"Азаматына қарап елін таны" деген қазақта керемет сөз бар. Сол сөздің дәлелін Маяқұм ауыл әкімшілігі мен "Аманат" партиясы бірігіп, нақты іспен көрсетті
"Азаматына қарап елін таны" деген қазақта керемет сөз бар. Сол сөздің дәлелін Маяқұм ауыл әкімшілігі мен "Аманат" партиясы бірігіп, нақты іспен көрсетті. Сырдарияның көтерілуіне байланысты қауіпсіздік мақсатында, туған жер үшін бел шешпей, жұмылған жұдырықтай болып іске кірісетін ауыл азаматтарының еңбегін бағаламау мүмкін емес. Күннің суығына қарамай елім үшін дейтін ер азаматтар, Маяқұм ауылының бас тоспасын бекітуге ауылдың қауіпміздігі үшін 500 қап құмды қаптап тоспаны бекітті. Бұл- ауыл азаматтарының ерен еңбегі, еліне деген қамқор ниеті. Осыған орай, атсалысқан ауыл ер-азаматтарына үлкен ризашылықпен алғысымызды білдіреміз.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген осы емес пе!?