Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri


көрініс деп отырғаны,  біздіңше,  қимылдың өту сипаты



Pdf көрінісі
бет16/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

көрініс
деп отырғаны, 
біздіңше, 
қимылдың өту сипаты
категориясына қатысы бар сияқты. 
Алайда ол еңбегінде қимылдың өту сипаты терминін қолданбайды. 
Мәселен, «Қазақ грамматикасы» атты 2002 жылы жарық көрген соңғы 
іргелі академиялық грамматиканың етістікке қатысты бөлімінің авторы 
– С.Исаев [7]. Ғалым етістіктің грамматикалық сипатын және етістік 
тұлғаларының жүйесін түсіну үшін олардың (етістіктің сөз табының)
сөйлеудегі қолданылу ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажеттігін айтады. 
Ол етістіктердің қолданысына талдау жасай келе, таза грамматикалық 
категориялар деп жақ категориясы, рай категориясы мен шақ 
категориясын ғана көрсетеді [7, 512-527]. С.Исаев бұл категориялардың 
жоғарыда санамалап көрсетілген грамматикалық (морфологиялық) 
категорияларға қойылатын талаптарға толық жауап бере алатындығын 
негізге алған. Яғни бұл категориялардың грамматикалық мағынасы өзара 
қарама-қайшылыққа құрылған мағыналардың парадигмалық жүйесін 
жасай алады.
Грамматикалық формаларының көптігі мен мазмұнының байлығы 
жағынан және қызметтерінің әлеуеті мен сан-салалығы жағынан 
етістіктер тілдегі сөз таптарының жүйесінде ерекше орын алады. 
Етістіктің бұл ерекше орны, біріншіден, оның формаларының бәріне 
де тән, бәріне де ортақ, бәрінде де болатын жалпы сипаттармен, 
екіншіден, сол формалардың өзді-өздеріне ғана тән, өзгелерінде жоқ 
жеке ерекшеліктерімен байланысты. Өйткені етістік формаларының 
бәріне тән, бәріне ортақ, жалпы сипаттары оларды (формаларды) етістік 
деп аталатын үлкен категориясының айналасына шоғырланатыны жалпы 
белгі болса, әр формаға тән жеке ерекшеліктер оларды алды-алдына 
саралап, бір-бірінен ажырататын семантикалық және грамматикалық 
сипаттарының көрсеткіші есебінде қызмет етеді.
Құрамы жағынан етістік түбірлер негізгі (оқы, айт, біл т.б.), туынды 
(шеге-ле, сан-а т.б.), біріккен (әкел - алып кел, сөйт - солай ет т. Б.) 


ҚАЗАҚ ТІЛІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ 
ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СЕМАНТИКАСЫ
42
қосарланған (бөліп-жару, сылап-сипау т.б.) тіркесті (қор ету, жек көру 
т.б.) түбірлер болып келеді.
Етістік сөйлемде негізгі мәнде де, көмекші мәнде де қолданылады. 
Жеке тұрғанда лексикалық мағынасы бар түрін немесе күрделі етістіктің 
негізгі мәнін емес, грамматикалық мәндерін білдіретін сыңарын көмекші 
етістік деп атайды. Көмекші етістіктің мәнді, мәнсіз (Маманов Ы) [8] 
немесе толымды, толымсыз (Ысқақов А) [9] түрлері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет