Арато Э. Концепция гражданского общества: восхождение, упадок и воссоздание и направления для
дальнейших исследований // Полис. 1995. № 3. С. 50, 51.
5
Кулиев М.Р. Гражданское общество и право: опыт теоретического исследования. М., 1997. С. 110.
6
Витюк В.В. Становление идеи гражданского общества и ее исто-рическая эволюция. М., 1995. С. 59.
7
О различных вариантах теории контрактуализма Дж. Роулса и Н. Лумана М., 1997. С. 421–423
Азаматтық Қоғам Институттарының Конституциялық Құқықтық Негізінде Қалыптасуы
37
Cilt:1 Sayı:1 Yıl:2017
35 - 42
ISSN:2564-6583
біршама басқаша түрі пайда бола бастады. Контактуализм тұжырымдамаларына
сәйкес.
8
мемлекеттің басты тапсырмасы институттарда құқықтық кеңістіктің
әмәрлі түрде жүруін бақылау. Дегенмен, осындай жағдайларда бірнеше маңызды
сұрақтар пайда болады: кім бақылайды? Азаматтық қоғамды мемлекет қаншалықты
дұрыс немесе бұрыс бақылайды?
Бақылаушыны
ӛз
міндетін
дұрыс
атқармағандығы
үшін
қалай
жауапкершілікке шақырса болады? Оны кім жасау керек? (Бұл мәселеде ол
қаншалықты білікті болуы керек)? Егер бұл бақылаушы соншалықты мықты болса
(мемлекет үлкен мемлекеттік-басқарма аппаратына және қаржы мүмкіндіктеріне
ие),одан бір нарсе сұрай алады ма?
Тағы бір жолы бар- азаматтық қоғамның мемлекеттен жоғарылауы. (Т. Пейс
и Т. Пейн). Әсіресе бұл жол меселекет тек зұлымдық, және бұл сала неғұрлым аз
болса, соғұрлым жақсы дейтін Т.Пейс үшін ең маңызды. Шамамен бұл кӛзқарас
А.Токвиль мен Дж. С.Милгесай.
9
Пікірімен келіспеуге болмайтын Калашниковке
ұсынгандай жогарыда келтірілген ұстанымдар шегі болып табылады. Шынайы
ӛмірде мемлекет пен қоғам бұрын да тығыз байланыста болған және солай қала
бермек:
мемлекетте де, азаматтық қоғамда да мейірімділік пен зұлымдық бұрыннан
араласқан және іліскен.
10
Мемлекетті азаматтық қоғам қалыптасуының құралы («құқықтық мінбе»)
ретінде қарастыратын тағы бір тәсіл И.Канттың пікірлерінде кӛрініс тапты. Ол
мүшелеріне толыққанды бостандық берілетін қоғамда ғана табиғаттың ұлы
мақсаты – адамға аманатталған келешектің дамуына қол жеткізуге болады дей
отырып, адамзат үшін басты мәселені «жалпыға бірдей құқықтық азаматтық
қоғамға жету»деп санайды. Сонымен бірге, табиғат осы мақсатқа ӛз күшімен
жеткенді қалайды. «Міне, осы себепті, ішкі заңдардағы ең жоғары деңгейдегі
еріктілікке қарсы тұруға болмайтын зорлықпен үйлесетін қоғам, яғни, толыққанды
әділетті азаматтық құрылыс адамзат үшін табиғаттың жоғарғы міндеті болуы
керек. Ӛйткені, осы міндетті шешу мен орындау арқылы табиғат біздің тегімізге
қатысты басқа да мақсаттарға жете алады».
Еркіндік жайлы сӛз қозғай отырып, И.Кант азаматтық қоғам онсыз
болмайтын әрі толықтай дамымайтын құқыққа , сонымен қатар, заң қабылдау
жолымен ішкі қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын мемлекетке ерекше кӛңіл
бӛледі. Азаматтық қоғамға арналған И. Канттың мұрасын талдаған Е.С.Строев
бүгінгі және ертеңгі күннің талабына сай келе алатын тиімді мемлекет ғалымдар
«азаматтық қоғам» деп атайтын әлеуметтік қатынастардың кең кӛлемдегі
жиынтығынсыз мүмкін емес : «Біз, мемлекеттік басқарудың тәжірибешілдері,
азаматтық қоғам ұғымынан топтар мен адамдар қызметініңерікті әрі еркін ӛнімі
болып табылатын және жеке , топтық қызығушылықтар мен қажеттіліктерді жүзеге
асыруда қызмет ететін мемлекеттік емес әлеуметтік қатынастар және институттар
жүйесін ұғынамыз».
8
История политических и правовых учений. М., 1997. С. 421–423.
9
Калашников С.В. Конституционные основы формирования гражданского общества .М., 2001. С. 29.
10
Арато Э. Концепция гражданского общества: восхождение, упадок и воссоздание и направления для
дальнейших исследований // Полис. 1995. № 3. С. 75-77.
К.п.н. B.A., доцент КазУМОиМЯ
38
Cilt:1 Sayı:1 Yıl:2017
35- 42
ISSN:2564-6583
Мемлекет, отбасы, тайпа, ұлт, діни және басқадай тұтастық ұғымдарынан
бӛлек «Азаматтық қоғам» санаты Гегельдің «Құқық философиясында» толықтай
қамтылған. Онда, бір жағынан, бастамашылардың еңбегі сыни тұрғыдан қаралса,
екінші жағынан, азаматтық қоғам теориясының этатистік негізін тұжырымдап әрі
мемлекет азаматтық қоғамның кепілі екенін дәлелдей отырып , «азаматтық қоғам-
мемлекет» оппозициясының диалектикасын талқылауда негізгі жаңа элементтерді
енгізеді.
Гегельдің азаматтық қоғамдағы институционализация құқықтық
мәселенамасына қызығушылығы еркін рух идеясының тұлғалық болмысы
тұжырымдамалық ұғымының бірыңғай дамуында анық кӛрінген. Құрамына
абсолютті идеяның, табиғат пен рухтың даму сатысын қосушы жалпы әлемдік
схематикада құқық «супертриаданың» соңғы мүшесіне жатады. Ӛз кезегінде , рух
эволюциясы субъективті, объективті және абсолютті сатыларға бӛлініп, әрқайсысы
сол триадалық қағидатқа сәйкес дамиды. Екінші саты, яғни, объективті рух ,
триадаға мынадай құқық береді: тар мағынадағы құқық (дерексіз құқық),
моральділік және адамгершілік. Құқықтың болмысы - дерексіз құқық пен
моральділік арқылы адамгершіліктің ӛрлеу әлемі. Дерексіз құқық цивилистка
(меншік, келісім) мәселелерінің және қылмыс пен жаза(«құқық емес») маңызды
бӛлігін қамтиды. Моральділік қылмыс құрамының субъективті жағынан басталып
, философиялықморальда (ниет пен игілік, жақсылық пен ар-намыс) дәстүрлі түрде
қаралатын аксиологиялық санатқа ауысады. Адамгершіліктің соңғы санатына
отбасы, азаматтық қоғам және мемлекет жатады.
Гегельде азаматтық қоғам «отбасы мен мемлекеттің арасында» орналасқан;
соңғысы «саяси дене» ретінде анықталып, азаматтық қоғамды бақылайды.
Мемлекет азаматтық қоғам институттарынан мейлінше жоғары сатыда орналасқан.
Осы мәселеде И. Бентам, Ж. Сисмонд, Л. фон Штейннің ойлары бір жерден
шығады.
Аталған қос ұстаным әлі де ақырғы шек болып саналады және мемлекет пен
азаматтық қоғамның идеал-типтерге бӛлінуі эвристикалық тұрғыда пайдалы болса
да, онда қоғам мен мемлекет қарым-қатынасының (С. Перегудов және отандық
авторлар бӛліп кӛрсететін) түрлі аспектілері қолданылады.
Біріншіден, генетикалық тұрғыдан: еуропалық тарихта азаматтық қоғам ӛзара
кӛмекпен құрылды. Корольдік билік автономды қалаларға ықпал етсе, азаматтық
қоғам демократиялық мемлекеттің құрылуына септігін тигізген басты
факторлардың бірі болды. Екіншіден, бір-бірімен арақатынастылық мәнінде болды.
Ӛйткені, тек қана азаматтық қоғам мемлекетке ықпалды қадағалау жүргізіп қоймай,
мемлекеттің ӛзі де азаматтық қоғамның жеке және бірлескен қызығушылын
азайтты. Қос міндет те бірдей қажет болды.
Гегельдік этатисттік дәстүрдің бірқилы жалғаушысы буржуазды азаматтық
қоғамның шарасыз құлдырауын дәйектеген К. Маркс болды. Бұл құлдыраудың
заңдылығы XIX ғасырдың ортасында ӛндірістің дамуына тежеу болған капиталдық
жолдың келешексіздігі ретінде айтылған.К.Маркс гегельшілдіктен материализмге
ӛту кезеңінде былай жазды: «Шындығында отбасы мен азаматтық қоғам
мемлекеттің алғышартын құрайды; олар нағыз әрекет етушілер, спекулятивті
ойлауда мұның бары басқа түседі». Марксизм үшін осындай ұсыныстың орын
Азаматтық Қоғам Институттарының Конституциялық Құқықтық Негізінде Қалыптасуы
39
Cilt:1 Sayı:1 Yıl:2017
35 - 42
ISSN:2564-6583
және алдағы дәуірдегі азаматтық қоғамның мемлекетпен қатынасының мәні
жайлы экстраполяциясы тән. «Азаматтық қоғам,- деді К. Маркс және
Ф. Энгельс,- ӛндіруші күштің анықталған даму сатысы аясында индивидтердің
барлық материалды қатынасын бауырына алады. Ол берілген сатының түгелдей
сауда-ӛнеркәсіптік ӛмірін қарамағына алады және мемлекет пен ұлттар
аралығында, ұлттан сыртқары шығып , мемлекет ретінде іштей құрылуы керек».
Азаматтық қоғамға жоғарыдан бастамашылық етуге болады, бірақ директивті
жарғымен құруға келмейді. Себебі, азаматтық қоғамның негізінде экономика
динамизмі жатыр. Расында, бұл ӛктемшіл жүйеде барлығы бағынышты екендігін,
экономиканы және нарықтық қатынастарды абсолютті басқару базасында
азаматтық қоғамды құруға болатындығын кӛрсететіндей қиял туғызады.
Құрылысы бойынша тура келгенімен, мазмұны сай келмейді.
Осы тандемнің қалыптасуы мен дамуында келісе қатар ӛмір сүрудің тепе-
теңдік қағидаты мен құрылысы бастапқылық қағидаты менӛзгеге қатысты
экспансия пішініне орын берген кезеңдерді бӛліп алуға болады. Тарихи жоспарда
тепе-теңдік қағида емес, кӛбіне ерекшелік болып саналады.
Материалды ӛндіріс пен нарық базасына негізделген қоғамның индустриалды
типі, мемлекет пен азаматтық қоғамның жарияланған селбесуі негізінде оңтайлы
дами алады. Егер мемлекет институты тандемнің мүмкіндіктерін шектесе,
азаматтық қоғамның тірегін жояды. Тоталитарлық режимнің үлгісі қалыптасады.
Азаматтық қоғам ӛзін биліктің беделіне қарсы оппозицияның шын үлгісі деп
жариялайды. Азаматтық қоғамның нормасы келісілген қатынасқа индивидтердің
бағынуы болып табылады. Тек азаматтық қоғамда индивид бостандық субъектісі
мәртебесіне ие болып, ӛзге саяси ықтиярдың тұтқындығынан, манипуляция
объектісі болудан құтылады. Мемлекетпен салыстырғанда азаматтық қоғамның
артықшылығын ескере отырып, қоғамдық ӛмірді мейлінше адамгершілікке сай
еткісі келген абстрактсыз қалауды ғана емес, нақты қоғамның дамуының
ерекшелігі мен даму заңдылығына баса назар аудару керек.
Азаматтық қоғам мемлекет институты қоғамдық қатынастар тәртібі қызметін
тиімді атқара алмағанда, азаматтық мәміле мен дүниетанымдық плюрализмнің
алғышарттары жетілгенде, ӛзіндік мәртебесі бар және мемлекеттік институттармен
тең дәрежеде сұхбат жүргізе алатын, мемлекеттің саяси экспансиясына қарсы
тұрып, оның ауырлығы болып, монополияға жеткізбей қоғам дамуына қамқорлық
ететін жүйеден ӛзін-ӛзі қамтитын жүйеге айналуын қадағалайтын қоғамдық
институттардың жиынтығы қалыптасқанда пайда болады.
Жаңа еуропалық ӛркениет қалыптасуы мен дамуы шартында қоғамдық
тәртіптің нормаларын қабылдай отырып, адам құқығының ерікті императиві мен
бюрократияның билеушісінің пайдалылығы арасында қалып қоятын мемлекет
болуы мүмкін. «Бұранда» еріктілігі «мемлекеттік машина» еркіндігіне әдеттегі
жеке адамның құқығы дерексіз адамның конституциялық құқығын сақтауда
бұзылғанда келіспеушілік танытады. Және тек азаматтық қоғамның арқасында
карама-қайшылық еңсерілмесе де, оның қарқынын баса алады.
Азаматтық қоғам және мемлекет мәденит институттары ретінде саналады,
сондықтан, олардың даму мәселелерін мәдени контекстке сай қарастырған жӛн.
К.п.н. B.A., доцент КазУМОиМЯ
40
Cilt:1 Sayı:1 Yıl:2017
35- 42
ISSN:2564-6583
Құқықтық, саяси мәдениеттер- азаматтық қоғам мен мемлекетті қалыптастырудың
маңызды шарты. Мемлекеттіліктің саяси ӛзгеруі, қоғамның қалыптасуы құқықтық
мәдениет негізінде жүзеге асып, оның мәнін ашуы керек.
Халықтық биліктің екі түрі бар: мемлекеттік билік және ӛзін-ӛзі
басқару(кӛбіне мемлекеттік билікке ұқсас). Егер мемлекеттік билікте бар
халықтың, мемлекеттің еркі кӛрсетілсе, жергілікті ӛзін-ӛзі басқаруда жергілікті
халықтың билігі ғана жүзеге асады. Мемлекеттік билік органдары мен азаматтық
қоғам қарым-қатынасына келесідей негіз береді:
- халық ӛз билігін тікелей , мемлекеттік билік органдары және жергілікті
ӛзін-ӛзі басқару жүзеге асырады;
- мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және соттық болып бӛліне
отырып жүзеге асады;
- жергілікті ӛзін-ӛзі басқару кепілдендіріледі және мойындалады.
(Н.И. Матузовтың ойынша, «азаматтық қоғам» сӛз тіркесі шартты,
сондықтан, «азаматтық емес» және «антиазаматтық» қоғам болмайды. Кез келген
қоғам азаматтардан тұрады және оларсыз мәнсіз. Тек мемлекетке дейінгі,
мәдениетсіз (рушылдық) қоғамды азаматтық деп атауға келмейді. Біріншіден, оның
себебі, шалалық, жабайылық әрі дамымағандықтан; екіншіден, ол уақытта
«азамат», «азаматтық» ұғымдары болмаған. Азаматтық қоғам - әлеуметтік
тұтастықтың дамуының, пісіп жетілгендігінің, әділеттілігінің, парасаттылығының,
адамгершілігі ӛлшемінің жоғарғы деңгейі. Азаматтық қоғам түсінігінің баяндамасы
, автордың пікірінше, оның шынайы болмысы мен табиғатын сипаттайды. Мұнан
шығатын қорытынды: мемлекеттік-құқықтық институттар барынша дамыған әрі
демократияшыл болған сайын, тұлғаның құқықтық мәртебесі адамгершілікке сай
және қоғамның азаматтық атану құқығына ие болады. Алайда, Н.И. Матузов
азаматтық қоғамды - еркін индивид- меншіктенуші мен олардың бірлесуіндегі
ерекше қызығушылықты түзуші, ішкі мемлекеттік және ішкі саяси
қатынастардың(экономикалық, әлеуметтік, мәдени, адамгершілік, діни, рухтық,
отбасылық) жиынтығы деп санайды. Мұның бәрі дұрыс еместей кӛрінеді.
Азаматтық қоғамға мемлекеттік емес табиғат тән санат. Онда ерікті қоғамдық
бірлестіктер – тікелеймемлекеттің араласуынсыз, бірақ конституциялық
құрылымның қағидаттарына сай қызмет ететін азаматтардың ӛз құқықтары мен
заңдық қызығушылықтарын қоғау мақсатында құрылған одақтар, ассоциациялар,
қозғалыстар, қорлар, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару клубтары, қоғамдық ұйымдар
кӛрсетілген. Мемлекеттік емес құрылым мемлекет және оның органдарымен тығыз
іс-әрекет жасайды. Қорыта келе, біріншіден мемлекет пен азаматтық қоғам
мемлекеттің ӛзара тәуелді әрі шартталған мәдениет иснтитуттары: мемлекетсіз
(мемлекеттік органдар және мемлекеттік биліктің басқа да институттары) ұғымның
заманауи түсінігінде азаматтық қоғам (олардың институттары) болмас еді;
мемлекеттік органдардың қызметін арнайы бір деңгейде шектейтін және
қадағалайтын институт - азаматтық қоғамсыз, демократиялық құқықтық мемлекет
болмаушы еді.
Екіншіден, азаматтық қоғам институттарын мемлекет тарапынан қолдау мен
қалыптастыру тұжырымдамасы болып ҚР мемлекеттік органдары билігінің
мемлекеттік кепілдік және механизм қызметінің ұлттық заңдылыққа, саяси режимге
Азаматтық Қоғам Институттарының Конституциялық Құқықтық Негізінде Қалыптасуы
41
Cilt:1 Sayı:1 Yıl:2017
35 - 42
ISSN:2564-6583
және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық жүйеге негізделген , келесі міндеттерді
жүзеге асыруға бағытталушы болып табылады: олар а)жалпы міндеттер:
конституциялық құқық кепілі мен адам және азамат құқығын тиімді жүзеге асуын
қамтамасыз ету; құқықтық демократиялық ел қалыптастыру; экономикалық
қызметтің кәсіпкерлік және басқа тыйым салынбаған қызметінде ел
экономикасының дамуы; б) арнайы міндеттер: қоғамдық бірлестіктердің қызметі
мен тіркелуінде қолайлы заңнамалық режим құру; ҚР заңнамасына қайшы
келмеген жағдайда мемлекеттің мемлекеттік емес сектордың қызметіне
араласпауы; мемлекет және үшінші жақ тұлғалар тарапынан азаматтық қоғам
институттарына қаржылық, әдістемелік және ұйымдық-құқықтық қолдау
мемлекеттік бағдарламаларын жасау және іске қосу; әкімшілік реформада,
жемқорлыққа қарсы қызметте, заңнамалық және нормативті актілер жобасын
талдауда азаматтық қоғам институттарының қатысуын қамтамасыз ету.
Үшіншіден, мемлекет пен азаматтық қоғамның теориялық бӛлінуі ғылыми
тұжырымдамасын мынадай тұжырымдамаларға жіктеу қажет: Олар а) мәні осы
ұғымдардың бірлігінде және табиға туыстылығында болатын мемлекет пен
азаматтық қоғамның теңестірілуі және ӛзара шарттылығында, ұқсас институттары
мен мақсаты бар әлеуметтік ӛмірдің бірыңғай біртекті үлгісі қалпында теңестірілуі
(Аристотель, И. Кант, А Грамши); б) ӛзінің жеке еркіндікте үйлемсіздігімен қауіпті
әрі ӛлшеусіз болатын шектелмеген мемлекеттің жоғарғы билігінен тұратын,
мемлекеттің азаматтық қоғамға ӛктемдігі (Дж. Локк, Т. Гоббс); в) мемлекет пен
азаматтық қоғам(олардың түптегіндегі, институттық құрылымындағы, даму
мақсаттарындағы айырмашылық) арасындағы генетикалық ӛзгешелік және қарама-
қайшылық (Дж. С. Милль, Т. Пейс, Т. Пейн, А. Токвиль); г)патриархалдық отбасы
мен мемлекет арасында орналасатын, мәні азаматтық қоғам баяндамасында
еркіндіктің шынайы жағдайы емес тарихи құрылған ӛнегелі ӛмір (азаматтар
саулығын және олардың құқығына қамқорлық жасауға бағытталған экономика,
қоғамдық таптар , корпорациямен институттар) аясынан тұратын, азаматтық қоғам
мемлекет институттары мен отбасы арасындағы аралық бӛлім (Г. Гегель, И.
Бентам, К. Маркс, Ф. Энгельс); д) азаматтық қоғам пайда болуының себептілігі –
соңғысы мемлекет институты қоғамдық қатныастар тәртібі қызметін тиімді
орныдай алмаған кезде, азаматтық мәмілеме мен дүниетанымдық плюрализмнің
пісіп жетілген жерінде пайда болады (Ж. Сисмонди, Л. Фон Штейн).
К.п.н. B.A., доцент КазУМОиМЯ
42
Cilt:1 Sayı:1 Yıl:2017
35- 42
ISSN:2564-6583
Достарыңызбен бөлісу: |