Көз алмасының экстирпациясы



Дата25.11.2023
өлшемі223,63 Kb.
#127132

Көз алмасының экстирпациясы
Көрсеткіші: Іріңді панофтальмит, көз аламысының күйреуі, ісіктер, көз аламасы орнынан түсіп, қайта орнына келтіре алмағанда.
Бекіту және жансыздандыру. Ірі малды станокқа, ал ұсақ малды жатқызып бекемдейді. Жалпы және жергілікті жансыздандыру, қосымша көз жүйкесін тежейді.
Құрал –жабдықтар. Мюзе қысқышы, ине ұстағыш, инелер және таңатын заттар.
Операция техникасы. Қабақтың шетінен 0,5 см қашықтықта параллельді конъюктиваға дейін теріні кеседі.
Конъюктиваны қайшымен кесіп, конъюктивамен қоршалған көз алмасы жеке қалдырып оны теріден ажыратады. Мюзе қысқышымен көз алмасын тартып, қайшымен бұлшықеттерді, көз жүйкесін және көздің қан тамырларын кеседі. Қанды тампондармен тоқтатады. Ірі тамырлар зақымдалса қан тоқтататын қысқыштарды қолданады. Қабақты үзілмелі түйінді тігіспен тігеді. Орбитаға дренаж салып қояды, бір тәуліктен кейін алып тастайды. 8 -10 күнне кейін тігісті алып тастайды. Нәтижесінде орбита қуысы түйіршікті ұлпамен толып, конъюктивамен жабылады, ал қабақтыр бітеді.
Қабақтар ішке қайырылған кезде жасалатын операция.
Көрсеткіші: қабақтың ішке қайырылуы, иттерде және жылқыда жиі кездеседі.
Жансыздандыру. Инфильтрациялық жансыздандыру. Асау малдарға нейролептиктер қолданылады.
Операция техникасы: Қабақты дезинфекциялайды, хирургиялық пинцетпен тері бүрмесін 0,75-1 см ара қашықтықта ұстайды. Бүрме биіктігі 0,5-1 см болу тиіс, бірақ терісін қаншалықты алу керектігін, қабақтың қалыпты жағдайда тұратыны ескеріледі. Қайшымен қабақтың бүрмесі кесіп алынады. Сосын тілікке үзілмелі тігіс салады.
Қабақтың сыртқа қайырылуы кезінде жасалатын операция
Көрсеткіші. Созылмалы конъюктивит, төменгі қабақтың сыртқа қайырылуы.
Жансыздандыру. Инфильтрациялық жансыздандыру. Асау малдарға нейролептиктер қолданылады.
Операция техникасы: Қабаққа жақын маңға (0,3-0,5 см) терісін V тәріздітілік жасайды. Ақау шетін түйінді үзілмелі тігіспен тігеді.

Сурет 1 – Қабақтың сыртқа қайырылуы
Үшінші қабақты кесіп алып тастау
Көрсеткіші: ісік, фиброздың қалыңдауы, үшінші қабақ шамадан тыс өскенде (ет қоректілерде).
Жансыздандыру. Ұсақ жануарлардың көзіне 5%-ды новокаин ертіндісін тамызады. Ірі малдарға қабақ астына новокаин ертіндісін инфильтрациялап енгізеді.
Операция техникасы. Ірі малға түрегеп тұрған жағдайда операция жасайды. Үшінші қабақты пинцетпен көтереді, оның негізіне өткір иілген қайшымен керіп қояды. Сосын жаймен бөліп алады, әсіресе қатерлі ісік кезде абай болу керек.


Мүйізге операция жасау
Операция жасау көрсеткіші:
Жарақатты алдын алу – жас малдарға.
Мүйіз сынып дұрыс бітпегенде, ісік пайда болғанда.
Мүйіздің анатомо-топографиялық мәліметі.
1.Маңдай сүйек
2. Тері
3. Экзостоз
4. Мүйіз өсіндісі
Ірі мүйізді малды мүйізсіздендіру (декорнуация)
Көрсеткіші: Байламай ұстауға арналған табын құруы үшін, мүйіздің сынуы, мүйіздердің дұрыс өспеуі және ісіктер пайда болғанда.
Ірі мүйізді малды мүйісіздендірудің екі әдіс болады:
1) мүйіздердің дамуын тоқтату;
2) мүйіздерді кесіп алып тастау.
Мүйіздердің дамуын тоқтату 1-3 апталық жас бұзаулардың мүйіз төбешіктердің аумағында тері негізін және эпидермистің өсуін тоқтату.
Оның бірнеше тәсілдері бар.
Химиялық тәсіл ең көп таралған. Бұзаулардың мүйіз төбешіктерін күшті әсерлі химиялық заттарды: натрий (NaOH) немесе калийдің гидроокисі (КОН) , азотпен домдайды. 2 апта бұзаулар мазасызданады, 6-8 күннен кейін домдалған орында қабыршақ пайда болады, 2-3 аптадан кейін бөлініп түседі.
Термиялық әдіс. Темір немесе электрлік күйдіргіштерді пайдаланды, 3 апталық бұзауларғы қолданылады.
3. Орбита аумағына операция жасау
Қандай жағдайда көзге операция жасайды:
1. Қабағының энтропиясы- қабағы түсіп кетеді;
2. Қабағының эктропиясы- қабағының сыртқа қайырылуы;
3. Жас безінің немесе үшінші қабақтың түсуі
4. Үшінші қабақтың шеміршегінің деформациясы
5. Көздің қасаң қабығының ойылымдары
6. Энокуляция

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет