Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы



бет31/35
Дата09.06.2023
өлшемі127,45 Kb.
#99941
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
2 5460798703499489474

Портфолио
Портфолио – білім алушының жыл (тоқсан, семестр) бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио білім алушының даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода білім алушы өзінің жыл (тоқсан, семестр) бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, оқу мерзімі аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады. Портфолио - білім алушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкірттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылардың өздері мен ұстаздың қатысуын талап етеді.
Портфолионың міндетті бөлімдері мен рубрикаларының тізімі келесідей болуы мүмкін:
1. Білім алушы өзі туралы.
- білім алушының өзі туралы мәлімет (қысқаша өмірбаяны, фотолар),
- пән бойынша алдына қойған мақсаттары,
- пәнді игеруде күтетін нәтижелері мен жұмыс жоспары,
- пән игеруде қолданатын әдіс-тәсілдері.
2. Пәннің теориялық мазмұны.
- терминологиялық сөздік (глоссарий),
- оқу материалдары (тірек лекция, конспект, Интернет материалдары, т.б.),
- өзі тапқан қосымша материалдар.
3. Жұмыс үлгілері.
- ғылыми-әдістемелік жұмыстары (баяндамалар, құралдар, мақалалар),
- шығармашылық жұмыстар (эссе, сценарийлер, өзі қойған тәжірибелердің сипаты мен нәтижелері, өзі құрастырған ойсергектер, есептер, сөзжұмбақтар, т.б.), - семестр бойы өзіне ұнаған екі сабақтың жоспарын (құрылымын) келесі үлгі бойынша келтіреді: тақырып, сабақ кезеңдері, сабақта қолданған әдіс-тәсілдер, сабақтың ұтымды жерлері, сабақтың маңыздылығы,
- бірге оқитын жолдастарының озық жұмыс үлгілері.
4. Жетістіктер.
- жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараттары, өздігімен анықтаған заңдылықтары),
- ең ұтымды шыққан жұмыстары,
- марапаттаулары.
5. Ой-толғаныс.
- пәнді оқу/игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғанысы,
- өзінің ой-толғаныстарын көрсететін әрекеттерді сипаттау (сабақ талдау, пікірталас ұйымдастыру, интервью мәтіндерін келтіру, сауалнамаларға жауаптары),
- өзін-өзі бағалау,
- өз жұмысы туралы есептері,
- оқу процесі туралы ой-толғаныстары (эсселер, хаттар, пікірлер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет