ЭЛЕКТРЛІК СХЕМАЛАРДАҒЫ ШАРТТЫ ƏРІПТІ-САНДЫҚ БЕЛГІЛЕНУЛЕР
Электрлік сұлбалардағы әріптік және сандық шартты белгілер барлық элементтерге, құрылғыларға және функционалды топтарға, бір және екі әріптік код түрінде беріледі. Сандармен екі әріптік кодты қолдану ұсынылады (ГОСТ 2.710-81).
Əріпті-сандық белгіленулер қолданылады
объекті мен оның бөліктері (құрылғылар, функционалдық топтар, элементтер) жайлы
мəліметтерді қысқарған түрде жазу үшін,
мəтіндік құжаттарда объектінің сəйкес бөліктеріне сілтемелер жасау үшін
тікелей объекті мен оның бөліктеріне жазу үшін (маркировка)
Жалпы жағдайларда құрамдық белгіленулер қолданылады.
Олар құрылғылар, функционалдық топтар, құрылымдық орналасулар (құрылымдық белгіленулер), элементтер (позициялық белгіленулер) электрлік түйіспелер, құжаттар жəне оның беттік нөмірі (адрестік белгіленулер) жайлы мəліметтер береді.
Əріпті-сандық белгіленулер құру үшін латын алфавитінің əріптері, араб сандары, қолданылады