цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті);
жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі) қатаң сақталады;
жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс.
Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін).
Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай.
Жеделхаттың реквизиттері: 1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде:
түрі, категориясы;
номері, датасы, жіберілген уақыты;
алушының аты, адресі, мәтіні, қолы.
2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде:
- жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі;
- датасы;
- автордың мекен-жайы.
Жеделхаттардың рәсімделуі:
мекемеде арнайы журналға тіркеледі (тігіледі не желімделеді). Қасына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, резолюция жазылады.
Жолданғанда жіберушінің қолы қойылады, көшірмесі сақталады.