Қазақ тілінің дыбыс жүйесі пәні және оның зерттеу нысаны Пәні: қазақ тілінің дыбыстық және сөз жүйесі



бет3/4
Дата15.11.2023
өлшемі3,06 Mb.
#123658
1   2   3   4

Салыстырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қарастырады. Мәселен, қыпшақ тілдері тобындағы қазақ тілінің оғыз тілдері тобындағы түрік тілімен қаншалықты туыстығына, олардың бір-бірінен айырмашылықтарына туыс екі тілдің дыбыстық жүйелерін тарихи фонетиканың аясында салыстыра зерттегенде ғана көз жеткіземіз. М.Томановтың «Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы»(1981), «Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи фонетикасы»(1984) деп аталатын еңбектерінде туыс тілдердің дыбыс жүйесі салыстыра зерттеліп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалған. Салыстырмалы және тарихи фонетика бір –бірімен тығыз байланысты.

  • Салыстырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қарастырады. Мәселен, қыпшақ тілдері тобындағы қазақ тілінің оғыз тілдері тобындағы түрік тілімен қаншалықты туыстығына, олардың бір-бірінен айырмашылықтарына туыс екі тілдің дыбыстық жүйелерін тарихи фонетиканың аясында салыстыра зерттегенде ғана көз жеткіземіз. М.Томановтың «Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы»(1981), «Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи фонетикасы»(1984) деп аталатын еңбектерінде туыс тілдердің дыбыс жүйесі салыстыра зерттеліп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалған. Салыстырмалы және тарихи фонетика бір –бірімен тығыз байланысты.
  • Салғастырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әртүрлі басқа да тілдермен салыстыра зерттейді. Қазақ тілі мен орыс тілдерінің немесе қазақ тілі мен араб тілдерінің байланыстылығын тіл дыбыстары деңгейінде зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін анықтау салғастырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салғастырмалы фонетиканың нәтижелері әлемдік қарым-қатынаста қолданылатын ағылшын тілі сияқты қолдану аясы кең тілдерді аз мерзімде жетік меңгеруде пайдалануға болады.

Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектограф, осциллограф, палатограф, рентгенограф т.б.) көмегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды. Дыбыстың жасалымын көрсету үшін рентген қондырғысы мен палатограф пайдаланылса, дыбыстың айтылымын айқындауда спектограф пен интонограф қолданылады.

  • Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектограф, осциллограф, палатограф, рентгенограф т.б.) көмегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды. Дыбыстың жасалымын көрсету үшін рентген қондырғысы мен палатограф пайдаланылса, дыбыстың айтылымын айқындауда спектограф пен интонограф қолданылады.
  • Физиологиялық фонетика немесе антрофоника(грек. antropos- адам, phone- дыбыс) тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді.
  • Фонология немесе функционалдық фонетика – тілдегі дыбыс құбылыстары мен ондағы дыбыстардың қызметін фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала. Ол дыбыстардың бір сөздің бір сөзден өзгешелігін салыстыру арқылы дыбыстық құбылыстарды зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет