ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ
166
да, генетикалық тіл ғылымы мұндай дараланған дыбыстық бөлшектің
жоқ екенін айқын көрсетіп отыр. Анығында, фонема туралы түсінік – тіл
ғылымына күштеп енгізілген түсінік.
Сол алғашқы кездің өзінде фонема мәселесіне күмәнмен қараушылар
ғана емес, мұны мүлде жоққа шығарушы, мұның жасанды идея екендігін
айтушы ғалымдар аз болмаған. Тіпте Бодуэннің өзі: «фонема – белгілі
дәрежеде, лингвистиканың ойлап тапқаны» (порождение лингвистики)
[7-179] – деген болатын. Э.Г.Аветян: «Қазіргі тіл білімінде өзінің
маңыздылығы жөнінен алғашқы орында тұрған фонема туралы мәселе
енді барынша тұйыққа тіреліп отыр. Солай болса да қазірде оны жоққа
шығару туралы ойдың өзі де бір аңқау адамның аңғал айтылған пікірі
сияқты күлкіге қалатындай жағдайдамыз» [7-165] – дейді. Диахрондық
фонологияның бастауында тұрған ғалым В.К.Журавлев: «... фонема тілдік
ақиқат ретінде бар сияқты, бірақ ол фонетикалық ақиқат бола алмайды:
акустикалық жақтан да, артикуляциялық тұрғыдан да сөйлеу процесі
(речь) фонема дегенге сәйкес келетін бөліктерге бөлінбейді. Фонема
бар сияқты, бірақ жоқ. Ол – дыбыс, ал сол дыбысың жоқ...» [8-67] деп
әрі-сәрі күйге түседі. Ия, бұл төңіректе қарама-қарсы көзқарастар мен
алуан түрлі пікірлер жеткілікті. Ғылымдағы ірі даулы мәселелердің өзін
кейде оның аса бір маңыздылығынан деп ойлап қалуға болады, ал бірақ
өмірде, ғылым жолында кейбір осындай идеялардың теріс бағыттағы
идеялар болып шығатыны да бекер емес. Біз мұндайда: «Ғылымның
қате бағытының өзі ғылым дамуына қызмет етеді» деп тоқталамыз. Бұл
сөздің ақиқаттығы да жоқ емес. Дегенмен, осындай теріс түсініктегі
көзқарстар өз шешімін тапқанға дейін, ол соқырішек тәрізді «жарылу
қаупіне» жеткенше, яғни бүкіл организмді улап, оның болашағына балта
шабуға дейін келетінін де көруге болады. Осылайша ғылым белгілі бір
дәуірлерде жалған түсініктерге йек артып біраз уақыт жүруі мәселенің
барынша асқынуына алып келеді. Дегенмен, ол үнемі осылай жүре
алмауы керек. Тұйықтан шығатын жол ашылуы тиіс. Яғни, ғылым, оның
ішінде тіл ғылымы да, белгілі бір шыққан деңгейінде мәңгі тұрып қала
бермейді. Жаңа бір деңгейлерге өтуі қажет. Біздің түсінігімізде бұл –
генетикалық тіл ғылымының пайда болумен тікелей байланысты.
Фонема мәселесі туралы біз
Достарыңызбен бөлісу: