Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
87
айрықша сала болғандықтан семеманың сипатын сана мен ойдан
ғана іздеу бекер іс болып есептелді.
Тілдегі белгі мен мағынаны, сондай-ақ тіл мен ойлаудың
арақатынасын зерттеудегі батыс зерттеушілерінің номиналистік,
позитивтік, психикалық т.б. тұжырымдары жарамсыз деп
танылып, таза материалистік көзқарастың дұрыстығы құпталады.
Әрине, тоталитарлық жүйе дәріптеген идеологияның әсерінен
бүкіл қоғамдық ғылымда парадоксальды құбылыстар орын алған
еді. Қоғам санасындағы (тіл, өнер, мәдениет, әдебиет, философия,
т.б.) кез келген құбылыстың дұрыстығын не бұрыстығын
бағалауда олардың субъективтілігі не объективтілігі бұлтартпас
өлшемге айналды.
Тілдік белгіні абстракцияға айналдыруға қарсы болғандар
арасында дұрыс пікірге оң көзқарас танытқан ғалымдар да болды.
Мысалы, В.А. Звeгинцев тілдік белгіге қарсы бола тұра, «кез
келген тілдік белгі міндетті түрде негізделуі тиіс» деген пікір
айтады [10, с.78].
Тілдегі абстрактция мен математикалық асбтракцияны бірге
қарастырудың нәтижесінде дәстүрлі лингвистикада тілдің
табиғаты мен дамуына, жалпы тілдік жүйенің қалыптасуына
символдық ұғымдардың ықпалы нақты тілдік деректерсіз
сараланған. Тек ХХ ғасырдың 60-жылдарында жазба тілдегі
сөздердің,
сандардың,
тіпті,
әріптердің
сипаты
мен
маңыздылығына назар аударыла бастады.
Батыстық тіл ғылымы тілдің табиғатын әуелі грамматикалық,
кейін логика-математикалық идеялар тұрғысынан сараланған.
Соңғы болжамдарда жазба тілі мен сөйлеу тілінің арақатынасы
басқаша
бағаланып
жүр.
Лингвистикада
фонологиялық
талдаулардың, одан кейін пайда болған морфонологиялық
зерттеулердің тарихы терең, 60-жылдардың басында дыбыстық
тілді зерттеуден гөрі, жазба тілді зерттеу тиімді деген пікірлер
айтылды.
Қазіргі тіл білімінің маңызды саласының бірі саналатын тарихи тіл
білімінің міндеті – тілдегі тарихи өзгерістер мен сөздің
этимологиясын анықтау болып табылады. Тіл тарихына терең
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
88
бойламасақ, тілдік құбылыстардың сырын да дұрыс ұғынбауымыз
мүмкін.
Мақалада сөз болып отырған абстрактылық-символдық концептер
– адам санасындағы негізгі ұғымдардың таңбалық көрінісі. Оны
белгілі бір идея деп те тануға болады. Концептердің ұғымды
бейнелеуде сан алуан ерекшеліктері әртүрлі тілдердің шынайы
тұлғасы мен этимологиясын анықтауға негізделген. Соның
нәтижесінде түбір сөз бен туынды сөздің негізгі мағынасы мен
әуелгі тұлғалық көрінісі – шығу тегі анықталады.
Жалпы кез келген тілдегі сөздердің бір таңбаға негізделуінің
тамыры тілде бар әрбір таңбаның болмыстық, сандық, кеңістіктік,
мезгілдік, сапалық және т.б. сипаттарының белгіленуінен
байқалады. Тілдегі сөздердің, яғни біздің зерттеу нысанымыз
болып отырған сандардың табиғатын дұрыс тану қазақ және қытай
тілдеріндегі сандық жүйе туралы зерделеудің болмысы мен
тарихын пайымдауға ғылыми-методологиялық негіз бола алады.
Өткен ғасырларда Еуропа ғалымдары тіл білімінде үлкен жаңалық
болған тілдік белгілер туралы ілімге іргелі ғылыми зерттеу
жасаған. Тілдік субстанциядан гөрі тілдік формаға ерекше мән
берген Ф. де Соссюрдің абстрактылық көзқарасы тілші
ғалымдардың арасында қызу пікірталас тудырды. Оның ұсынған
жаңа принципі дәстүрлі үндіеуропалық тіл білімін тығырықтан
алып шықты деген пікірлер айтылды. Өйткені ол тілді жүйе
ретінде тануға теориялық негіз болып табылды. Бұл теорияның
өзегінде жатқан негізгі идея – белгі, яғни таңба. Ф. де Соссюрдің
бұл теориясы нақты таңбаға-заттың нақты графикалық элементке
қатысы жоқ. Ол таңба (знак) деген атаудан басқа қолайлы термин
таппағанын ашық айтқан. Сондықтан бұл терминді ғылымда
әртүрлі түсіндірілгендігін байқауға болады. Мұндағы негізгі ой
тек тілдік деректерді ғана зерттемей, тілдің абстрактылық
теориясын жасаудан шыққан деп түсіну керек. Белгілер
теориясының құндылығы тілдің абстрактылық табиғатына назар
аударған алғашқы әрі жүйелі көзқарас болуында деп есептейміз.
Лингвистикада әртүрлі тілдердің табиғатын әрқалай ұғыну, жазба
тіл мен сөйлеу тілін бөлек зерттеу таңбаның нақты табиғаты мен
мәнін ескермеуден туындайды. Оған көне жазу мен бүгінгі
|