Орындаған: Берманова А.К. Группа: ДКФ-3-22-1к 1.Тапсырма Сұрақтарға жауап жазыңыз 1.1 Бағалы қағаздар нарығының жалпы сипаттамасы және оны классификациялау тәсілдері Бағалы қағаздар - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар. Бағалы қағаз нарығы туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.
Бағалы қағаздарға акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады. Бұл қағаздар бұрынырақта қазақша “бағалы қағаздар” деп аталған. Бірақ “бағалы” деген сөзден гөрі “құнды” деп аталғанымыз дұрысырақ, неге десек, бүгінгі құнды қағаздар оның иесіне тек пайда, табыс әкеледі. “Бағалы” деген сөздің өзі мейлі қай жағынан - тілдік, экономикалық жағынан алсақ та, мағынасы жағынан біз айтып жүрген акция, облигациялардың анықтамасын аша түседі.
Құнды қағаздың үш түрлі құндылық қасиеті бар, яғни, оны сатып ала отырып:
- біріншіден, акция иемденушісі;
- екіншіден, оны шығарушы кәсіпорынның белгілі бір бөлігіне ие боламыз;
- үшіншіден, акцияның екі бағасының - номиналды және рыноктық бағасының айырымы арқылы пайда көреміз. Бұл соңғы қасиеттерін таратып айтар болсақ, біз бастапқыда акцияны номиналды бағасымен сатып аламыз да, оны аукционда нарықтық өсіңкі бағамен сата аламыз, сөйтіп біз де, оны шығарушы кәсіпорын да пайда көреді.
Бағалы қағаздың екі түрі бар: қарыз түріндегі құнды қағаз және корпоративтік бағалы қағаз. Егер бағалы қағазды мемлекет шығарған болса, оны мемлекеттік бағалы қағаз дейді, мемлекеттік бағалы қағаз – қатерсіз (риск) бағалы қағаз болып табылады. Біз мемлекеттік бағалы қағаз сатып алсақ пайда табыз, бірақ одан пайда аз көреміз. Әйтсе де, біздің қаржымызға ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы акцияны жоғалтпаймыз, керісінше шамалы пайда үлесін аламыз. Корпоративтік бағалы қағазда қатер бар, әйтсе де оның пайдасы жоғары. Әр құбылыстың пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар десек, нарықтық экономика кезінде бағалы қағазды таңдай білу керек. Таңдау - үлкен жұмыс. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуының бірнеше себептері бар.
Біріншіден, ғылыми-техникалық прогреске көп ақша керек. Облигация қатаң түрде ерікті негізде таратылады және ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздар; кәсіпорындардың облигациялары түрлерінде шығарылады. Атаулы‚ ұсынушыға арналған‚ пайыздық‚ пайызсыз‚ еркін айналымды немесе шектеулі облигация болуы мүмкін. Олар болашақта нақты тауар өндіру (қызметтер көрсету‚ жұмыстарды орындау) кепілдігімен пайызсыз мақсатты облигация түрінде де шығарылады. Мұндай облигация кәсіпорындар мен халықтың арасында таратылады‚ олардың иесі осы облигация кепілдікпен шығарылған тауарларды сатып алуға‚ қызметтерді пайдалануға басым құқық алады.
Облигациядан табыс қатаң тіркелген пайыз түрінде немесе жыртылмалы купонға төлем төлеу жолымен де‚ оларды ойнатып‚ ұтыс төлеу жолымен де, өзгермелі (құбылмалы) мөлшерлеме бойынша пайыз түрінде де алынады. Кеңес Одағы кезіндегі бағалы қағаздардан қазіргі кездегі бағалы қағаздың айырмашылығына келетін болсақ, жұртшылықтың қолында “25 сомдық”, “50 сомдық” облигациялар болды. Осы облигацияларды, егер ақша керек болған жағдайда, жинақ кассасына барып ауыстырып алуға болатын, бірақ ешқандай пайдасыз. Одақ кезіндегі осы облигациялар кейде ұтыс жариялайтын, ол ұтысқа жүздің бірі, не мыңның бірі ие болатын. Яғни, бұл облигациялар көпшілікке ешқандай табыс, пайда әкелмейтін.
Ал, егер біз қазір жақсы дамыған акционерлік қоғамның акциясын алсақ, біз сол акционерлік қоғаммен бірге пайда көреміз.
Бұған жеке капиталдың шамасы келмейді. Сондықтан бірнеше жеке капитал бірігіп, акционерлік қоғамдар құрады. Ал, осы акционерлік кәсіпорындар ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамыта алады.
Екіншіден, әр уақытта үнемдеудің арқасында адамдарда басы артық азын- аулақ ақша қалады. Сондай жағдайда олар: мына кішкентай ақшамды қалайша көбейтсем екен деп ойлайды. Олар осы үнемделген ақшасын бағалы қағаз рыногына салады. Бағалы қағаз сатып ала отырып, оны иеленуші өз жағдайын да көтереді, өндіріске де көмектесе алатын болады. Біздің халық соны түсінсе, артық ақшасына басы артық зат ала бергеннен гөрі шамалы мөлшерде болса да, бағалы қағаз алар еді. Бұл оның өз республикасының экономикасына көмектескені болып табылады.