Қазақсатан Республикасы Букетов атындағ Қараганды Университетті


-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті



бет4/8
Дата08.02.2023
өлшемі42,05 Kb.
#66291
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4 тапсырма Мемлекетік лицензиялау

8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
Лицензиарлардың құзыретіне:
1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын қоспағанда, оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеу, уәкілетті органмен келісу және бекіту жатады.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеудi және бекітуді, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
2) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу;
3) лицензиялау;
4) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
5) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияларды қоспағанда, лицензиялар тізілімін жүргізу және оны ай сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыру жатады.
Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:
лицензиардың атауы;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi;
дара кәсiпкер үшiн - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi;
заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi;
қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi;
лицензияның қолданылу мерзiмi;
төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн;
жеке сәйкестендіру нөмірі;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi;
лицензиаттың лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын филиалдары, өкілдіктері, объектілері, пункттері, учаскелері (болған жағдайда) туралы деректер көрсетiлуге тиiс;
6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу туралы мемлекеттік органдарға сауал жіберу;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;
8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру жатады.
Лицензиат филиалын (өкілдігін, объектісін, пунктін, учаскесін) құрған, оның орналасқан жерін өзгерткен жағдайда он жұмыс күні ішінде – лицензиардың мекен-жайына, егер жергілікті атқарушы орган лицензиар болған жағдайда - филиалдың (өкілдіктің, объектінің, пункттің, учаскесінің) орналасқан жері бойынша оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса хат жолдауға міндетті. Лицензиар лицензиаттың хатын (хабарламасын) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің тиісті қызмет түріне (кіші түріне) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілейді. Ол біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті деректерді лицензиялар тізіліміне енгізеді.
Қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметте лицензиялар тізіліміне филиал (өкілеттік, пункт) құру, оның орналасқан жерін өзгерту туралы деректерді енгізуді лицензиар лицензиаттан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет