Қазақ тілінің анықТАҒышы


§ 93. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, жалпылауыш



Pdf көрінісі
бет8/47
Дата28.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#663
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
§ 93. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, жалпылауыш

сөзден   бұрын   сызықша   қойылады.   Бірыңғай   мүшелерден   кейін

жалпылауыш   сөз  болып   келетіндер,  көбінесе,   бәрі,   барлығы,   баршасы,

күллісі, бірі деген есімдіктер және сан есім аралас басқа есімдер болады:

Ортасында  Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік,  Майбасар –

бәрі  бар  (М.Әуезов).  Жылаған Тоғжан,  жылаған Бөжей  қыздары,  барлық

қаралы   көш...   қаралы   киім,   тұл  ат  –  баршасы  осы  барлық  қауымның

қайғысын  да  Абайға   өзгеше   терең   түсіндірді  (М.Әуезов).  Жандармдар

қораны,  шардақты  –  бірін  қоймай   тінте  бастады  (М.Горький).  Алма,

Жанат – екі қыз бір анадан туғандай, бір қалыптан шыққандай, бір ауылда

ер жетті (Ғ.Мұстафин). Көбі шалдар, өзгелері жастар – он шақты адам

қатарласа сөйледі (Ғ.Мүсірепов).

Жинақтаушы мәнде қолданылған кейбір зат есімдер де, оның ішінде

мөлшерлі сан есіммен келгендері де жалпылауыш сөз бола алады:

Екі   ақсақ,   бір   жел   аяқ   –  үш   боздақ  енді   базарға  қарай   бет  алдық

(Ғ.Мүсірепов).

Е  с   к  е  р  т  у.  Жалпылау  сан   есімдерінен   болған  жалпылауыш  сөзден  бұрын  сызықша

қоймаса  да   болады:  Ішінде   отырған   Мәкіш,   Салтанат,   Ербол   үшеуі   Абайға   қарсы   қуана

ұмтылысты. Мәкіш, Ербол екеуі Абаймен құшақтасып амандасты (М.Әуезов).

§ 94. Бірыңғай мүшелер мен олардан кейін келетін жалпылауыш сөздің

арасында   қыстырма   сөз  (не  қыстырма   тіркестер   мен   сөйлем)   тұрса,

қыстырма сөзден бұрын сызықша, соңынан үтір қойылады. Мысалы:



Электр  станциясының салынып біткен мерекесіне арналған  митингіге

жас та,  кәрі де, оқушылар  да, бөбектер де – қысқасы,  ауыл адамдарының

бәрі тегіс келді.

§  95.  Бірыңғай мүшелерден бұрын тұрған  жалпылауыш  сөзден кейін



мысалы,   атап   айтқанда  деген   сөздер   келсе,  олардың  алдарынан  үтір,

соңынан қос нүкте қойылады. Мысалы:



Бірсыпыра   ірі   өзендеріміз,  мысалы:  Лена,   Обе,   Енисей   –  Солтүстік

мұзды   мұхитқа   құяды.   Адам   баласының   тамаша   қасиеттері,  атап

айтқанда: табандылық, ерлік, қайсарлық – оның бойынан табылады.

§  96.  Көбінесе   бірыңғай   мүшелерден   кейін   келетін  тағы басқалары,



тағысын   тағылар,   тағы   сондайлар  деген   сөздердің   толық  не  қысқарған

түрлері келсе, бұлардан бұрын, яғни бұлардың алдынан үтір қойылмайды,

өйткені   бұл   жердегі   “тағы”   сөзі  және  деген   жалғаулықтың   қызметін

атқарады. Мысалы:



В.В.Радлов, Н.Ф.Катанов, С.Е.Малов, Н.А.Баскаков т.б. ғалымдар түркі

тілдерін   топтауда   құнды   еңбектер   берді  (К.Аханов).  Мыналар  элемент

болады: оттегі, темір, күкірт, сынап, цинк, мыс т.т.

8. ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

§  97.  Бір   мезгілде  немесе  бір-біріне   ұласа   болған   істі   білдіретін,

салаласа құрмаласқан жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады:



Итбай  мен Горбунов  дойбы ойнап отыр еді, терезеден айғай шықты

(С.Мұқанов).  Қартайдық,   қайғы   ойладық,   ұлғайды   арман  (Абай).  Кенет

Сережка Валяның қолынан ұстай алды, екеуі үйдің жарына жабысып тұра

қалды (А.Фадеев). Осы минутта қайнаған самауыр көтеріп қожайын кірді,

мен бастаушымызды шайға шақырдым, мужик төмен түсті (А.С.Пушкин).

Тас  еді, шаң еді, азап еді, кір еді, енді, міне, мыс болып жүріп кетті, күміс

болып кейін оралады (Ғ. Мүсірепов).

§  98.  Мағына   жағынан   іліктес   болғанмен,   азды-көпті   бөлектеніп

тұратын, көбінесе өз ішінде үтірлері бар жай сөйлемдердің арасына нүктелі

үтір қойылады. Мысалы:



Сүйінбай:   “Кедей   жұртының   тілін   жақсы   ұғын;   өзіңнің   әдемі

жырыңмен тек халқыңа ғана қызмет ет; шыңырау құдықтың терең түбінен

су   алғандай,   жырыңды   жүрегіңнің   терең   қойнауынан   шығар!”   –  деді

(Жамбыл).

Қазақстан өлкесі

Нелер зауыт салынған;

Неше жылғы көмбенің

Тыныштығы алынған;

Байлығы теуіп сыртына

Жондарынан жарылған;

Отан үшін кажеттің

Бар керегі табылған (Н.Байғанин).

§  99.  Жалғаулықсыз   салаласқан   жай   сөйлемдер   бір-біріне   түсінік

болып,   яғни   соңғысы  не  соңғылары  алдыңғы  сөйлемнің  мазмұнын  ашып

тұрса, араларына қос нүкте қойылады. Мысалы:



Аюлар үйде жоқ: олар орман ішіне серуенге кеткен еді.

Қос   нүкте   түсіндіріліп   тұрған   сөйлем   мен   түсінік   болып   тұрған

сөйлемдердің арасына қойылады, ал түсінік болып тұрған сөйлемдердің өзі

бірнеше   жай   сөйлем   болуы   мүмкін,   онда   олардың  араларына  үтір

қойылады. Мысалы:

Құттыбай ауылы күздікке екі жарылып қонды: төрт-бес үй Алтаймен

бір   бөлек,   бес-алты   үй   Асанмен   бір   бөлек.   Ағайынды   бұл   үшеуінің   жас

мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма

төртте, Кенжетай жиырма екіде. Мінезі де денесіне ұқсас: орнығып отыра

да  алмайтын,   ұқыптап   іс  те  істей   алмайтын   сабырсыз,   қайғыға  да,

куанышқа да шыдай алмайтын күйгелек, жоққа шытырлай қалатын тығыз,

өзінен басқаның ісін ұнатпайтын кінәмшыл, басқаға жақсылық қылмайтын

қызғаншақ (С.Мұқанов).

§  100.  Құрмаласқа   енген   жай   сөйлемдерді   байланыстырып   тұратын

бірақ,   сонда   да,   алайда,   сондықтан,   дегенмен  сияқты   жалғаулықтар   түсіп

қалып айтылғанда, олардың орнына үтір мен сызықша қойылады:



Үйде шешен, – дауда жоқ  (Мақал).  Тұрайын деп еді,  –  тұра алмады.

Есіктің киізін олай итерем, бұлай итерем, – ашылмайды  (С.Мұқанов).  Аяп

келдім, – айта алмадым  (Ғ.Мүсірепов).  Елге мойнымды созам, – көрінбейді.

Манайға мойнымды созам, – дәнеңе жоқ (С.Мұқанов). Біз Алатаудай ел едік,

– теңемек болды ойға жау  (Жамбыл).  Аяғы жоқ, – жүреді, аузы жок, –

сөйлейді (Жұмбақ).

§  101.  Өйткені,   себебі  сияқты   жалғаулықтар   түсіп   қалып   жасалған

салаластарда жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады. Мысалы:

Мен  жиналып үлгеретін болдым: пойыз кешке жүреді екен. Салған әні

жан-дүниемізді балқытты: даусы аса әсем екен.

§  102.  Салаласқа   енген   жай   сөйлемдегі   іс   шұғыл  болса,   немесе

біріндегі   іске   екіншісіндегі   қарама-қарсы   қойылып  айтылса,  араларына

сызықша қойылады. Мысалы:



Тептім – терекке шықтым (Жұмбақ).

Толқып теңіз бір уақытта

Сарқырап кеп шайқалды ол -

Қалып қойды жағада сол

Отыз үш ер кіл каһарман (А.С.Пушкин).

Ти десем – тимейді, тиме десем – тиеді  (Жұмбақ).  Айтты – көндім,

алды – бердім, енді өкіндім, өзіме аз (Абай).

§  103.  Да (де, та, те), әрі, не, немесе, яки, біресе, бірде  жалғаулықтары

салаласқа   енген   жай   сөйлемдердің   әрқайсысында   қайталап   келсе   де,

қайталамай келсе де, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы:



Біз Балқашқа баратын поезды күттік  те,  ол Петропавл поезымен  со

күні   кешке   Алматыға   аттанды  (М.Иманжанов).  Күн  де  шықты,   біз  де

тұрдық. Біресе себелеп жаңбыр жауады, біресе қиыршақтап қар жауады.

§ 104. Салаласқа енген жай сөйлемдердің арасында және жалғаулығы

тұрса, үтір қойылмайды. Мысалы:

Үйге   берілетін   тапсырмаларды   оқушылар   өз   беттерімен   орындай

алатын болсын және ол жаттығулар үлкен болмасын. Бұл биенің құлыны да

өзіне тартқан бурыл болады және бұл бие ерте құлындайды (С.Мұқанов).

§  105.  Салаласқа   енген   жай   сөйлемдер  бірақ,   өйткені,   сондықтан,



дегендей,   алайда,   әйтсе   де,   ал  деген   жалғаулықтармен   байланысса,   үтір

олардан бұрын қойылады:



Жарты сағаттан кейін атқа қондым,  ал  Савельич  қала  адамдарының

бірі   тегін   берген   көтерем   ақсағына   мінді  (А.С.Пушкин).  Жұрт  Павелді

қоршап  тоқтай   қалды,  бірақ  ол   алға   жарып   шықты  (М.   Горький).  Күн

бұлттанып-ақ тұр еді, алайда жауа қоймады.

Бірақ,   өйткені,   сондықтан,   дегенмен,   алайда,   әйтсе   де,   ал  деген

жалғаулықтар   жеке   сөйлемнің  басында   келсе,  олардан   соң   үтір

қойылмайды.   Кейде  бірақ,   дегенмен,   алайда  жалғаулықтары  жеке   жай

сөйлемнің   ортасында   келулері   мүмкін.   Онда  да  алды-артынан   үтір

қойылмайды. Мысалы:


Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Бірақ жатқан қалпынан тырп етіп

қозғалған   жоқ  (С.Мұқанов).  Сондықтан  да  соңғы   бір-екі   күн   бойында

Татьянаны ақын өз елінің тілімен сөйлете бастап еді  (М.Әуезов).  Анық-ақ

көрген кісім.  Ал  сонда қайда көрдім. Сүйген қызымды қолтықтап, мен өз

елімнің кең көшесінде аяғымды алшақ басамын. Алайда айналамда не болып

жатқанына   көзімді   жұма   қарайтын   парықсыз,   тоғышар   жан  мен  емес

(М.Иманжанов).



Е с к е р т у. Ал, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, сондықтан деген жалғаулықтар сөйлем

басында келіп, олардан кейін оқшау сөздердің бірі тұрса, жалғаулықтардан сон үтір қойылады.

Бірақ ол жалғаулыққа  байланысты  қойылған үтір болмайды, оқшау сөздің алдынан қойылған

үтір  болады. Мысалы:  Бірақ, шынында,  олай емес-ті, Сережка адастырмайтын  (А.Фадеев).



Ал, шырақ, әңгімеңді айта бер. Дегенмен, сайып келгенде, еңбек адамымен ұғысу да, достасу

да,сырласу да оңай орайласатыны анық (М.Иманжанов).

Ал,  бірақ,  дегенмен, алайда  жалғаулықтары қатар  келгенде,  өз араларына үтір  қойылады:

Ал,  бірақ  “білімсізбін”  деп   өзіңізді   өзіңіз   әдейілеп   кемітуіңізге   жол  болсын  (М.Иманжанов).

Бірақ, дегенмен өзі қорықпайтын бала екен. Ал, дегенмен әңгімеңді айтып көр.

§  106.  Құрмаласқа енген алғашқы екі-үш  немесе одан да  көп сұраулы

сөйлемдердің арасына сұрау белгісі емес, үтір қойылады.

Қарт   үнсіз   тұрып   қалған   екі   жас   сөйлессін   деді   ме   әлде   жылқыны

аралап қайтқысы келді ме, Борашқа иығын көтерді де, ылдиға қарай жорта

жөнелді  (М.Иманжанов).  Сам  жамырай бастағаны ма, жоқ, батар күннің

жауын   бұлты  арқылы  себездегені   ме,   әйтеуір,   батыс   жақта,   көкжиек

үстінде сарғыш мұнар сәуле бар (М.Әуезов).

§ 107. Сабақтаса құрмаласқан жай сөйлемдердің араларына, негізінен,

үтір қойылады. Мысалы:

Сол   жылы  Есіл  мол   тасып,   жаз  жаңбыр  да   жауып,  егін  мен   шөп

тамаша   көп   шықты.   Ойы  ұнамды  шыққасын,  Ботагөз  куанып  кетті.

(С.Мұқанов).  Білсең,  отыр  (Ғ.Мүсірепов).  Баймағамбет   тұрып   есікті



ашқанда,   ар   жағында   тыстан   қайтып   келе   жатқан   Әйгерім   көрінді

(М.Әуезов).  Жердің   үстіндегі   Ер   Төстік   жердің   астына   түсті   дегенге,



соның жолдасы болайын  деп,  жолын тосып жүрген адаммын  (“Ер Төстік”

ертегісінен).

Әдетте шартты бағыныңқылы сабақтастың жай сөйлемдерінің арасына

үтір   қойылады.  Ал  баяндауышы  шартты  райдан   жасалған   бағыныңқы

сөйлемге  ерекше  мән   беріле  айтылса,   немесе  басыңқыдағы   іс   шұғыл,

күтпеген уақиғаны білдірсе, сызықша қоюға болады:



Ұрса – құлашы, сыбанса – білегі, ашылса – жүрегі, түйсе – жұдырығы

көз  тойдырады  (Ғ.Мүсірепов).  Бұл  сөйлем – төрт  сабақтастан құралған

құрмалас.   Әр   сабақтастың   өзі   толымсыз   бір   бағыныңқылы,   бір

басыңқыдан құралған. Ол ұрса – құлашы көз тойдырады, ол сыбанса – білегі

көз  тойдырады...Тағы   бір   мысал:  Көзімнің   оты   жарқ   ете   қап,   дуылдай

жөнелген   мұрнымды   алақаныммен   тоса   қойып   ем,   жып-жылы   бірдеме

сорғалай жөнелді, байқасам – шұбырған қан! (С.Мұқанов).

§  108.  Бағыныңқы  сөйлем  басыңқының   ортасында   келсе,   үтір   екі

жағынан қойылады. Мысалы:

Абай, Әбдірахман атқа мінетін болған кездеүйден бірге ере шықты.


Оспан, Жиренше қой деген сайын, сақ-сақ күліп, иттерін өшіктірді. Ол бұл

жерге, Абайды керек еткен адвокат келсе, не тергеуші начальник келсе

ғана, кіретін (М.Әуезов). Көңіліңсуын ішсең, ашылады (Ы.Алтынсарин).

§  109.  Бастауыш  екі   жай   сөйлемге   ортақ   болса,   ол   қайсысымен

айтылып   тұрса,   сонысына   қатыстырылады:  Абай  Қарқаралыдан   қайтқан

соң, атқа мініп ел аралаған жоқ (М.Әуезов). Немесе: Қарқаралыдан қайтқан

соң,  Абай  атқа мініп ел аралаған жоқ.  Ал  осы сөйлемнің тыныс белгісін:

Абай, Қарқаралыдан қайтқан соң, атқа мініп ел аралаған жоқ деп қою дұрыс

емес.


§ 110. Тұлғасы жағынан бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышына ұқсас

болып келетін сөздері бар сөйлемнің бәрі бірдей құрмалас бола бермейді.

Сондықтан ондай сөйлемдердің тыныс белгісін құрмаласпен шатастыруға

болмайды. Олар:

1.  Болса  деген   сөзбен  келетін   күрделі  бастауышты   немесе  күрделі

анықтауышты  сөйлемдер.  Мұндайда  болса  деген   сөз  алдындағы   сөздің

мағынасын  баса,   айырып   атау  үшін   қолданылады  және   оны   алып

тастағаннан  сөйлем  мағынасы   ақсамайды.  Демек,  мұндай   күрделі

мүшелерден кейін үтір қойылмайды. Мысалы:

Ал Әмір болса сол балалар ішіндегі әнші, өнерлісі боп келеді (М.Әуезов).

Мұнда Әмір болса деген тіркес – күрделі бастауыш. Бұл сөйлемді: Ал Әмір



сол   балалар   ішіндегі   әнші,   өнерлісі   боп   келеді  деп,  болса  сөзін   түсіріп

айтқаннан  сөйлем  мазмұны өзгермейді.  Менің болса  мұршам жоқ  –  Менің



мұршам жоқ.  Бұл сөйлемде  менің болса тіркесі – күрделі анықтауыш.  Жол

болса  жалғыз аяқ. –  Жол жалғыз аяқ.  Мұнда  жол болса  сөздері – күрделі

бастауыш.   Осы  мысалдарды   бағыныңқысының   баяндауышы  болса  деген

сөзбен келген мына құрмаластармен салыстырыңыз:

Той   болса,  тон киелік, жүр, баралық  (Абай).  Мұнда  той болса  деген

сөздер   –   өз   алдына  бағыныңқы  сөйлем:  той  –   бастауышы,  болса   –

баяндауышы.  Сондықтан бағыныңқы  сөйлемнен сон  үтір қойылады.  Ауру

адамдар   болса,  дәрігер   күн-түн   демей   емдеп,   әбден   жазылғанша   дамыл



көрмейтін.  Мұнда  да  бірінші  сөйлем –  бағыныңқы:  адамдар – бастауышы,

болса – баяндауышы. Демек, бұл жерде үтір керек.

2. Болмаса деген шылаумен келген сөйлемдер. Оларды да баяндауышы



болмаса  деген   болымсыз  етістіктен   жасалған   бағыныңқы  сөйлемдермен

шатастырмау   керек.  Екі   бірыңғай   мүшенің  арасында   келген  болмаса

шылауы (немесе дегеннің синонимі) үтірмен ажыратылмайды:

Сен кітап болмаса газет оқи тұр – Сен кітап немесе газет оқи тұр. Ол

бүгін болмаса ертең келеді – Ол бүгін немесе ертең келеді. 

Болмаса  сөзі   бағыныңқының  баяндауышы   болып  келгенде,   оның

мағынасы  “жоқ  болса”   дегенді   білдіреді:  Сен,  кітап  болмаса,  газет  оқи

тұр.  Сен,  кітап   жоқ  болса,  газет  оқи тұр.  Лиризм  болмаса,  эпопея мен

драманың  прозалығы күшті  болар  еді  (В.Белинский) –  Лиризм  жоқ  болса,

эпопея мен драманың прозалығы күшті болар еді.

3.  Себеп-салдар  пысықтауыштар  мен   себеп-салдар  бағыныңқыларды

шатастырмау   керек.   Әр  сөйлемнің  өз   алдына   бастауыш,   баяндауыштары



жоқ болса, пысықтауыш болады да, үтір қойылмайды. Өз алдына бастауыш,

баяндауыштары   бар   болса,  құрмалас  сөйлем   болады   да,  үтірмен

ажыратылады. Мысалы:

Бөжей  көп   арбасқандықтан  Құнанбай   тәсілін   түкпірлей   танушы   еді

(М.Әуезов).  Машина  қатты   жүргендіктен,  біз жолдың жартысынан көбін



алдық. Бұл екі сөйлемнің алдыңғысында көп арбасқандықтан деген сөздер –

пысықтауыш, өйткені мұнда бір-ақ  бастауыш бар  (Бөжей),  баяндауышы –



танушы   еді.  Екінші  мысалда  қатты   жүргендіктен   –  бағыныңқының

баяндауышы,   бастауышы   –  машина,  басыңқының  баяндауышы   –  көбін



алдық, бастауышы – біз.

Мына сөйлемдерді салыстырыңыз:



Ол ұялғаннан қып-қызыл болып кетті. Ол ұялғандықтан, мен әрі қарай

үндемедім. Сенің келгеніңе қуанып қалдым ғой. Мәз болады болысың, арқаға

ұлық қаққанға (Абай).

4. Дегенде деген сөзбен келген күрделі мүшені баяндауышы сол сөзден

жасалатын   басыңқымен  шатастырмау   керек.  Күрделі   мүше   үтірмен

бөлінбейді. Мысалы:

Сен   дегенде  ойым  таза.  Бүлдірген  дегенде  Абай   да  елең   етіп

сұрастыра   бастап   еді  (М.Әуезов).   Бұларды   мына   құрмалас   сөйлеммен

салыстырыңыз: Командир: “Атыңдар!”– дегенде, біз де оқты жаудырдық.

5.   Тұлғасы   жағынан   құрмалас   сөйлемнің   бағыныңқысы   сияқты

мынадай   тұрақты   тіркестердің   соңынан  да,  өз   іштеріне   де   үтір

қойылмайды:  не болса да, қалай болса солай, бірде болмаса бірде, бір күні



болмаса бір күні.

Мысалы:  Бірақ   Дәркембайдың   бұл   үшін  неге   болса   да  іркілмей



басатыны Абайдың өзіне мәлім (М.Әуезов). Мен қайда болса сонда әлі күнге

дейін  басқа  біреудің құлшылығында жүрмін  (“Аяз би” ертегісінен).  Баласы

мен Андрейді бір күні болмаса бір күні тұтқын қып әкетулері мүмкін екенін

түсінген ана кейде осылай болса екен деп те тілейді (М.Горький).

6.  Тұлғасы жағынан бағыныңқы сөйлемге ұқсас  таң ата, таң сарғая,

күн шыға, ымырт үйіріле, қас қарая  деген  тіркестер  сөйлем  ішінде үтірмен

бөлінбейді,   өйткені   бұларды   өз   алдына   бағыныңқы  сөйлем  деп   санауға

болмайды;  бұлар  бастауыш,  баяндауышқа бөлінбейді  де  (не қарая?  немесе

қас қайтіп?  деп  сұрақ қоюға  болмайды),  тұтасымен  қашан?  деген сұраққа

жауап беретін күрделі мүше болады. Мысалы:



Таң   сарғая  қорғанның   артына   керуендер   жиналды  (Л.Толстой).  Біз

мұнда қас қарая келдік. Жастар ымырт үйіріле клубқа жинала бастады.

Бұларды мына құрмаластармен салыстырыңыз:  Март  туа,  біздің елдің



қысында   шуақты   күн  басталады  (С.Мұқанов).  Үлкендер   үйден  шыға,

жастар да жиналып қалды.

§  111.  Дауыс кідірісі бар жердің бәрі құрмалас  сөйлем бола  бермейді.

Мысалы,  алдында күрделі әрі жайылма және көбінесе  есімшемен бітетін

анықтауышы бар сөздерді айтқанда, дауыс кідіреді, бірақ үтір қойылмайды.

Мысалы:

Осындай   орасан   сұлу   табиғаттың   құшағында   туып,   балалығын


Шортандының   түпсіз   терең   көліне   сүңгумен,   меруерттей   құмына

аунаумен, текшелі тастарына өрмелеумен өткізген Асқар ер жеткен соң

туған   тауының   сұлулығымен   қанағаттанбайды  (С.Мұқанов).  Бұл

шақтарда   недәуір   қартайып   қалған   Ұлжан  баласының   жүзінен   көзін

алмай, көп карады  (М.Әуезов).  Кенжетай келді деп ойлаған Ботагөз  оны

қарсы алмақ боп үйден шықса, есік алдында Айбала жүр екен (С.Мұқанов).

Өлеңдерде, көбінесе, тармақтың соңы паузамен айтылады, бірақ тиісті

жерінде болмаса, тармақ (жол) сайын үтір қойыла бермейді. 

Мысалы:


Әп-сәтте оған әсем аққу

Тағы шашып бүрікті су (А.С.Пушкин).

Бар тәнін жұлдыз жапқан барқыт түнде

Комбайнға күзетші шалмен бірге

Далада отырдым мен. Құлағымды

Бірдей сап шал сөзіне, басқа үнге (С.Мұқанов)

§  112.  Тізбек  сонда,   соншалық,   сонша,   сондай,   сол,   мынау,   мынадай,



себебі деген сөздермен аяқталып, әрі қарай өз алдына сөйлем болып кетсе,

бұл сөздерден кейін қос нүкте қойылмай, сызықша қойылады. 

Мысалы:  Горькийдің данышпандығы сонда –  ол өз заманының негізгі

мақсатын,   міндетін   терең   және   толық   түсіне   білді.  Мақал-мәтелдердің

ықшам болатын себебі –  олар келелі ой, кең мазмұнды бір-ақ ауыз сөзбен



айтып, “тоқсан ауыз сөзді тобықтай түюі” керек. Қойнына салған хаттың

оған ыстықтығы сонша – төс қалтасында қағаз емес, тірі Дәулеттің соғып



тұрған жүрегі сияқты (С.Мұқанов).

9. ТӨЛ СӨЗДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

§  113.  Төл сөз  екі түрлі қолданылады: бірі – төл сөзді  мәтін ішінен

бөлмей,   абзацсыз   (жаңа   жолсыз)   қолдану,  екіншісі   –   төл   сөзді   абзацпен

бөліп тастау.

Бірінші   жағдайда   төл   сөз   тырнақшаға   алынады,   екіншіде   сызықша

арқылы жазылады:



Әкей   оқта-текте   иығын   қозғап   қалып,   күбірлеп   сөйлеп  те  қояды:

“Генерал-поручик!.. Ол менің ротамда сержант қана еді! Содан бері көп-

ақ өткені ме?..” (А.С.Пушкин).

– Асан үйінде екен, – деді біреу жүгіріп кеп.

– Қалима ше?

– О да үйінде (С.Мұқанов).

§  114.  Төл   сөз   бен  автор  сөзінің   орналасу   тәртібіне   қарай   тыныс

белгілері былайша қойылады:

1.  Әуелі  төл сөз,  одан кейін  автор  сөзі  келгенде, төл сөз  екі жағынан

тырнақшаға алынады да автор сөзінен бұрын, төл сөз болып тұрған сөйлем



хабарлы болса, үтір мен сызықша; лепті болса, леп белгісі мен сызықша;

сұраулы болса, сұрау белгісі мен сызықша қойылады. Сондай-ақ көп нүкте

мен   сызықшада   қойылады.  Мұндайда   үтір   тырнақшаның   сыртына

қойылады,   ал   сұрау,   леп   белгілері   және   көп   нүкте   тырнақшаның   ішіне

қойылады:

“Мұны мен бұрын бір жерден көрдім”, – деп ойлады ұста.

“Мұның кім  екенін қайтсем де  білуім  керек!”  –  деп өзіне  серт берді

ұста.

“Бұл кім болды екен, әлде...”– деп ойлай бастады ұста.

Сызықшаға алынып жазылуға тиісті төл сөздердің тыныс белгілері де

дәл осындай. Тек олар екі жағынан тырнақшаға алынбайды. Оның орнына

төл   сөздің  алдына  сызықша   қойылады  да,  жаңа   жолдан   басталып

жазылады:

Кісілер тарап кеткеннен кейін, ол Павелға қарап: 

– Павлуша, сен социалиспісің? – деп сұрады (М.Горький).

2.   Сөйлем  тырнақшаға   алынған   төл   сөзбен   аяқталып   тұрса,   нүкте

тырнақшаның   сыртынан,   ал   леп,   сұрау   белгілері   мен   көп   нүкте

тырнақшаның ішінен қойылады:

Ұстаның ойлағаны: “Мен мұны бір жерде көрдім”.

Ұстаның ойлағаны: “Мен мұны қайдан көрдім?”.

3.  Автор  сөзі  төл  сөздің  ортасында  келгенде,  тыныс  белгілері  төрт

түрлі қойылады:

а) Автор  сөзі төл  сөз  болып тұрған тұтас сөйлемді екіге бөліп тұрса,

автор сөзінің алды-артынан үтір мен сызықша қойылады. Төл сөздің екінші

жартысы кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы:

–  Мені,  –  деді   Амантай   далаға   шыққан   Асқарға,  –  губернатор



шақырған екен. Еріп жүрші, шырағым. (С.Мұқанов). “ Я ,   –   деп ойлады,

шелегін босағаға қойып ...далаға шыққан Айбала, – қуанатын жөні бар”.

ә)   Екіге   бөлінген   төл   сөздің   бірінші  жартысы   өз   алдына   хабарлы

сөйлем болса, автор  сөзінен бұрын үтір  мен сызықша автор  сөзінен кейін

нүкте  мен   сызықша  қойылады.  Төл  сөздің   екінші   жартысы   бас  әріптен

басталып жазылады. Мысалы:

– Трест жанып жатыр, – деді Валя келтесінен, даусын көтере сөйлеп. –



Мама, мен барып ұйықтаймын (А.Фадеев).

–  Жоғары   шық,  –  деді   үйге   кірген   Асқарға   Балтабек.   –  Ағаңның



қолына су құй, қалқам Ботагөз.

– Амантай да бірге келді, – деді Асқар қалтасынан сәби Амантайдың

суретін Ботагөзге ұсынып. – Жолда көрдім, аман! (С.Мұқанов),

б) Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы лепті не сұраулы сөйлем

болса,   немесе  леп   белгісі   қойылуға   тиісті   қаратпа,   одағай  сөздер   болса,

автор  сөзінің   алдынан   тиісті   леп   белгісі  не  сұрау   белгісімен   сызықша

қойылады  да,  соңынан  нүкте  мен сызықша  қойылады.  Төл  сөздің  екінші

жартысы   бас  әріптен  басталып   жазылады,   ал  автордың   сөзі   кіші   әріптен

басталып жазылады. Мысалы:

– Бұл не жұмбақ? – десті екеуі қосынан. – Көл ортасында бұл жалау



қайдан пайда болды? (С.Мұқанов).

–  Жолдастар!   –  деді  Павел.   –  Өмір  бойы  алға   ұмтылайық!

(М.Горький).

в)   Төл  сөздің   бірінші   жартысынан   кейін   көп   нүкте   қойылуға  тиісті

болса, автор  сөзінің  алдынан көп  нүкте  мен  сызықша,  автор  сөзінен  кейін

алдыңғы   бөлікке  қарай   не  үтір   мен   сызықша   (егер   төл   сөздің   бірінші

жартысы   өз   алдына  сөйлем   болмаса),   не  нүкте  мен  сызықша   (егер   төл

сөздің бірінші жартысы өз алдына сөйлем болса) қойылады. Мысалы:



– Жаңа... – деді шал сасқалақтап,– Итбайдың төре баласы Сарыбас...

солдатпен   кеп   шешеңді   атып   өлтіріп   кетті...   Саған   кетті...   Жасырын!

(С.Мұқанов).



–   Енді   айналмай-ақ   қоярмыз...   –  деп   сыбырлады.  –  Былайырақ

шығайық та, ауладан аттап түсейік... (А.Фадеев).

4.  Кейде   автор  сөзі   төл   сөздің   ортасында   бір,   соңында   бір   келеді.

Ондайда  автор  сөзінің   алдыңғысына   тыныс   белгілері   төл   сөздің   екіге

бөлініп   қолданылғанындай   қойылады.   Соңғысының  алдынан  әдеттегідей

тыныс белгілері қойылады. Мысалы:

Алдыңғы күні барлаудан қайтып келіп, Семён маған:

–  Санитар  машинасымен  бара  жатқан   бір   қазақ   қызын   көрдім.

Құдай біледі, сол сенің Ақботаң, – деді. – Мұндай ұқсамас, – деп бастады

да,  артығырақ   кетіп  бара  жатқанын   өзі   де   аңдап,   тоқтай   қалды

(Ғ.Мүсірепов).

–  Әрине, түсінем ғой. Бізге қай жерде жасалған танкіні жіберсе де

бәрібір ғой. Тек танк болсын. Бірақ әлдене үшін Сталинград танкілерін

көргім келеді, –  деп  жымиды  да,  –  туысқаным келердей күтемін, –  деп

аяқтады (Ғ.Мүсірепов).

§  115.  Төл   сөзді   екіге   бөліп   тұрған  автор  сөзінің   алғашқы   жартысы

мағына жағынан төл сөздің алдыңғы бөлігіне, соңғы жартысы төл сөздің

екінші   бөлігіне   қатысты  болса,   автор  сөзінің   соңына   қос   нүкте   мен

сызықша қойылады:

Жұмыскерлер  мал  ұстаймын   дей   ме,   құс   асырағылары   келе  ме,

сондайларын  да  сұрап   жүру   күнә   емес   шығар?  –  деп,   Сикорскийге

қыжырта қарады да, Ушаков бұйрығын бітірді: – Дұрыстап көшіріп жаз да,

мына жерге іліп қой (Ғ.Мүсірепов).

§  116.  Кейде төл сөз бен автор  сөзінің арасы  де  етістігінің көмегінсіз,

тек іргелесіп тұру арқылы байланысады. Ондайда тыныс белгісі де дәнекері

тұрғандағыдай қойылады:

–  Мен   енді   сенімен   тілмен   емес,   мынаумен   сөйлесемін,   –  Кулаков



қамшысын   көрсетті,   –  одан   да  айт   шыныңды  (С.Мұқанов).  (Мен   енді

сенімен   тілмен  емес,   мынаумен  сөйлесемін,   –  деп,   Кулаков   қамшысын

көрсетті, – одан да айт шыныңды).

– Мен барақ жайын айтам, – деді Ушаков.

– Үш күнде даяр етем.

– Үш күнде? – Ушаков жақтырмаған қабақ көрсетті (Ғ.Мүсірепов).

–  Жо...  Өлеңді  ақындар  жазады  ғой.  Ал  мен...  –  Өзі балуан денесін



жеңіл серпіп түрегелді (С.Шаймерденов).

§ 117. Тырнақшаға алынатын төл сөздер:

1. “Айтылмаған” сөздер, яғни біреудің ойлағаны, айтуға оқталып, бірақ

әлі айтпағаны:



“Еркем, неғып тұрсың?” –  деп қала  жаздаған Айбала... аузына келіп

қалған сөзді ернімен бөгей қойды. “Ә, – деп ойлады Асқар, – жас қызды бұл

еркем дейді екен ғой.  Аты сол ма екен, әлде еркелетіп қойған  аты ма

екен?” (С.Мұқанов). “Осы өнерді қайтсем де меңгерермін!” – деп, ішімнен

өзіме-өзім ант еттім.

2.  Көркем   шығармада   жалпы   әңгіме   желісінен   ауытқып   келтірілген

диалог  (яғни   әңгіме   түсінікті   болу   үшін,   бұрын   болып   өткен   уақиғаны

суреттеу ішінде келтірілген диалог) тырнақшаға алынады. Мысалы:



“Сандықтың   аузын   аша   бер,   әке!”   –  деген   еді   Итбай   Байсақалға,

Қотыркөлге аттанарда.

“Неге, шырағым?”

“Ақша түседі...”

“Неден, шырағым?”

“Жұрттан” (С.Мұқанов).

3. Сызықшамен жазылған төл сөздің ішінде келген төл сөз тырнақшаға

алынады. Мысалы:

– Қорықтың ба, шырағым ? – деді шал. – Қорықсаң да, айтайын, жаңа

Итбайдың   Сарыбасы   кеп:  “Шахтаға   жан   жолатпа,   ешкімді   шығарма  да,

кіргізбе де!” – деп кетті (С.Мұқанов).

4. Өлең ішіндегі төл сөздер көбінесе тырнақшаға алынады:

Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай,

Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай.

Жорытады желмаядай шал кеңеске:

“Осылай болған екен, шырағым-ай” (С.Мұқанов).

Өлең ішіндегі төл сөз сызықшаға алынуы да мүмкін:



Қоя бердім өлеңімді

Жыршыларға қаратып:

– Ей, жыршылар, жыршылар!

Жыр айта ма осылай?!

 

(Жамбыл).



5  Көркем   шығармалардың   ішінде   келтірілген   үлкенді-кішілі   хаттар

тырнақшаға алынады:



Екі қыз бұл хабарға өте куанышты жүргенде, қысқаша жазылған  хат

та  келіп   қалды:   “Бұл   хатты   партиялық   билетімді   қалтама  салып   алып

жазып   отырмын,   –  деп  жазыпты  ол,   –   Жеке   ісіме   жазылатын   қатты

сөгісім бар, оны ісіммен алдыруға сенем...” (С.Мұқанов).

6. Дәйексөз (цитат) тырнақшаға алынады. 

Мысалы:  Бұл  жөнінде   М.Горькийдің   әр   заманда,   әр   ортада   ескі



ертегінің   жаңғырып,   өскелеңдеп,   өзгеріп   отыратыны   турасында   айтқан

пікірін еске аламыз:  “Ой мәдениеті мен халық шығармасын өсіруде  көне

ертегілерді әр жыныстың, ұлттың, әр таптың өзгертіп, қосымша жасап

қолдануының   рөлі   өзгеше   болғанына   күдіктенуге   болар   ма  екен”

(М.Әуезов).



§ 118.  Мақалдар  да  тырнақшаға  алынады,  бірақ оның алды-артынан

төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды. Мысалы: “Салыстырудың

қай-қайсысы да кемшіліксіз болмайды” дейді неміс мақалы. “Қалауын тапса,

қар   жанады”  деген   мақал   –  үлкен  философия  (Ғ.Мұстафин).  “Ит

маржанды   неғылсын”  деген   сөз   бар,   Сәулесі   бар   жігіттер   бір   ойланар

(Абай).  “Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан”  деп еді, бұл ырыс әкелген

күйеу болды ғой! – деп қуанысты жұрт (С.Мұқанов).

§ 119. Біреудің сөзі мағына жағынан сөйлемге жанастырыла алынады.

Олар   да  тырнақша   арқылы  жазылады,  бірақ   алды-артынан   төл   сөзге   тән

тыныс белгілері қойылмайды және кіші әріптен басталып жазылады:



Қазірде   де   кейбір   талантты   жазушылар   қаламынан   шыққан,   мақал-

мәтелдерге   ұқсас,   әрі   нәрлі,   әрі   көркем,  “тілге   жеңіл,   жүрекке   жылы

тиерліктей”  сөз   түйдектерін   кездестіруге  болады  (К.Аханов).  Бұл

сөйлемдегі тырнақшаға алынған сөздер Абайдікі.

Шілденің жиырма бірі күні Балтық

Лепірді әлденеге тасып, шалқып.

“Арыстанның жалындай бұйра толқын

Айдаһардай толғанды” сүңгіп, қалқып (С.Мұқанов). 

Мұнда да тырнақшаға алынған сөздер Абай өлеңінен алынған.

§   120.  Де   (деп,  деген,   деді,   дейтін,   дейді  т.б.)  етістігі  келген

сөйлемдердің бәрінде де төл сөз бола бермейді; олар мыналар:

а)  Деп, дегеніміз  деген  сөздер  бастауыш пен  баяндауыштың  арасында

дәнекер болып келеді. 

Мысалы:  Сауатты болу  дегеніміз –  дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білу.

Синекдоха  деп  газ  мағынасының   бүтіннің   орнына   бөлшекті,   жалпының

орнына   жалқыны,   үлкеннің   орнына   кішіні   қолданудың   және   керісінше

қолданудың негізінде ауысуын айтамыз.

ә)  Дейміз,  деп  аталады,  деп  атаймыз  деген  сөздер   күрделі

баяндауыштың құрамында келеді. Мысалы:

Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздерді омонимдер

дейміз  (“Қазақ   тілі”  оқулығынан)  Ғылыми   жорамалдар  гипотеза  деп

аталады.  Қышқылдардың   және   сілтілердің   әрекетінен   түсі   өзгеретін

заттарды индикаторлар деп атайды (“Химия” оқулығынан).

б)  Деген  деген   сөз   өзінің   аддындағы   сөзбен   қосақталып,   күрделі

мүшенің   құрамында   тұрады,   ондайда  деген  тұлғасы  “деп   аталатын,

(біреуге  не  бірдемеге)  арналған”  деген   сөздердің   мағынасын   береді.

Мысалы:

Сен  дегенде  ойым таза  (саған арналған ойым  таза).  Оспан деген  –

әдепті бала (Оспан атты бала – әдепті бала).

в)  Кейбір сұрау  және  белгісіздік есімдіктері  де  сөзінің тұлғаларымен



тіркескенде, сұрау интонациясымен  ерекше  бөлінбесе,  төл  сөз  болмайды.  

Мысалы: Сен не дедің? Ол ештеңе деді ме? Мен оған былай дедім.



Де  етістігі   бірқатар   есімдіктермен   тіркескенде,  оны  айтты  деген

етістікпен алмастыруға болатын болса, төл сөзді сөйлем болмайды:



Сен  не  дедің?   –  Сен  не   айттың?  Ол  ештеңе   демеді  –  ол  ештеңе

айтпады.

г)  Де  етістігінің   тұлғалары   тұрақты  сөз  тіркесінің   құрамында

келгенде, төл сөз белгісі болмайды: күн демей, түн демей, ай десе аузы, күн

десе көзі; ә дегенде; әудем жер; әй дер ажа, қой дер қожа жоқ; әрең дегенде;

керек десең т.б.

ғ)  Баяндауышы  де  етістігінің   қатысуы   арқылы   жасалған   бағыныңқы

сөйлемдер төл сөз болмайды:

Сен келе ме  деп,  мен  күн ұзын үйде  отырдым, Айбала  сүйікті көретін

қайың  сіңлісінің  қуанышты  сезімін бұзбайын  дегендей,  аузына келіп қалған

сөзді ернімен бөгей қойды. Сабақ қыркүйектің  басында басталады  дегенге,

ауылдан   Ботагөз   ерте   шығып,   қалаға   келгеніне   айға   жақындап   қалған

(С.Мұқанов).  Бүгін   тіпті   Байжан   келмей   қалмайды  деп,  үй   ішін   де

жинастырып, күтініп отыр еді (Ғ.Мүсірепов).

д) Сөйлем ішінде белгілі бір сөзге (әсіресе қаратпа сөздерге) баса көңіл

аудару   үшін  деймін  деген   сөз   тіркесе   айтылғанда,   ол  төл   сөзді   құрылым

болмайды:



Әй,  Баянды   деймін,  осы   дүниені   Қызылжарға   апаратын   менмін   ғой

(Ғ.Мүсірепов).  Түсімде деймін  үлкен дарияның жағасында тұрмын.  Тоқта

деймін, тоқташы.

§   121.  Төл   сөз  де  етістігінсіз   айтылып,   заттық   мәнге   ие  болады   да,

сөйлем  мүшесі  болып  тұрады.   Мұндай  төл   сөзге   зат  есімге   тән   септік,

тәуелдік  т.б.  жалғаулар   жалғана   береді.   Бұлар   тырнақшаға   алынып,   бас

әріптен басталып жазылады, оның өзі сұраулы сөйлем болса, тырнақшаның

ішіне сұрау белгісі, лепті сөйлем не лепті сөз болса, леп белгісі қойылады;

ал   хабарлы   сөйлем  не   жеке  сөздер  болса,   ешқандай   тыныс   белгісі

қойылмайды.   Мұндай   құрылымдардың   алды-артынан   төл   сөзге   тиісті

тыныс   белгілері   де   (қос   нүкте,   сызықша)   қойылмайды.   Жалғанған

қосымшалар тырнақшаның сыртына дефис арқылы жазылады. Мысалы:



Жабайы   кісі  болса,   “Молчать!”   –   дер  еді  пристав,  Итбайдың

Кривоноспен   жақындығы   барын   білетін   ол   олай   жекіре   алмады.   Бірақ

Молчать”-ты көз қарасымен ұқтырам дегендей, адырая қарады.

Мен   оңай   таптым,   –   деді   Ботагөз.   –   Қала   ғұрпында   сүйгенін

айтқызады,   сүйгеніңіз   кім?  (Асқар)  жан-жағынан   қуғын   қамап,   қайда

барарын білмей жалпақтап қашқан қояндай,  “Сүйгенім сен”-ді  айтып қала

жаздады (С.Мұқанов).

Есжан   алғашқыдай  емес,   қыры   сынып   қалыпты.   Жомарт   есептеріне

жақсы түсінбесе де, Жомарт сөзі бұлтартпады. Бірақ күп деуге батылы

бармай отыр.“Болса жақсы, болмаса”-ға тіреле береді.

– Қанша берер екен ?

– Берсе, бір бестен кем бермес.

– Берсе”-ңіз не?! “Бес”-іңіз бір айдың ғана жалақысы (Ғ.Мұстафин).

“Боламын”-мен  жүргенде,   болат   қайтып,   Жалын   сөніп,   жас   жүзін

басады әжім (Абай).

“Ел жатса да, енекем жатпайды” біз ғой (М.Әуезов).

– Сонымен бізбен бірге елге жүресің ғой, Ботагөз?

– Қайдан білейін.

– “Қайдан білейін”-ді қой (С.Мұқанов).

§ 122. Де етістігінің қатысуы арқылы жасалған нақты бастауышы жоқ

жақсыз   сөйлемдер  де   төл   сөз  болмайды  (олар  орыс   тіліндегі  “говорят,

что...” деген құрылымда жасалатын сөйлемдерге ұқсас келеді). 

Мысалы: Қытайғы қардың көптігіне қарағанда, биыл егін бітік болар

дейді.

Осы күні сол ара

Жайнаған қызыл гүл дейді.

Дейді түні жап-жарық,

Қыста да гүлі гүлдейді (Н. Байғанин).

§   123.  -айын,   -ейін  жұрнақты   етістік   пен  де  етістігі   тіркесіп   келіп,

қалау, тілек мәнді  сөйлемдер  жасалады,  олар да төл  сөзді құрылым болып

саналмайды:



Киноға барайын деп едім. Бөлтірік қашайын деп еді, күзен ытқып келіп,

желкесін қырқып алды.

§ 124.  Төл сөз  бен автор  сөзін байланыстырып тұрған  деп  етістігінен

кейін  төл  сөзге   қатысты   етістік   келсе  (деп   сұрады,   деп   ойлады,   деп   үн

қатты, деп айғайлады, деп сыбырлады т.б.), деп-тен кейін үтір қойылмайды.

Мысалы:


Абай Асылбайдан:

– Қалада не хабар бар? – деп сұрады (М.Әуезов).

“Егер Амантай аман болса, кескіні маған ұқсайды, мен інісі едім дейін”,

деп ойлады ол (С.Мұқанов).

Егер  деп-тен кейінгі  етістік төл сөздің  айтылуынан соң  болатын  істі

білдірсе, деп-тен кейін үтір қойылады:

– Тұр! – деп, біреу қаттырақ дауыспен оятты (С.Мұқанов).

–  ...Бірақ   ондай-ондай   сән   табылар,   ән   табылмайды   ғой!   –  деп,



шімірікпей күлді де, жастарға қарай бұрылды (М.Әуезов).

– Бір сағаттан кейін сыртқа шығарсың, Сикорскийдің конторына кел, –

деп, кейін қарай бет алды (Ғ.Мүсірепов).

§ 125. Төл сөзден кейін де етістігінің десе, дегенмен, дегенде, деген соң,



дегенше,   дегеннен  кейін,   деді  де  тұлғалары   тұрса,   бұлардан   соң   үтір

қойылады. Бұлардан кейінгі  сөздер автор  сөзі болмай, төл  сөз  болса, қос

нүкте қойылады. 

Мысалы:  Бозторғайды   аяған   жұрт:   “Бұ  бишара   неге  төмен  қарай



ұмтылмайды, неге жоғарылай береді?” – десе, біреу: “Төмендесе-ақ қағып

түспей ме тұрымтай, соны біліп жоғарылап барады”, – дейді.

Балалар:

– Айдағанға көне  ме ол,  ата?  –  десе:  –  Неге  көнбейді? – дейді Ораз

(С.Мұқанов).

Әшірбек сонда да азсынып:

– Неге ақырын? – дегенде:

– Қатты көмір, – деді Әкім (Ғ.Мұстафин).

§ 126. Төл сөзден кейінгі де етістігі деді, деп еді, дейді, деген еді сияқты

тиянақты тұлғаларда тұрса, одан кейінгі  автор  сөзі  өз алдына  тиянақты  не

бағыныңқы сөйлемдер болса, араларына үтір қойылады:



Менің есебімді бер! – деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін (С.Мұқанов).

- А... Мен өзім де солай шығар деп ойлап ем... – деді де, Быков өз жөніне

кетті (Т.Мүсірепов).

– Алма, сен жақсы салдың еске! –  деді Жанат,  есіне жаңа түскендей

(Ғ.Мұстафин).

ІІІ тарау

ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

1. НҮКТЕ

§  1.  Нүкте   хабарлы   сөйлемдерден   және   екпінсіз   айтылған   бұйрық,

тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады (§1, 3, 7, 10,  13-тарды  қараңыз,


мұндағы   жақша   ішінде   көрсетілген   цифрлар   II   тараудағы  “Пунктуация

ережелерінің” параграфтарына сілтейді

1

).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет