5
Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін,
сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз
көзқарастарын анықтауға тырысу керек.
Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны
түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес
оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.
Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай
отырып, өзіңізге эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға
көмектесе аласыз.
Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз
аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі
мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері
дәлелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ, тақырыпты зерттеу барысында
автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар
туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор ұстанымының негізіне
автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына
(әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің
тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана,
интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет
ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы
адамдардан алынған ақпараттар да қажет.
Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру,
жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.
Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: деректерді тексеру керек,
өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар
материалдарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір
мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда
да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.
Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың
арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. Ең
жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды
ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да
маңыздырақ ақпараттар алынады.
Достарыңызбен бөлісу: