Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы және оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар



бет3/3
Дата13.04.2023
өлшемі32,34 Kb.
#82213
1   2   3
Телжан Шонановғылым-білім, оқу-ағарту, әдебиет пен тіл салаларында құнарлы еңбек еткен талантты жан.Телжан Шонанов 1915 жылы ұстаз болып қызмет істейді. Кейін 1922-1937 ж. аралығында көптеген зерттеу еңбектерін жазды.Т. Шонановтың жазған кітаптары, оқулықтары мектептегі білім беру жүйесіне, әдістемелерге, тіл мәселелеріне арналған.Т. Шонанов әр салада көптеген еңбектер жаза келіп, тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, педагог, тарихшы, аудармашы ретінде көрнекті орын алады. Ол баланың сауатын ана тілінде ашуға ерекше көңіл бөлуді талап ете отырып, тілді үйрену алғашқы балалық кезде тиімді екенін дәлелдейді.Ғалым білімге, оқу-ағарту ісіне ден қоя келіп, ілім тек балалар үшін ғана емес, ересектерге де қажеттігін ескертеді.Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларына арнап «Әліппе», (Алматы, «Қазақстан» басп., 1935), «Жаңа арна» (Қызыл-Орда, 1931, «Жаңалық») (Қызыл-Орда, 1936) кітаптарын жазса, ересек адамдарға арнап «Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы» (Қызыл-Орда1930), «Қазақ тілінің оқу құралы» (Алматы, 1933), «Учебник казахского языка для взрослых» (Қызыл-Орда, Казиздат, 1936) тәрізді оқу құралдарын шығарды.Осы еңбектерінің әрқайсысы оқу жүйесінің сапалы болуын қадағалай келіп, арнайы мақсаттарды көздейді. Мәселен, «Әліппе» бастауыш мектепке арналған оқулық болса, «Жаңа арна»– білім табалдырығын тұңғыш аттағысы келген балаға бағытталған алғашқы кездегі оқу құралы, «Жаңалық»– колхоз мектептері үшін жазылған әліппе т.б. Автор балалардың қабілетін, жасын ескеріп, шағын әңгімелерді, мақал сөздерді, қызықты аңыздарды саралап береді.Ғалым-тілшінің еңбектерінің ішінде басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуді көздеген кітаптары, оқу құралдары ерекше орын алады. Мұның өзі оның, біріншіден, ізденімпаз зерттеуші ғалым екенін танытса, екіншіден, ұлттық ана тілінің мерейін ойлаған көреген екенін аңғартады. Бұл салаға қатысты жарияланған Т. Шонановтың еңбектері төмендегідей: «Орыстар үшін қазақша әліппе» (Қызыл-Орда, 1934), «Самоучителькиргизского языка для русских» (Қызыл-Орда, 1930), «Учебник казахского языка для взрослых» (Қызыл-Орда, 1936).Оқу құралдарының көпшілігі сол кездегі уақыт талабына сай бірнеше рет басылып шыққан. Мысалы, «Учебник казахского языка для русской школы» бес рет басылым көргенОқулық төрт бөлімнен құралған. Оның ерекшелігі: сол отызыншы жылдардың өзінде автор басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету үшін ең маңыздысы – сөйлеу тілін үйрету екенін дұрыс түсінген. Сол себепті оқулықтың алғашқы үш бөлімінде әр түрлі тақырыптағы әңгімелерге, текстерге көп орын берілген. Грамматикалық материалдар соларға жетекші ретінде сұрыпталып, шағындап қосылған. Автордың үшінші бөлімінде етістіктердің жіктелуі мен есім сөздердің септелуіне мән беруі де тегін емес, өйткені қазақша сөйлеудің бірден бір кілті – етістіктердің жіктелу заңдылықтарын меңгеру екені көпшілікке аян.Сол сияқты ғалымның алғашқы бөлімді «Кіріспе курс» деп атап, онда сөйлеуге үйретудің алғышарттарын белгілеуі де оның білгір тілші екенін көрсетеді.Т. Шонанов сөйлеуге үйретуді мақсат ете отырып, оқу мен жазуға да айрықша назар аударадыҚ.Жұбанов “Қазақ тілі грамматикасында” қазақ тілін жете меңгерту үшін әрбір жаңа тақырыпты образды түрде меңгертуге мән берген. Мысалы, сөз бөлшектерінің құралуын меңгерту үшін ғалым: “Сөз бөлшектерінің жасалуы үйдің салынуы сияқты. Ағаш, тас, кірпіш, балшықтарды қалай болса, солай құрастырып үйе салса, үй болмайды, тек үйіншік болады. Үй болу үшін қиынын тауып қалап, байлауын тауып ұстатып; адам тұратын бөлме ме, мал қамайтын қора ма, астық жиятын сарай ма? – қайсысы екеніне – керегіне қарай тиісті түр беру керек” немесе “Сөз бөлшектерінің кітап, әңгіме сияқты ірілері бол, әріп, дыбыс сияқты ұсақтары бол, - қай-қайсы да, бітулі киімдей, айналасы көмкерілген бір бүтін нәрсе. Сөйте тұра бұлардың бүтіндігі бір тұас, сом бүтіндік емес; киімнің өңір, шабу, арт бой, жең, жаға бөлшектерден құралатыны сияқты, әр бөлшектің өзінің ішкі бөлшектері бар; әрқайсысы сол ішкі бөлшектерден қиындалып, құралып барып жасалады” дейді. .”(2, 135). Яғни, бірінші оқушының қабылдауына түсінікті, білетін нәрселерін көз алдарына елестетіп, сол арқылы жаңа хабарды меңгертуді мақсат тұтқан.Жоғарыда келтірілген мысалдардан қазіргі таңда білім беру саласында жаңа технологиялар ретінде жаңашыл-мұғалімдердің ұсынып жатқан әдістемелерінің Құдайберген Жұбанов еңбектерінде негізі қаланғанын атап айтқымыз келеді. Ғалым қазақ тілін оқушы қауымға түсінікті тілмен жеткізе отырып, оның барлық қырын ашып көрсетеді. Ғалым еңбегінің осы күнге дейін өзінің құндылығын жоймай келе жатқанының басты себебі де осы болар. “Сөйлем мүшелерінің орын-орны” тақырыбында ғалым көрнекілік әдісін шебер қолданған. Сызба арқылы тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің орын тәртібін жете меңгертуге назар аударған. Әрбір мүшенің орны мен өзі байланысатын сөздің байланысын стрелка арқылы нақтылап көрсеткен.Ғалым еңбектерінде сатылы, жүйелілік, түсініктілік, ғылымилық, теорияны практикамен байланыстыру ұстанымдарын бір-бірімен жақсы ұштастыра отырып ұтымды пайдаланған. Ғалым-ұстаздың әдістеме саласына қосқан үлесін зерттеу – алда тұрған міндеттердің бірі.Осыған байланысты жарық көрген М.Қ.Жұбанованың “Құдайберген Жұбанов ұлттық дидактика проблемалары хақында” атты еңбегі осы саланы, яғни ғалымның әдістемелік мұраларын зерттеуге көңіл қойған келер ұрпаққа тірек, негіз болатын бірден-бір еңбек. лаш қалам қайраткері, тілші-ғалым, әдіскер Қошке Кемеңгерұлының редакторлық етуімен жарық көрген «Қазақша-орысша тілмашта» (1925) әдіс, әдістеме, технология сөздеріне: «Әдіс – 1) тактика, 2) метод, 3) техника. Әдістеме – методика, әдіс ғылымы – технология», – деп [1, 75]анықтама берілген. «Бұл терминнің мән-мағынасының ашылуы, терминдік ұғымды беруі, қызмет атқаруы, ғылыми айналымға түсуі алаш азаматы Қошке есімімен байланысты және ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының үлесіне жатады екен», – дейді профессор Б.Қасым [2, 143]. Бұдан «технология» сөзінің ХХ ғасырдың басында қолданыста болғаны айқын аңғарылады. Кейінгі кездегі педагогикалық әдебиеттерге талдау жасап көрсек, педагогикалық технологияны ғалымдар әрқалай түсіндіреді: М.А.Чошанов:«технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» [3, 5] десе, В.А.Белеева мен Л.К.Гребенкина: «педагогикалық технология дегеніміз оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсатында жетуге бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер компонентінің жүйесі мен тізбегі» [4, 9]. Ал В.П.Беспалько: «Педагогикалық технология – оқу үдерісін жүзеге асыратын техника», – дейді технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым екені анықталды. Байқап отырғанымыздай, кейінгі еңбектердегі «технология» сөзіне берілген дәлелдемелер Қ.Кемеңгерұлы сөздігіндегі анықтамамен үндес.Жалпы, Қ.Кемеңгерұлының терминдерінің ұтымдыжақтары бар. Ол «өзге аудитория, өзге тілді дәрісхана, шет тілі» деген сөздерді бір буынды сөзбен «жат тіл» деп атаған. Бұл термин қазір қолданылмайды. Шынымен, ана тілі емес, шет тілдердің бәрі адам үшін жат тіл. Қ.Кемеңгерұлы «Жат тілді оқыту әдісі»мақаласында үйлестіру (синтез), талдау (анализ), аудару, көрнекілік, жаратылыс әдістерін түрлерін сөз етеді [6, 174-178]. Сол кезде, ХХ ғасыр басында ең жақсы әдіс туралы мәселенің дұрыс шешілмегендігін айтады. Ғалым «Мектеп қай тілде болу керек?» деген мақаласында: «Қазақ мектебіндегі балалардың орыс тіліне шалағайлықтары, орыс тілінің қазақ балаларына орыстарға арналған әдіспен оқытылуынан», – [7, 119]екенін айтады. Әдіскер өзі жауропалықтарға (орыстарға) қазақ тілін оқытуда тіл үйренушінің өзге ұлт өкілі екенін үнемі назарда ұстап отырған.Қ.Кемеңгерұлы материалды ана тілінде, яғни аударма арқылы түсіндірмей, ол «дерексізді деректімен түсіндіру», мысалдар келтіру, «дауыс екпінімен», «ыммен», «бет-пішінді құбылту» әдістерімен түсіндірудің пайдасы бар екенін де айтады. Қазақ тілін оқытуда тіл үйренушінің ауызекі сөзге түсіне білуін, ең кемі жат тілдегі кітапты оқып жат тілден үйретілген сөздердің мәнісін түсінуін, тіл құрамының ережелерін ұғынуын, оқу, аудару, ана тілдің тіл құралындағы, сөйлем жүйесіндегі ережелермен жат тілдікін салыстыруын мақсат еткен.Қ.Кемеңгерұлының оқытуында сұраулы сөйлемдерімәтіннен соң беріледі. Берілген сұрақтар күрделі, сөйлем ретімен берілмейді, сұраққа жауап беру үшін, тіл үйренушінің ойлануын талап етеді, логикалық ойлауға жетелеу үшін берілген. Мәселен, «Таң атты ма? Күн шықты ма?» сұрақтарына алғашқы сөйлемдер жауап бермейді. Ол сұрақтың жауабын табу үшін, тіл үйренуші барлық мәтінді оқып шығуы керек.жұлдыз шығады, таң атады, күн шығады. барысында, оны бекіту үстінде байқау, тексеру тәсілін пайдалануды ұсынады. көрсетеді.Д.Әлімжанов Ы.Маманов «Қазақ тілін оқыту методикасы» деп аталатын еңбегінде: «…Қазақ тілін оқыту әдістемесі — қазақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән» деген болатын. Дидактик ғалымдардың зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып, қазақ тілі оқыту әдістемесінің жіктелу түрін жасауға мүмкіндік болды. Оқыту әдістері жайлы ғалымдарымыздың көп жылғы зерттеу тәжірибесі, айтқан пікірлері мұғалім қауымының жұмыстарына (мақсаты, жолы, міндеттері) үлгі бола бермек. Соңғы кезде ғылыми еңбектерде, журналдар беттерінде тиімді оқыту, программалап оқыту, деңгейлік оқыту, модульдік оқыту және сабақты блокпен оқыту әдісі деген әдістер пайда болды.Блокпен оқыту — бұл әдіс мұғалімнің қалауы бойынша тоқсан ішінде екі не үш күн бойы (пәнге бөлінген сағат мөлшеріне қарай) бір пәнге арналып тұтастай өткізіледі. Мысалы, ол күндері тұтастай түсіндіріп, білім беруге тырысады. Мұндай сабақты мектепте ұйымдастырудың қиындықтары көп. Мәселен, сабақ кестесін үнемі өзгертіп отыру керек, оны мектепке енгізу үшін оқыту әдістері толық меңгерілмеген қазақ тілі пәні үшін нәтижесі шамалы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жіктелу кестесінде әдістердің даму жолдарының бәрін жинақтап көрсетуге тырыстық, әрине мұғалім сабақтың мазмұнына қарай қалауы бойынша әдістерді таңдайды. Осының бәрін жинақтай келе, оқушылардың ұғымын, іскерлігін, білімін, дағдысын ұйымдастыруда жүзеге асыруға жәрдемдеседі не көз жеткізеді. Сабақтың жаңа типі — оқыту әдістерінің жіктелуіне сәйкес орындалуы қайсысы болмасын білімді жалпылау және жүйелеу, даралап, саралап дамыта оқыту сабағының берері мол. А.Әбілқаев, ААманжолов жазған оқулығының /Алматы, "Рауан"; 1993 жыл/ 9-бетінде "Тіл мәдениеті" деген тақырып бар. Онда: «Мәтінді оқып шығып, тіл мәдениеті жайында айтылған аталы сөздің мәніне терең бойлаңдар. Тіл мәдениетін фонетикадан, лексикадан және грамматикадан алған білімдеріңнің қандай қатысы бар екендігі жөнінде өзара пікір алысасыздар, - деп келеді де мұғалім: Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты дұрыс сөйлей білу. Сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп, күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріңдіреді. Білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады т.б.», - деп, лекцияны жалғастырып оқи береді. Сөйтіп, мектеп лекциясы жай темпте, көбіне қазақ тілінен өткен материалдарды қайталауда, не соған қосымша ретінде, не күрделі түрде лекция оқылуы арқылы тақырыпқа түсінік беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет