Қазақсатан Республикасы Букетов атындағ Қараганды Университетті


-бап. Мемлекеттік лицензиялау жүйесінің құрылымы



бет3/8
Дата08.02.2023
өлшемі42,05 Kb.
#66291
1   2   3   4   5   6   7   8
5-бап. Мемлекеттік лицензиялау жүйесінің құрылымы
Мемлекеттік лицензиялау жүйесі:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметінен;
2) уәкілетті органнан;
3) лицензиарлардан тұрады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;
2) лицензиарларды айқындау;
3) өтініш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетіндігі бөлiгiнде лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау;
4) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын бекiтуі;
5) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
2) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тізіліміне қол жеткізу құқықтарын дамыту, белгілеу процесін, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару;
2-1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын әзірлеуі;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысандарын әзірлеу және бекіту;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады..
7-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның
құзыреті
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет