Ғылыми баяндамалар - аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Ғылым – табиғаттың , қоғамның және ой-өрістің объективті заңдылықтарынан алынған және адамдардың арнайы іс-әрекеті нәтижесінде тікелей қоғамның өндіруші күшіне айналатындай үздіксіз дамып отыратын білімдер жүйесі.
Даналық – тұлғаның таланты мен белсенді іс-әрекетінің жоғары дәрежеде көрінетін әлеуметтік қасиеті.
Даму – материя мен сананың қажетті, заңды бағытта өзгеруі, олардың жан-жақты сипаты.