От кешіп, мұз төсену – бұл метафоралық тұрақты сөз тіркесінде қиыншылық көру, басынан үлкен қиындық кезеңі өтіп жатыр ұғымын беріп тұрған сөз тіркесінде «от» сөзі қиындықпен балама беріліп тұр. Өмірдің ащысын көп көрді. Талайдың малын бак- тым, талайдың тасын шаптым... От кеш- тім, мұз төсендім... (Ә. Т.). Қан соғыста от кешіп, мұз төсеніп шайқасса, елге оралып, қара нардай қайыспай еңбек еткен [13, 1 б].
Қaзaқ ұлттық дүниетаным ерекшеліктері оның тілінде көрініс тапқан ұлттық құндылықтарынан байқалады.
Отқа да, суға да түсу – басына түскен қиындыққа төзу. «Халқым, сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынмын!»Тоқтар Әубәкіровтың ғарыш кемесі көтерілер сәтіндегі сөзі. Қандай іске болса да барды; жанын аямады. Желөкпелеу мақтаншақ байларды сіз айтсаңыз, отқа түсуге бармын деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бакпай-ақ, содан алып киімін киіп, тәуір атын мініп алып, қатардың бір кұрметіне жетіп жүре береді (Абай). Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек, «Біз үшін отка, суға түсіп жүр» деп, Ер өлсе де, еңбегін ел өлтірмес (С. Т.). Жігіттің бозбас күнінде сұлу қызы құрғыр кісіні отқа да, сура да түсірмей ме?... (С. С.).
Отын өшірді – ошағын ойрандап, берекесін кетірді; жігерін кұм қылды. Тентіреп тауда ұдайы, таста қаңғып, Оты өшкен, бойында жоқ жас құмарлық. Басар жер, барар тауы Бурабай боп, Бейшара бағып өткен басты мал қып (Т. Ж.)
Отымен кіріп, күлімен шығу – өз еркі жоқ, біреуге тәуелді болу. Бұл жерде де от ұғымының өзі қиындық, азап деген ұғымды беріп тұр.
Отпен кіріп, сумен шықты – қорлықта жүріп үй шаруасының барлық жұмысын істеді. Жоғарыдағы тіркеспен мағыналас. Төрт жыл бойы күйеуінің үйіне күң орнына отымен кіріп, күлімен шықты (Каратаев).
Бетінен оты шықты – қатты ұялды, қысылды. Бетімнен отым шығып, қайта қызарғанымды ол сезе қоймады (Момышұлы). Қатарымнан ұялып ол мектепке бармай қойдым деді кыз бетінен оты шығып (Адамбеков).
Араға от түсу – Біреуді біреуге шағыстырды, бәле қоздырды, араздастырды, біреуді біреуге айдап салды. Ішек айналмас іші тар, Кейбір әйел қызық қой, Екі араға от жағар, Такыс ойлы бұзық қой (Қ. Мұқ.). Ананын балаларға ала қарауы Төлеген мен Саяттың арасына от жақты (ХМ).
Қолымен күл //от// көсеу
Арасына от салу, араздастыру- араға әзәзіл (-шайтан) кірді араға от салды (жақты, тұтатты) Сені әкем жақсы көріп кетті деп, Дархан араларына от салғалы жүр (А. Х.). Желбуаздар көрінген елге, басқан жерге әйгілетіп қана қой майды. Түрткілей-түрткілей, Омар мен Оспанның арасына от тұтатты (С. Т.).
Демі от болды, күйіп-жанды, ысыды. Алау бетті шарпыды. Демің жалын от болып, Көзім атқан оқ болып, Бір сілтесем талай бас, Домалады жоқ болып (Б. К.). Дұшпанның отын сөндірді, Достың отын жандырды. Дұшпанын катты мұқатты, досына игі көмек етті.
От басу – абайсызда, байқаусызда қиындыққа ұшырау, қырсыққа тап болу. Окыс кетті, жаңсак кетті. Қызу қанды Саржан абайсызда от басып алғанын түсінді (I. Е.).
Ғашық оты күйдіру, ғашықтық отын жандыру – ғашықтық. Біреуді сүйгеннен күйіп-жанды, дертті болды. Гүл жайнаған жас жүре- гім балдырған, Еркіндікпен ойға есін алдырған. Дамыл бермей, ұйқы бермей ұзақ түн, Сонда оны ғашык оты жандырған (Б. К.).Ғашық отын жандыру. Дәм үстіне тура келдің, жолың болады екен. Шах-ғашық оты жандырды [күйдірді, өртеді]
Көкірегіне от тастау – үміт беру. Шұбыртпалы Ағыбай батыр жайындағы аңыздар кәдімгідей қанын қыздырып, қиялына от тастайтын (І. Е.).
Бірге от жағып, түтін түтету – үй болу, шаңырақ көтеру. отасты, ынтымағы бір болды, тату-тәтті болды. Жәнібекпен, түбі, бірге от жағып, түтін түтете алмайтынын сезген хан қызын беруден үзілді-кесілді бас тартты (1. Е.)