“Қазақ тілінің семантикасы“ пәнінің өзге пәндермен байланысы



Дата14.10.2023
өлшемі11,78 Mb.
#114103
Байланысты:
Лексикалық мағынаның шындық дүниедегі заттар мен құбылыстарды бейнелеу қызметі


Лексикалық мағынаның шындық дүниедегі заттар мен құбылыстарды бейнелеу қызметі. М. Оразовтың «Қазақ тілі семантикасы» еңбегі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Орындаған:Таңжар.Е
Тексерген:Каспихан.Б
Кіріспе
Тіл – жүйелі құбылыс. Әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен қоғамдық сана қалыптастырған ұғымдарды бейнелейтін адамзаттық тіл – танымдық феномен. Тілдің негізгі қызметі – қарым-қатынас құралы болу; тарихи жад қалыптастыру. Тіл - ұлттық болмыс пен санадағы дәстүрді сақтаушы негізгі таңбалық жүйе. Коммуникативтік әрекет ұлттық мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып қана қоймайды, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Мәдениет тілдік таңба арқылы жүйеленіп, таңбаланып, адамдар арасындағы маңызға ие бола алады. [1]
“Қазақ тілінің семантикасы“ пәнінің өзге пәндермен байланысы
Тіл – кешенді жүйе. Тілдің өзі, түптеп келгенде, ойды жеткізудің құралы. Ал саналы ойды нақты таңбамен бейнелегенде, оның мағынасы айқын көрініс береді. Мағына – ойдың таңбалық бейнесі. Сөз мағынаға ие болмаса, өзінің қасиетін жоғалтады. Сөздің мағынасы таңбалар арқылы бейнеленеді. Сөз – лексикалық, грамматикалық мағынаға ие болады. әртүрлі тәсілдермен жаңа туынды атау жасалады. Сөз – сөйлемде өзінің ерекше мағынасында жұмсалады[2]. Сөз мәтін ішінде қолданыс тауып, ойды жеткізудің құралына айналады. Яғни кешенді жүйенің негізгі салалары ретінде тіл білімінің барлық салалары бір-бірімен тығыз бірлікте зерделенеді.
Сөз – тілдің негізгі бірлігі. Сөздің осы табиғатының өзі тілдік жүйелілікті аңғартса керек. Яғни сөзсіз дыбыстың мәні анықтала алмайды, сөз тіркесі сөзден құралады, сөз болмаса, ой мен пікір жеткізілмейді. Демек, сөз ұғымды таңбалаушы лексикалық бірлік қана емес, ол дыбыстың мағыналық жағынан көрінер тұсы, сөйлеудегі негізгі ой жеткізуші қатынас құралы. [3]Сөз – тілдің ең негізгі таңбалық бірлігі.
Лексикалық мағынаның шындық дүниедегі заттар мен құбылыстарды бейнелеу қызметі
М.Оразовтың еңбегі аясында зерттеу
Мәселен, қазақ тілінің семантикасы туралы іргелі еңбек жазған М.Оразов қазақ тіл білімінің атасы Қ.Жұбановтан кейін лексикалық мағынаның құрылымы, тілдегі жүйелік қатынастар, валенттілік мәселесі т.с.с. лексикалық мағынамен байланысты бірсыдырғы мәселелерді алғаш қарастырған ғалымдардың бірі.[4] М.Оразов өз еңбегінде парадигмалық мағына мен синтагмалық мағынаның күрделілігін толық болмаса да атап көрсеткен. Алайда бұл мәселелер содан кейін де қазір де еш көтерілмей сол жабулы күйінде жатыр. Қазақ тіл білімінде бірнеше лексика-семантикалық топтарды өзара байланыста қарастырған еңбек жоқтың қасы.
Ол өз зерттеуінде алғашқылардың бірі бо-лып, толық болмағанымен, лексикалық, синтаксистік синтагмати-ка айырмашылығына, синтагмалық мағына ерекшелігіне тоқталып, оның күрделілігін атап көрсетеді, сол себепті М. Оразовтың бұл еңбегінің маңызын жоғары бағалау қажет деп есептейміз.[5]
Фразеологиялық байлаулы мағына – фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздердің тіркесіп келуі арқылы берілетін лексикалық мағынасы. Байлаулы мағынадағы сөздер шындық болмыстағы заттармен тікелей емес, жанама түрде байланысады.[6] Мысалы: қасқа сөзі малдың маңдайында болатын, ұзынша келген ақ түсті жолақ деген мағынада айтылса, тұрақты тіркестің құрамында қасқа бас - маңдай шашы жоқ адам; қасқа тіс - малдың алдыңғы төрт тісі деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты қасқа жол, қасқа бұлақ деген тұрақты тіркес құрамында ауыспалы мағынаға ие болады.
Синтаксистік шартты мағына - сөздер сөйлеу үстінде, контексте қолданылу жүйесіне қарай өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туындайтын мағына. Мысалы: жемқор – өңеш, құлқын; аю – арбиған, ебедейсіз; құдық - мешкей, жалмауыз деген ұғымды білдіреді.[7]
Қорытынды:
Тілдік лексикалық жүйесіндегі кез келген сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы немесе синтакситік шартты мағынасы бола бермейді. Номинативті мағынаға ие болатын атауыш сөздердің көбіне-көп жұмсалу қабілеті күшті болады. Әсіресе зат есім, сын есім, етістік сөздер тура мағынада, әрі ауыс мағынада тілде белсенді қызмет атқарады. Мұндай сөздердің көпшілігі өзінің тура мағынасының үстіне қосымша мағыналар үстеп алған. Мысалы: түнеру (ренжу, кею), шатынау (көзі шарасынан шығып ашулану), соқыр (надан, топас), сору (аяусыз қанау).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. – М., 1974.
2.Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. –М., 1984.
3.Шмелев Д.Н. Проблемы семантического анализа лексики. – М., 1973.
4.Новиков Л.А. Семантика русского слова. –М., 1982.
5.Оразов М.О. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы, 1991.
6.Васильев Л.М. Семантика русского глагола. –М., 1981.
7.Языковая номинация. – М., 1977.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет