Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы және оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі32,34 Kb.
#82213
  1   2   3
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³í³? ?ûëûì ðåò³íäå ?àëûïòàñóû æ?íå î?


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы және оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалымдар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. А. Байтұрсынов 1926 жылы Әліпбидің жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл Әліпбидің 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы Әліпбиі (Оқу құралы) қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол Әліпби әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа Әліпбиі бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл Әліпбидің мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық Әліпби көңілдегідей болып шыққан. 1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын Оқу құралын жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі Тіл құралы деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914,ал синтаксиске арналған 3-ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып,1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланып келді.Тіл құралы-қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс.Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. ]. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі. Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын Тіл жұмсар деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді. А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда Баяншы деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге Әліппені пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді. Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірістіОл алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп Оқу құралды жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы Тіл құралын ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп Тіл жұмсарын, төртінші - - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, Баяншыны жазды. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады[1, 10]. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек? 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді. Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі мақсаттарының бірі - өзінің зерттейтін обьектісін жан-жақты танып білу, заңдылықтарын айқындау. Демек, ғылыми-зерттеу әдісі дегенісіз белгісізді тану, айқындау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болсын, зерттелетін обьектіні танып білу мынандай үш түрлі әрекет бойынша іске асырылады, бірінші - қажетті материалдар, фактілер жинау, екінші - жинақталған фактілерді салыстыру, талдау, үшінші - сол фактілер негізінде теорниялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, обьектіні ғылыми танып білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту әдістемесінде де негізгі кезеңдер болып тадбылады[3, 34]. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде дамуының басты шарты әдістемелік зертеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттік тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілер қосу, әдістеме ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, психологиялық әдістерге көңіл бөлу, мектептегі оқыту жүйесінің деңгейін зерттей отырып, бақылау жасаумен бірге, әдістеме ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп шығармашылықпен сабақ беруіне көмектесу жолдарын қарастыру негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарымқатынасқа басты назар аударылады. Білім - жалпы алғанда сыртқы дүниенің сәулесі, обьективті шындықтың тілдік формадағы идеялық қайта көрінісі ретінде сипатталады. Білім теориялық және эмприкалық болып екіге бөлінеді. Теориялық білім - заттар мен құбылыстардың мәнін білдіреді, олардың ерекшеліктерін, ішкі байланыстары мен қарымқатынастарын айқвындайды. Теориялық білім дегеніміз жинақталған ұғым. Жекелік ұғым - нақты тілдік обьектілер жөніндегі ұғымдар болады. Мысалы, дауысты дыбыс, жұрнақ, жалғау т.б. Себеп-салдарлық байланыстар обьектілердің, құбылыстардың, процестердің арасындағы себептік қатынастарды білдіреді. Бұл байланыстарды тереңірек ашу тілдік құбылыстың ғылыми дәрежесін айқындайды. Заңдылықтар обьектілердің, құбылыстардың, процестердің арасындағы неғұрлым негізгі, әрқашан қайталанып отыратын, біршама тұрақты байланыстар мен қатынастарды білдіреді. Түсініктер - тілдік обьектілердің сезім бейнелері. Бұл суретердің жасалуына байланысты түсініктер ес және елес түсініктер болып бөлінеді. Фактілер тіл пәнінде алуан түрлі: дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. 2. Дағды әрекеттің автоматты орындалуы болып есептеледі.Іскерлік - әрекет тәсілі болып есептеледі. Ол арқылы оқушы алған біліміне сүйенеді, оны үй тапсырсаларын орындауда қолданады, жаңа білім алады. Іскерлікті пайдалану әр уақыт ойлануды қажет етеді, онда автоматтық болмайды. Іскерлікті пайдалана отырып оқушылар әр түрлі ойлау әрекетін іске асыралды - анализ, синтез, жинақтау, абстрактілеу, салыстыру - бұлардың бәрі оқушылардың ойлауын дамытады. Қазақ ойының биігін танытатын замана суреткері Жүсіпбек Аймауытов тек көркем сөз шебері ғана емес, қазақ мектептерінде ана тілін оқытудың жай жапсырын айтқан, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым да. Халық ағарту жүйесінде ұзақ уақыт еңбек еткен Жүсіпбек Аймауытов жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу , оның дұрыс өсіп, қанат жаюына көмек көрсету мәселелеріне талдау жасаған. Автордың 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындары студенттеріне арнап жазған «Тәрбиеге жетекші», 1926 жылы Орынборда жарық көрген өнер таңдау ,1929 жылы Қызылордада басылып шыққан « Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» атты кітаптары кезінде педагогикалық оқу орындарында оқулық қызметінде қолданылған. Ал педагогика мен психологияғылымдары терминологиясының ұлттық сипатта қалыптасуының бірден бір негізгі, тұғыры болды десек қателеспейміз.
Жүсіпбек Аймаутов өзінің алғашқы қызметтік қадамын оқу-ағарту ісінен бастаған. Кейінгі шығармашылық, қоғамдық көзқарасында да халыққа білім — өнер дарыту ісі оның негізгі кредосына айналғаны байқалады. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының негізгі бағдарламалық тұғыры – қазақ қауымына қажетті ең негізгі нәрсе – білім екенін халыққа дарыту етеді. Осы бағытта қызмет еткен Ж.Аймауытов та өзінің саналы ғұмырын ұлі іс жолында қызмет теуге арнады. Оның бала кезінен ақ бір жағы оқи жүріп, жазғы демалыс айларында ауылға барып бала оқытуы тек тұрмыс алға тартқан тауқымет не қажеттілік қана емес, халықтық мақсаттан, ұлт болашағының жарқын болуын көздеген асыл мұраттардан туған ой болуы керек.1911 жылы Керекудегі екі класты орыс-қазақ мектебіне түсіп, одан 1914-1949 жылдар арасында Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, қоғамдық қызметтергеараласады, кейін 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызметке ауысады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Оқытушылық қызметкеараласып, оның ішкі қиындықтары мен кезек күттірмейтін қажеттіліктерін толық біледі. Сондықтан да мектептегі тәрбие ісі, оқу, оқыту мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазады. Әдістемелік еңбектеріндегі негізгі бағыт оқыту мен тәрбие ісінің тұтастығын, рухани тәрбие мен дене тәрбиесінің бірлігін, адамның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен оның жолдарын анықтап бері болған сыңайлы. Қазақстандағы оқу-тәрбие жұмысымен байсалды шұғылдану барысында, тек мұғалімдік іс — тәжірибені жинақтаушы ғана емес, әдістемелік ғылымның теориялық деңгейін көтеретін ғалым-педагог дәрежесіне жетті.
Автордың 1918 жылы «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласынан бастап, баланың тәрбиесіне үлкен мән береді. Адам баласының өзге жан иелерінен басты айырмасы оның рухани саналы тәрбие алуынан деген ойды желі етіп ұстай отырып, мақалада баланың кей ұнамсыз қылықтарының болуы тәрбиенің кемшілігінен деген түйін жасайды. Жүсіпбек Аймауытов адам табиғатқа ғана тәуелді емес, тәрбиеге де тәуелді деген ой айтады. Әр заманда өмір сүрген ұлы тұлғалардың жасаған іс-әрекеттерін еске ала отырып, олардың жақсы-жаман қылықтары өздері алған тәрбиенің жемісінен болған деген пікірі қай кезде де ескірмесі анық.
Білікті ағылшын философы, әрі педагогы Дж. Локктың «Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза тақтайдай болып туады. Таза тақтайға қандай жазу жазса да жазушының еркінде» деген сөзін талдай отырып, ондағы негізгі көзқарасқа байланысты өз ойын өзгеше сабақтайды. Адамда жаратылысынан әртүрлі мінез қалыптасып туатынын тілге тиек етеді. Мұның өзі ғалым-педагогтың генетика заңын, адам бойындағы негізгі қасиеттің ата-бабадан даритындығын еске салғаны болуы керек. Сондықтан да тәрбие жеке адамның ерекшелігін ескере отырып орындалуы керек деген тұжырымымен келіспеуге болмайды. Қазіргі кездегі дамыған тәрбие ғылымының да басты қағидаларының бірі осындай. Яғни, мектептегі тәрбие ісі де, оқыту ісі де жеке адамның ерекшеліктерін ескере отырып орындалады.
Жүсіпбек Аймауытовтың тағы бір өзгеше ерекшелігі қазақ халқының ғасырлар бойы жасап келе жатқан ақыл-ойына, даналығына сүйенетіндігі. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді деген мақалдарды еске лаып, баланың жеке адам болып қалыптасуындағы ата-ананың маңызды рөлін көрсетеді.
«Тәрбиешіге Отанның келешегін тапсыруға болады, өйткені ақылды адам көбінесе, Отанның күзетшісі, қорғаны» деген ойды оқу арқылы да Ж.Аймауытұлының озық ойларын танимыз. Тәрбие ісі – мемелекеттік іс. Өйткені бүгінгі дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдікті танытар азаматтардың өсетінінің белгісі деген салмақты тұжырымды танимыз.
Ж.Аймауытов жас ұрпақты тәрбиелеудің бір негізі ретінде әдет заңдарын айтады. «Әдет заңы » атты мақаласында әдеттің, дәстүрдің қазақ халқының күнделікті тіршілігінде алатын орнын, маңызын айқындайды. « Әдет – бір сақтаулы қазына » дей отырып, халық жасаған әдеттердің тәрбиелік мәніне тоқталады.Ғалымның негізгі ғылыми еңбектерінің бірі – «Жан жүйесі және өнер таңдау» деп аталатын зерттеуі. Бұл қазақ психологиясының қырын саралап, жақсы әдетті қалыптастырудағы психологияның маңзын анықтауға арналған терең мәнді ғылыми еңбек. Өз кезіндегі жан дүниесіне арналған тұңғыш еңбек болуымен де аса құнды. «Жан дүниесі » пәнінің негізін қалап оның алғашқы терім сөздерін (термин сөздер) қалыптастырған.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет