Қазақ
тілін прктикалық, теориялық, практикалық-теориялық
жақтан
үйрету
Оқушы мектепте тілді оқу нəтижесінде тілдің өзі туралы, оның
грамматикалық құрылымы сөздік құрамы жөнінде, тілдің дамуы, жетілуі
заңдары мен тарихы жөнінде мағұлматтардың белгілі бір жиынтығын білуге
тиіс.Тілдін қоғам өміріндегі, адамның өндірістік ісіндегі рөліне хабардар
болу керек. Əдеби тілдің ауыша жəне жазбаша түрін əр түрлі жағдайда
практика жүзінде пайдалана білуге, оның айтылуы, лексикалық жəне
грамматикалық нормаларын игеру, сауатты жазуға дағдылануға (емлелік,
пунктуациялық жəне стильдік жағынан), əсерлі сөлнуге, мəңерлеп оқуға жəне
іс қағаздары тіліне дағдылануы тиіс.
Қазақ тілі пəнінің мазмұнына білім, дағды жəне іс керлік енеді.
Бұлар оқулық пен бағдарламада айқын көрсетілген.
1.Білім- жалпы алғанда сыртқы дүниенің сəулесі, объективті
шындықтын тілдік формадағы идеялық қайта көрінісі реттінде сипатталады.
Білім теориялық жəне эмпирикалық болып екіге бөлінеді. Теориялық
білім- заттар мен құблыстардың мəнін білдіреді, олардың ерекшкліктерін,
ішкі байланыстар мен қарым-қатынастарын анықтайды. Теориялық білім
дегеніміз жинақталған ұғым. Ол теориялық заңдар, заңдылықтар, себеп-
салдарлық байланыстар, ұғымдар тұрінде беріледі. Эмпирикалық білім
объектілер мен құбылыстардың сыртқы ерекшеліктерін білдіреді, бұған
түсініктер мен фактілер жатады.
Мектептегі ана тілі пəнінің ғылыми дəрежесінің жоғары болуы
теориялық білімдердің артуынан байқалады. Ана тілі пəнінің барлық
курстарында жалпы ұғымдар (тіл дыбыстары, сөздің лексикалық құралы мен
мағыналары, грамматикалық ұғымдар) себеп-салдаралық байланыстар (сөз-
сөз формасы, сөз тіркесі-сөйлем) басты орын алады.
Ұғымдар-дүниенің
ойлаудағы
сəулелену
формаларының
бірі,
ұғымдарының пайда болуы-абстракт ойлаудың нəтижесі. Ұғымдардын екі
түрі болады: жалпы ұғым жəне жекелік ұғым.
Жалпы ұғым- жекелеген заттар не құбылыстар емес, біртектес заттар
мен құбылыстардың тұтас бөлігі. Олар бір ғана атаулармен беріледі.
Мысалы, дыбыс, фонема, сөз мағынасы қосымша, жалғау, жұрнақ, сөз тіркесі
т . б. Жалпы ұғымдардың анықтамасында барлық объектілерге тəн негізгі
белгілер ашылады. Жалпы ұғымдар ана тілі пəнінің негізін қалайды.
Жекеліе ұғымдар- нақты тілдін объектілер жөніндегі ұғымдар
болады. Мысалы, дауысты дыбыс, меңгнру, сөз тудырушы жұрнақтар.
Жалпы ұғым мен жекеліе ұғымдардың арасында диалектикалық байланыс
болады. Мысалы, жалпы ұғым- сөздердің байланысы, оған кіретін жекелік
ұғым-сөздердің салаласа байланысы жəне сабаққтаса байланысы.
Жалпы ұғым – сөз, жекелік-сөз формалары; мысалы, жалпы ұғым-
түбір, жекелік ұғым- негізгі түбір жəне туынды түбір. Жалпы ұғым-
қосымша, жекелік ұғым – жалғау жəне жұрнақ. Жалпы ұғым- жалғау, жекелік
ұғым- көптік жалғау;септік жалғау; тəуелдік жалғау,жіктік жалғау т.т.
Себеп-салтаралқ
байланыстар
объектілердің,
құбылыстардың,
процестердің
арасындағы
себептік
қатынастарды
білдіреді.
Бұл
байланыстарды тереңірек ашу тілдік құрылыстар ғылыми дəрежесін
айқындатады.
Заңдылықтар
тілдік
объектілерің,
құбылыстардың,процестердің
арасындағы неғұрлым негізгі, əрқашан қайталанып отыратын, біршама
тұрақты байланыстар мен қатынастарды білдіреді. Теориялар философияда
табиғат немеме қоғам саласындағы дамудың негізгі заңдылықтарын
білдіретін, адамдардынң қоғамдық-өндірістік жəне ғылыми əрекетінің
тəжірибе жиынтығы ретінде қарастырылады.
Түсініктер-тілдік объектілердің сезім бейнелері (ой суреттері). Бұл
суреттердің жасалуына байланысты түсініктер ес жəне елес түсініктер болып
бөлінеді. Ес объектіні тікелей қабылдау арқылы немесе сəйкес көрнекілік
арқылы пайда болады. Елес түсінігі – объектіні тікелек емес қабылдаудан
туған бейне болады. Елес арқырлы оқушы сол сипатталған заттың бейнесін
елестететін болады.
Фактілер тіл пəнінде алуан түрлі: дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі,
сөйлем
.
I . Дағды əрекеттің автоматты орындалуы болып есептеледі.
II .Іскерлік (икемділік)-əрекет тəсілі болып есептеледі. Ол арқылы
оқушы алған біліміне сүйенеді, оны үй тапсырмаларын орындауға
қолданады, жаңа білім алады. Іскерлікті пайдаланы əр уақыт ойлануды қажет
етеді, онда автоматтық болмайды.
Мектептегі ана тілі пəнінің мазмұнында іскерлік басым болады.
Іскерлікті пайдалана отырып, оқушылар əр түрлі ойлау əрекетін қолданады-
анализ, синтез, жинақтау, абстракталау, салыстару- бұлардын барі
оқушылардың ойлауын дамытады. Тіл салаларының байланыстары. Тіл
салалары өзара үйлесе байланысты зеріттейді білімдерін, дағдылары мен
іскерліктерін зеріттеу үшін тірек болса, екіншіден, олардын бұдан былайғы
қолданылуы мен дамытылуына мүмкіндік туғызады.
Ішкі салалық байланыстар
Графика
Сөз
Сөз формалары
Сөз таптары
Фонетика
Лексика
Морфология
Синтаксис
Орфография
Сөз мағынасы
Сөз құрамы
Сөз таптары
Грамматикалық
мағына
Сөздің
синтаксистік қызметі
Жоғарыда көрсеткен міндеттерге сəйкес, сабақтың мындай түрлері
болады: а)грамматикалық (морфология мен синтаксис), фонетиканы, сөз
тудыруды оқыту, ə) лексиканы оқыту, б) орфография мен пунктуацияны
(дұрыс жазу жүйесі) оқу, в)дұрыс айту, сөйлеу (орфоэпия) мен мəнерлеп
оқуға жаттығу, г) ауыша жəне жазбаша тілді практика жүзінде пайдалану
дағдыларын жетілдіруде, оқушылардын сөз байлығы артту жұмысында,
грамматика-стилистика жағынан сөйлеуін жетілдіруде, іс қағаздарды тілде
дағдыландыру.
Грамматика фонетика, сөз тудыру, орфография, пунктуация,
орфоэпия, лексика мен стилистика сияқты салалар бүтін пəнді (қазақ тілін)
құрастырады, бұлардын бəрі қазақ тілі пəнінің ауқымыда бір-бірімен
байланысты, өзара шарытас болады (рас, əр саланың мазаұны, мақсаты,
міндеттері мен əдістері болады, əрқайсысы өз ішінде жүйе жасайды).
8. Қазақ тілі жəне пəн аралық байланыс
Қазақ тілі мен басқа пəнде арасында, əсіресе, əдебиет, орыс тілі жəне
тілі пəндеірің арасында, сондай-ақ тарих, геграфия т.б. пəндер арасында
тығыз байланыста болады. Бұл байланысты көбінесе тіл ұстарту мақсатында
жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен əдебиет
пəндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл
ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардын сөздік қорын байытуға,
олардың сөйлеуіндегі қателерді түзеуге мүмкіндік береді.Қазақ тілі мен
əдебиеті сабақтарында мəнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді
үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т.б.) жол ашады.
Орыс
жəне
шетел
тілінмен
байланыстылығы,
алдымен,
грамматикалық оқудан байқалады: ана тілі мен орыс жəне шетел тілдерінде
кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға
мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс жəне шетел тілдерінің сəйкес ,
ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдін
арансындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік
береді. Орыс жəне шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген
сөздерінің түп-төркінін білугк жəрдемдеседі.
Тұтас алғанда, барлық пəн, жекелей алғанда əрбір пəн оқушылардын
сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емілелі дағдылардын біріңғай сөйлеу
режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс
жазуға дағдыландырады. Ауыша жауап, əңгіме, айтыс –осының барі ауызша
жəне жазбаша тілдеі дамытуға толық əрі нақты жауап беруге , оқушылардың
жинақтау дағдыларын, əдеби тілмен дұрыс сөйлеу , сабақтарында ғана емес,
əдебиет, тарих, гегерафия, матиматика, физика, жаратылыс тану т.б.
пəндердің сабақтарында жүзеге асырылып отырады.
Пəнаралық байланыс
Қазақ əдебиеті
1)
Тəрбиелік мақсаты. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде
əдебиет сабақтарында өтілген көркем шығарма мəтіндерін пайдалану, ə) жеке
сөздердің,
грамматикалық
формалардың,
синтаксистік
құылымдардың,сөйлемдегі байланысы тəсілдері мен мəттіннің бөліктеріне
байқау жүргізу.
2)
Тіл ұстарту екі пəнге де ортақ (мазмұндама, шығарма жазуға,
оқыған өз сөзімен айтып беруге үйрету).
Орыс
тілі – шет тілі
1)
Орыс тіліндегі көптеген ұғымдарды меңгеруде ана тілі
сабақтарында оқушылардын алған білімдері тірек болады.
2. Термин ортақтығы бар, фонетика, алфавит, морфология, синтаксис,
орфогрофия, пунктуация, орфоэпия.
Тарих
1.Тəрбиелік танымдық; 2.терминдер; 3.тарихи даталар.
Жаратылыстану пəндері
а)Зоология; анатомия; 1)танымдық; 2)терминдер ;3) тəрбиелік
Матиматика- физика
1)
Танымдық 2)Терминдер
Достарыңызбен бөлісу: |