Қазақ тілінің анықТАҒышы


§36.  Кейбір  дыбыстарды  дұрыс  айту  жөнінде  мына  жайттарға   көңіл аудару кажет: 1)   Қазақ   сөздерінің  басында   келген  е



Pdf көрінісі
бет17/47
Дата28.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#663
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
§36.  Кейбір  дыбыстарды  дұрыс  айту  жөнінде  мына  жайттарға   көңіл

аудару кажет:

1)   Қазақ   сөздерінің  басында   келген  е  дыбысы  йе  түрінде  айтылады.

Мысалы,  ер, елек, екі, ет  деген  сөздердің дұрыс  айтылуы:  йер,  йелек, йекі,



йет. Әрине,  бұл  жерде  й  (йот) дыбысы  толық  и  түрінде  емес, “жартылай”

(болар-болмас) естілуге тиіс. Егер бұл сөздерді йот элементінсіз айтсақ, эр,



элек, экі, эт  түрінде айтылар еді. Бұл заңдылықты анығырақ байқау үшін

орыс тіліндегі ель (ағаш) сөзі мен қазақша ел (жұрт) сөзіндегі е дыбысының

айтылуына назар аударыңыз: орыс сөзі  эль  түрінде, қазақ сөзі  йел  түрінде

дыбысталады.



2) Сөз басында келген  о,  ө  дыбыстарының  алдынан да  у  дыбысының

элементі   естіледі:  уотан  (жазылуы:  отан), уорақ (орақ), уөрүк (өрік).  Бұл

жердегі у да толық емес, “сәл-пәл” айтылуы керек.

3)  Сөз басында келген  р, л  дыбыстарының  алдынан  ы,  і, ұ, ү  (сөздің

жуан-жіңікелігіне   қарап)  дыбыстары  қосылып  айтылады.  Жазуда  ы,   і

әріптері жазылмайды. Мысалы:



жазылуы:

рет


рас

рай


ру

рұқсат


леген

лаж


лақ

лайық


айтылуы:

ірет


ырас

ырай


ұрұу

ұрұқсат


ілеген

ылаж


ылақ

ылайық


4)   Қазақтың   төл   сөздерінде  ч,   дж  дыбыстары  айтылмайды.

Қазақстанның   кейбір   өлкелерінде   жергілікті   ерекшелікке  байланысты

ауызекі  сөйлеу  тілінде  ш,  ж  дыбыстары  келетін   сөздерді  ч,   дж

дыбыстарымен айту дәстүрі  бар. Мысалы:  чатақ, чырақ, малчы, джақсы,



джоқ.  Бірақ   әдеби   тіліміздің   орфоэпиялық   нормасы   бойынша,  қазақ

сөздерін  тек  ш,  ж  дыбыстарымен  айту   керек   болады.  Ескертетін   нәрсе

дыбыс жүйесін зерттеушілер  ж  дыбысының  қазақ  сөздерінде, әсіресе  сөз

басында айтылуына сәл-сәл “д” элементі қатысатынын айтады.

5)  X  әрпімен  жазылатын   араб,   парсы  сөздерінде   ауызекі   тілде   бұл

дыбыс   қазақша  қ  дыбысына   жуықтаңқырап  айтылады.   Мысалы:  қабар



(хабар  дегеннен  гөрі),  қат (хат  дегеннен гөрі),  Ақымет (Ахмет  дегеннен

гөрі),  Қадыйша   (Хадиша  дегеннен  гөрі),  тарыйқ   (тарих  дегеннен  гөрі),



қалық (халық дегеннен гөрі).

6)  һ  әрпі   жазылған   сөздерде   осы   дыбыстың   өзінің   айтылуын   сақтау

қажет.  Мысалы:  гәуһар   (гәуқар  емес),  қаһарман   (қахарман  емес),  жиһан

(жиқан немесе жихан емес), аһ-аһ, еһе.

7) Екі дауыстының ортасында келген б дыбысы қазақ сөздерінде жеке

тұрғандағы   айтылуынан   сәл   өзгешелеу   болып   естіледі.   Мысалы,  Абай,

таба,  көбелек  сөздеріндегі  б  дыбысын  айтқанда,   екі   ерін   бір-біріне   тиіп

қатты   жуыспайды  (осы  дыбысты   жеке   айтқандағыдай   немесе   орысша

дыбыстағандай). Мұны байқау үшін Абай деген сөзді орысша (орыс тілінде

сөйлеп тұрғандай) және қазақша  айтып көріңдер.  Не болмаса  баба  деген

орыс сөзі мен баба (“ата” мағынасындағы) деген қазақ сөзін айтып, екінші

буындағы  б  дыбысының   естілуіндегі   (айтылуындағы)   айырмашылығына

назар аударыңдар.

Орыс   тілін   жақсы   білетін   қазіргі   жастардың   қазақша   сөйлеу

тәжірибесінде   қазақ   сөздеріндегі  б  дыбысын   орыс  тіліндегідей   етіп,   екі


ерінді   бір-біріне   қатты   жабыстырып   айтушылық   байқалады.   Бұл   қазақ

тілінің орфоэпиялық нормасына қайшы келеді.

8)  Қазақ   фамилияларында   келетін  в  дыбысын  ф  деп,   ал,  -ев,   -ов

жұрнағын -ыф, -іф, -ева, -ова жұрнағын -ыва, -іва деп айтқан жөн. Мысалы:



Кұнанбайыф,   Ілекеріф,   Құнанбайыва,   Ілекеріва,   Шәрійпыф.  Өзге   ұлт

өкілдерінің   аты-жөндерін   жазылған   түріне   жуықтау   етіп   айтқан   абзал.

Өйткені қазақша  Болат  болып келетін жалқы есім өзбекше  Пулат, Пулад

деп берілсе, оны қазақшаламаған жен. Ал орыс адамдарының аты-жөндерін

орыс тіліндегіше дыбыстау керек. Мысалы: Николай (жазылуынша Николай

емес), Канстантин (Константин емес), Лэф Талстой.

Шетелдік адамдардың аты-жөндері мен қазақша жер-су аттарынан өзге

географиялық  атаулар  негізінен орыс  тіліндегі  айтылуынша  дыбысталғаны

жөн. Мысалы: Вильям Шекспир, Моцарт, Лондон. Олардың ішінде тілімізге

ертеден  еніп, қазақша қалыптасқандарын  сол  дәстүрлі түрінде  айту  қажет.

Мысалы: Қырым (Крым емес), Мысыр (Миср емес), Бағдат (Багдад емес).

7. ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сөздікке қазақ тілі сөздік құрамындағы сөздердің бәрі түгел енген жоқ,

жазылуы бірқыдыру қиын деген сөздер енді. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы

енген   сөздердің   де   барлығы   бірдей   енбей,   олардың   ішінде  жазылуы

күрделілеу   ең   жиі   қолданылатындары   және   қазақ   тілі   қосымшалары

жалғанғанда,  жазылуы  қиын   соғатындары   берілді.  Мысалы:  абстракт



(абстрактіге,   абстрактісі),

 альманах 

(альманахы),

 принцип

(принципі),калий (калийге, калийі),полюс (полюске) т.б.

Идиома,   фраза  тәрізді   тұрақты   сөз   тіркестерін  кейде   бөлек,   кейде

қосып,  кейде дефис  арқылы  жазу  қаупінен сақтандыру үшін, көбінесе, екі

сөзден құралғандары  реестр  етіп сөздікке енгізілді:  боз өкпе, жез таңдай,



нар тәуекел, ақ ниетті, қара ниетті т.б.

Қос сөздер сөзтізбеде (реестрде) берілді.

Жазылуы  қиындау сирек қолданылатын кейбір көне сөздер сөздіктен

орын   алды.   Оларға   жақша   ішіне  “көне”   деген  белгі   қойылып,

кейбіреулеріне   түсініктеме   берілді:  ағасұлтан  (көне;   термин),  айдауыл

(көне;   конвой),  басқақ  (көне);  бірауыз  (көне;   мылтық),  қаратаяқ  (көне;

интеллигент), сияз (көне) т.б.

Авиа, авто, кино, аэро... сияқты сөздермен келетін күрделі тұлғалардың

көбінесе   қазақ   сөздерімен   келетіндері   берілді   де,   жақша   ішінде  орыс

немесе қазақ сөздерінің осы компоненттер қосылуы арқылы жасалатын өзге

түрлерінің де бірігіп жазылатындығы ескертілді.

Бір   өсімдіктің,   аңның,   жәндіктің,   аурудың   екі-үш   түрлі   атауы  бары

белгілі.   Әр   түрлі   мақсатпен   олардың   барлығының  да   жазба  әдебиетте

қолданылатындығынан   бұл   жарыспа   сөздердің   көпшілігі   сөздіктен  орын

алды.   Мысалы,  тышқан   тұқымдас   бір   ғана   аңның   үш  аты  бар:



аламан//атжалман//алақоржын. Бұл үш сөздің үшеуі де өз орындарында

берілді.


Екі   түбірден   құралған  термин  сөздердің   басым   көпшілігінің   бірігіп

жазылатындығын  ескеру  үшін бірқатар сөздердің тұсына жақша ішіне сол

терминнің   “иесі”   болып   тұрған   ғылым   саласының  аты   немесе   “термин”

деген  белгі   көрсетілді:  қуысмүйізділер  (термин),  алауыздық  (термин),



алғышарт (термин), атсайыс (спорт термині) т.б.

Әр түрлі айтылып және түрліше жазылып жүрген сөздердің дұрыс емес

түрі   жақша   ішіне   алынып,  “емес”  деген   сөзбен   берілді:  маңдай  (маңлай

емес),  айнала  (айлана   емес).  Мұндай  ескертулер  өткен   басылымдарға

қарағанда, едәуір азайды, өйткені көптеген сөздердің жарыспалы тұлғалары

екшеліп,   олардың   бір   вариантының  жазылуы  соңғы   ширек   ғасыр   ішінде

орнықты деуге болады.

Реестрдегі сөзбен көбінесе тіркесе айтылатын екінші сөз жақша ішінде

берілді: ат шаптырым (жер), әбілет (басқыр), әлден (бастап), дақ (түсу),



далап (жағу) т.б.

Бұлар реестр сөздің жалғасы іспетті сол шрифтімен терілді.

Мағынасы   түсініксіздеу   деген   сөздің   тұсына   жақша   ішіне   әр   түрлі

жолмен түсіндірмесі берілді. Ол түсіндірмелер:

1) сол заттың  жалпы  атын  көрсету  арқылы берілді.  Мысалы:  ақиық

(құс), ақшелек (індет), бұзаубас (құрт), аюқұлақ (өсім.) т.т.;

2) кейбір  сөздер  синонимі арқылы түсіндірілді:  қайтіп  (қалай),  әнтек



(сәл), әсел (бал);

3)  бірен-саран сөздердің түсіндірмесі орыс тіліндегі баламасы  немесе

ғылыми   термині   арқылы   берілді:  Ақшақар  (Снегурочка),  қылтүтік

(капилляр), көлтабан (лиман);

4)  бірқатар   сөздердің  бөлек   не  бірге   жазылу   себебін   таныту   үшін

немесе  мағыналарын   ажырату   үшін,   оның   қай  сөз  табына  жататындығы

жақша ішінде көрсетідді: ауру (зат е.), ауыру (етістік), дағы (шылау), гөрі



(шылау),  моһ-моһ  (одағай)  т.т.   Сөз   таптарының   аталуы   қысқартылып

берілді. Ол қысқартулардың тізімі кітап соңында.

Сөзді   тәуелдегенде   соңғы   буынындағы  ы,   і  әріптерінің   түсіріліп

немесе түсірілмей жазылатындығы сол сөздердің ІІІ жақта тәуелдеулі түрін

жалғастыра беру арқылы көрсетілді: ауыл, аулы; ауыз, аузы; орын, орны;

халық, халқы; көрік, көркі  (“ажар” мағынасында),  парық, парқы.  Бұл

сөздерде,   демек,   тәуелдегенде  ы,   і  әріптері   жазылмайды,   ал  бауыр,



бауыры;   дәуір,   дәуірі;   иық,   иығы;   иін,   иіні;   көрік,   көрігі  (ұстаның

көрігі) деп көрсету бойынша бұл әріптер түсірілмейді.



Ы,   і,   й  дыбыстарына  аяқталатын   етістіктердің  реестр  сөз   ретінде

берілген тұйық түрінің ( жұрнақты түрінің) қасына үтірден кейін оның II

жақ бұйрық райдағы, III жақ ауыспалы шақтағы түрлері және үш дауысты

дыбыс әрпі қатар келетіндерінің III жақ тәуелдеулі тұлғалары берілді: азаю,



азай,   азаяды,   азаюы;   бүрку,   бүрік,   бүркеді;   қабу,   қап,   қабады  (ит

қабады),  қабу, қабы, қабиды  (көрпені қабиды);  ою, ой, ояды, оюы; құю,



құй, құяды, құюы.

Тұйық   етістік   түрінде   қос  уу  әріптеріне   аяқталатын   сөздердің   III

жақтағы тәуелдеулі түрі де көрсетілді: ауу, аууы; қуу, қууы.


Орыс   тілінен   енген   сөздерге   қосымшаның  жуан   не  жіңішке

жалғанатындығын   көрсету   үшін   сол   сөздің   барыс   септіктегі   түрі   мен

тәуелдіктің III жағындағы тұлғасы берілді. Етістікке бұл жалғаулар жуан

жалғанып   тұрса,   сол   сөзге   қалған   жалғаулардың   және   жұрнақтардың

барлығы  да   жуан  жалғанады  деп  білу  керек  және   керісінше:  педагог,

педагогке,   педагогі;  парк,  паркке,   паркі;  блок,  блокқа,   блогі;   поляр,

полярға,  поляры;   полюс,  полюске,   полюсі;  ансамбль,  ансамбльге,

ансамблі;  цех,  цехқа, цехы.  Жіңішке  ль  дыбысына аяқталатын сөздерге

тәуелдік   жалғаулары  тек  қана   жіңішке   жалғанатындығы  да  (басқа

қосымшалар жуан жалғанғанмен) көрсетілді:  магистраль,  магистральға,

магистралі; фестиваль, фестивальға, фестивалі.

Бірдей екі дыбысқа (сс, лл, тт  сияқты) және  ст, зд, сть  дыбыстарына

аяқталатын   сөздерге   қосымша   жалғанғанда   соңғы   әріптерінің   түсіп

қалатын-қалмайтындығы сол сөздердің барыс жалғаулы және III жақтағы

тәуелдік   тұлғасының   қатар   берілуі   арқылы   көрсетілді:  металл,  металға,

металы;  класс,  класқа,   класы;  грамм,  грамға,   грамы;  съезд,  съезге,

съезі; ведомость, ведомосқа, ведомосы.

Орыс тілінен енген, дауыссыздар тіркесіне аяқталатын кейбір сөздерге

қазақ   тілі   қосымшалары   дәнекер  ы,   і  әріптері   арқылы   жалғанып

жазылатындығы қатарында көрсетілді, ол үшін сөздің барыс жалғаулы және

III жақтағы тәуелдік жалғаулы тұлғасы берілді: фонд, фондыға, фондысы;

ромб, ромбыға, ромбысы; лифт, лифтіге, лифтісі.

Сөз   соңындағы  п,   х  дыбыстарының  дауыстыдан  басталған   қосымша

жалғанғанда   ұяңдамайтындығы   ғана   III   жақтағы   тәуелдеулі   түрін  беру

арқылы   көрсетілді:  принцип,  принципі;  тип,  типі;  альманах,  альманахы;

цех, цехы; тарих, тарихы.

б,   в,   г,   д  дыбыстарына   аяқталатын   сөздерге   қосымшалар   қатаң

дыбыстан   басталып  жалғанатындығы   сөздің   барыс   септік   жалғаулы   түрі

арқылы көрсетілді: отряд, отрядқа; клуб, клубқа.

Әр   түрлі   екі-үш   мағынада   қолданылатын,   бірақ  жазылуы  бірдей

сөздердің   әрқайсысының   тіркесетін   компоненттерін   көрсету   үшін  немесе

мағыналарын   айқынырақ   таныту   үшін   екі   реттен   (екі   рет  реестр  етіп)

берілген   сәттері   бар:  бұлау  (көз   жасын   бұлау);  бұлау  (ванна);  бұлт



(аспандағы);бұлт   берді  (жалтарды).  Түбірі   бір   болғанмен,   өз  алдына

мағыналық   реңктері   бар   жарыспа   сөздердің   екеуі  де  (кейде   үшеуі  де)

реестрден орын алды: кебек – кеуек; ғашық – асық – ашық, сұрақ – сұрау;

суару – суғару; қазына – қазине (қазинелі қара нар), оттегі – оттек.

Сөздікке мынадай тұлғалар енгізілген жоқ:

1) Етістіктін  жұрнақты тұйық тұлғасы берілді де, қалған тұлғалары

берілмеді,  ол   –  осы   етістік   тұйық   тұлғада   қалай  (бөлек   я  бірге,  немесе

дефис арқылы) жазылса, қалған тұлғаларында да солай жазылады деген сөз.

Мысалы, арып-ашу деген тұлға реестрде берілді, осыған қарап арып-ашты,

арып-ашып,   арып-ашқан,   арып-ашар  т.б.  тұлғалар  да   дефис  арқылы

жазылатындығын түсінуге болады.

Идиома, фраза  тіркестері  де осы  сияқты.  Мысалы,  бас қатыру  деген


тіркестің   бөлек   жазылатындығы   сөздікке   енгізілді,  ал  бас   қатырды,   бас

қатырғыш, бас қатырушылық, бас қатырған  сияқты тұлғалары жоқ, бірақ

реестрдегі  бас қатыру  деп  бөлек   жазылатыны  көрсетілген   үлгі  бойынша

әрдайым бөлек жазылатындығын білуге болады.

2) Әріптерден қысқарған сөздер енгізілген жоқ.

3)  Жұрнақ   арқылы   жасалатын   туынды   тұлғалардың   көпшілігі,   яғни

жазуда қиындық туғызбайтындары, сөздікке енген жоқ. Мысалы, ауыл деген

сөз   бар,   ал  ауылдық,   ауылдай,   ауылша,   ауылсыз  деген   тұлғалар   жоқ,

революция  деген   сөз  берілді   де,   оның  революциялық,   революциялы,

революцияшыл  сияқты  сын  есімдік тұлғалары берілген жоқ, өйткені соңғы

туынды   тұлғалардың   түбірі   реестрдің   берілген   түріне   қарай

жазылатындығы белгілі. Бұлардың ішінде  тек  -лы  жұрнақты сөзге тағы  да

-лық жұрнағы қосылып жасалғандары берілді: айнымалылық, жайдарлылық,



жарлылық.

4)  Кейбір   туынды   етістіктерді   жасайтын   түбір   сөздің   жазылуымен

қатар,   олардың   етістік   тұлғалары  да  берілді.  Мысалы,  кәміл,   көлегей,

кәмілдену, көлегейлеу, көлегейлену.

5) Қос сөздерден жасалған туынды түбірлердің де көпшілігі сөздікке

енгізіліп, бұлардың да дефис арқылы жазылатындығы көрсетілді. Мысалы,

кем-тар, есен-сау, кем-тарлық, есен-саулық.

6) Күрделі етістіктер де сөздікке енген жоқ. Мысалы, келе жатыр, келе



алмады, кетіп бара жатыр, айта сал  деген сөздер реестрде  жоқ.  Ал  тура

келу, алып келу, алып бару, алып кету деген күрделі етістіктердің әкелу, әкету,

апару,   түрегелу  сияқты   кірігіп,   біріккен   түрлері   де   бар   болғандықтан,

сөздікке енгізілді.

7) Сөздікте орын алған жалқы есімдер (көбінесе кісі аттары) екі түрлі

мақсатты   көздеп   берілді.   Біріншіден,   тұлғалас  бөлек   жазылатын   жалпы

есіммен  шатастырмау  мақсаты,  мысалы:  бота   көз   (қыз)  және  Ботагөз

(жалқы   есім),  құла   кер  (ат)  және  Құлагер  (жылқыға   берілген   ат).

Екіншіден,  Қаршақыз,   Аязата,   Ойсылқара,   Шопаната  сияқты   жалқы

есімдердің   қосылып   әрі   бас   әріппен   жазылатындығын   көрсету   мақсаты

көзделді.

8)  Өте   сирек   қолданылатын,   көпшілікке   түсініксіз,   бірақ   өткен

ғасырлардағы   қазақша   жазу   үлгілерінде   (өлең-жырларда,   газет-

журналдарда   т.б.)   кездесетін   араб-парсы   сөздерінің   бірқатары   сөздікте

берілді.


9)  Белгілі   бір   ғылым   саласына   арналған   әдебиетте  болмаса,   жалпы

көпшілік   қолданатын   әдебиетте   көп   кездеспейтін   арнаулы   терминдердің

дені   бұл   шағын   сөздікке   енген   жоқ.  Мысалы,  мұнда  авгит,   агафит,

альфакварц, гексагон, геодит, ортоклаз сияқты геология терминдері, немесе

перфект,   компаративизм,   предикат,   парцелляция  сияқты  тіл   білімінің

терминдері сөздікте жоқ.

10)  Жазылуы  біршама   қиын   сөздердің   көбінесе   түбір   тұлғасы  да,

олардан жасалған туынды сөздер де сөздікте берілді. Мысалы, абырой деген

түбір  сөзбен  қатар  абыройсыз,   абыройсыздық,   абыройлы,   абыройсыздану


сияқты  туынды  түрлері   де   берілді.  Туынды   сөз  жасалғанда   түбір   мен

қосымшаның   аралығындағы   әріптер   ерекшелігін   көрсететін  немесе

фонетикалық   өзгеріске   ұшырайтындығын   танытатын  сөздер  де   сөздіктен

орын алды. Мысалы: абоненттік, авангардтық.



11)  Күшейткіш буын арқылы жасалатын  қос сөздер  (қып-қызыл, жап-

жасыл, үп-үлкен тәрізді) де сөздікке енді.

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІК

А

аба (киім)

абадан

абажа

абажадай

абай (болу)

абайлау

абайсыз

абайсыздық

абайтану

абақты

абалақ-сабалақ

абаласу

абалау

абат

абат жер

абаттық

абатшылық

аббат

аббревиатура

абдырасу

абдырату

абдырау

абдырауық

абжад

абжауқын

абжылан

абжыландай

абзал (адам)

абзалдық

абзалы (дұрысы)

абзац

абитуриент

абиыры (ашылу)

аблаут, аблаутқа, аблауты

аблығу, аблық, аблығады

абонемент

абонементтік

абонент

абоненттік

аборт, абортқа, аборты

абсолют

абсолютизм

абсолютті, абсолютті мөлшер

абсолюттік

абсорбация

абстракт,

 абстрактіге,

абстрактісі

абстрактілі (өнер)

абстрактілік

абстракционизм

абстракция

абстракциялану

абстракциялау

абстракциялы

абстракциялық

абсцесс

 (бітеу   жара),

абсцеске, абсцесі

абхаз, абхаздар

абыз

абылайша (қос үй)

абылау (аңды абылау)

абылхаят (суы)

абылыңқы

абылыңқы-сабылыңқы

абыну

абынып-қабыну

абың-күбің

абыр-дабыр

абыр-жабыр

абыржу

 (әбіржу

 емес),

абыржы, абыржиды.

абыржулы

абыржушылық

абыр-жұбыр

абыржыту

абырой

абырой-атақ

абыройлы

абыройлылық

абыройсыз

абыройсыздану

абыройсыздық

абыр-сабыр

абысын

абысын-ажын

абысынды

авангард,

 авангардқа,

авангарды

аванзал

аванложа

аванпост,

 аванпосқа,

аванпосы

аванс, авансқа, авансы

авансахна

авар, аварлар

авария

авиабаза

авиабайланыс

авиабензин

авиабилет

авиабомба

авиадесант

авиазауыт

авиаклуб

авиакомпас

авиаконструктор

авиакрейсер

авиақоректендіру

авиақұрылыс

авиамаяк

авиамектеп

авиамодель

авиамодельші

авиамотор

авианосец,

 

авианосецке,

авианосеці

авиаотряд

авиапарк,

 

авиапаркке,

авиапаркі

авиаполк,

 

авиаполкке,

авиаполкі

авиапошта

авиаспорт

авиатехник

авиатозаңдандыру

авиатор

авиатрасса

авиация

авитаминоз

автоара

автоаударғыш

автобаза

автобус

автовагон

автовокзал

автогараж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет