Қазақ тілінің сөзжасам уәжділігі А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет19/43
Дата01.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#70996
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Байланысты:
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 2022

Сөзжасамдық тарам Сөзжасамдық тарам бір
түбірден не негізден
тараған туынды сөздердің тік бағыттағы мағыналық жиынтығы. Сөзжасамдық тарам жалпы тіл білімінде “парадигма” термині арқылы белгілі. Парадигма сөзі грек тілінен енген. Сөзбе-сөз аударғанда үлгі деген мағына бере алады. Тарам (парадигма) термині тіл білімінде әртүрлі қолданыста жұмсала алады. Кең мағынасында: 1) бір-бірімен жалпы белгілер арқылы немесе қарама-қарсы белгілер арқылы ортақ мәнге ие болатын, ұқсас ассоциация туғызатын кез келген лингвистикалық бірліктер тобы. Мұнда тіл бірліктері парадигмалық қатынас арқылы байланысады. 2) Парадигматикалық қатынас арқылы байланысатын тіл бірліктері жиынтығының моделі немесе үлгісі.
Тар мағынасында: Морфологиялық парадигманың синонимі ретінде жұмсалады. Сөзжасамдық парадигманың өзіндік ерекшелігі – тарамға енетін сөздер тек туынды атаулар болады, әрі олар тек бір негізден тарайды. Сөзжасамдық тарамға бір түбір арқылы жасалған туынды сөздердің деривациялық қатары кіреді. Сөзжасамдық тарам барлық сөзжасамдық тәсілдердің жасалу жолына тән болады. Бір сөзжасамдық тарамда бірнеше тәсіл арқылы жасалған туынды атаулар болуы ықтимал. Мысалы:
“Қол” негізі арқылы бірнеше мағыналық жағынан жақын жаңа туынды сөздер жасала алады да, олар бір сөзжасамдық тарамды құрайды.
қол – адамның дене мүшесі; Осы мағына арқылы жасалатын туынды сөздер парадигмасы.
қол (әскер мағынасында)
қол арба
қол батпайды
қолдиірмен
қолы қысқа
қол ұшын тигізбеу
қол сандық
қол (жөн, ыңғай, қолайлы мағынасында)
қолағаш
қолбасшы
қолғабыс
қолдану
қолжазба
қолтық т.б.
Бір сөзжасамдық тарамға енетін атауларды айқындайтын үш түрлі негізді атау орынды: 1) ұғымдық жақындығы; 2) мағыналық жақындық; 3) тұлғалық жақындық. Мұндай ұқсастық, жақындық болмаса, сөздер бір сөзжасамдық тарамға ене алмайды. Мысалда келтірілген “қол” сөзі арқылы жасалған сөзжасамдық тарамдағы сөздердің ұғымдық жақындығы айқын. Жаңадан жасалған атаулардың барлығының ұғымы қол ұғымымен тікелей байланысты болып, тек қолмен жасалатын іс-әрекетті, қолмен орындалатын істі, қолға арналған зат не құбылысты айқындау үшін жұмсалады.
Туынды атаулардың бәріндегі ортақ мағына қолдың әртүрлі қызметіне сәйкес айқындалады. Туынды сөздердегі өзек мағына да олардың негізінде қол ұғымы себепші негіз болатынын анықтайды; атаудың арнайы семасы себепші негіз мағынасы арқылы уәжделеді.Тұлғалық жақындығы – барлық туынды сөздердің құрамында қол сөзі ортақ таңба ретінде сақталады. Бір сөзжасамдық тарамға енген атаулардан әртүрлі сөзжасамдық сатылар мен тізбектер жіктеліп шығады. Мұның өзі сөзжасамдық ұядағы негізгі тұлғалардың ішкі мағыналық құрылымының ауқымдылығымен тікелей байланысты болады.
Сөзжасамдық тарамға енетін сөздерді сөз таптарына ажырату толық дұрыс нәтиже бермейді. Сөздің жасалуының ішкі табиғаты сөз таптарына грамматикалық бөлінісінің заңдылығына емес, олардың семантикалық мағыналық құрылымы мен семантикалық өріс теориясына негізделеді. Сондықтан, бір сөзжасамдық тарам бойында әртүрлі сөз таптарына жататын атаулар орналаса алады. Сөзжасамдық тарамдағы тұрақты тұлға – туынды атауларды негіздеуші себепші негіз. Кейде бір сөзжасамдық тарамнан бір сөз табына жататын атаулар ғана жасалуы ықтимал. Біз сөздердің сөз таптарына жіктелуін шартты-грамматикалық ұғым ретінде танимыз. Сөзжасамдық тарамды морфологиялық аспектіден айқындау дұрыс нәтиже бере алмайды, сондықтан, негізінен, олардың ішкі мағыналық құрылымына назар аударып, семантикалық және функциональдық аспектіден зерделеу орынды деп бағалаймыз. Сөзжасамдық тарам арқылы айқындалатын атаулардың табиғатын ашу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет