Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады. Бұл принцип, негізінен, сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі. Мысалы: адамдар, ағаштар, қартқа т. б.
Дәстүрлі принцип:
Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.
Мысалы: хайуанат, кейуана, миуа, қиуа, белбеу, Ботагөз, Амангелді, жаздыгүні т.б.
Морфологиялық принцип:
Күрделі сөз бен сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады.
Айтылуы
Жазылуы
Шегара
Жер-гөк
Қоян-ғолтық
Шекара
Жер-көк
Қоян-қолтық
ЛЕКСИКА Лексика (грек."сөздік қор") мынадай тақырыптарды зерттейді:
1. Жалпы қолданыстағы сөздер
күнделікті өмірде қолданылатын сөздер: бар, кел, есік, туысқан, соғыс т.б.