«Әртүрлі дерек көздерін қолданып баяндама жазу» тәсілі Студенттер конференция немесе сабақ кезінде баяндама жасау үшін алдымен
дайындық жұмысын жүргізеді.
Ол үшін студенттер қарастырылып жатқан проблема бойынша (мысалы,
«Қаржылық дағдарыс» тақырыбы) өздерін толғандыратын немесе қоғамда жиі
көтерілетін маңызды сұрақтар мен мәселелерді айқындап, оларға жауапты қандай
дерек көздерінен алуға болатындығын анықтап алады, дерек көздерінде келтірілген
ақпаратты екшеп, ішінен қажеттісін таңдайды. Студенттер мұнда қандай кітаптар
мен мақалаларға сілтеме жасап, кімнен интервью мен сауалнама алатындығын,
оларда қандай сұрақтар қоятындығын анықтайды. Содан кейін олар төменде
көрсетілген кестені толтырады.
Сұрақтар Оқулықт ар мен ғылыми әдебиет БАҚ Интер- нет Интер - вью Сау- ал- нама Қаржылық дағдарыстың пайда
болуын АҚШ Федералды резерв
жүйесінің тауармен (алтынмен)
қамтамасыздырылмаған долларды
шектеусіз шығарумен
байланыстыруға бола ма?
Бүкіл әлемде ипотекалық
несиелеудің кемшіліктері қаржылық
дағдарысқа әкеліп соқтырды ма?
53
Егер АҚШ қаржылық жүйесі
оңалатын болса, бұл дүниежүзілік
экономиканың дамуына әкеле ме?
Қазіргі қаржылық дағдарыстың
1929 жылғы Ұлы депрессиямен
ұқсастықтары мен
айырмашылықтары қандай?