Қазақ тіліндегі от концептісі



бет5/7
Дата03.11.2023
өлшемі100,31 Kb.
#121569
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазақ тіліндегі от концептісі

Жүрегі от//өрт// боп жану – қайғылану, қайғыға салыну. Жалғыз-ақ, өлейін деп өле алмай, өз жанын қия алмай, кайғылы, капада, күндіз-түні жапада, жылау да еңіреу, бәрінен де көңілі қалып, жүрегі от боп жанып, колынан келері жоқ болып жүрген сорлы Қамар халін көріп, жаны ашитын Омар ғана еді (С. Т.)

  • Екі оттың ортасында қалу – ыңғайсыз жағдайда қалу, шешім шығарудың қиындығы.

  • Көзінен от шашу – қатты ашулану, ішінен ызаға булығып, кек тұту. Қамшысына таянып, тымағын басынан алмай, бір тізерлеп отыр. Өңі аппак қудай. Сәл қанталай түскен ажарлы, отты көздерін Абайға кадай түсіп, Дәрмен асыға сөйледі. ( М.Ә. ) Сонсон «Жаныңнан безгенің келе бер» де- гендей, етпетінен түсіп, көзінен от шаша күрілдеп жатыр көкжал (Ғ. Мұс.)

  • Іші оттай //жану//, күю – қызғану, қызығу. Іші әлем-жәлем боп күйді, от болып жанды. Ілияс та кеткелі жатыр. Оның аз ғана жүгі буылған. Бірақ, ішінде от жанғандай алау ұрған қиналу күйі кетер емес (М. Ә.). Дегеніне жеткізбеді, үмітін кесті. Ет жүрек өртенді, От боп жанып, жалын шашып ішіме. Иттей қормын, зармын, Сен үздің ғой бұл желкенді (Абай).

  • Отқа май құю өзі ушығып, шешімі табылмай тұрған нәрсені одан әрі қиындату. Дау-дамайлы жайды өршіте түсті, жел берді. Темір аға! Салғаннан ашық айтайын, менің екі басты бір-ақ түрлі жауым бар, солардың отына май құймай ашық айтуыңызды өтінемін (Ә. Ә.). Өше қалған әңгімені Күдері де өршіткісі келмеді. Бірак, Тойтық сеніп бара жаткан отқа қайтадан май құйып, өршітіп жіберді (М.И.)

  • Оттай ұшырау, басылу – Баяғы қашқан етігім анадайдан көзіме оттай ұшырады. Қатыным бала тапкандай куанып, секіре беріппін (КЕ).

  • Бақыт оты жану – Маңдайы ашылды. ырысы тасыды. Бұл тұлпар келіп тұрған әбден бабы, Салбырап тұрғанына деме жабы. Маңдайы жарқырап тұр жануардың, Ашылып тұр осы аста мұның бағы (І. Ж.). Жаксы болып ер жетсе, Балапаны, бөпесі, Бағы ашылып, анасы, Көкке тиер төбесі (С. С.). Мендей де ғарып бар ма екен Бақыттың оты жанбаған (А. А.)

  • Жанына от салу құмар қылу, ынтықтырды. Қамаудың хан ауылы кыр жағында, Аңқытып ақ орданын бір жағында. Күйші отыр домбыраны дүбірлетіп, Құмар қып тартқан күйдің ырғағына ( І. Ж.).

  • Отқа қойды – көлік малын жемге, шепке жіберді. Аттарды отқа қойып жүрген Сайдак та қайта оралған еді (Ә. Ә.).

  • Отқа қарады, отқа қарап, суға сүрінді. Кедейлену, шаруасы күйреу мағынасында. - Не жазығым бар? Отқа қарап қалғанымыз ба?! деп зарлады (Ғ. Мұс.). Бәрі сыпырылып шығып кетті қолымнан. Қазір отка карап отырған жайым бар. Жұмыс істей алмаймын (Ғ. Мұс). Ауқатты ағаң, бай балаң бар, інің де отқа қарап отырған жоқ, соларды неге сұрамайсын... (ШС).

  • Оты қашты – жері жұтады, шөбі таусылды. Ал ол жерде жылқыны совхоз жеріне жаюға рұқсат сұралыпты. Өзге жерлердің оты кашты депті (М. Ә.).

  • Отын оттап, суын сулады – отын оттап, суын ішті. Біреудің жерін мекендеді; бас паналады, арқа сүйеп күнелтті. Кәне, Еріш мырза, Торғайдың отын оттап, суын ішуін жетті. Жанын бар- да иманынды үйір... (Ш. Х.).

  • Отқа күйіп, суға батуға бар – біреу үшін жанын беріп, қиындығын көтеру.

  • Орақ ауыз, от тілді – өткір, өктем тілді, адуын мінезді; тілді кісі. Балаларын шұбырта бәйбіше кірді. Бес ұлдың буына піскен адуын, орақ ауыз әйел шалына соқтыға кірді (Ғ. Мұс.). Расын айтсақ, қарапайым колхозшы әйелдер ішіндегі талай-талай от тілді, орақ ауызды, әзіл-қалжыңды шебер айтатын әйелдерді көп көргенбіз (С. Бақ.).Айтушының көркем ойының кемелдігі афоризмнен бастау алатыны көреміз. Мұнда сөзге шешен, тілге жүйрік ұлттың бейнесі жатыр. Айтқан сөзі от сияқты қарып түсетін, нағыз қазақтың қайсар мінезінің бір ұшқыны байқалады. Ертеде «От ауызды, орақ тілді» би, шешен, төрелеріміз тілдің құнын түсірмеген еді. Бабаларымыздан қалған не бір ертегілерден бастап шешендік сөздер, жырлар, қиссалар, аңыздар, тыйым сөздер, мақал-мәтелдер ауыз әдебиeтiмeн тарағаны белгілі.

  • От жүрек – қайсар, қайтпас. Уайс сұлтан өзі секілді кілең от жүрек жігіттерді жинап алып, Моғолстанның шетінде, Қашқарияда біраз уақыт аламандық құрып жүрді де, Түркстанға келген (1. Е.). Тордағы тоты құстай қазақ қызы Сырласып суйгенімен шыкты арманнан (Ж. С.). Ай жалғыз ғой, мен де сондай, жан жарым, Жай жатпаған от жүректі бір жанмын. Желдей гулеп бара жатқан өмірде, Жете алмаған толып жатыр арманым (Б. К.).



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет