«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Неологизмге айналған көнерген сөзді табыңыз.
A) машайық B) сопы C) жамағат
D) діни басқарма E) муфтият
Архаизмнен болған тіркесті табыңыз.
A) үлкен планета D) валюта бағамы
B) Абай даңғылы E) физикалық карта
C) нарықтық экономика
Бұрын көнерген сөз болып қазір неологизмге айналған сөзді табыңыз.
A) апрель B) ай C) ғасыр
D) апта E) байрақ
Синоним болатын диалектілерді табыңыз.
A) түбек, шүмек D) кебеже, сандық
B) ауқат, тамақ E) қоржын, қалта
C) былғары, тері
Көнерген сөздердің қатарын табыңыз.
A) дуанбасы, пролетарият, қаған
B) әсемпаз, өнерпаз, қыдырымпаз
C) бизнес, карьера, орден
D) акция, чек, бағалы қағаз
E) тәуелсіздік, егемендік, азаматтық
Қай қатар неологизм сөздерге жатады?
A) анализ, скидка D) градус, температура
B) класс, лампа E) хандық, барымта
C) сәулет, пайыз
Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?
A) көнерген сөз D) термин сөз
B) диалект сөз E) кәсіби сөз
C) кірме сөз
“Тырық”, “көтерем” диалектілерінің әдеби тілдегі баламасын табыңыз.
A) зәулім B) шалғай C) арық
D) ескі-құсқы E) кішкентай
Сөйлемдегі диалект сөзді табыңыз.
A) Табалдырықта отырма.
B) Бидайға орақ түскелі тұр.
C) Бау-бақшадан жеміс тердік.
D) Бүгін азанда ерте ояндым.
E) Оның нағашысы әскерден келді.
Историзмді табыңыз.
A) мешіт B) имам C) жамағат
D) қылует E) муфти
Достарыңызбен бөлісу: |