Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары



бет8/15
Дата01.10.2023
өлшемі139,5 Kb.
#112131
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Хабарландыру, жарнама.
Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжат түрі.
Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесу т.б. жайлар) айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымның аты қойылады. Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.
Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері:
1.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда - Күн тәртібі толық.
2.Мәдени шараларға хабарландыруда - Бағдарламасы ұсынылады.
3.Тендерге хабарландыруда – Шарттары ұсынылады.
4.Вакансияға хабарландыруда – жұмыс орнына тиісті талаптар.


үлгілер
Хабарландыру!
14 сәуір күні, сағат 15.00-де Жаратылыстану-гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен "ҚБТУ көктемі шақырады" атты фестиваль өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық. Бағдарламада:
1. Қаржы-экономика факультеті деканының құттықтау сөзі.
2. Көркемөнерпаздар өнер көрсетеді.
Деканат


Хабарландыру!
"Томирис" мейрамханасына сымбатты қыз-жігіттер конкурс негізінде жүмысқа қабылданады. Қатысамын деушілерге есік ашық, талапқа сай құжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 15а-үй, Абай даңғылының қиылысы. Телефон: 56-48-31, ұялы телефон: 8-333-768-65-34.
Мейрамхана әкімшілігі


Хабарландыру!
Ертең, 15 мамыр күні, сағат 19.00-де, Республика сарайында Қазақстан халық әртісі Р.Рымбаеваның " Көктем шақырады " атты концерті болады. Билеттер Қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Келіңіздер!
Мәдениет министрлігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет