1-тапсырма Лексикалық мағына



Дата02.03.2022
өлшемі18,27 Kb.
#26855
Байланысты:
2 ағымыдқ бақылау лексикология


Бауыржан Ақбота КФ-11 24.02.22

2-ағымдық бақылау



1-тапсырма

Лексикалық мағына деп сөздердің негізгі беріп тұратын ұғымы. Себебі лексиқалық мағына арқылы сөздің басқада мағыналарын тудырамыз. Сол үшін де ең алдымен сөздің лексикалық мағынасын ашқан жөн. Лексикалық мағына сөзді танудағы оның өзіне тән даралық мағынасын көрсетеді. Келесі грамматикалық мағына - бұл бізде сөздің жалпы мағынасы. Грамматикалық мағына лексикалық мағынадан кейін пайда болады. Жәнеде сөз бізде бір ғана лексикалық мағына білдірсе, ал грамматикалық мағына сөзде біреу де, бірнешеу де болуы мүмкін. Кел, балалар, оқылық! деген сөйлемнің бір өзінде мынадай грамматикалық мағыналар бар. Кел – лексикалық мағынасы – ауыс мәндегі келу қимылы, грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіру, 2) салттық мән, 3) бұйрық мағына және 2-жақ арнайы. Балалар: лексикалық мағынасы – белгілі жасқа (оқу жасына) байланысты адам, грамматикалық мағыналары: 1) жалпы заттық мағына, 2) адамға байланысты және бір адамға ғана емес, белгілі жастағы адамдарға түгел қатысты. 3) бір емес, көп екендігі. 4) соларға қаратылу. Оқылық : лексикалық мағынасы – оқу іс-әрекеті, грамматикалық мағыналары : 1) жалпы қимыл, іс-әрекет, 2) сабақтылық мән, 3) ниеттік мән және І жақ көптік ұғыммен байланысты.

Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б. Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.

Фразеологиялық мағына дегеніміз тұрақты тіркестердің семантиқалық нәтижесі. Адамдар сөйлеу қажеттілігін өтеу кезінде фразеологизмдерді алдымен айтайын деген ұғымның мағынасына қарай таңдайды. Мысалы, қателесу ұғымына қатысты мынадай мағыналас тіркестер қатар төзеді : аяғын шалыс басу, жаза басу, ағат кету, от басу; шыдамау : жүрегі алып ұшу, жаны жай таппау, қарар қылмау, тағат таппау, төзімі жетпеу, шыдап отыра алмау.

2-тапсырма

3-тапсырма

Мысалы, ақындар: Алатау ақ бас шалым


көпті көрген не жұлдыз жымыңдады, күн
күлді деп жазады. Мен Абайды оқыдым,
көше ояу, ана үйдің құдасы келді дейтін сөйлемдердегі сөздерді алсақ - бәрі де ауыстыру мағынасында қолданылған сөздер.

Метафора. Жоғарғы келтірген үзіндідегі ақ бас шалдың кім екенін Алатау деген сөз түсіндіріп тұр. Тауды ақ бас деп атаушылық, қар жапқан таудың басы шашы ағарғанақ бас шалды еске түсіреді дедік. Мұнда түстері жағынан бір-біріне жақындығыбар. Осы сықылды сөздің ауыстыру мағынасында қолданылуы, екі нәрсенің ұқсастығына қарай, бірін бірімен ауыстырса, оны метафора деп атайды.

Метафоралық сөздер сын есім (ақ бас шалым), зат есім бала - жүрек, бала -бауыр) және едім, едің, еді, екендеген көмекші етістіктер арқылы да жасалады, кейде ем, ең т.б.



Метонимия (греше-алмастыру. )Шындық өмірдің әртүрлі құбылысы жалаң нәрсе емес, бір-бірімен байланысып, ұштасып жатады. Оның түрлі жағы болады. Осы құбылыстардың түрлі жақтарынан не тек қана бір жағын алып, не атын ғана айтып көрсету күнделік сөздерде де, әдебиетте де өте жиі кездеседі.

Әрине, бұл үшін не нәрсенің аты, не сол құбылыстың бір жағы кездейсоқ алына салмайды. Сол құбылысты бүтіндей көрсете алатын өзгеше көңіл аудара алады деген сөздер қолданылады. Кейде қалпағы бар біреуге: Ей, қалпақ! - дей саламыз. Мұнда адамның орнына оның киген киімін, қалпағын айтамыз.

Ол үйдің адамдары көңілді екен деудің орнына, көңілді үй екен дейміз. Ойын қойып, өлең айтып, уақытты көңілді өткіздік деп, болған оқиғаның
орнына уақытты жақсы өткіздім, - деп мезгілін айта саламыз. Немесе еңбектің орнына сол еңбекті жасайтын құралын айтамыз. Ол нанды қаламымен табады.

Кейде кітабының орнына жазушысын айтамыз. Мен Абайды оқыдым, Пушкинді оқыдым дейміз. Дұрысын айтсақ, Пушкиннің, Абайдың шығармаларын оқыдым.



Синекдоха (грекше-меңзеу). Троптың өзгеше бөлінетін бір түрі синекдоха деп аталады. Бір бүтін нәрсенің орнына оның бөлшегін (басың нешеу?); бөлшектің орнына бүтінді (жұрттың қалай екенін ұқпадым) қолдану. Біреуге: Басың нешеу? дегенде, оның басын сұрап отырғанымыз жоқ, неше адамыбар екенін сұрап отырмыз. Сол үйдің адамдарының орнына тек қана бастарын аламыз. Жұрттың қалай екенін ұқпадым!дегенде барлық жұртты айтып отырған жоқ, біреуді айтып отыр. Бір адамның орнына жұртты деген сөзді айтса да, бұдан барлық жұртты
ұқпаймыз, сөз аңғарына қарап, бір адамға ғана қастап айтқанын білеміз.Жоғарғы бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолданған сықылды, көпшенің орнына жекешені, жекешенің орнына көпшені қолдану да синекдохағажатады.

Мысалы: Тары пісіп тұр. Жылқы көрдіңбе? дейді. Тары, жылқы - жекеше.


Дұрысын айтқанда, тарылар, жылқылар деу керек қой. Бірақ көпшесін айтпай-ақ, жекешесін айтсақ та, көпшесінің мағынасын беретін болғандықтан, жекеше тары, жылқы деп қолдана береміз. Абайлар күшті ақын ғой дейміз. Шынында, Абай біреу, әйтсе де осылай айтылады да,айтуға болады да. Жекешенің орнына көпше, көпшенің орнына жекешені қолданушылық өлеңдерде жиі кездеседі.

4-тапсырма



Мысалы; күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.

  • Терезеден күннің көзі шығып тұр

  • Жұмыстың аяғы 20,00де бітеді

  • Менің ойымша әңгіменің басы ең қызықты

  • Сөздің төркінін білу керек

  • Қазанның құлағы тап-таза

  • Теледидардан суық хабар болатынын айтты

  • Менің биік мақсатым бар

  • Мен сені сүйемін - жылы сөз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет