25
артық болуы керек» деген даналы сөздің түбінде терең ой жатыр. Себебі
бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Денсаулық – ел дамуының басты
арқауы. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.
Нашақор адамдарды өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп
ойлаймын. Түсіне алсақ, жақсылық та, жамандық та адам қолымен жасалып,
жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресі қоғамның ілгері дамуына кері
әсерін тигізуде.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл- Үшеуімен бақытты болады өмір»- деген
тақырыпта біздің мектепте ата-аналар жиналысы өткені есімде. Сол
жиналыстан анам ерекше әсер алып, осы сөздің байыбына барып жүруімізді
ескертіп отырады үнемі. Мен қазіргі күні де, келешекте де мына ережеге
сүйенемін: өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де
сәнді өткізу- басты міндетіміз. Себебі біздің бақытымыздың оннан тоғызы
денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет берілетінін бәріміз кеш
ұғамыз. Сондықтан денсаулығымыздың мықты, рухымыздың күшті болғаны
абзал екенін естен шығармасақ екен дегім келеді!
Достарыңызбен бөлісу: