«БАҒАЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАҒИДАСЫ»
«Маңыздылық».
Бағалау үшін пәннің (курстың) ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және басқа да ресурстар шығындалады.
«Дәлдік» («Адекваттық»).
Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек.
«Объективтік» («Дәлелділік»).
Объективтікке (тұрақтылық, беріктілік, шынайылық, адал, дәлелділік) бағалаудың нақты талаптарын (критерийлерін) таңдау арқылы жетуге болады.
«Оқудың ажырамас бөлігі».
Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналу керек. Басқаша сөзбен айтқанда, бақылау жұмысының өзі де үйрету әрекеттеріне жатады. Бағалау мен үйрену – біртұтас процесс.
«Жариялылық».
Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек.
«Қарапайымдылық».
Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек.
Бақылау түрлері
- Ағымдағы бақылау - әр сабақтағы (әдетте сабақ қорытындысы бойынша) студенттердің жазбаша ой-толғанысы. Мұнда олар өздерінің сабақта үйренген (білген) білімі туралы ойларын келтіріп, сабақта қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.
Ағымдағы бақылаудың жазбаша нысандары (тәсілдері):
- эссе, хат, еркін жазу, бестармақ, акроним, кестелер мен диаграммалар (графикалық ұйымдастырушылар), конспект, интервью мәтінін жазу, берілген атауларды құрастырып эссе жазу, бақылау жұмысы, берілген сұрақтарға жауап беру, топ жұмысы туралы есеп (ақпарат), глоссарий құрастыру, оңай және қиын сұрақтар кестесін дайындау, қиын немесе проблемалық сұрақтар кестесін дайындау, рецензия, аннотация, ғылыми жұмыстарға пікір жазу, өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру, пікірталасқа дайындық есебі, ақпарат көздерінің тізімі, әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру, лекция тезистерін дайындау, сабақ жоспарын дайындау, сауалнама құрастыру, компьютерлік есеп беру, тест сұрақтарын құрастыру, персоналий құрастыру, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |