Қазақ тілінің анықТАҒышы



Pdf көрінісі
бет2/47
Дата28.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
§   1.  А,  е  әріптері   сөздің   барлық  буындарында   жазылады:  ал,   ала,

алақан, аспан, мақала, сарымсақ; ер, ереже, ерік, елгезек, имек.

Сөз басындағы  ж,  ш  дыбыстары мен  й  дыбысының  ортасында келген

жуан дауысты а дыбысы көбінесе ә болып айтылады, бірақ а әрпі жазылады:

жай  (барлық мағынада  да:  жай  жүр,  жай  сөйлем,  жай отыр, жай  түсу,

дастарқанды   жай,   жайма   шуақ  т.б.)   және   осы  түбірден   өрбіген   сөздер

(жайбарақат,  жайғасу, жайғызу, жайдан-жай, жай-жағдай, жай-жапсар,



жай-күй, жайлы, жайсыз, жайлап т.б.); шай, шайы (көйлек).

§ 2. Ә әрпі көбінесе сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде

жазылады: ә-сем, ә-леумет, ә-демі, тәр-тіп, кә-сіп, Сәу-ле, дәу-рен, ән, әл, әр,

жә (одағай).

Сөздің   алғашқы   буынындағы  (не  алғашқы   буындарындағы)   жіңішке

дауыстының   әуенімен   келесі   буында   жіңішке   айтылатын   (естілетін)  ә

дыбысының   орнына,   негізінен,  а  әрпі  жазылады:  тәкаппар  (айтылуы   –



тәкәппар),  ләззат  (айтылуы   –  ләззәт),   рәсуа  (айтылуы   –  рәсуә),   Жәмила

(айтылуы   –  Жәмилә),   Сәбира  (айтылуы   –  Сәбирә),   Кәмила  (айтылуы   –



Кәмилә) және тағы осы сипаттас жалқы есімдер.

Е с к е р т у л е р .   1. Мына сөздердің екінші  буындарында  естілуінше  ә  әрпі  жазылады:

сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, зәмзәм (суы), жүдә, күмән, мүсәпір, дүдәмал, шүбә, мәмпәси (бұлардың

жазылуын емле сөздіктерінен қарап білу керек).

2.   Бірінші   буыны   жіңішке  ү  дыбысымен  келген  жалқы   есімдердің   (көбінесе   кісі

атгарының) екінші  буынында да  естілуінше  ә  әрпі  жазылады:  Күлән, Күләнда, Күләш, Күләй,



Мүтән.

3.   Біріккен   сөздер   мен   қос   сөздердің   соңғы  буындарында  (яғни   олардың   екінші

сыңарының   алғашкы  буынында)  ә  әрпі   жазыла   береді:  ендігәрі  (ендігіден//ә-рі),  әжептәуір

(әжеп//тә-уір),  Гүлжәмила  (Гүл//жә-мила),  Бейсенәлі  (Бейсен// ә-лі),  әлсін-әлі  (әлсін//ә-лі),  кәп-



кәрі (кәп//кә-рі), әп-әсем (әп//ә-сем).

§ 3. О, ө әріптері қазақтың көп буынды сөздерінің алғашқы буынында

және бір буынды сөздерде ғана жазылады: о-рамал, о-тын, то-ры, до-лана,

ө-сімдік, ө-кімет, кө-леңке, ол, от, ор, оқ, он, өс, өр, өн, тор, төс, төр, төрт.

Алғашқы   буындағы   еріндік  ө  дыбысының   әсерімен   екінші   буындағы

езулік е дыбысы ө болып естіледі (айтылады), бірақ жазуда е әрпі жазылады:

бөрене  (айтылуы   –  бөрөне),  көбелек  (айтылуы   –  көбөлек),  жол-жөнекей

(айтылуы – жолжөнөкей).



Ескертулер.  1. Орыс  тілінен  енген  сөздердің соңғы  буындарында  о  әрпі  жазыла  береді:

кино, динамо, аккорд, паспорт, синоним.

2.  Біріккен   сөздер  мен   қос  сөздердің   соңғы  буындарында  (яғни   олардың   екінші

сыңарларының алғашқы буынында)  о, ө  әріптері жазыла береді:  көркем- өнер  (көркем//ө-нер),

кәсіпорын  (кәсіп//о-рын),  алабота  (ала//бо-та),  Айнамкөз  (Айнам//көз),  оқтын-оқтын

(оқтын//оқ-тын), төсек-орын (төсек//о-рын).



§ 4. Ұ, ү әріптері, негізінен, сөздің бірінші буынында және бір буынды

сөздерде  жазылады:  ұ-лы, ұ-зын, ұлан, құ-лақ, жұ-дырық, құ-мыра, үл-кен,

тү-йіншек, түй-реуіш, ұн, ұл, үн, үш, құн, күн, күрт.

Алдыңғы буындағы еріндік  ұ, ү,  о, ө  дыбыстарының әсерімен келесі

буында   естілетін   (айтылатын)  ұ,   ү  дыбыстарының   орнына  ы,   і  әріптері

жазылады:  құндыз  (айтылуы   –  құндұз),   құрық  (айтылуы   –  құрұқ),   бүгін

(айтылуы –  бүгүн), күбір  (айтылуы –  күбүр),  орын  (айтылуы –  орұн), өңір

(айтылуы – өңүр), домбығу (айтылуы – домбұғұу).



Е с к е р т у л е р . 1. Мына тәрізді түбір сөздердің екінші  буындарында  естілуінше  ұ, ү

әріптері жазылады: бұлбұл, байғұс, мазмұн, мақұл, мағлұмат, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, марқұм,



нақұрыс, әңгүдік (бұлардың жазылуын орфографиялық сөздіктерден қарап білуге болады).

2.   Біріккен  сөздер   мен   қос  сөздердің   соңғы  буындарында  (яғни   олардың   екінші

сыңарында)  ұ,   ү  әріптері   жазыла   береді:  көкқұтан  (көк//құ-тан),  Аққұдық  (Ақ//құ-дық),

қыстыгүні (қысты//гү-ні), мал-мүлік (мал//мү-лік), күп-күрең (күп//кү-рең).

§  5. Ы, і  әріптері сөздің барлық  буындарында жазылады:  ыс, ыстық,

ыдырау, қыдырыс, қыртыс, торы, іс, кіріс, ірі, кідіріс.

Үш  буынды  сөздердің   ортасында   дүдәмалдау   естілетін   қысаң  ы,  і

дыбыстардың әріптері көбінесе түсірілмей жазылады: абырой, адыраспан,

адыраю, ажырау, азына, айырым, ақымақ, аңызақ, аңырау, атырап, атырау,

әсіресе,   бадырақ   (көз),   бадыраю,   бытыра,   дәрігер,   едірею,   ежірею,   елегізу,

жадырау,   жайылым,   жапырақ,   жауырын,   жұдырық,   көбінесе,   көкірек,

қабілет,   қағілез,   қазына,   қапырық,   қасірет,   қатынас,   қоңырау,   құбылыс,

құдірет,   құжынау,  құмыра,   құрылыс,   мағына,   маңырау,  мәжіліс,   мәлімет,

мәміле,   мейірім,   меңіреу,   мөңіреу,   омырау,   өкімет,   саңырау,   сүмірею,

тамызық, тебірену, тоқырау, топырақ, төңірек, ұмыту,  ұмытылу  (“естен

шығу”   мағынасында),  үзіліс,   үкімет,   шекірею,   шұғыла,   ыдырау,   ықылас,

ысырап.

Е с к е р т у. Мына сияқты сөздердің ортасында ы, і әріптері жазылмайды: баурай, баурау,

лоблу,   мәжнүн,   малғұн,  медресе,  сахна,   яғни  (бұлардың   жазылуы   емле   сөздігі  бойынша

реттеледі).

Кейбір сөздердің соңғы буындарындағы  ы, і  дыбыстары сол сөздерге

белгілі  бір қосымшалар  жалғанғанда,  айтылуы  да,  жазуда  да  сусып  түсіп

қалады. Мысалы: орын + а – орна /ды/, ойын + а – ойна/ды/ (бірақ ойын +

ым – ойыным, ойын + ы – ойыны), бұйырық – бұйрық, жиын + а + лыс –

жиналыс, қорықыт – қорқыту, қорық + а + атын – қорқатын, үрік +ек –

үркек, ауру + у (адам) (бірақ етістік ауыру), ерін + еу – ернеу, қырық + ыншы

– қырқыншы, айыр + ық + ша (айрықша.

Е с ке рт у л е р .  1. Айыр-, қайыр-, майыр-, шойыр-, үйір-, шүйір- сияқты етістік түбірлеріне

етіс   жұрнақтары  (-ыс, -ыл  т.б.)  жалғанғанда  й-ден   кейінгі  ы,   і  әріптері   түсірілмей   сақталып

жазылады: айырылу, айырысу, қайырылу, қайырысу, үйірілу, шүйірілу.

2.  Соңғы   буынындағы  ы,   і  әріптерін   түсіріп  не  түсірмей   жазу   бірқатар   сөздердің

мағынасын айыру үшін пайдаланылады.  Мысалы:  ауыру  

  етістік  (көп ауыруға болмас)  және



ауру – зат есім (Ауру адам жазылып келеді; Ауруды асқындырмау керек); ұмтылу – талпыну және

ұмытылу – естен шығу.

Соңғы   буындарында  ы,   і  дыбыстары   бар  сөздерді   тәуелдегенде,

көбінесе соңғы буындарындағы ы, і әріптері сақталып жазылады: киі

М

 + і

– киімі, бауыр  +  ы – бауыры, бақыт + ы – бақыты, бұйым  +  ы – бұйымы,

дәуір  +  і – дәуірі, пейіл  +  і – пейілі, рақым + ы  –  рақымы, уақыт + ы –

уақыты, уыт +ы – уыты, ырыс  +  ы – ырысы, иіс + і – иісі, ғылым  +  ы –

ғылымы.

Е  с к  е р т у.  Тәуелдегенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін сөздерде  ы, і

әріптері   түсірілмейді:  көрік  +  і – (ұстаның) көрігі, білік  +  і – (арбаның) білігі, Халық + ы –



(Мұсабайдың) Халығы. Бірақ бұған қарап кез келген сөзге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, соңғы

буынындағы ы, і дыбыстарын сақтап жаза беруге болмайды. Мына сияқты сөздерді, яғни соңғы

буынындағы қысаң ы, і дыбыстары үнді (сонор) дыбыс пен қатаң дыбыстың ортасында келген

сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар сусып түсіп қалады және түсіріліп жазылады: бөрік +і –



бөркі, көрік + і – көркі (“ажар, келбет” мағынасында), мойын + ы – мойны, мұрын + ы – мұрны,

халық + ы – халқы, ерік + і – еркі, әріп + і – әрпі т.т.

Ы, і  дыбыстарына аяқталатын сөздерге дауысты дыбыстан басталған

қосымша жалғанғанда,  ы, і  әріптері түсіріліп  жазылады.  Мысалы:  алты  +



ау – алтау, жеті + еу – жетеу, екі + еу – екеу.

Ы, і дыбыстарына аяқталатын етістіктерге  жұрнағы жалғанғанда, ы,

і әріптері түсіріліп жазылады: оқы + у – оқу, тоқы + у – тоқу, кемі + у – кему,

жібі + у – жібу, иі + у – ию, кейі + у – кею.

Л, р  дыбыстарынан басталып, одан кейін  а, ә, е, у, ұ,  и  дыбыстары

келетін түбір сөздердің басында  ы, і  әріптері жазылмайды:  лаж, лайық,

лас,  лай, лайсаң,  лақ,  леген,  рай, рас,  лауазым, лашын, лашық, лақа (балық),

лақап, лезде, леп, лепіру, лоблу, рақат, рақым, рет, ренжу, рең, реңк, ру, рух,

рухани, рұқсат, риза, рия, ризық, рәсуа.

Л,  р  дыбыстарынан басталып,  одан кейін қысаң  ы, і дыбыстары  келетін

сөздердің басында (л, р  әріптерінен бұрын)  ы, і  әріптері жазылады:  ырыс,



ырым, ырық, ырылдау, іріту, ілігу.

Сөз  р  немесе  л  дыбыстары  мен  қатаң   дауыссызға   аяқталып,   шұғыл

айтылатын жағдайда бұлардың арасына ы, і әріптері жазылмайды. Мысалы:

ұлт, жұрт, кілт, бұлт,  қарт,  төрт, құрт, күрт, жалт-жұлт, тарс-тұрс,

бырт-бырт, жарқ-жұрқ, салт, қалт (етті).

Е  с к  е р т у.  Шұғыл айтылмайтын соңғы сонор мен қатаң дауыссыздың арасына  ы, і

қойылып жазылады: жарық (сәуле), қарыс (бір қарыс сақалы бар), қарыт (аязға бетін қарытып

алды), тұрыс (бұл тұрысың маған ұнамайды).

§   6.  Ë,   э  әріптері   орыс   тілінен   енген   сөздерде   ғана  жазылады:

пулемëт, Пëтр, Семëн, этажерка, эпос, поэма, эволюция, экономия.

§  7.  Я,   ю  әріптері   қазақ   сөздерінде  й  +  а,   й  +  у  қосар  дыбыстарын

таңбалап,  дауысты  әріптен кейін ғана  (я  әрпі бірен-саран қазақ сөздерінің

басында   да)   жазылады:  аю  (айу),  үю  (үйу),  қою  (қойу),  аян  (айан),  қоян

(қойан), баяндауыш (байандауыш), яғни, яки, япырмай.

Бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерде қосар йа, йу дыбыстарының да



(каюта, маяк), жалаң а, у дыбыстарынын да таңбасы ретінде қолданылады.

Соңғы   жағдайда   дауыссыз   дыбыстан   кейін   келеді   де,   оны   жіңішкертіп

тұрады: октябрь – окт’абрь, поляр – пол’ар, бюджет – б’уджет, бюллетень

 б’уллетень, полюс – пол’ус.

И  дыбысына  біткен етістіктер  мен  сый, тый  деген  етістіктерге  -у, -а

жұрнақтары   жалғанғанда,  олар  ю,  я  болып   жазылады  (сый,   тый  деген

сөздерде й әрпі түсіп қалады): қи + у – қию, қи + а – қия, ки +у – кию, и + у –

ию, сый  +  у – сыю, сый + а + ды  –  сыяды, тый  +  у  –  тыю, тый  +  ады –

тыяды.

Ю  әрпіне   аяқталатын  сөздерге   дауыстыдан  басталған   қосымша

жалғанғанда,  ю  таңбасы сақталады  да,  үш  дауысты  әріп қатар  жазылады:



баю +  ы – баюы (Біз ауылдың баюын әнгімеледік); кею  +  і  –  кеюі (Ол кеюін

койды).


Е с к е р т у. Мына сөздерде қатар келген йу әріптерінің орнына ю әрпі жазылмайды, сол

таңбаларының өзі сақталады: айуан, хайуан, бейуақ, кейуана.

§ 8. У әрпі үш түрлі қызмет атқарады: 1) жуан айтылатын ұу дауысты

дыбысын таңбалайды: су (сұу), суық (сұуық), туыс (тұуыс), бару (барұу), жу

(жұу),  жуық  (жұуық);   2)   жіңішке  айтылатын  үу  дауысты   дыбысын

таңбалайды:  гу  (гүу),  гуледі  (гүуледі),  келу  (келүу),  жүру  (жүрүу);   3)   сөз

басында дауысты дыбыстан бұрын тұрса (уақ, уыс, уақиға, уылдырық, уілдеу)

және   сөз   ішінде  дауысты   дыбыстан  кейін  не  екі   дауыстының   арасында

тұрса, у әрпі үнді (сонор) дауыссыз дыбыстың таңбасы болады да, жеке бір

өзі буын жасай алмайды. Мысалы: уа-қыт, уыл-ды-рық, уыс (у-ыс емес), тау



(та-у  емес),  қашау   (қа-ша-у  емес),  та-уық   (та-у-ық  емес),  тыр-на-   уыш

(тыр-на-у-ыш емес).

Е с к е р т у л е р . 1 .   И,  й-лерден  кейін   тұрған  у  дыбысы  үнді  (сонор)  дауыссыз   дыбыс

болады да, өз алдына буын құрай алмайды: ай-уан (ай- у-ан емес), бей-уақ (бей-у-ақ емес), кей-уа-

на (кей-у-а-на емес), ми-уа (ми-у-а емес).

2. Екі дауыстының ортасында келген у дыбысы сөзді буындағанда, соңындағы дауыстымен

бірігіп, келесі буынның басқы  дыбысы болады:  та-уық, (тау-ық емес),  жа-уын (жау-ын емес),

та-ра-уы (тар-ау-ы емес), ба-ян-да-уыш (ба-ян-дау-ыш емес).

3.  Түу  алыста,  түу  баста  деген тіркестердегі  түу  сөзі жөне  түуһ  одағайы,  шүу  дегенде,



айт-шүу, шүу-шүулеу тіркестеріндегі шүу сөзінде жіңішке у дыбысы үу арқылы таңбаланады. У

дыбысына аяқталатын етістіктерге  жұрнағы жалғанғанда, екі уу әрпі қатар жазылады: (жүкті)



бу + у – буу, (қоянды) қуу, (сиырды) сауу. Бұларға дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда,

үш  дауысты әріп қатар жазылады:  Ол сиырды саууын (сау + у + ы + н)  тоқтатты. Біз қоянды



қууын (қу + у + ы + н) қуып едік, – жете алмадық. 

§  9.  И  әрпі   жалаң  и  дыбысын   және   қосарлы  ый,   ій  дыбыстарын

таңбалайды да, сөздің барлық буынында жазыла береді: ине, имек, иіс, Иса,

Иманбай, иық, бидай, тиын, тиін, қиын, киін, сирақ, сирек, жиналыс, тарихи,

саяси, яғни, ылғи, қағида, ақиқат, Қани, Ғали, Сағира, Қалима, кино, комиссия.

Я,   ю  қосар   дыбыстарының   алдынан   естілетін  ы,   і  дыбыстары  да  и

әрпімен   таңбаланады:  тақия,   дүрия,   дария,   жария,   қария,   мия,   сия,   Әсия,

Ғалия, кию, жию, тию (үлестің тиюі).


Е  с к  е р т  у.  Тый-, сый-, сыйла-, сыйын-  деген етістіктер  мен  сый  деген есім сөз түбір

тұлғаларында да, оларға қосымша жалғанғанда да, ый әріптерімен жазылады: тыйым, тыйды,



тыяды, тыю, тыятын, тыяр, тыйған, тыйса, тыймақ; сыйымды, сыйғызу, сыяды, сыю, сыймақ,

сыйса, сыйғалы; сыйлау, сыйынатын, сыйынғыш; сыйлық, сый-сияпат т.т.

§  10.  Ы,  і  дыбыстарына   біткен   етістіктерге   көсемшенің  -й  жұрнағы

жалғанғанда, қосар -ый, ій әріптерінің орнына дара и әрпі жазылады: жібі +

й(ді)  –  жібиді, ері + й(ді) – ериді, йі  +  й(ді)  –  ииді, тасы + й(ды) – тасиды,

тоқы + й(ды) – тоқиды, оқы + й(ды) – оқиды.

И дыбысына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы -ю болып,

көсемшенің  жұрнағы  болып жалғанады: ки + у – кию, ти + у – тию, жи

+ у – жию, жи + а – жияды, қиу – қию, қи а(ды) – қияды.

§  11.   Йы,   йі  дыбыстарына  біткен   етістіктерге   көсемшенің  -й

жұрнағы   жалғанғанда,  ый,   ій  әріптерінің   орнына   жалғыз  и  әрпі

жазылады.   Мысалы:  байы   +   й   –   байи  (Біздің   ауыл   жылдан-жылға   байи

бермек),  байимын,   байисың,   байиды  (және   осылардың   көпше   түрлері),



байитын;   кейі+й   –   кейи  (Сен   оған   кейи   берме),  кейимін,   кейисің,   кейиді,

кейитін; ұйы + й(ды) – ұйиды (Сүт тез ұйиды), иі + й(ді) – ииді (Бұл сиыр тез

ииді).


2. КЕЙБІР ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

§ 12. Ф, х әріптері, көбінесе, орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа

тілдерден енген сөздер мен жалқы есімдерде, оның ішінде кісі аттарында

жазылады:  фабрика,   фонетика,   шкаф,   шеф,   химия,   хлор,   техника,   цех,



Фәтима, Фазыл, Фәрида, Хамит, Халел, Райхан, Мұхтар, Ахмет.

X  әрпі  араб-парсы  тілдерінен  енген  бірқатар   сөздерде  де   жазылады:

халық, хат, хал, хан, ханзада, хас (“тән” деген мағынада), хош (иісті), мұхит,

сахна, тарих, рухани, -хана (асхана).

§  13. В, ч, ц  әріптері  орыс  тілінен енген және орыс  тілі арқылы енген

сөздерде ғана жазылады: вагон, велосипед, вокзал, аквариум, цирк, чек, очерк,

диспетчер.

-ов, -ев, -ова, -ева  жұрнақтарымен жасалған  қазақ  фамилияларында  в

әрпі жазылады: Асанов, Асанова, Бәйішев, Бәйішева.

§  14. Щ  әрпі  орыс  тілінен  енген жалпы  және жалқы есімдерде, қазақ

тілінің  ащы, тұщы, кеще  деген түбір сөздерінде ғана  жазылады:  училище,



Щорс, Щедрин.

Е с к е р т у л е р .   1.  Түбір   сөз  ш  дыбысына  аяқталып,   оған  ш  дыбысынан  басталған

қосымша жалғанғанда, қос  шш әрпі жазылады (щ әрпі жазылмайды): аш +шы – ашшы (Есікті

ашшы), іш+ші – ішші (Шай ішші).

Түбір   сөз  с,  з  дыбыстарына   аяқталып,   оған  ш  дыбысынан  басталған  қосымша

жалғанғанда, қос шш дыбысы естілгенімен (айтылғанымен), сөз бөлшектерінің түбірі сақталып

жазылады: сөз + шең – сөзшең (айтылуы – сөщең), бас + шы – басшы (айтылуы – бащы), қос +



шы – қосшы (Үлесіңді маған қосшы).

§  15.  Б,  в,  г, д  дыбыстарына,  негізінен, орыс тілінен енген және орыс

тілі арқылы енген сөздер аяқталады:  клуб, штаб,  автив,  штатив, педагог,



монолог, округ, отряд, парад. Араб, жад деген бірен-саран кірме сөздер де б,

д дыбыстарына аяқталады.

§  16. ь, ъ  белгілері  орыс  тілінен  енген және орыс  тілі арқылы  енген

сөздерде  ғана  жазылады:  асфальт,   вольт,   руль,   премьер,   батальон,   съезд,



разъезд, объект, субъект.

§ 17. һ әрпі естілген жерінде жазыла береді: каһар, каһарлы, қаһарман,



гауһар, жиһан, баһра, Жауһар, Маһида, Маһинұр, аһ, уһ, еһе, аһа, аһлады,

уһледі. Һ әрпі жазылатын сөздер қазақ тілінде аса көп емес, олар, негізінен,

араб, парсы тілдерінен енген сөздер мен одағайлардың ішінде кездеседі.



§  18. Ғ  әрпі сөздің басында  және ортасында ғана  жазылады:  ғылым,

ғана, ғалам, жаға, шағала, жаңғалақ, жалығу, жалығады, ғалаға, қазға.

§ 19. Й әрпі ы, і әріптерінен басқа (сый, тый деген сөздерді қоспағанда)

дауысты дыбыс әріптерінен кейін ғана қолданылады: ай, ей, мерей, ойпаң, үй,

әйнек, ұйқас.  Орыс  тілінен  енген  сөздерде  және  өзге  жұрттың  жер-су, ел-

халық   аттарында  й  әрпі   сөз  басында   да   жазылады:  йод,   йот,   йог,



йемендіктер,  Йошкар-Ола,   Нью-Йорк.  Й  әрпі   қазақ   сөздерінде   толық  и

әрпінен кейін жазылмайды: ине (ийне емес), би (бий емес), киім (кийім емес).

Орыс   тілінен   енген   сөздерде  ий  әріптер   тіркесі   жазыла   береді:  калий,

кальций, санаторий, планетарий, сценарий, Максим Горький, Сергеев-Ценский

3. ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ

§  20.  Көп буынды  тубір сөздер, көбінесе, бірыңғай жуан  не  жіңішке

болып  келеді:  бала,  жылқы,   табан,   тұрмыс,   өмір,   терезе,   тебен,   қыдыр,

кідір(у). Мұндайда сөз бірыңғай  жуан не бірыңғай жіңішке дауысты  дыбыс

әріптерімен жазылады.

Көп буынды түбір сөздер аралас (жуан және жіңішке) буынды болып та

келеді,   мұндайда   бір   сөз   ішінде   жуан-жіңішке   дыбыс   әріптері   жазыла

береді:  қызмет,   мұғалім,   кітап,   қадір,   тарих.  Аралас  буынды  сөздер,

негізінен, араб-парсы тілдерінен енгендер.



§ 21. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген және көбінесе термин

болып  келетін   сөздердің   басым   көпшілігі   орыс   орфографиясы   бойынша

жазылады:  алюминий,   антоним,   аудитория,   бухгалтер,   повесть,   гарнизон,

гастроль,   генерал,   геофизика,   коммутатор,   конгресс,   контейнер,   плацдарм,

плацкарт, термометр, террор, фракция, фрегат, хром, хронограф, цемент,

цифр т.т.

§   22.  Орыс  тілінен  енген  сөздердің   ішінде  дыбысталуы  өзгеріп

қалыптасқан бірқатар сөздер сол өзгерген күйінде жазылады. Олардың дені

–   қазақ   тіліне   ертеректе   ауызша   сөйлеу   тілі   арқылы   енген   сөздер.   Бұл

сөздер, негізінен, тұрмыстық зат, бұйым атаулары мен әкімшілік, сот, сауда,

шаруашылық   салаларына   қатысты   атаулар  болып  келеді:  әшмүңке

(восьмушка),  барқыт,   бәтеңке,  бәтес,  божы  (вожжи),  бөкебай  (пуховый),

бөрене  (бревно),  бөшке,   жәшік,   кәзекей  (казакин),  көшір  (кучер),  калаш


(калач),  шөген  (чугун);  ауылнай,   болыс,   поштабай,  сот,  кәтелешке

(каталашка),  түрме, пәтерь  (квартира),  шіркеу  (церковь),  тауар, зауыт, кір

(гиря), келі (килә, кило емес, бірақ киловатт, киловольт, килограмм). Тұлғасы

өзгертіліп   жазылатын  орыс  сөздерін  емле  сөздіктерінен   қарап   білуге

болады.

Орыс   тілінен  келген  кірме   сөздердің   бірқатары   соңғы  дауысты  а



дыбысын түсіріп қалыптасқандықтан, сол ықшамдалған түрінде жазылады:

газет (газета  емес),  минут (минута  емес),  пар (пара емес),  секунд (секунда

емес),  гранат (граната  емес),  координат (координата  емес),  цифр (цифра

емес). Ал негізінен, а-ға аяқталатын кірме сөздер, әсіресе терминдер соңғы

дауысты   дыбысын  сақтап   қолданылады   және   солай  жазылады:  кассета



(кассет емес), кантата (кантат емес), тирада (тирад емес), капсула (капсул

емес), оптика (оптик емес) т.б. Бұлардың барлығының жазылуын сөздіктен

қарап алу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет