Қазақ тілін оқыту əдістері



жүктеу 76.35 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.02.2017
өлшемі76.35 Kb.

Қазақ

 тілін оқыту əдістері 

       Оқушыларға  теориялық  білім  мен  практикалық  дағды  беру  оқыту 

əдістерінсіз  жүзеге  аспайды.  Оқушылардың  қазақ  тілінен  алған  білімі  мен 

білігін,  дағдысын  қалыптастыру  жолында  мұғалімнің  жургізген  жұмысы 

оқыту əдістеріне тікелей байланысты.  

      Оқыту  əдісі  дегеніміз  не?  Педагогика  теориясында  бұған  мынадай 

анықтама  берилген:  "...Білім  беру  əдістері  оқушылардың  білім  мен  білігін, 

олардың  практикалық  дағдысын  қалыптастыру  жолындағы  мұғалімнің 

жүргізетін  жұмыстарының  тəсілі    жəні  оқушылар  жургізетин  жумыстың 

мұғалімнің басшылығымен орындалатын тəсілі" [16,147].                                                                        

      Қазақ тілін  оқушыларға меңгертуде оқыту əдістерін тиімді, жүйелі 

қалдану  өз  натижесін  беретіні  сөзсіз.  Əдіс  (метод)  грек  тілінен  енген  сөз. 

Оның    бастапқы  ұғымы  "зерттеу"  деген  мағынаны  берген.  Бертін  келе 

алғашқы  мағынасы  кеңейіп,  "  белгілі  бір  пəнді  оқытудың  əдісі"  дегенді 

білдіреді.  Дидактика  ілімінде  оқыту  əдістерін    топтауда  бірізділік  жоқ 

Ғалымдар  оқыту    əдістерін  əр  түрлі  топтастырады.  Атап  айтқанды, 

И.А.Каиров,  Н.К.Гончаров,  Б.П.Исипова,  Л.В.Занковтың  редакциялаумен 

жарияланған  "Педагогика"  оқулығында  оқыту  əдісінің  мынадай  9  түрі  бары 

айтылған: 

1.

 



Мұғалімнің баяндауымен лекциясы  

2.

 



Мұғалімнің оқу шылармен əңгімесі  

3.

 



Мұғалімнің тəжірибел ермен оқытылатын затты көрсетуі 

4.

 



Картиналармен, сызықпен жасалынған көрнекі  құралды көрсету  

5.

 



Экскурсия  

6.

 



Оқулықтан  жəне  басқа  да  кітаптардан  оқушылардың  өздігінен 

білім алуы 

7.

 

Оқушылардың  өздігінен  бақылауы,  тапсырманы  орындауы, 



лабораторияда істейтін жұмысы  

8.

 



Жаттығулар  

9.

 



Оқушылардың  білімін  тексеру  методы:  ауышса,  жазбаша  жəне 

практикада сынау [17,149]. 

 

Профессор Е.Я .Голант оқыту əдісінің 8түрін береді: 



1.

 

Ауызша мазмұндау 



2.

 

Əңгіме 



3.

 

Кітап пайдалану 



4.

 

Көрсету 



5.

 

Экскурсия 



6.

 

Лаборатория жұмыстары 



7.

 

Жазу-сызу жұмыстары  



8.

 

Практикалық жұмыс [18,24] 



 

П.А.Зайченко 10 түрін көрсетеді: 

1.

 

Педагогикалық баяндау  



2.

 

Түсіндіру 



3.

 

Мектеп лекциясы 



4.

 

Əңгіме 



5.

 

Кітап пайдалану 



6.

 

Байқау 



7.

 

Көрсету 



8.

 

Лабораторияда сабақ  өткізу 



9.

 

Экскурсия 



10.

 

Жаттығулар орындату əдісі [19,29-35].  



 

И.Я.Ларнер мен М.Н.Скаткин оқыту əдісінің бес түрін көрсетеді: 

Түсіндіру-спаттау  əдісі,  əңгіме,  лекция,  көрсету,  оқулықпен  жұмыс 

істеу, жазба жаттығулар. 

Қайталау -жаттығу, əңгіме, өз сөзімен қайта айту. 

Проблемалық  баяндау  əдісі  -оқытушының  дəлелді  түрде  баяндауы, 

экскурсия.  

Ізденіс  түрлері-эристикалық  əңгіме  ,  байқау,    сыныппен  жұмыс, 

құжаттармен  жұмыс, сурет салу [20,83-84]. 

Қазақ  тілін  зеттеуші  əдіскер  -ғалымдар  оқыту  əдістерін  төмендегідей 

саралайды:  

Х.Арғынов  синтаксистен  оқытушыларға  білім  беруде  мынадай  окыту 

əдістерін пайдалануды тиімді деп санайды: 

- байқау əдісі; 

- түсіндіру əдісі; 

- əңгіме əдісі [12,21]. 

       Ал  Ə.Исабаев  болса,  қазақ  тілінен    білім    беру  əдістерін  былайша 

топтайды: 

       Қазақ  тілін  практикалық  жақтан  үйрету  əдістері  (  Қазақ  тілін 

əдебиет  материалымен  байланыстырып  өту  əдісі,түсініксіз  сөздерді  үйрету 

əдісі,ауызша  түсіндіру  əдісі,ауызша  мазмұндау  əдісі  жəне  мəнерлеп  оқу 

əдісі).    

       Қазақ 

тілін 


теориялық 

жақтан 


үйрету 

əдістері(Əңгіме 

əдісі,хабарлау əдісі,түсіндіру əдісі,тəжірибе əдісі,кітапты пайдалану əдісі).   

Қазақ  тілін  теориялық  жəне  практикалық  жактан  үйрету  əдістері 

(дайын 

матералды 



талдау 

əдістері,фонеткалық 

талдау 

əдістері,морфологиялық 



талдау 

əдісі,синтаксистік 

талдау 

əдісі,тілдің 



материалдық  түрін  өзгерту  əдісі,тілдік  тапсырмалары  бар  мазмұндау 

əдісі,қазақ тілі бойынша сөйлем құрату əдісі,тілдік тапсырмалар бар шығарма  

жаздыру  əдісі,орфографиялық  талдау  əдісі,көшіріп  жазу  əдісі,диктант  жазу 

əдісі)[22,36].   

    З.Бейсембаева 

мына 


əдістерді 

көрсетеді:табиғи 

əдіс,сұрақ-

жауап,сурет əдісі,сөйлем мен сөзді толықтыру,мəтінмен жұмыс əдісі[23,15].   

Профессор  Н.Оралбаева,К.Жақсылықова  "Орыс  тіліндегі  мекткптерде 

қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі"оқулығында  қазақ  тілін    оқытумен  байланысты 

мына 

əдістерді 



көрсетеді:баяндау,түсіндіру,ойландыру,жалқылау,жалпылау,əңгімелесу,елікт

еу,жаттығу,ана тілімен салыстыру,көрнекілік,топ,экскурсия əдісі[24,21].   

        Ж.Сүлейменова  əдістерді  жалпыдидактикалық  жəне  жеке  пəндік 

деп екі топқа бөліп қарастырады.  

        Жалпыдидактикалық  топқа  ауызша  хабарлау  немесе  сөз  əдісі 

(баяндау,түсіндіру,əңгімелеу,пікірталас,дəріс);көрнекілік 

əдісі(иллюстрациялау,демократиялау),бейне 

əдіс(электронды 

оқулық),практикалық 

əдіс(жаттығу,тəжірибе 

жасау,экскурсия),кітаппен 

жұмыс жасау əдісін жатқызады.   

        Жеке  пəндік  топқа  ана  тіліне  сүйене  немесе  салыстыру 

(еліктеу,аударма,грамматкалық 

талдау,коммутикативті-

ситуативтік,драматизациялау);лингвистикалық 

сөздіктермен 

жұмыс(сан 

əдісі);апроксимация,грамматикалық ойын əдісін жатқызған [25,24].  

        Əдіскер-ғалым  К.Назарғалиев  оқыту  процесіндегі  негізгі  мақсат  -

таным-білімді 

меңгеру 


жəне 

меңгерту,оқытушы 

мен 

оқушының 



əрекеттерінен  тұрады,сондықтан  оқыту  əдістерін  саралауға  өзге  емес,осы 

қағида  басшылыққа  алынуға  тиісті  деп,оқыту  əдістерін  екі  топқа  бөліп 

топтастырады.  

        Оқыту 

əдістері:ауызша-баяндау,информациялық 

хабарлау,түсіндіріп 

оқыту,əңгімелеу,демонстрациялау,экскурсия,тексеру,жүйелеу,бағалау.  

        Оқу 

əдістері: 

əңгімелесу, 

оқулықпен, 

кітаппен, 

қосымша 

материалмен  жұмыс,  жоспарлау,  тапсырманы  орындау,  бақылау,  зерттеу, 

қайталау, графикалық жұмыс, жаттығу, оқыған материалын баяндау[26,39].  

              Қазіргі  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесінде  тілді  қатысымдық 

бағытта  үйрету,яғни  қазақ  тілінің  əлеуметтік  рөлін,аясын  кеңейтуді  осы 

бағытта жүзеге асыру қажеттігі маңызды болып есептеледі.Қатысым əдісінің 

ерекшеліктері 

мен 


тілді 

меңгертуді 

мəні 

мен 


алатын 

орнын 


ажыратып,айқындау-қазіргі көкейкесті мəселе.  

Тілді үйретуге қатысты əдісті сөз еткенде арнайы қарастырылуға тиісті 

мəселенің бірі осы-қатысым əдісі.                                                         

 

        Қарастырылып 



отырған 

"коммуникативный 

метод""коммуникация"сөзімен    байланысты  шыққан.  "Коммуникативный 

метод"  дегенді  "қатынастық  əдіс"дегеннен  гөрі  қазақтың  ұлттық  сөздік 

қорындағы  "қатыс","қатысу"сөзін  жаңғыртып,"қатысым"деп  алған  ұтымды 

деп  ойлаймыз.Өйткені  бұл  -əріден  келе  жатқан  түбір.Қазақ  "бір-бірімізбен 

араласпай  қалдық,байланыспай  қалдық,арамызда  байланыс  жоқ,қарым-

қатынас 


үзілді"деген 

ұғымды 


білдіргісі 

келсе,"көптен 

қатыспай 

қалдық"дейді.Демек,"қатыс"-біріншіден,қазақтың 

байырғы 

сөзі,екіншіден,"байланыс,қатынас"дегеннің  баламасы.Ал  -"ым"-еңбекте  сөз 

жасауды көздеген жұрнақ.  

      Қатысымдық  əдісті  зерттеу  орыс  жəне  шет  тілдерін  оқыту 

əдістемелерінде бірсыпыра жетістіктерге жеткенін атап айту керек.   


      Қазақ  тілін  қатысымдық  əдіспен  оқыту  жүйесінде  айқындала 

бастаған мынадай ұстанымдарды атап өтуге болады.  

1.

 

Тіке байланыс  



2.

 

Адамның жеке қабілетін ескеру  



3.

 

Сөйлеуге 



үйретуде 

жүргізілетін 

жұмыстардың 

түрлерін 

айқындау.  

4.

 



Сатылып даму  

5.

 



Динамикалық өзгеру .  

6.

 



Өзектілік    

     Қазақ  тілін  үйретуде  қатысымдық  əдісті  пайдаладың  ең  тиімді 

жолы-оның  тіке  байланысқа  негізделіп,адам  мен  адамның  тікелей  қарым-

қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында,  



    Тіке байланыс ұстанымы  бойынша оқыту процесі адамдардың тек 

тікелей  жүздесуі,сөйлесуі,өзара  қарым-қатынасы  арқылы  болады.Бұл  -

қатысымдық  əдіс  арқылы  ғана  жүзеге  асатын  ерекшелік.Өйткені  тілдік 

қатынастың 

өзі 

азаматтық 



бір-бірімен 

тікелей 


қарым-

қатынасына,пікірлесуіне,сөйлесуіне 

негізделген.Сондықтан 

қатысымдық 

əдісті  қолданудың  басты  шарты  -бүкіл  оқыту  жүйесінің  тікелейбайланыс 

арқылы мүмкіндігінше жиі болуы.  

     Сонымен  қатар  сабақ  жүргізу  аудиторияда,онда  тыс  жерлерде  жəне  

қандай  болсын  біржақты  /тек  оқушы  арқылы,не  оқытушының  жеке  өзі 

арқылы  болмайды  /емес,тек  екі  жақтан  бірдей  болатын  /оқушы  мен 

оқытушының,үйренуші  мен  үйретушінің  қатар  іс-əрекеті  арқылы/қатынас 

арқылы 

болады.рас,кейде 



ол 

байланыс 

қосымша 

түрде 


болуы 

мүмкін.Мысалы,берілген тапсырмалар арқылы,өз бетінше жұмыс нəтжесінде 

жүзеге асады. 

     Тіке  байланыс  ұстанымы  сабақ  үстінде  ғана  емес,өмірде  де  жүріп 

жатады.Ол  бір  рет  пен  екінші  ұлттың  адамы  ортақ  тілде  сөйлесе 

білсе,осының  өзі  тікелей  қарым-қатынасты  білдіреді.Сол  себепті  мұндай 

жағдайларды оқытушы да,оқушы да тиімді пайдалана білу керек.  

     Тіке 

байланыс 

ұстанымының 

ерекшелігі 

-кез 


келген 

жағдайды,ортаны  дұрыс  пайдаланып,барлық  уақытты  ойға  оралған  пікірді 

сыртқа шығарып айта білу жəне оған қатысты жауап алу.Сөйтіп,сөйлесу мен 

түсінуге жол табу.   



     Адамның жеке  қабілетін ескеру жөніндегі ұстаным тіке байланыс 

ұстанымына  негізделеді.Бұл  қағида  оқыту  əдісінде  тіл  үйренушінің  жеке 

басына  тəн  барлық  қасиеттерді  психологиялық,педагогиялық  тұрғыдан 

зерттеуге  жəне  онымен  үнемі  санасып  отыруға  негізделеді.Барлық  оқыту 

жүйесі оқушының зердесіне,ынтасына,қабілетіне қарай бейімделеді.   

     Мысалы  тілге  бейім  оқушыға  қосымша  қызықты  тапсырмалар 

беру,өз  бетінше  белгілі  бір  тақырыпты  меңгерудің    бағыттарын 

ұсыну,мəтіндерді  жаңа  сөздермен  толықтырып,ізденіс  арқылы  жаңарту  т.б. 

осы сияқты жұмыстарды орындатуға болады.  

     Адамның  жеке  қабілетін  ескеру  оқушының  істеген  жұмысын 

тексеру не бағалаған кезде оның кемшіліктерінен гөрі жетістіктеріне көбірек 


көңіл 

бөліп 


отырғанды 

қажет 


етеді.Тіл 

үйренушінің 

жеткен 

жетістігін,табысын  атап  өту  арқылы  ұстаз  оның  ынтасын,қабілетін,өзіне 



деген сенімдігін арттырады.  

      Бұл  ұстаным  -əдістемелік  əдебиеттерде  жан-жақты  сөз  болып 

жүрген  қағидалардың  бірі.Осыған  орай  оның  өзіндік  белгілері  мен 

түрлер,ерекшеліктері т.б.айқындалған.   

      Сөйлесуге 

үйретуде

 

жүргізілетін

 

жұмыстардың

 

түрлерін

 

айқындау

  ұстанымы  қатысымдық  əдістің  сапалы  болуын  қамтамасыз 

етеді.Мұнда  тілді  үйретуге  байланысты  қандай  бағыт-бағдарды  таңдап  алу 

керек,оған  қатысты  орындалатын  жұмыстар  мен  тапсырмалар  қандай,оны 

іске  асыруда  бұл  жұмыс  түрлерінің  алатын  орны  мен  қызметі  қандай  деген 

мəселелерді  анықтап,белгілемей  тұрып,алда  қойылған  мақсатқа  жету  де 

мүмкін емес.  



Каталог: dist zaoch -> 2kurs -> 2KTA-1kz -> Mem til
2KTA-1kz -> Лексика. Антоним
2KTA-1kz -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2KTA-1kz -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2KTA-1kz -> Лекция№2 Өмір жəне оның МƏні өмірдің
2KTA-1kz -> Сабақты жəне салт етістік Етістіктің райлары, шақтары Есімше Көсемше Үстеу Одағай Көмекші есімдер
2KTA-1kz -> 9-ДƏріс тақырыбы : Əдебиеттің тектері мен түрлері Жоспар
2KTA-1kz -> Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987
2KTA-1kz -> 1-тақырып. 60 жылдардағы қазақ романы. Жоспары : 1
2KTA-1kz -> Семинар тапсырмалары А. Тоқмағанбетов өмірі, шығармашылығы Жаттауға «Түрксиб түйіскенде»
Mem til -> Қазақ тілін прктикалық, теориялық, практикалық-теориялық жақтан


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет