От ала келген кісідей – асығыс жүру деген мағынада қолданылады. Үйде от сөніп қалғанда, көршіден барып, оттың тамызығын алу əдеті болған. Содан барып, қазақта «отқа кеткен қатынның отыз ауыз сөзі бар» деген тіркес кешігу мағынасында.
Кеудесінде оты бар, көкірегінде оты бар – намысы бар, талабы бар жан.
Аузынан от бүріккен – қанды балақ, шұбар төс. Қаһарлы, мейірімсіз жендет. Иесі осал кісі емес. Россия патшалығының Сібірдегі аузынан от бүріккен қанды балақ жендеті (Т. Е.).
Отты көз – жанарлы, өткір көз. Ылғи жүріс болған соң, жейтін шөбі, ішетін суы нашар болған, алты ай мінсе арымайтын отты көз күрең аттың қабағы қатып жүдеді (С. С.). Бөлекбас өз сөзіне өзі елігіп, әлде нені айтуға оңтайланып еді, Сәуленің отты көзіне көзі түсіп кетті де, жүрегі зырқ етті (Ә.Ә.)
От орнындай – аймағы үлкен емес. шағын. От орнындай аумағы, Бекен қарттың күрегі. Ауыз үйде ілулі, Көптен бері тұр еді (Орманов). Бір тұтам өлшем. 1. Бір сырым. От орындай тұяқтан, Оймақтайы қалыпты, Етектейін еріннен Екі елісі калыпты, Қиған қамыс құлақтан Бір тұтамы қалыпты (ЕТ)
Көзінен оты жанған, көзінің оты бар – Өткір, жігер-қайратқа толы, алғыр мағынасында. Қыз абайлап қара- са, қасындағысы үсті алба-жұлба, бет- аузы кір-кір, бірақ, көзінен оты жанған, орта бойлы жас жігіт (КЕ). Жетімдіктен өтіпсің, сонда да көзіңнің оты, талағың- ның биті бар бала екенсің (ШС). Түсі жаркын, Бетінде нұр, Қос көзінен От жанып тұр Ақ сақалды бір адам (Ә. Т.)
Оты бетіне атып шығып тұр. Алаулап жанып, құлпырып тұр.
– Ау, оның Әлібидің кіші қызы болды ғой? Сол айналайын ауыл қызы боп, сызылып жатпайды. Оты бетіне шығып, жаркылдап тұрған бала (Ә. Н.).
От басы, ошақ қасы – Қайныңның кара орнын құлатпай, ак некемді осы оттың басында ақтап өтер едім ғой (Ә. Н.). Қадірлі, қасиетті күйеуі халық құрметтеген азамат болған соң, от басында да оның аруағы артық болуға тиіс (Ә. Н.).
От шашқан өткір көз – жігіт сұлулығына қатысты.
Жанып тұрған от көзді – жігіт көркіне сүйсүну.
Отының алды, суының тұнығы, тұңғыш перзенті – үлкен баласы.
От жақ – төсектің ірге жағы емес, үйдің ортасына қараған жағы. От жақта жатқан жирен тұлымдысы Валентина Яковлева боларға керек (Жұмаканов).
Отқа салар – жана тускен келіннің шақырған үйге апаратын заты [5, 184 б )
Отқа май құяр – жаңа түскен келін мен күйеудің босағаны бірінші аттағанда берер ырым-сыбаға, жол-жорасы. (Келіннің қайын атасының үйіне бірінші рет келгенде жасайтын ыры- мын отқа май құю», «отқа салар» дейді). Жырынды жігіт еді қуқыл Оспан, Жүйрік тіл, өткір сөздің алдын тосқан. Өңгертіп отқа құяр берді Оспанға, Сол болды күйеу косшы оған қосқан (С. Кер.).
Оты жанбаған (тұтанбаған). 1. Үйленіп, үйлі-баранды болып, ошақ көтермеген; шаңырағы тұрмаған. 2. Ici ілгері баспаған, талабы кері кеткен.
Тізбелеп алған от ұғымы қатысқан фразеологизмдер лексикалық мағынасы жағынан жуық сөздер. Мағынасы жуық фразеологизмдерді лексикалық синонимдерге ұқсатып, жуық, ұқсас мағынадағы белгілі бір сөз табына жатқызуға, жеке жіктеуге келмейді. Ұғымы ортақ сөз тіркестері мағына мен түсінік ыңғайына қарай қарастырылып, ортақ бір семантикалық жүйедегі тұрақты тіркестер деп танылады. Баршасы бір сөз табының ішінде болу керек деп кіргізудің керегі жоқ. Сол себептен ұғымы ұқсас фразеологизмдер қатарына ортақ ұғымды нақтылайтын әр сөз табынан кездесе беретін, құрылымы, құрылысы әртүрлі болып келетін фразеологизмдер енеді. Тек мұнда ұғымның жан-жақты ашық берілуі басты орында болады [14, 5 б].
Проффесор Г.Смағұлованың осы пікірін назарда ұстай отырып, от ұғымына қатысты тізбектей жазған фразеологизмдерімізді лексикалық мағынасы жағынан топтасақ. Көбіне кездесетіні етістік, сын есім, зат есім ұғымына қатысты жұмсалатын тұрақты сөз тіркестері екен [1].
1-кесте
Лексикалық жұмсалу мағынасы
|
Фразеологизмдер
|
Етістік мәнді
|
Отын өшірді, отын оттап, суын сулады, оты қашты, ,отқа қойды, жанына от салу, көзінен от шашу, екі оттың ортасында қалу, бірге от жағып, түтін түтету, от кешіп, мұз төсену
|
Сын есім
|
Оты жанбаған, оты бетіне атып шығып тұр, отты көз, от жүрек, от жеп қалған, Көзінің оты жанған, көзінің оты бар, от орнындай, жанып тұрған от көзді, оттай ұшырау, басылу, аузынан от бүріккен, кеудесінде оты бар, көкірегінде оты бар, от шашқан өткір көз
|
Зат есім
|
От басы, ошақ қасы, отқа май құяр, отқа салар, отының алды, суының тұнығы, орақ ауыз, от тілді,
|
Ескерту – кесте [1] негізінде құрастырылған
Кестеде от ұғымына қатысты тұрақты сөз тіркестері лексикалық мағынасы қарай топтастырылып көрсетілді. Фразеологизмдердің шығу тарихына халықтың таным түсінігі, ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі, сөздік қоры тікелей әсер еткен.
Oт ұғымы тoлғaн өмiр көрiнici, от тіршілік арқауы, отбасы қамқоршысы, ырысы деп «менің үйім» деудің орнына от жаққан жерім, түтеткен түтінім дейді. Яғни, үй деп саналуына сай деудің орнына түтін деген тұрақты тіркес қолданылады. Оты өшті, түтін түтетері қалмады деген сөздер бір отбасының құрып бітуін, ер-азамат ұрпағының қалмауын білдіреді. Осы сияқты отпен байланысты калыптаскан қазақ тіліндегі жеке сөздер мен тұрақты тіркестер біршама: отаға бұл сөз бастапқыда от ана деген сияқты қалыптасып, кейін келе от пен аға сөзі бірігіп, отағасы болы үйдің иесі, отбасы, ақсақал мағынасын беретін сөзге айналды. Сол себепті, «отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» деген үлкендерді кішілер алдында үлгі болуын меңзеген мақал туындады. Сонымен бірге отау сөзі де қарашаңырак - үлкен үйден от алып бөлініп шыққан отбасы деген мағына білдіретін ұғым. Өйткені, бөлініп шықаннан кейін де от жағатын шоқ үлкен үйден алынатын салт қалыптасқан. Осыған сай, отбасын құрып, үйленіп жатқандарға «түтеткен түтіндерін тік ұшсын» деген тілек айту- уй, ошак, отбасы ұғымдарын мағына жағынан аша түседі. Тіпті, үйлену, үй болу, бас құрау ұғымдарын білдіретін. – отасу сөз сөзінің өзі-ақ, бірлесіп от жағып, түтін түтетіп, отбасын құруды бiлдiрeтiндiгi көп жaйтты aшaды[16, 426.].
Әкeсiнeн (aтacынaн) кeнжe ұлынa мұрaғa қaлғaн шaңырaқтың киeлi caнaлyы дa aтa-бaбacы жaққaн oттың иeci coл шaңырaққa ciңгeндiгiнeн. Coндa бiрнeшe ұрпaқтың қoлдaныcындa бoлып, oт жaлынынa әбдeн ыcтaлғaн қaрaшaңырaқ aтa-бaбa көзi. Киiз үйдiң кeрeгe, yық cиякты бacқa бөлiктeрiн түрлi жaғдaйлaрғa бaйлaныcты aуыcтырyы мүмкiн, бiрaқ, шaңырaқты мeйлiншe aуыcтыруғa бoлмaйды. Күтіп ұстауға тырысады. Алайда, сынып, қирап калды дегеннің өзінде аяққа басылмайтын тау қуысына апарып тығып тастайды. Мұның өзі жоғарыда аталған отбасы, ата-баба жаққан отты жалғастырып, түтінін түтету нышанымен тығыз байланысты түсіндіріледі. Ал, oтбaсы лeксикoны eжeлгi зaмaндaғы oтты қaсиeттeп, тaбынғaн нaным-сeнiм мeн caлт-caнaдaн дeрeк бeрeтiн қoғaмдық-әлeyмeттiк дaму тaрихының aйнacы. Бұл ұғымның aуыздaн-aуызғa көшiп, қaлыптaсқaн нұcқacы нeмeсe cинoнимдiк cыңaры oт бaсы oшaқ қaсы фрaзeoлoгиялық тiркeсi.
Достарыңызбен бөлісу: |