Психологиялық тұрғыдан іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым- қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет - қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды. Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс- қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі.
Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді:
танымдық (қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу);
зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу үдерісі);
коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу үдерістері);
білім берушілік (басқаларға білім беру үдерісі);
Әр-түрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттердің негізгі түрлері ретінде: ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу қарастырылады. Педагогикалык іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері: Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
Әр-түрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттердің негізгі түрлері ретінде: ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу қарастырылады. Педагогикалык іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері: Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета іс-әрекет).
Іс-әрекет субъект-субъектілік және субьект-объектілік сипатта болады.
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым- қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы оқытушының тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Оқытушылардың кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина,Н.В.Кузьмина, В.П.Сименов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б. Оқытушының қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Оқытушы оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан оқытушыдан жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.