Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған


С. Мендешевтің аштық кезеңіндегі қызметі



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі483,99 Kb.
#21036
1   2   3   4
Байланысты:
Срсп 2 тарих

С. Мендешевтің аштық кезеңіндегі қызметі 

шексіз. Оның басшылығымен құрылған Аштар 

комитеті тоқтаусыз қызмет етіп, қолдағы бар 

мүмкіншілікпен  аштықты қалай да болса 

ауыздықтауға тырысты.  Ол елдегі аштықпен 

күресіп жатқан кезде үстінен «кеңес үкіметіне 

жат, жікшіл» деген жалған құпия түрде іс 

ашылды. Мұрағат қорынан С. Мендешевтің  20-

жылдары үкіметке қарсы құрылған үш топтың 

бірін басқарды деген дерек кездестіруге болады. 

Оның сыртынан жиналған мəліметте қазақ 

арасында аса беделді, көпшілікпен жақсы қарым-

қатынаста екендігі келтірілген


Аштықпен күресу ісіне тікелей араласқандардың бірі, мемлекет қайраткері – 

Тұрар Рысқұлов. Қазақстанда аштық басталған тұста Тұрар Рысқұлов РКСФР 

Халық Комиссариатының Ұлт істер жөнінде орынбасарлық қызметін атқарып 

жүрген еді. Қазақ жерін аштық жайлаған кезде ол аштыққа қарсы күресудің 

бірнеше талаптарын ұсынды жəне олардың орындалу барысын қадағалады. Ол 

аштықтың зардабы мен оған қарсы елде жүргізіліп жатқан түрлі іс-шаралар 

барысы  жөнінде өзінің “Қазақстан” деген кітабында айқын жазды. Сонымен 

бірге “Новый Восток” атты мақаласында  көшпелі облыстар ұшырағандығын, 

ашыққандар азық-түлік  жəне киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, Орталық Ресей 

мен Түркістан өлкесіне жəне көршілес аймақтарға 80000 адам мен 35000 балалар 

қоныстандырылғанын, сондай-ақ, Американдық Əкімшілік Көмегінің (АРА) 

ашыққандарға көмек көрсетіп жатқандығын жазады


Аштыққа көмек қолын Семей қаласындағы М. Дулатов,  Ж. Аймауытов, Р. 

Мəрсеков бастаған ұлт зиялылары созды. Олардың басқаруымен жиналыс 

өткізіліп, халықты көмек беруді шақырған үндеу жарияланды жəне осы іс-шараға 

белсене кірісіп, елден «жылу» жинай бастады.  Өкінішке орай олардың бұл іс-

əрекеттері кейін өздеріне керісінше тиіп, кейбірі істі болып, сотталып та кетті. 

Мысалы, М. Дулатов 1929 жылы 1 қаңтарда ОГПУ өкіліне берген жауабында 

Торғай, Ырғыз, Қостанай уездері мен Орал губерниясының ашыққан 

тұрғындарына арнап көмек көрсету жөнінде бірінші болып «Қазақ тілі» газетіне 

үндеу тастағанын жазып, өзінің Семей губерниясының үш уезін аралап «жылу» 

жинауға қатысқандығын, соның нəтижесінде  2-3 айдын ішінде 15 мыңдай ірі қара 

мал жиналып, атаған уездердегі аштарға үлестіріліп берілгенін айтқан. Алайда 

осыдан кейін ол Семейге келген кезінде тұтқындалып,  Орынборға жіберіліп, 

біршама уақыттан кейін қайтадан босатылады.



1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-

жаланаш бала саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың 

соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге 

жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет