Фонема (дыбыс) – сөздің дыбыстық бірлігі.
Фонетика
бет 4/102 Дата 16.03.2022 өлшемі 0,54 Mb. #28180
Байланысты:
аза тіліні шы у тарихы туралы т ркі тілдері тіл туысты ына Фонема (дыбыс) – сөздің дыбыстық бірлігі.
Фонетика (дыбыс) – тіл дыбыстары туралы , тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фонология (дыбыс, ілім) – фонеманы зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фразеология ("сөйлемше", "ілім") – тілдегі тұрақты тіркестер-ді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Эвфемизм (сыпайылап айту) – бір затты не құбылысты , я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы.
Латын тілінен енген сөздер:
Ассимилияция (үндесу) – сөз құрамындағы немесе сөздер аралығындағы қатар келген дауыссыз дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп , өзара үндесуі.
Аффикс (қосылған) – қосымшаның терминдік атауы.
Диссимиляция (өзгеру) – дыбыстың өзгеруінің бір түрі
Интонация (қатты айту) – дауыс толқыны , сөйлегенде сөз мағынасын әсерлі жеткізу үшін дауыстың құбылып , жоғарылап , төмендеп өзгеріп отыруы , сөйлемде синтаксистік мағына білдіруші және сөйлемге эмоционалды-экспрессивті реңк беруші құралдың бірі.
Историзм – көнерген , ескірген ұғымды білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Өздері белгілеген заттар мен құбылыстардың қазіргі күнделікті өмірде қолданылудан шығып қалған. Архаизмдерден ерекшелігі – қазіргі тілде синонимі болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: