Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
86
алмайды. Бірақ, бұл лингвистика тарихында жаратылыс
ғылымдарына еліктеуден туындаған «тіл – тірі организм» сияқты
көзқарастың ықпалы да болуы мүмкін. Тіл қаншама жыл дамуда
болса да, өзінің табиғатын, негізгі
қасиеттерін оңайлықпен
жоғалтпайды. Тілдің мұндай тұрақтылығын тілдің табиғатында
жатқан абстрактылық, символдық, логика-семантикалық, сандық-
таңбалық концептермен түсіндіруге болады. Лингвистердің
тілдегі заңдылықтарды мойындамауы тілді спонтанды өзгерістің
нәтижесі деп білуі де тілдің осындай табиғатын ескермеуден
шыққан деп ойлаймыз.
Тілдің өзегінде жатқан абстрактылық қатынастар (олар ұғымдық,
сандық, сапалық және тағы да басқа абстрактылық сипатта болуы
мүмкін) қазіргі тіл білімінде зерттеулерден тыс қалған сияқты.
Тілдегі сандық, сапалық, мөлшерлік категорияларға мән берілмей,
тілдік белгілеу мен математикалық, логикалық белгілеу арасында
жасанды шекара тұрғызылған. Бұрынғы кеңестік философтар мен
тілшілердің пікірі бойынша таза математика мен логика – адам
санасындағы болмыстың қарапaйым бейнесін зерттеумен
айналысатын салалар. Сонымен бірге
тілдік таңбалауда жағдай
басқаша болады, яғни адам болмысқа белсенді араласа отырып,
одан керектісін ғана таңдап алады. Осыдан барып адамдардың
араласуы кезінде тіл өзгереді деген тұжырым жасалады.
В. Гумбольдт, Э. Сепир, Б. Уорф және т.б. лингвист ғалымдар тілді
болмыс пен ой арасындағы дәнекер ретінде бағаласа, А.Ф. Лосев
зат туралы түсінікті заттың тікелей көрінісі емес деп, оны
семантикалық іс-әректеттің нәтижесі ретінде таныды. Мұндай іс-
әрекеттің нәтижесі семема деп аталды. Ол бойынша
математикалық белгілеу заттың субъективті қырларын елемей, зат
туралы
ойдан
шығарылған
абстрактылық
түсінікті
қалыптастырады,
біркелкі, ұқсас сандық қатынастарды ғана
зерттейді.
Тілде абстрактылық, сандық қатынастар өте аз кездеседі,
сондықтан сан есімдерді математикалық белгіге жатқызбауға да
болады
деген
пікір
бар.
Семеманың
пайда
болуы
коммуникациямен
тығыз байланысты болған соң, оны сезімнен
пайда болатын бейнеге не жалпылаушы түсінікке теңеуге
болмайды деп айтылады. Семантикалық сала тіл білімінде