Қазақ тіліндегі дыбыстық өзгерістердің ауызша тілдегі көрінісі Ж. Т. Жұмабаева



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата20.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#51299
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жұмабаева-Ж.-Қазақ-тіліндегі-дыбыстық-өзгерістердің-ауызша-тілдегі-көрінісі

Редукция– бұл дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі 
дауыстының көмескіленуі. Негізінен редукцияға қысаң дауысты дыбыстар 
ұшырайды. Басқаша айтқанда, редукция – дыбыстың артикуляциялық және 
акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция – екпін болмауынан 
дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден 
артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр(і)гер, т.б. Осымен 
байланысты Ж.Аралбаев өз зерттеуінде: «ы фонемасы сөздің барлық шенінде 
келе береді: ыдыс, ық, ыстық, жылылық, мылтық, ыза, ырым және т.б. Ы 
қысаңы л, р сонорынан бұрын және сөздің екпінсіз позициясында түрлі 
редукция басқышына енеді: қрық, қзыл, қзық, пшақ, қтық, қсыр, шбық және 
т.б. Кейде сөздің екінші екпінсіз буынында (р мен н-ның, у мен з-ның, р мен 
к-ның, й мен н-ның аралығында) ы дыбысы фонетикалық нөлге айналады: 
орын-ы – орны, қарын-ым – қарным, ауыз-ым – аузым, бөрік-і – бөркі»[5]. 
Сөз ортасындағы қысаң дауысты дыбыстардың түсіп қалуын Н.Уәли 
өзінің зерттеуінде былай түсіндіреді: «Мұрын, ерін тәрізді сөздердің дыбыс 
құрамындағы ы-ның түсіп қалып, мұрны, ерні түрінде айтылу себебі бұл 
сөздердің өзге сөздермен салыстырғанда, тәуелдік тұлғасында жиі 
жұмсалуына байланысты. Ал құрық, жарық сөздері, керісінше, тәуелдік 
тұлғада, өзгелермен салыстырғанда, әлдеқайда сирек жұмсалады екен» [2]. 
Дауысты ы дыбысының редукциялану процесі ритмикалық екпіндегі 
сөз тіркесінде де байқалады екен: тор ат (торы ат), сар адам (сары адам), 


сар май (сары май). Дуысты ы дыбысы ритмикалық екпіндегі сөз тіркесімен 
қатар сөз соңында да түсіп қалады. Нақты айтқанда, дауысты ы дыбысына 
біткен сөздерге ашық дауыстыдан басталатын қосамшалар қосылғанда ы 
толық редукцияланады: алты-ау – алтау, оқы-у – оқу. 
С.Мырзабеков дыбыстық өзгерістің бір түрі редукцияға мынадай 
анықтама береді. Редукция дауысты дыбыстарға ғана қатысты және сөз 
ішіндегі дауыстының көмескіленуі. Ал көмескіленетін қысаң дауыстылар 
болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет