Қазақ тілінің пунктуациялық


болды.  Жабыларсың,  таларсың  да,  жерсің!



Pdf көрінісі
бет20/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
    Бұл бет үшін навигация:
  • Лаула
болды.  Жабыларсың,  таларсың  да,  жерсің!  Бұның  балдызына  үйленген 

жандарал төрені сүйетін де, сүйейтін (М.Әуезов). Сайра да, зарла, қызыл тіл 

(Абай). 


§64  Да  жалғаулығы  әр  бірыңғай  мүшеден  кейін  қайталап  келсе,  үтір 

қойылады: Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да (Абай). Жер де, көк те тұп-



тұнық, қап-қара (С.Мұқанов).  Бала қыран алғыр да келеді, албырт та келеді 

(Ғ.Мүсірепов). 

§65.  Не,  немесе,  я,  яки,  әрі,  әлде  жалғаулықтары  әр  бірыңғай  мүшенің 

алдынан  қайталап  келгенде,  бірыңғай  мүшелердің  араларына  үтір  қойылады. 

Мысалы: Теріскейден соққан желдің екпіні әрі күшті, әрі суық (С.Мұқанов). Я 

алшымнан, я тәйкемнен түсетін күннің есігі бүгін ашылғандай (Ғ.Мүсірепов). 

Айтып тұрғаның  әлде шын, әлде өтірік. Ендеше әрі сұлу, әрі ірі, әрі  жорға 

бурыл атты мініп жүру қандай тамаша! (С. Мұқанов). 

§66. Бір сөз бірдей не әр түрлі тұлғада қайталап айтылса, араларына үтір 

қойылады.  Олар  қатар  да,  араларына  сөз  салып  та  келе  береді:  Лаула,  жан, 

костёрден  от,  лаула,  лаула!  Келіңдер,  кел,  балалар,  от  жағуға!  Жүйткиді 

поезд,  жүйткиді!  (Н.Байғанин).  Жантық-ай,  бері  келші,  бері  (Ғ.Мүсірепов). 

Малға апарып салсам, сиыр екеш, сиыр да мұрнын шүйіріп жемейтін («Аяз би» 

ертегісінен). Ол үйінде отырса, отырсын. Солай болса, болсыншы. Молдадан 




оқымасаң,  оқымай-ақ  қой,  шырағым  (С.Мұқанов).  Бұларды  дефиспен 

жазылатын қос сөздермен шатастырмау керек. 

§67. Екі бірыңғай мүшенің арасында келетін бірақ, дегенмен, алайда, сонда 

да деген жалғаулықтар мен сондай-ақ, сонымен бірге деген тіркестердің алдынан 

үтір  қойылады.  Мысалы:  Абай  өлеңдерінде,  сондай-ақ  публицистикалық 

әңгімелерінде баланы тәрбиелеу деген мәселеге үлкен мән берді. 

§68.  Бірыңғай  мүшелердің  әрқайсысынан  кейін  сұраулық  шылаулары, 



болсын  деген  сияқты  сөздер  қайталап  келе  береді,  мұндайда  бірыңғай 

мүшелердің  араларына  үтір  қойылады:  Тал-терегі  болсын,  тау  қайыңы  – 



қисықша  қызылқайың  болсын  –  барлығы  да  көктеп  жайнап  тұр  (М.Әуезов). 

Желдің бе, қасқырлардың ба  –  әлдененің ұлыған үні жер-көкке  сыймай  тұрған 

сияқтанады (С.Мұқанов). 

§69. Үн жоқ, түн жоқ; ұзын арқан, кең тұсау; бір сырлы, сегіз қырлы; апы 



кіріп, күпі шығып; алты аласы, бес бересі; күн демей, түн демей; о жак, бұ жағы 

сияқты күрделі қос сөздердің арасына, бірыңғай мүшелерге қойылғандай, үтір 

қойылады. Мысалы: Ол бір сырлы, сегіз қырлы жігіт еді. Қос салт атты үн 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет