Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына



бет13/91
Дата12.12.2022
өлшемі408,98 Kb.
#56768
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91
Байланысты:
2 5215504080318762273

Екпінсөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.

  • Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі.

  • Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді

    Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

    1. Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы , туралы т.б.

    2. Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.

    3. Болымсыз етістіктің жұрнағына (-ма, -ме, -па, -пе, ба, -бе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме т.б.

    ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ
    (Сингармонизм заңы)
    Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы.
    Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
    БУЫН ҮНДЕСТІГІ

    1. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

    2. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.

    3. Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

    Сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс жуан болса, қосымшадағы дауысты да жуан болады.

    қаз-дар / қаз-дер (емес)
    тас-қа / тас-ке (емес)

    Ал соңғы буын жіңішке болса, қосымша да жіңішке жалғанады.

    үй-лер / үй-лар (емес)
    есік-ті / есік-ты (емес)



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет