Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ 
ЕМЛЕСІ ЖАЙЫНДА
32
ұшығы бірде дауысты дыбысқа тіркеледі, бірінде дауыссыз дыбысқа 
тіркеледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстың ауанына қарай сөздің ұшығы да 
өзгереді. Қазақ бұл екі орнын да айырады. Тілдің табиғатынан қарағанда, 
қазақтың солай істеуі дұрыс: «мал»-«малдай» дегенде «н» жоқ; «малды» 
- «малындай» дегенде неге «н» қосылады? Әрине, «малы» деген сөздің 
аяғы дауысты дыбыс болғандықтан қосылып тұр. «Малы» дегеннен 
шыққан ұшықтарды «мал» дегеннен шыққан ұшықтармен бірдей істеу 
керек десек, тіл табиғатына дұрыс келе ме? Сондай-ақ «бала», «ана», 
«ата», «мал», «нан», «ат» деген сөздердің бәріне де «-лар» бірдей болу 
керек деген емес. Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың 
законына ерген, сондықтан тілі азбаған» дей келе, көптік жалғауының 
-лар/-дар нұсқаларының қолданысын салыстырады: «малдар» мен 
«маллар». «Малдар» дегенде тілде кідіріс жоқ, тек жеңіл өте шығады, 
«маллар» дегенде, «тертеге оралған шыбыртқыдай тілімізді қайтып 
алуымыз қиын», өйткені қос дауыссыз тіл таңдайдың алдына тіреліп, ауыз 
қуысын бітеп тастайды. «Қамаудағы дыбыс пен ашықтағы дыбыс екеуі 
бірдей болмайды.Ашықтағы дыбыс ашық, көркем шығады,қамаудағы 
дыбыс ажарсыз шығады»[7,91-94-бб.],-деп, тіл әуезділігі дыбыстың 
артикуляциясы мен акустикасында екеніне назар аудартады;
екіншіден, қазақ тілінің табиғаты бойынша тәуелді септеудің 
үшінші жағына барыс және шығыс септіктерінің жалғануы туралы 
дәлелдерінде А. Байтұрсынұлы: «Табиғатына қарамай, жолға түсіру 
керек болса: «атасына» демей, «атасыға» деп жазу керек, «атасынан» 
демей, «атасындан» деп жазу керек. «Атасыға» деп жазған таталарды 
көрмеген соң біз де «атасынан» деп жазып жүрміз. ... Татарлар неге 
«атасыға», «атасыдан», «атасыдай» деп жазбай, «атасына», «атасындан», 
«атасындай» деп жазады? Атасыға-атасыдан- атасыдай деп жазса, 
түсінбес пе? Әрине, түсінеді, бірақ солай жазбайды. Олай жазса, татарша 
болмайды. Қазақ та солай:-ның,-ны,-лар,-лық,-лы орынсыз жерде 
келсе, ол сөз қазақша болмайды; жөнге тілдің өзі табиғаты тартуынша 
әрқайсысын өз орнына қойған» [7,94-95-бб.] деп, тәуелі септеудегі барыс 
септігінің қалай жалғануы керектігін көрсеткен: 


Атабаева М.С., Абдирасилова Г. Қ
33
1) атасы - атасыға - атасы+на
аты - атыға - аты+на
қолы - қолыға - қолы+на
2) атасы - атасындан - атасы+нан
аты - атындан - аты+нан
қолы - қолындан - қолы+нан
Мұндағы үшінші қатар тіл «табиғаты қалауынша» қазақ тілінің 
заңдылығы екені анық, сонымен қатар, тіл «табиғаты тартуынша» ол 
берік байланыс саналатын матасуды құрайды, дыбыс үндестігі жалаң 
емес, тәуелдік жалғауының үшінші жағы (-ы/сы) білдіретін меншік 
мағынасы да бар, ол заттың үшінші жақтағы субъектіге қатыстылығын 
танытады.Ал қазіргі күні «қазақша болмайтын», тіл табиғатын түсінетін 
жандардың құлағына түрпідей тиетін, жас ұрпақтың тілін бүлдіретін, 
әсіресе, жасанды акцент жасап «сән» қуып жүргендерді мүлдем 
жатқылатын, қалыптасқан норманы бұзушылық байқалады: 
біріншісі - жоғарыда аталған барыс, жатыс, шығыс септіктерінің 
қолданысы ( Елбасы+ға хат жолдады. Бірнеше отбасы+ға көмек берілді. 
Асуман ханым бүгін Рашидтің шарапханасы+на ән салады («Гүллі 
ханым») Отбасы+да ойдың ала-құлалығы шығып қалмай ма?);
екіншісі - көмектес септігінің қолданысы (Стоматолгтар 
ассоциациясы+мен ұсынылған. Президенттің теле-радио кешені+мен 
әзірленген (Тележарнама);
үшіншісі - шығыс септігінің қолданысы (Ашуыңды мен+нен алдың 
(«Жүрек жарған», Астана).Сен+нен ұят болды («Көңіл күйі»). Бұл 
қолданыста «маллар» дегенде тіліміз таңдайға тіреліп, аузымыздың 
қуысын бітеп тастаса, «меннен, сеннен» дегенде тілімізді тістейміз;
төртіншісі - көмектес септігінің қолданысы (Мен+і+мен ересің 
(«Жау жүрек мың бала»). Деректер көрініп тұрғандай, бұлардың бәрі де 
БАҚ құралдарынан алынған.
Тілдегі әлем бейнесі адамның сезім мүшелері қабылдайтын санасы 
арқылы түйсініп, ақпаратты өңдеу нәтижесінде түзіледі. Тіл - ақиқат 
болмыстың бейнесі, адамның әлем туралы білімінің қалыптасу және 


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ 
ЕМЛЕСІ ЖАЙЫНДА
34
өмір сүру формасы. Әлем бейнесі – адам дүниетанымының басты 
элементі, шынайы болмыс туралы адамның түсінігі [3,18-19-бб.], одан 
әлемнің ұлттық бейнесі түзіледі. Тіл - сол ұлттық бейне көрінісі. Тіл иесі 
қоғаммен бірге азды-көпті өзгеріске ұшырайды, көп жағдайда ол «тіл 
табиғаты қалауынша», белгілі заңдылықтар бойынша жүзеге асады. Ол
- ықшамдау құбылысы екені белгілі.
Осы құбылыстың бір ғана көрінісі -«барады ма? болады ма? келеді 
ме?» т.с.с. Шашатарыңыз түседі ме? Олар үйге келіпті ме?», қазіргі 
күні жаппай қолданысқа айналып барады деуге болады. Ықшамдау 
құбылысының да мақсаты - тіл әуезділігі, тілді қисынына келтіріп 
жұмсау жолын көрсету.
Енді бір көңіл аударатын «құбылыс» - -лық/-лік жұрнағының жоқ 
жерде «активтенуі» мен етіс жұрнақтарының қолданысы. Бұған дәлел: 
әсем+ді+лік, көркем+ді+лік т.б. жаса+л+ын+ды, зертте+л+ін+еді, 
ата+л+ын+ады т.б. тәрізді қолданыстар. Қазақ тілі жалғанбалы тіл екен 
деп кез келген жерден сөз жасай беруге, түрлендіре беруге бола ма? 
Сөзжасамның да, түрлендірудің де қалыптасқан заңдылығы бар емес 
пе? Жоғарыда аталған сөздер - біреу-екеу болғанымен, актив қабатқа 
жататын сөздер, ал басқа қолданыстар - жастар күніне неше рет естіп, 
қолданылып жүргендер. Алаштың ардақтысы, тіл жанашыры Ахмет 
Байтұрсынұлы: «Адам ана тілін жасынан естуінше үйренеді. Сонан 
соң, тіл танытқыш кітаптардан оқиды. Онан әрі үлгілі жазушылардың 
шығарған сөздерін оқып,өзі іс жүзінде иә ауызша айтып, иә жазып 
қолданумен біледі. Біздің қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ 
тілін қолдана білу болып табылмайды» демекші, қазіргі ұрпақ кімнен 
үйреніп тіл иесі болар екен?
А.Байтұрсынұлы тәрізді ұлт жанашырының: «Тілдің өзінің қойған 
орнынан басқа орынға қойса, онда ол қойғанымыз ол тілше болмайды. 
Ол тілше болмаған соң,оның түбі тілді бұзу, өзгерту болады. Қазақ 
тілін өзгертіп, татар тіліне қосу болса, онда солай деп ашып айтарға 
керек. Емлесін қата десек, тастап бізге келер деген ой - қата: ол жақсы 
мен жаманды, қисық пен түзуді айырарлық қазақта көз жоқ дегендік 
болады» деген жан айқайының білім нәрін Ана тілінде беретін, Адам 
болу ұстанымын Ана тілінде үйрететін ұлттық мектеп бағдарламаларын 


Атабаева М.С., Абдирасилова Г. Қ
35
«жаңартып», тілдің ғасырлар бойы қалыптасқан жүйелі құрылымын 
шашып-төгіп «үйретіп» жүрген бүгінгі қазақ аспанында жаңғырып 
тұрғаны анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет