Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі шарттары. Балалардың тіршілігі мен іс-әрекетін ұйымдастыру.
Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үііш бағдарламалық тәрбие міндеттеріне, олардың күші мен мумкіндігіне сәйкестендірілген қолайлы жағдай туды-руға назар аудару қажет. Балабақшадағы заттарды пайдалапу мен оларды күтіп үстаудың, сақтаудың бе-рік тәртібі, өзін қоршаған ортаның үйьгадастырылғай емір ағымы, айналадағы заттардың реттілігі болуы кереК-
Балабақшадағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез қалыптастырады. Себебі, балалардың тәртібіне педагогикалық әсер ету ғана емес, өзін қоршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді әсер етеді. Егер балабақшада қатаң, бірізді, жүйелі талаптар айқын қойылса (нені істеу, нені істемеу керектігі, қай жерде өзіңді қалай ұстау керектігі, т. б. талаптар белгілі болса), бала тарапынан тәртіпті орындамаушылық, тыңдамаушылық деген болмайды. Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы арқылы бекітіледі, ол балалардың іс-әрекетінің қайсысы дүрыс, қайсысы бұрыс екенін та-нуға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.
Балалардың тіршілігін, іс-әрекегін ұйымдастыруда күн тәртібі қатаң сақталуының үлкен тәрбиелік маңы-зы бар. Балалардын. күнделікті іс-әрекетін дүрыс ұйымдастыру, жүйелі педагогикалық ықпал ету, талаптар қою, оның орындалуын бақылау, теріс қылықтарын тежеу, тыйым салу — адамгершілікке тәрбиелеудің ма-ңызды шарты. Осыларды орындау барысында балалар-дың тәртіптілігі әдетке айналады, бара-бара әрбір ба-лаға қойылатын талап олардың өз талабы ретінде кө-рінеді.
Балаларға мінез-қүлық, тәртіп, қоғамдық құбылыс, адамдардың еңбегі, еңбекке қатынасы, бір-бірімен өз-ара қарьш-қатынасы, адалдық, шыншылдық, батылдық, ерлік сияқты адамгершілік қасиеттер, балалардың өзін-өзі алып жүру ережелері жайында айтып отыру қажет. Бүл білімдердің қайнар көзі — өмірдін, өзі, ал оларды меңгертудің жолы — ойын, еңбек, оку-тәрбие үстінде таныстыру. Тәрбиеші адамгершілік ережелері мен мінез-күлық тәртібіне қойылатын талаптарды ба-лалардың іс жүзінде меңгеріп алуын күтіп отырмай, оларға адамдардың іс-әрекеті, қоғамдық тәртіп ереже-лері, адамның жеке басына койылатын талаптар тура-лы мағлүмат береді.
Балалардың мінез-қүлқының, тәртібінін,, білімділігінің негізі — балалардың өз істері мен үлкендерден қойылатын негізгі талаптардың дүрыстығы. Балаларда өзін бақылаудан гөрі басқаларды бақылау әдеті бүрын туады. Кейін бірте-бірте ғана өз тәртібіне саналы қарайтын болады. Тәрбиешінің міндеті — балаға адамгершілік жайында білім берумен қатар, оны дұрыс тәртіпке, іс-әрекетке, басқа балалардың тәртібіндегі, өз басындағы кемшіліктерді саналы сезінуге уйрету.
Балабақшада жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі шарты — көпшілікпен өзара қарым-қатынасты қалыптастыру. Көпшілікпен қарым-қатынас жеке адамның муддесін көптің мүддесіне бағындыруға, бірге өмір сүруге және еңбек етуге тәрбиелейді. Қөпшілік өзара қарым-қатынастың алғашқы бастауы балалардың бірлескен іс-қимылында көрініс тауып, мақсаг бірлігінде, мақсатқа жету үшін жұмыла күш жұмсауда іске асады.
Тәрбиеші балаларды ортақ мақсатқа жетуге бағыттай отырып, үжымдық іс-әрекетте әр баланың бойынды жауапкершілік сезім тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |