Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына



бет21/93
Дата03.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#112740
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93
Байланысты:
қазақ тілі көк кітап

Метафора (грек. «ауысу, ауыстыру») – бір-біріне ұқсас екі не одан да көп зат немесе құбылыстың балама аталуы. Мысалы, Хан емессің, қасқырсың... Хан емессің, шаянсың... өлеңіндегі «қасқыр», «шаян» сөздері жауыз, қатыгез сөздерінің орнына қолданылған.

  • Метонимия (грек. «атын өзгертіп атау») – ойда сақталып тұрған бірер сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу. Мысалы, Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу.

  • Синекдоха (грек. «бірге жобалап, шамалап түсіну») – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. Мысалы, Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнынатөрт-бес тұяғымыз бардеу.


    МОРФОЛОГИЯ

    • Морфология сөз құрамы, қосымша және сөз таптарын зерттейді.

    • Сөз құрамының 2 түрі бар: дара сөз және күрделі сөз.

    Дара сөз

    Күрделі сөз

    1) түбір сөз
    2) туынды сөз

    1) қос сөз
    2) біріккен сөз
    3) қысқарған сөз
    4) тіркескен сөз



    • Қосымшаның 2 түрі бар: жалғау және жұрнақ.

    Жалғау

    Жұрнақ

    1) көптік жалғауы
    2) септік жалғауы
    3) жіктік жалғауы
    4) тәуелдік жалғауы

    1) сөз тудырушы
    2) сөз түрлендіруші



    • Сөз табының 9 түрі бар:

    1. зат есім 4. есімдік 7. шылау
    2. сын есім 5. етістік 8. еліктеу сөз
    3. сан есім 6. үстеу 9. одағай
    Сөз таптарының сызбасы2



    СӨЗ ҚҰРАМЫ
    Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді:дара сөз және күрделі сөз.
    ДАРА СӨЗ
    Дара сөзбір түбірден тұратын сөз.Оның 2 түрі бар: түбір сөз және туынды сөз.
    1. Түбір сөз
    Түбір сөзсөздің мағынасы бар ең бастапқы бөлшегі. (ән, дос, бөл, біл, тау, жақсы, қала)
    2. Туынды сөз
    Туынды сөз түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. (әнші, достық, бөлім, білгір, таулы, жақсылық, қалашық)
    Қосымша:
    Түбір сөз бен одан жасалған туынды сөз арасында мағыналық байланыс болады. Мысалы, бал сөзінен балшы, балгер деген сөздер жасалады. Ал бал сөзінен бала, балық деген сөз жасалмайды. Себебі олардың арасында мағыналық байланыс жоқ.
    КҮРДЕЛІ СӨЗ
    Күрделі сөзкемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөз. Оның 4 түрі бар:
    Біріккен сөз
    Қос сөз
    Қысқарған сөз
    Тіркескен сөз


    1. Біріккен сөз
    Біріккен сөзекі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз.Мысалы: Тасбақа (тас+бақа), Талдықорған (Талды+қорған), қарақұрт (қара+құрт), Екібастұз (Екі+бас+тұз)
    Кіріккен сөзқұрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысы өзгертіп біріккен сөз. Мысалы:

    Биыл

    бұл жыл

    Бүгін

    бұл күн

    әкел

    алып кел

    Апар

    алып бар

    ендігәрі

    ендігіден әрі

    жаздыгүні

    жаздың күні

    Білезік

    білек жүзік

    қарлығаш

    қара ала құс

    Ағайын

    аға іні

    Сексен

    сегіз он

    сәресі

    сахар асы


    2. Қос сөз
    Қос сөз– сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама қос сөз және қосарлама қос сөз.

    • Қайталама қос сөзсыңарлары бір түбірден жасалатын қос сөз. Мысалы:көре-көре, көзбе-көз, өз-өзінен, тау-тау.

    • Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:

    1. Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, үлкен-үлкен, су-су, тікен-тікен, қора-қора, қарқ-қарқ, ұсақ-ұсақ т.б.

    2. Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, бара-бара, айтып-айтып, үйдей-үйдей, сөйлей-сөйлей, бір-біріне, көзбе-көз, келер-келмесін, орынды-орынсыз, қолды-қолына, он-ондап т.б.

    3. Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады. Мысалы, кісі-місі, қағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-мас, тіс-міс, мәре-сәре, кемпір-семпір, нан-пан, сатыр-сұтыр, салдыр-гүлдір, қараң-құраң т.б.

    4. Бір сыңары ықшамдалып жасалады. Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.

    • Қосарлама қос сөзсыңарлары әр түрлі түбірден жасалатын қос сөз:: үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы, бала-шаға, көйлек-көншек.

    • Қосарлама қос сөздің 5 түрлі жасалу жолы бар:

    1. Сыңарлары синонимдес болып келеді. Мысалы, зәре-құт, ашу-ыза, дос-жар, тәлім-тәрбие, ыдыс-аяқ, етек-жең, өнер-білім, төсек-орын, қазан-ошақ, ес-түс, қауіп-қатер, уайым-қайғы, мінез-құлық т.б.

    2. Сыңарлары антонимдес болып келеді. Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.

    3. Бір сыңары мағынасыз болып келеді. Мысалы, арық-тұрық, бала-шаға, емін-еркін, жүн-жұрқа, көйлек-көншік, киім-кешек, көрші-қолаң, кедей-кепшік, жоқ-жітік т.б.

    4. Екі сыңары да мағынасыз болып келеді. Мысалы, анда-санда, ығы-жығы, қым-қуыт, әңкі-тәңкі, ту-талақай, алба-жұлба, ұйпа-тұйпа, тым-тырақай т.б.

    5. Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді. Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени, үнді-еуропа т.б.

    3.Қысқарған сөз
    Қысқарған сөз күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.Мысалы,

    1

    ТМД

    Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

    2

    ҚазҰМУ

    Қазақ Ұлттық Медицина университеті

    3

    Ұжымшар

    ұжымдық шаруашылық

    4

    кг

    килограмм

    5

    ГАЗ-33

    машина, трактор, ұшақ маркалары

    Қысқарған сөздің жасалуының 4 жолы бар:



    1. Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің тек бірінші дыбыстары қысқарды. Мысалы, ТМД, БҰҰ, АҚШ т.б.

    2. Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен соңғы сөздердің бірінші дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы, ҚазҰПУ, ҚазМҰУ т.б.

    3. Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің бірінші буындарынан қысқарды. Мысалы, кеңшар (кеңестік шаруашылық), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), физмат(физика-математика) т.б.

    4. Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен келесі сөздің түбір күйінде қысқаруы. Мысалы, пединститут, медколледж, медпункт т.б.

    5. Өлшем бірліктерінің қысқаруы.Мысалы, см (сантиметр), кг.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет