдануы, мәдени-тарихи және ерекше ұлттық ақпараттарды тілдік қарым-қатынаста пайдалануы, лингвоелтанушылық білімдер жүйесін меңгеруі, ұлт тарихы, дәстүрі, мәдениеті туралы білімін сөйлеуде ұтымды пайдалануы, сөйлеу мәдениетін игеруі.
Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі заман сұранысынан туындап отыр. Әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілік студенттің әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуі және белгілі бір әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің сапалық деңгейін көрсетеді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгерту студенттің өзін-өзі дамытуына, қоршаған ортаны шынайы түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге ықпал етуді көздейді. Студенттің топ алдында рефератын қорғауы, баяндама жасауы, пікірталас, ойталқы, ойбөлісте өз ойын еркін жеткізе білуі оның әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін жетілдіруге игі әсерін тигізді. Студент ертеңгі маман ретінде тілді, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші тұлға ретінде қызмет етеді.
Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігі дегеніміз – оның қоғамда, көпшілік алдында сөйлей білу дағдысы; тұлғаның қоғамда өз мәдени деңгейін, адами сапалық қасиеттерін таныта алуы; қарым-қатынастың ұлттық және жалпы адамзаттық әдеп нормаларын ұштастыра білуі; интеллектісі мен парасатын үйлесімде таныта алуы; өзгермелі дүние жағдайына бейімделе білуі, өмір бойы білім алу парадигмасына сай өз әлеуетін жетілдіре алуы; көпшілік алдында сөйлеу мен пікірталас мәдениетін жетік меңгеруі; өзіндік көзқарасын шешендік сөздің тектеріне сәйкес ұтымды жеткізе алу шеберлігі; қоғамдық қарым-қатынаста тұлғаның өзіндік көзқарасын мен позициясын ұстануы; қоғамдық пікірталаста өз пікірін қорғай алуы, топ алдында сөйлей алуы.
Сөз тіркесін оқыту
Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта тізбек, тізбектелу, дыбыстар тізбегі, буындар тізбегі, түбір мен қосымшалар тізбегі сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады 1, 54. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.
5-9 сыныптарда сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнын іріктеуде бұл сынып оқушыларының орфографиялық машық- дағдылары белгілі бірдей дәрежеде қалыптасқаны назарда ұсталынады. Сондықтан да орфографиялық принциптер бұл сынып оқушылары үшін ғылыми жаңа мәлімет болуы көрінбеуі ықтимал.Осындай мәселе біздің алдымызға 5-9 сынып оқушылары үшін сөз тіркесін дамыта оқытуда негізгі теориялық тірек іздеу керектігін танытты. Ондай теориялық тірек ретінде біз мынадай жолды таңдадық:
- сөз тіркесін оқытуда логика элементтерін қолдану және оқушыларға логика элементтерін тілмен байланыстар отырып меңгерту;

- сөз тіркесін лексикамен, морфологиямен байланыстыра оқыту;


- жаңа синтаксистік ұғымдардың енгізілуі;
- қазақ тілінің жүйелі ғылыми курсы салалы фонетика, лексика, морфологияның синтаксистік негізде оқытылуы;
- сөздің синтаксистік қызметіне сөз тіркесін құруға қатысуын да енгізу;
- сөйлем құрылуындағы сөзбен қатар сөз тіркесінің қызметін де алдыңғы қатарға шығару;
- сөз тіркесі мен сөйлем (жай сөйлем, құрмалас сөйлем) жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар табиғатына терең синтаксистік талдаулар жасату;
- орфоэпия заңдылықтарының жаңа ұғымдарын енгізу;
- пунктуация теориясының ұғымдарын меңгерту;
- сөз тіркесінің текст құраушылық қызметіне байланысты ұғымдар жүесін енгізу.
Жаңа ғылыми ұғымдарды сөз тіркесін оқытумен байланысты енгізудің өзінде оқушының белгілі бір дәрежедегі даярлығы болуы керектігі естен шығармау қажет. Жаңа лингвистикалық ұғымдар енгізілгенде, оқушының олармен қалай танысатыны, қандай оқу мақсаттарын қоятыны, қандай міндеттерді шешу арқылы жаңа мазмұндық топтастырулар жасауға жете алатыны анықталады. Мұндай мәселе оқушыны орындайтын оқу әрекеттерінің барынша нақтылауын, жүйеленуін міндеттейді. Оқушы теориялық ұғымды анықтауға, талдауға кіріспес бұрын, мұғалім негізгі оқыту нысаны - сөз тіркесінің табиғаты туралы білім мазмұнын есіне түсіріп, оқушының сөз тіркесі туралы білетін білімдік мазмұнын жаңа аспектіден қарауына басшылық етіп, олардың сөз тіркесі туралы білімін жүйелеп алуына көмектеседі. Осы ретте оқушының теориялық ойлауын дамыту мақсатымен бірге оқушының тілін дамыту мақсаты да бірігіп, сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының толыққандығы айқындала бастайды. Яғни оқушының теориялық ойлауын дамыту міндеті оқушының тілін дамыту міндетімен біріктіріліп, оқушының жан- жақты дамуына жаңа, үлкен арна жасалады. Бұл жерде сөз тіркесінің өзі тектес басқа тіркес түрлерімен салыстыруы, құрмалас сөйлеммен салыстыруы, сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің байланыстығы, текст туралы ұғымдар берілуі туралы айтып отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы, түптеп келгенде, негізгі обьект- сөз тіркесі синтаксисінің табиғатын неғұрлым терең, неғұрлым айқын танытуға бағытталады.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда эмпирикалық және теориялық таным деңгейлерінің ерекшеліктері осы 5-9 сыныпта аса ескеріліп, эмпирикалық және теориялық деңгейлерде берілетін білім мазмұндары іріктеледі. Өйткені алдымызға қойылған мақсат- оқушылар сөз тіркесін эмпирикалық және теориялық деңгейлерде бірізділікпен талдай отырып, осы тіл бірлігінің грамматикалық тіл бірлігін айқындауға, тіркес түрлерін ажырата білуге, жай және күрделі сөз тіркестерін тануға, сөздердің байланысу тәсілдеріне, байланыс түрлеріне, құрамына, түрлеріне және синтаксистік байланыстармен синтаксистік қатынастар табиғатына терең назар аударулары керек. Сөз тіркесін тілдің барлық ішкі жүйелерімен (фонетика, лексика, морфология, сөйлем, текст) байланыстара оқыту арқылы пунктуациялық, орфоэпиялық талдаулар жасату арқылы мұғалім оқушының сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық табиғатына мазмұндық талдау жасау дағдыларын қалыптастырады 2, 44.
5-сыныптан бастап, оқушылардың синтаксистік ұғымдарды терең тануы мен синтаксистік ұғымдарды жүйелеуге дағдылануы дамыта оқыту технологиясының міндеті болып саналады. Өйткені, 5-сыныптан бастап оқушылар қазақ тілінің жүйелі курсын оқып- үйрене бастайды. Енді оқушы тілдің ерекше қызметіне ден қойып, бастауыш сыныптарда меңгерген жазудың заңдылықтары мен тілдің заңдылықтарына теориялық тұрғыдан қарауды үйренеді. Дыбыс және оның мағынасы, Сөз және оның мағынасы, Сөз тіркесі және оның мағынасы, Сөйлем, сөйлем түрлері, олардың мағыналары деген тақырыптар енді оқушыға тіл бірліктерінің семантикалық тұрғыдан танылуы қажеттігін айқын көрсетеді. 5-сыныпта фонетиканы оқытудағы басты мақсат – фонеманың сөзбен морфемнің мағынасын ажырататын қызметін таныту. Фонема туралы ұғым қалыптасқан оқушыда жазудың фонематикалық, морфологиялық принциптері туралы түсінік қалыптасуға дайын болады. Жазба жұмыстар мен синтаксистік талдауларды дәстүрлі әдістемеден басқаша етіп түрлендіру және олармен көп жұмыс жасау арқылы оқушыларда жаңа, бұрынғы оқытуда айтылмайтын, тіл жүйесіндегі барлық дерлік бірліктердің, фонемадан бастап, морфема, сөз, сөз тіркесіне шейінгі тіл бірліктерінің, түпкі қызметі- сөйлем құрылымына қатысу екендігі туралы ұғым қалыптасады. Сөйтіп, Тіл – жүйелердің жүйесі екендігіне ғылыми талдаулар арқылы көз жеткізеді 3, 79. Мұндай ұғым жасауда оқушылар жаңа біліміне бұрынғы эмпирикалық білімін тірек етуі үйретіледі.
5-сыныпта фонетика, лексика жүйелерінің сөз тіркесімен байланыстырыла оқытылуына қажетті лингвистикалық және практикалық материалдар дидактикалық қажеттілікпен іріктелінеді. Фонетика тақырыптарын сөз тіркесімен байланыстыруда, дыбыстардың бірізділікпен орналасу арқылы сөз, сөз тіркесі, сөйлем құралуы туралы теориялық топтастырылған ұғымдар жасалуымен бірге, орфоэпиялық нормалардың үйретілуі де дамыта оқытуда үлкен тірек бола алатын жол деп саналады. Лексиканы оқытуда сөз тіркесін байланыстырудың тиімді жолы ретінде біз лексиканың Сөз мағынасы, Синонимдер, Терминдер, Көп мағыналы сөздер, Тұрақты тіркестер тақырыптарына баса назар аудардық. Осы бағытта жасалған жұмыстардың көлемі, негізінен, синонимдерге байланысты болды. Себебі, синоним сөздердің мағыналарының түрлі реңктері, экспрессивтік-эмоционалдық бояулары сан қырлы болып оқушылардың теориялық ұғымдар жасауы мен тіл дамуына мол мүмкіндік бере алады 4, 94.
6-сыныпта морфология жүйесі оқылады. Бұл сыныпта сөз тіркесін морфологиямен байланыстыра оқытуға лингвистикалық материалдар бай әрі жеткілікті. Морфологияны сөз тіркесімен байланыстырыла оқытудың лингвистикалық негіздемесі сөз тіркесінің морфологияға тым жақын екендігі туралы қағидаға сүйенеді, өйткені, сөз тіркесінің жасалуының өзі сөз таптарының синтагмалық қасиеттеріне байланысты. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздердің барлығы бір- бірімен тіркесімдік қабілеттері жағынан, синтаксистік қызметтері болуы жағынан сөз тіркесін оқытуға үлкен тірек болады. Сөз тіркесін дамыта оқытуды морфологиямен байланыстыруда оқушылардың дәстүрлі білім алу барысына өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістер мынадай: дәстүрлі бағдарламада сөз таптарының синтаксистік қызметі тақырыптардың соңғы жағында ғана, сөйлем мүшесі болуы туралы анықтама және мысалдармен беріледі. Ал сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы жалпы сөз таптарының белгілері туралы жалпы анықтама беруді ұсынып, сол маңызды белгілердің бірі- сөз табының синтаксистік қызметі екндігіне назар аударылады. Сөздің лексикалық, морфологиялық табиғаты лингвистиканың ортақ мәселесі екені белгілі, ал сөзді синтаксема деп танушыларға 4, 84 сүйенетін болсақ, сөздің белгілі бір сөз табына жатқызылуының өзінде оның (сөздің) синтаксистік табиғаты басты орын алып тұрғанына назар аударылмайды. Мысалы, зат есім болса, оның сыны, саны, сапасы болады. Дерексіз зат есімдер мен сын есімдердің (батыр, қорқақ т.б.), тұйық етіс пен зат есімдердің (жүгіру, айту т.б.) айырмашылықтары зат есімнің сын есім арқылы анықталатын синтаксистік қасиетіне сүйене отырып танытылды. Мұның өзі оқушылардың дәстүрлі жүйедегідей, морфология мен синтаксисті айырып танудан сақтандырып, тіл жүйесінің тұтастығын тануға жетелейтін жол деп санады. Зат есімнің ішкі семантикалық түрлерінің өзі олардың түрлі тіркесімдік мүмкіндіктері арқылы тануды қажет етеді (ұл бала, қыз бала т.б.).
Ал сөздердің тіркесімі арқылы ғана сын есімнің, сан есімнің табиғаты танытылатыны бағдарлама мен оқулықта айтылмайды (қызыл көйлек, жеті күн т.б.). Сөз таптарының синтаксис болмысы олардың сөз табы болу мүмкіншіліктерін айқындайтын маңызды факторлардың бірі екендігі сөз тіркесін дамыта оқыту бағдарламасында алдыңғы орынға қойылды.Сын есімдердің синкреттік ерекшеліктері, сан есімдердің сөз табы екендігі не еместігі туралы ғылыми көз қарастар оқушыларға ауызша материал түрінде таныстырылуы қажет деп танылды. Есімдіктің тек орынбасар сөз ғана еместігі де, есімдік тек белгілі бір есім сөзді ауыстырушы емес, тұтас абзацтарды да ауыстырып тұратыны тексті оқытумен байланысты түсіндірілді. Етістік сөз табының мүмкіншіліктері мен олардың сөз тіркесін жасау ерекшеліктері зерттеудің лингвистикалық бөлімінде кең талданды. Сол материалдардың дені сөз тіркесін дамыта оқытуда қолданылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет