Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


-тас, -тес, -дас, дес, -лас, -лес



бет28/43
Дата18.04.2023
өлшемі0,77 Mb.
#83899
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
?àçà? ò³ë³í³? ñ?çæàñàìû À. Á. Ñàë?ûíáàé – ô.?. ä., ïðîôåññîð ².

-тас, -тес, -дас, дес, -лас, -лес. Құрамы екі -та және –с тұлғаларынан тұрғандықтан, мағыналық құрылымы да күрделі келеді. –Та, -те тұлғасының сөзжасамдық мағынасына –с формасының ортақтықты білдіретін мәні қосылады. –Тас, -тес сөз тудырушы тұлғасы та+с, те+с (етістік тудырушы жұрнақ+ортақ етіс) жұрнағымен тұлға жағынан бірдей, мағынасы жағынан ұқсас болғанымен, екеуі бірдей емес. -Тас, -тес сөз тудырушы тұлға атауға жалғанып, екіншілік мағына туғызғанда құрамы тұрақты болады да, ажырағанда мағына жасалмайды. Сондықтан да, А.Ысқақов мұндай тұлғаларды құранды жұрнақ деп атаған. Мысалы: көмектес, ақылдас, айлас, мұңдас, құрбылас, достас, сырлас, дәмдес, елдес, пікірлес т.б.
-дат, дет, -лат, -лет. Құрамы –да және –т тұлғаларынан құралған, мағынасы жағынан да күрделі құранды жұрнақ.
Іс-әрекеттің еселену, жиілену семасын туғызады: : тездет, жылдамдат, желдет, селдет, талдат, т.б.
-а,-е. Сөзжасамдық мағына туғызатын бұл СТТ қазіргі тіліміздегі көсемше тұлғасымен тарихи сабақтас, шығу тегі бір, қимыл есімдерінің функциональдық-семантикалық дамуының нәтижесі ретінде танылады.
-а,-е тұлғасы заттық мағыналы сөздерге жалғанып, іс-әрекеттің басталатынын, енді басталғанын көрсетеді.

  • іс-әрекеттің тез туу, басталу семасы: ата, деме, аса, жаса, біле, тіле;

  • іс-әрекеттің, қимылдың қозғалысы семасы: ойна, жадыра, өрте, сына, теңе, қина, жина;

  • іс-әрекеттің қайталану, қосарлану семасы: салдыра, сылдыра, түзе, жарқыра, т.б.

-ай, -ей (кейде –ғай, -гей) сөз тудырушы тұлғасы -а және -й жұрнақтарының қосылуы негізінде қалыптасып, күрделі сөзжасамдық мағына үстейді. –Қар, -кер тұлғасы арқылы негізделіп, жіктеліп шыққан тұлға болғандықтан, семантикалық-генетикалық сабақтастық сақталады: көркей, марқай, қартай, сарғай, қарай, күнгей, молай, көбей, азай, т.б.
- қар, -кер, -ғар, -гер – ежелгі сөзжасамдық тұлғаның бірі. Әртүрлі дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде құрамы өзгеріп, бірнеше СТТ-ның жіктелуіне негіз болған. Қазақ тіліндегі –ар, -ер, -ай, -ғыз тұлғалары осы формадан жіктеліп шығып, өзіндік семаға ие болған деген ғылыми пікір бар.

  • іс-әрекеттің белгілі субъекті арқылы орындалатынын көрсететін сема: басқар, атқар, теңгер, суғар (суар), (“іскер” сөзі осы тұлғаның лексикалануы арқылы қалыптасқан);

  • іс-әрекеттің орындалуын қалау семасы: ескер, жеткер, т.б.

-ар, -ер, -р. Жоғары атап өткеніміздей, -қар тұлғасы арқылы жіктелген СТТ. Негізінен бұл СТТ-ның сөзжасамдық мағынасында сындық ұғымды таңбалайтын атауларға жалғану қабілеті мол. Мұндай семантикалық қасиеті –ар, -ер, -р есімшесімен генетикалық байланыстың бар екенін көрсетеді.
Мысалы: қызар, жасар, көгер, жақсар, тазар, жаңар, ескір, ұзар, қысқар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет